Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 20:14, реферат
Курстың мақсаты:
• қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;
• компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу.
Курстың міндеттері:
• компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі;
• ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек;
• корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі;
• компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру;
• қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі;
• қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу
1-ші сурет. фон
Нейман принципі бойынша
ЭЕМ буындары
1-ші буын машиналарының
элементарлы базасы –
2-ші буын машиналарының
элементарлы базасы –
3-ші буын машиналарының элементарлы базасы – кіші интегралды схемалар
4-ші буын машиналарының элементарлы базасы – үлкен интегралды схемалар
5-ші буын машиналарының
элементарлы базасы – өте
Лекция №5. ЭЕМ-нің архитектурасы.
Дәрістің мақсаты: дербес компьтерлердің құрылғыларын таныстыру.
Жоспар:
Кілттік сөздер: арихитектура, құрылғылар, топтама.
Иллюстрациялық материал: «ЭВМ архитектурасы» слайды.
«ЭЕМ архитектурасың ұғымы. Архитектура – ЭЕМ-нің жұмысын және оның негізгі функционалдық бөліктерінің өзара әрекеттесуін программалық басқаруды жүзеге асыратын оны құрудың жалпы принциптері.
Компьютер дегеніміз — ақпараттарды шұғыл өңдеуге арналған техникалық құралдар жиынтығы. Компьютер үш блоктан жүйелік блок (процессор, ішкі және сыртқы жады), монитор (экран), енгізу және шыгару ңұрылгыларынан тұрады. Процессор — компьютерді басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды. Процессор жадымен бірігіп жұмыс атқарады. Компьютерде екі ішкі жад болады: тұрақты есте сақтау құрылгысы (ТЕСҚ) және жедел сақтау құрылгысы (ЖСҚ). Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан ақпарат алынады да, одан соң компьютерге орналастырылған операциялық жүйе іске косылады. Компьютерді сөндіргенде ТЕСҚ-дағы ақпараттар өшпейді.
Жедел сақтау құрылгысы — ЖСҚ - бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жады. Енгізу-шыгару құрылгылары: енгізу құрылғысы арқылы өнделетін ақпараттар, бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады. Енгізу құрылгыларына пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады. Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Тышқан - экран бетінде курсорды тезірек қозғалтуға арналған құрылғы.
Шыгару құрылгысына принтер, монитор және график тұрғызушылар жатады. Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Принтер - ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни көбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады. Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін СD-RОМ қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы -СDRITTER қолданылады. Сканер – қағаздағы бейнені суретке түсіріп алуға және оны монитор экранында көрсетуге мүмкіндік беретін құрылғы.
Компьютердің қосымша құрылгыларына: модем, стриммер, сканер, плоттер және т.б. жатады. Модем - телефондық байланыс жүйесімен байланыстыру кұрылғысы. Стриммер — мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған құрылғы (компьютерлік магнитофон). Сканердің тағы да бір анықтамасын былайша беруге болады: Сканер - мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютерге енгізу қүрылғысы. Плоттер - растр түрінде графикалық ақпараттың қатты көшірмесін шығару құрылғысы.
Лекция №6. ЭЕМ-нің программалық жабдығы. Программалық құралдардың күйі және даму тенденциясы.
Дәрістің мақсаты: ЭЕМ-ның программалық қамсыздануын меңгерту.
Жоспар:
Кілттік сөздер: программа, программалық қамсыздандыру, утилиттер, қабықшалар.
Иллюстрациялық материал: схема, слайд.
Багдарламалық жабдықтау - компьютердің жұмысында қолданылатын бағдарламалар мен мәліметтер. Бағдарламалық жабдықтау жүйелік және қолданбалы бағдарламалардан, бағдарламалау жүйелерінен тұрады. Жүйелік бағдарламалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар операциялық жүйелерден, драйверлер мен утилиттерден тұрады. Қолданбалы бағдарламалар жалпы міндеттегі, арнайы және кәсіптік деңгейдегі болып үшке бөлінеді.
Операциялық жүйе - деректерді өңдеу арқылы компьютердің барлық жұмысын ұйымдастыратын бағдарлама жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқарады, компьютер құрылғыларының бір-бірімен байланысын және компьютер мен адам арасындағы байланыстарды ұйымдастырады.
