Пәннің пререквизиттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 20:14, реферат

Краткое описание

Курстың мақсаты:
• қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;
• компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу.
Курстың міндеттері:
• компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі;
• ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек;
• корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі;
• компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру;
• қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі;
• қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу

Прикрепленные файлы: 1 файл

Силлабус_Информатика_каз_2009-10.doc

— 1.55 Мб (Скачать документ)

Иллюстрациялық материал: слайд.

Ауқымды компьютерлік (телекоммуникациялық) желі - бұл бір-бірінен қашықта тұрған жеке компьютерлердің және көптеген жергілікті желілердің бірігуі. Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желілер (СоmpuServe, Аmerica On Line, МS Network және басқалар) бар, бірақ олардың ең танымалысы – Internet желісі. Internet - миллиондаған компьютерлерді қосатын, көптеген жергілікті, аймақтық және корпоративті желілерді біріктіретін ауқымды компьютер желісі. Немесе Internet — бір-бірімен байланыс арналары және бірегей мәліметтерді беру, қабылдаудың бірыңғай стандарттары мен біріктірілген өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілерінің жиынтығы. Ол жер шарын қамтитын ауқымды бүкіләлемдік ақпарат жүйесі болып табылатындығын білдіреді.

20-ғасырдың соңында ақпаратты  өңдеу, сақтау, беру ерекше орын  ала бастайды. Ақпараттарды алыс  жерлерге әр түрлі күйде беру  үшін (мәтін, сурет, дыбыс) радио, телетайп, телеарна сондай ақ әлдеқашан  пайда болған телекс, телефакс, компьютерлік коммуникациялар сияқты әртүрлі техникалық әдістер жасап шығарылған. Қазіргі уақытта ақпаратты дистанционды берудің бұл түрлерін “телекоммуникация” деп атайды. Гректің tele - алыс, қашық және латынның communicatio - қатынас деген сөздерінен шыққан. 60-жылдардың соңында мемлекеттік ұйымдардың компьютерлерді қолдану масштабының өсуіне байланысты барлық мәліметтерді ортақ пайдалану мүмкіндігін кеңейту қажеттігі туды. Осы мәселені шешу мақсатында ARPA (Advanced Research Projects Agency) ұйымы APRANET деп аталатын компьютерлер торабын құрды. Содан кейін ARPA және басқа үкіметтік ұйымдардың бірлесуі арқылы осы торапқа басқа да бір-бірінен үлкен қашықтықта орналасқан ұйымдар да қосылды. Бұл торап та APRANET деп аталды. Кейіннен осы торап Internet-тің бастамасы болды. APRANET торабындағы компьютерлер саны күннен күнге жоғары қарқынмен өсіп отырды. Internet-ке жақындатқан тағы бір қадам 80-жылдарда жасалды. Бұл кезде National Science Foundation (NSF) ұйымы әскери мекемелер мен басқа да ұйымдарға өздерінің суперкомпьютерлерінің ресурстарына кіруге мүмкіндік берген еді. Сөйтіп NSFNET торабы пайда болды. World Wide Web (немесе жай ғана Web) 60-жылдарда жасалған әлемдік компьютерлік торапта Internet-тің қолданылуын ыңғайлатады. Алғашқы кезде Internet-пен жұмыс істеу (сонымен қоса, осы торапқа қосылған компьютерлерден мәлімет алу) қолданушының көптеген командаларды білуін қажет етті.

Internet деген не және  ол не үшін қажет?

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында  халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork). Internet – бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көпетеген мүмкіндіктер ұсынады.

Internet-тегі ақпарат веб-сайттар  түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) – ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен жайы – URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады. Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www.атауы.үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен жайы – http://www.akorda.kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекенжайы – http://www.government.kz.). Үйшік Internet желісінің ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (.kz – Қазақстан, .ru – Ресей, .ua – Украина, .uk – Ұлыбритания, .fr – Франция және т.б.) немесе қызмет саласын (.com – коммерциялық ұйымдар, .org – коммерциялық емес ұйымдар үшін, .edu – білім беру қор көздеріне арналған, т.с.с.) білдіреді. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер сервер деп аталады.

Провайдер — бұл ұйымдар мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания. Провайдер ретінде жекеменшік арнайы маманданған фирмалар да, ірі телефон компаниялары да қызмет істей алады. Әдетте провайдерлер біркелкі қызметтер жиынтығын ұсынады, бірақ олардың қызметі түріне және сапасына қарай ерекшеленетіндіктен, төлемақысы да әр түрлі болады.

Өз қажетіңізге лайықты провайдерді таңдай отырып, бірнеше шартты ескерген абзал:

· Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы – уақыт бірлігінде модем арқылы өтетін ақпараттың биттер саны. Ұсынылатын жылдамдық провайдер жабдықтарының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.

· Қосылым түрі. Коммутацияланатын желі бойынша модем арқылы қосылу – бұл Internet-ке қосылудың ең сенімді, бірақ ең баяу түрі. Қосылымның бұл түрі көптеген Internet-те жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етеді, бірақ ақпараттың үлкен көлемін (дыбыстық файлдар, жан бітірілген сызбалық файлдар, бейне, интерактивті ойындар) жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Енді бір түрі – кабельді модем, DSL, жерсерігі арқылы кең жолақты қосылым болып табылады. Қосылымның бұндай түрі жоғарғы  жылдамдықпен байланысуға мүмкіндік беріп, шынайы уақыт режімінде аудио және бейне файлдарын жеткізуді қамтамасыз етеді.

Internet желісінде адасып  қалмау үшін шолғыш – браузер  деп аталатын арнайы бағдарлама  қажет.

Браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін Сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, Internet қор көздерін қарауға арналған бағдарлама. Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Explorer браузері кіреді.

Журнал – сіздің Internet-те жасаған саяхатыңыздың барысын қарап шығуға мүмкіндік беретін жүйе. Internet Explorer Сіздің Internet-те жасаған әрбір қадамыңызды өз бетімен тіркеп отырады. Сіз кіріп-шыққан әрбір веб-торапқа деген сілтемелері бар бұл жазбалар Журнал қалтасында сақталып тұрады. Ол қалтаны шақырудың ең оңай тәсілі – шолғыштың жоғарғы үстеліндегі Журнал батырмасын басу.

Чат (chat) сөзі ағылшын тілінде сөйлесу дегенді білдіреді. Internet желісіндегі Чат – бұл Сізге желінің өзге қатынаушыларымен шынайы уақыт режімінде тілдесуге мүмкіндік беретін қызмет.

Форумның міндетті қасиеті – ондағы хабарламалар тредтерге (ағылш. thread – «жіп») біріктірілуінде. Сіз форумдағы бір хабарламаға жауап берген кезіңізде, жауабыңыз бастапқы хабарламаға «байлаулы» болады. Осындай жауаптардың реті, жауапқа жауаптың реті тағы с.с. тредті құрайды. Нәтижесінде форум тредтерден құралған ағаш тәрізді құрылымға ие болады.  
Чаттарға қарағанда форумға жіберілген хабарламалар өте ұзақ уақыт сақталуы мүмкін және форумдағы жауап сұрақ берілген күні шығуы міндетті емес. ICQ қызметі – бұл Internet желісінде адамдардың тегін қарым-қатынас жасауы үшін тегін таратылатын бағдарлама. ICQ (ағылш. I Seek You – Мен сені іздеп жүрмін) бүкіл дүние жүзіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең оңай тәсілі болып табылады. ICQ бейнеконференциялар ұйымдастыру, интернет-телефония, файлдарды жеткізу, SMS-хабарламаларды жөнелту, поштаны тексеру сияқты тағы басқа да көптеген тапсырмаларды орындай алады.