Драйверлер - белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын арнайы бағдарлама.
Утилиттер - бағдарламалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, өшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді.
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау көмегімен құжаттар кұруға, графиктік объектілер салуға, әр түрлі есептеулер жүргізуге, орындауға болады. Қолданбалы бағдарламаларды арнайы бағыттағы және әмбебап багдарламалар деп екі топқа бөледі.
Арнайы мамандандырылган багдарламаларга бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бухгалтерлік бағдарламалар, жобалаушылар қолданатын, дәрігерлер пайдаланатын және т.б. бағдарламалар.
Әмбебап багдарламаларга мәтіндік, графиктік редакторлар, әлектрондық кестелер, әлектронды байланыс бағдарламалары және басқа да жиі пайдаланылатын бағдарламалар жатады. Бірнеше қолданбалы бағдарламаларды біріктіретін бағдарламаларды интегралданган багдарламалар пакеті деп атайды. Оған мысал ретінде мәтіндік редакторларды, әлетрондық кестелерді, деректер қорын басқару бағдарламаларын алуға болады.
Бағдарламалар жүйесіне бағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар да енеді, олар арқылы кұрылған бағдарламалар компьютер жадына ендіріледі, қателері түзетіледі, тестіленеді және орындалады.
Лекция №7.Операциялық жүйелер. МS DОS – операциялық жүйесі.
Дәрістің мақсаты: Операциялық жүйе қызметі мен негізгі ұғымдарын таныстыру.
Жоспар:
Кілттік сөздер: операциялық жүйе, топтамасы, файлдық жүйе, аппаратура, қабықша.
Иллюстрациялық материал: схема, слайд
Операциялық жүйе (ОЖ) компьютердің барлык құрылғыларының жұмысын және бағдарламалық жасақтауды басқару үшін қажет. Операциялық жүйе - компьютер косылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. ОЖ колданушымен сұхбат ұйымдастырады, орындауға басқа бағдарламаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі.
Дербес компьютерлер үшін ОЖ-лер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді: бір есепті және көп есепті; бір қолданушылық және көп колданушылық болып жіктеледі.
Бұдан басқа, ОЖ-де командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін. Бір есепті ОЖ әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді. Көп есепті ОЖ бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұдан бірнеше жыл бұрын Місrosoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар МS-DОS операциялық жүйесі ең танымал болған.
Файл - белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес ақпараттар жиынтығы. Файлдың жеке аты файл атынан үш символдан тұратын файл типінен тұрады. Каталог - мәтіндік ат бойынша іздеуді қамтамасыз ететін мәліметтер кұрылымы. ОЖ-нің негізгі командалары:
Dіг [дискінің аты] [файлдың аты] [/Р][/W] - дискінің мазмұнын көруге мүмкіндік беретін команда, /Р-дискінің мазмұнын экранға парақтап шығару, /W-мазмұнды кысқаша шығару;
МD [каталог аты] - жаңа каталог командасы;
RD [каталог аты] -каталогты өшіру командасы;
CD [каталог аты] -каталогты өзгерту командасы;
СОРҮ [қайдан] [қайда] - файлды бір орыннан екінші орынға көшіру командасы;
REN [файлдың ескі аты] [файлдың жаңа аты] - файлдың атын өзгерту командасы;
DEL [файл аты] - файлды өшіру командасы;
ТҮРЕ [файл аты] - мәтіндік файлды әкранға шығару командасы;
CLS - экранды тазалау командасы;
DАТЕ - ағымдағы күн-ай мерзімін көрсету командасы;
ТІМЕ - ағымдағы уақытты керсету командасы;
ҒОRМАТ А: - жаңа дискетаны форматтау командасы.
Лекция №8. Windows операциялық жүйесі
Дәрістің мақсаты: Windows операциялық жүйесінің элементтері мен негізгі қызметімен таныстыру.
Жоспар:
Кілттік сөздер: Windows, терезе, бума, жарлық, объект, пиктограмма.
Иллюстрациялық материал: слайд.