Internet желісіне  қалай қосылуға болады?

Internet желісіне қосылу  үшін компьютерге желілік тақша  мен модем қажет.

Модем – бұл компьютерлерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон консолі арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.

Компьютер провайдер желісімен байланыс орнату үшін телефон нөмірін тере бастайды. Осыдан кейін модемнің «әнімен» ұштасатын қосылысты орнату процесі басталады. Қосылыстың барлық сатылары қосылым терезесінде түсіндіріліп отырады. Егер деректер дұрыс көрсетілген болса, әдетте бір минут ішінде компьютер провайдермен қосылысып, желіге шығады.

Қосылыс орнағаннан кейін бейне беттің оң жақ төменгі бұрышында белгіше және қосылым сәтті орындалғаны туралы хабарлама пайда болады.  
Осы сәттен бастап, компьютер Internet-те болады, ал провайдер сервері компьютердің желіде өткізген уақытын (секундпен) есептей бастайды.  
Қарапайым модем арқылы уақыты төлемі бар қосылу кезінде Internet-те жұмыс істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыратылу қажет. Internet-тен ажыратылу үшін тінтуірдің оң жақ пернесімен батырмасының мәтінмәндік мәзірін шақырып, Доғару әмірін таңдау керек.

 

 

Лекция №27 Электрондық пошта. World Wide Web жүйесі.

Дәрістің мақсаты. Электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету.

Жоспар:

  1. Электрондық пошта.
  2. Электрондық үкіметтің қалыптасуы.
  3. World Wide Web жүйесі.

Кілттік сөздер: электрондық пошта, сайт, телеконференция, Е-үкімет, World Wide Web жүйесі.

Иллюстрациялық материал: слайд, электрондық оқулық.

Internet құрамына түрлі элементтер  кіреді, соның ішінде WWW, электрондық  пошта, файлдарды жеткізу қызметі  және т.б. WWW бүкіләлемдік желісі (World Wide Web – «Бүкіләлемдік тор»), әдетте веб деп аталады, Internet жабдықтары арқылы жеткізілетін құжаттардан тұрады. Web – бұл веб-беттер мен веб-тораптар жиынтығы.

Веб-беттер ақпараттың алуан пішімдерін – мәтін, сызба, дыбыстық және бейне жазбаларды, жан бітірімдерді қамти алады. Web-бетіндегі еренсілтемелер кез келген Internet серверінің кез келген басқа бетіне өтуді қамтамасыз ете алады. Еренсілтемелер ретінде кез келген сөз немесе сурет көрінуі мүмкін. Ерекшеленген таңбалар бойынша өту жүзеге асырыла алатын мәтін еренмәтін деп аталады. Web-беттердегі құжаттардың кеңейтімі әдетте .htm болады.  Электрондық пошта қызметі немесе e-mail, пайдаланушыларға мәтіндік хабарламадан және түрлі форматтағы: мәтіндік, сызбалық және т.б. файлдардан тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндік береді.  Файлдарды жеткізу қызметі файлдарды бір компьютерден екіншісіне көшіреді немесе жылжытады. Internet бойынша мәліметтерді жеткізуді басқаратын файлдарды жеткізу протоколы (File Transfer Protocol, FTP) атты арнайы маманданған басқарушы принциптер не протоколдар бар. FTP көмегімен әкімші серверде FTP-сайттарын жасап, интернетті пайдаланушылардың осы қызметпен өзара әрекеттесу тәсілдерін анықтай алады.

Компьютерлік желі кемегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде ақпарттарды таратуға болады. Ақпараттардың: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. тұрінде берілуі мүмкін. Хабарлар алмасудың мұндай жүйесі электрондық пошта (Е-mail) деп аталады.

Электрондық  пошта (Е-таіl) — бұл компьютер желісінде электронды хаттар алмасу жүйесі. Электрондық пошта көп жағынан әдеттегі пошта қызметіне ұқсас. Сіз абоненттерге хатты олардың мекен-жайына жібересіз, ал олар өз кезегінде сіздің мекен-жайға жазады.

Электронды хат құрылымында хат тақырыбы мен мазмұны ерекшеленеді. Тақырыпта хат кімге жазылғандығы, кімнен жіберілгендігі және не жөнінде екендігі жазылады. «кімге» және «кімнен» деген өрістерінде хатты қабылдаушы мен жіберушінің сәйкес электрондық пошта мекен-жайы көрсетіледі. Әр пошта жәшігіне жеке ат беріледі, ол электрондық адрес деп аталады, жәшік құпия сөзбен (парольмен) қорғалады. Электрондық пошта адресі екі бөліктен тұратын анықталған түрде жазылады: Пайдаланушының аты  @сервер__аты.  Пайдаланушының  атын  - серверді  пайдаланушы пошталық жәшігіне өзі ат береді және оның өзінің ережелері бар. Сервер аты пошталық жәшік орналасқан сервер аты, оны пошталық қызмет көрсету компаниялары анықтайды. Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін пошталық бағдарламалар қажет. Ол бағдарламалардың ең көп тарағаны Outlоок Ехsрrеss. Пайдаланушыға қатысы бар барлық пошталық хабарлар төрт: Входящие, Исходящие, Отправленные,  Удаленные қапшықтарында сақталады.

Телеконференция - сөз, мәтін және бейне түріндегі ақпаратты тасымалдау мен өндеу негізінде өзгертудің жұмысын ыңғайлы ұйымдастыру мақсатында колданылатын есептеу желісінің арнайы жинақталған қызмет көрсету жиыны.

Телеконференция қандай да бір тақырыпты талқылауға арналады және олардың әрқайсысына Интернет серверінен жеке пошта жәшігі бөлініп қойылады. Тақырып таңдауда конференцияның пошта жәшігіне кіруіне мүмкіндік алу үшін, алдымен қызықтыратын тақырыпқа сәйкес конференцияға кызмет көрсету орнына жазылу /тіркелу/ керек. Оған телеконференцияға қатысушының электронды адресіне барлық қатысушылардың хабарламалары түсе бастайды және Конференция деп аталатын бума құрылады. Конференция схема бойынша жасалады: тақырып, нөмірленген жауап хабарламалар тізбегі. Телеконференция тақырып бойынша берілген кейбір мәтіндерден басталады. Осыдан кейін қатысушылардың әрқайсысы пікірлерін білдіреді және өз репликаларын толықтыра алады. Барлық репликалар келіп түсуіне карай реттеліп орналасады және бірден барлық телеконференция қатысушыларына жіберіледі.

Е-үкімет

Электрондық үкімет (е-үкімет) – халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе. Бұл – қызмет көрсету, азаматтардың саясатқа араласуы және басқару үрдістерін ішкі және сыртқы қарым-қатынастарды техникалық құралдардың, Internet-тің, қазіргі заманғы БАҚ көмегімен өзгерту арқылы үздіксіз оңтайландыру. ҚР Электрондық үкіметі веб-порталы – www.e.gov.kz. мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» принципімен ұсыну тұжырымдамасын жүзеге асырудың тәжірибелік механизмі болып табылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Электронды үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қазақстанда Электрондық үкіметті енгізу жұмыстары халықтың мемлекеттік органдарға жүгінуін оңайлату, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға көрсететін қызметтері сапасын жақсарту және мерзімін қысқарту, мемлекеттік органдар қызметі бойынша дерек қорларына қатынасуды қамтамасыз ету және келешекте әкімшілік жүйе жетістіктерін есепке ала отырып, құрамы жағынан оңтайлы да тиімді мемлекеттік аппарат жасауға бағытталған.

Информация о работе Пәннің пререквизиттері