Windows— бұл негізгі объектілері терезе және белгі түрінде бейнеленетін графикалық операциялық жүйе. Windows жүйесінің негізгі түсініктері терезе, жұмыс үстелі, шарт белгілер, жарлықтар, бумалар болып табылады.
Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда бағдарламалар орындалады, мәліметтер өңделіп, түзетіледі және басқару әрекеттері жүреді. Жұмыс үстелі - әр түрлі объектілер орналасатын Windows -тың әкраны. Шартбелгі - қысқаша сөз таңбасы бар кішкене графикалық бейне. Жарлық — белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Бумада каталогтар мен бағдарламалар тобы орналасады.
Windows объектілерін басқаруды әртүрлі құрылғылармен, оның ішіндегі негізгісі тышқанмен ұйымдастыруға болады. Тышқан көмегімен Windows объектілерімен: тасымалдау, созу, қосу, белгілеу, ашу, жабу әрекеттерін орыңдауға болады. Тышқанның сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жағы – қосымша болып табылады.
Қандай да бір объектіге тышқанды апарып, оның оң жақ батырмасын «бассақ, экранға динамикалық немесе контекстік /жанама/ деп аталатын бағыңышты мәзір командалары шығады.
Сұхбаттық терезе - бұп қосымша ақпараттар енгізілетін арнайы терезе. Онда Windows және оның косымшаларын баптау және басқару үшін қажет басқару әлементтері орналасады. Анықтама терезесі - Windows жүйесімен және оның қосымшаларымен жұмыс істеу жайлы анықтамалық хабарларды шығару үшін қолданылады. Шекаралар - терезенің төрт жағынан қоршап тұрған жақтау.
Тақырып жолы (тақырып) - терезенің ең жоғарғы шекарасының астынан терезенің тақырыбы көрсетілген төртбұрыш. Жүйелік мәзір бепгісі - тақырып жолының сол жағында орналасады. Олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады. Жабу батырмасы - тақырып жолының оң жақ шекарасында икс (х) батырмасы. Кішірейту батырмасын шерткенде терезе жұмыс орнынан алынады да, тапсырма тақтасында тек қана батырмасы қалады. Аlt+ТаЬ-ты қолмен басу арқылы терезені қайтадан үлкейтуге болады. Үлкейту батырмасы - терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді. Қалпына келтіру батырмасы - терезені аралық-бейтарап жағдайына келтіреді, яғни терезе экранда болады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Мәзір жолы - тақырыптың төменгі жағында орналасқан жатық жолда командалар аты жазылған жол. Мәзір дегеніміз -берілген терезедегі орындауға болатын командалардың тізімі. Жұмыс аймагы - бұл объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы.
Windows - операциялық жүйесінде файлдармен жұмыс істеу. Сілтеу терезесі.
Файлды көшіру - жаңа бумада оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлды жылжыту - оның бір бумадан екінші бумаға көшірмесін алып, ескі орнынан өшіріп тастау. Қатар орналасқан бірнеше файлды белгілеу үшін бірінші файлды белгілеп алып, Shrift пернесін басып ұстап тұру қажет және соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп белгілеу керек.
Әр жерде орналасқан файпдарды белгілеу үшін, бірінші файлды белгілеп, Ctrl пернесін басып ұcтап тұру керек және керекті файл аттарына тышқан курсорын алып барып, оны біртіндеп белгілеп отыру керек. Белгілеуді алып тастау үшін курсорды сол файлдардан тысқары жерге алып барып, тышқанды бір рет басу қажет. Белгіленген файлдарды көшіру үшін курсорды сол белгіленген объектінің бір шетіне алып барып, тышқан батырмасын басу керек және сол басулы күйінде ұстап тұрып, файл көшірілуге тиіс бума белгісіне жеткізіп батырманы қоя береміз. Сонымен қатар, файлды белгілеп алып контекстік мәзір арқылы да көшіруге және өшіруге болады. Файпдар мен каталогтарды өшіру үшін оларды белгілеп алып, Delete пернесін басу қажет немесе Файл—Өшіру командасын орындау қажет. Файлдармен орындалатын басқа операциялар файлды дискетке көшіру үшін контекстік мәзірден Жіберу командаларын орындау. Файлдың атын өзгерту үшін, файлды белгілеп алып, Файл-Атын өзгерту командаларын орындау керек.