Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 20:14, реферат
Курстың мақсаты:
• қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;
• компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу.
Курстың міндеттері:
• компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі;
• ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек;
• корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі;
• компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру;
• қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі;
• қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу
Пәннің пререквизиттері
Информатика пәнін оқыту студенттердің орта мектеп курсынан математика, информатика және физика пәндері бойынша алған білімдеріне негізделеді. Физика – компьютердің физикалық жұмыс жасау принципі, математика – санау жүйелері, кодтау теориясы элементтері, буль алгебрасы.
Пәннің постреквизиттері
Пән бойынша білімдердің болуы «Операциялық жүйелер», «Қолданбалы программалық қамсыздандыру», «Жаңа ақпараттық технологиялар», «Программалау», «Білімдер қоры және эксперттік жүйелер» пәндерін оқыту үшін қажетті.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Информатика – бұл компьютердің көмегімен ақпаратты түрлендіру үрдісімен және олардың қолдану ортасымен өз ара әсерімен байланысты адам қызметінің болмысы, сонымен бірге қоршаған әлемді талдаудағы жүйелі-ақпараттық тәсілді бейнелейтін, ақпараттық үрдістерді, ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, сақтау және пайдалану әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылыми білімнің іргелі облыстарының бірі.
«Информатика» курсы информатиканың келесі: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар аспектілері бейнеленілетін негізгі теориялық және практикалық мәліметтерден тұрады.
Курстың мақсаты:
Курстың міндеттері:
Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ |
Тараулар бойынша лекция тақырыптары |
1 |
Информатика пәніне кіріспе |
2 |
Информатиканың математикалық негіздері |
3 |
Информатиканың логикалық негізі |
4 |
Аппараттық құралдар. |
5 |
ЭЕМ-нің программалық жабдығы |
6 |
Операциялық жүйелер. |
7 |
Сервистік программалық қамсыздандыру. Ақпаратты қорғау негіздері. |
8 |
Windows ОЖ стандартты қосымшалары. |
9 |
Алгоритмдеу және программалау негіздері. |
10 |
Қолданбалы программалық қамсыздандыру. Мәтіндік редакторлар |
11 |
Кестелік процессорлар. |
12 |
Деректер қоры және ДҚБЖ. |
13 |
Кеңселік программалық құралдар. |
14 |
Компьютерлік графикаға кіріспе. |
15 |
Компьютерлік желілер және желілік технологиялар. |
16 |
Жасанды интеллект және эксперттік жүйелер |
Барлығы |
Лекция № 1. Информатика пәніне кіріспе.
Дәрістің мақсаты: Информатика ғылымымен, оның даму тарихымен, теориялық информатикамен, информатика пәні мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
Жоспар:
Кілттік сөздер: информатика, кибернетика, теориялық ақпараттану, есептеу техникасы, жасанды интеллект,бағдарламалау.
Иллюстрациялық материал: слайд, схема.
Информатиканың теориялық негіздері – әлі толық қалыптаспаған ғылымның бөлігі. Басқа ғылымдардың теориялық бөлімдері сияқты, теориялық информатика да информатиканы оқытудың қажеттілігінен қалыптасады.
Информатика – бұл адамның қызмет атқаратын әр түрлі салаларында ақпараттарды қолдану, түрлендіру, сақтау, жинау және алу жөніндегі мәселелерді үйрететін - жас ғылыми пән.
Генетикалық информатика есептеу техникасымен, компьютерлік жүйелермен және желілермен байланысты, өйткені тек компьютерлер ғана ақпараттық процесстерге бірмезгілде қажетті ақпараттарды автоматты түрде өңдеуге және сақтауға мүмкіндік туғызатын ығылыми тәсіл ретінде қолданылады.
Орыс тілінде бұрыннан қолданып келе жатқан «информатикаң -термині ғылыми әдебиеттер арқылы берілетін ғылыми ақпараттың жалпы қасиеттері мен құрылымдарын үйрететін кіші-гірім нақты аймақпен байланысты.
Бұл ақпараттық-аналитикалық қызмет, дәл бүгінгі күні кез-келген салаға әсіресе кітапханалық істерді, кітап басып шығару және тағыда басқа көптеген салалардағы жұмыстарды жүзеге асыруда өте қажет. Академик А.П. Ершов айтқандай қазіргі жағдайдағы информатика термині “орыс тіліне жаңа және кең мағынада фундаментальды жаратылыстану ғылымдарының атауы тәрізді ақпараттарды өңдеу және беру процесстерін үйрететін” термин ретінде енгізілді.
1978 жылғы информатика
бойынша халықаралық
Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылымы.
Қолданбалы ақпараттық технологияларды бір жағымызға қалдыра отырып, қазіргі заманғы информатиканың құрамдас бөліктерін, яғни “ядросын” сипаттаймыз. Бұл бөліктердің әрқайсысы өзіндік ғылыми пәнмен салыстыра отырып қарастыруға болады: олардың арасындағы өзара қатынас шамамен, классикалық матеметикадағы математикалық анализ, геометрия және алгебраның арақатынасы сияқты – олар әрқайсысы өзіндік жеке пән болғанымен, бірақ, күдіксіз бір ғылымның бөлігі болып табылады.
Теориялық ақпараттану – математика тараулары қатарынан тұратын, информатиканың бір бөлімі. Ол математикалық логикаға сүйенеді және өзіне алгоритмдер теориясы, және автоматтар, ақпараттар теориясы және кодтау теориясы, граматика және формальдық тілдер теориясын, амалдарды зерттеу және де басқа тарауларды қамтиды.
Есептеу техникасы –Сөз техникалық бөлшектер және электрондық схемалар жөнінде емес(бұлар информатиканың сыртында жатыр), ал олар құрылғылардың өзара әсерету принциптерін және функционалдық мүмкіндіктерінің атауларын анықтайтын есептеу (компьютерлік) жүйелердің архитектурасы деп аталатын деңгейдегі принциптік шешімдер жөнінде болып отыр. Бұл аймақтағы қойылатын классикалық шешімдердің принциптік мысалдарына жататындар: – бірінші буындағы компьютерлердің неймандық архитектурасыв кейінгі бундағы ЭЕМ-нің шиндік архитектурасы, ақпараттарды параллельді өңдеу(көппроцессорлы) архитектурасы.
Бағдарламалау (программалау) - қызметі, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін жасаумен байланысты.Мұнда біз заманға сай бағдарламалаудың негізгі тарауларын атап өтеміз: бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жасау және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау.
Жаңа бағдарламалау тілдерінің жасалуы және оларға жүйелік талдау жүргізілудің ішінен, ең негізгілерінің бірі - интерфейстік жүйенің жасалуы (мысалы, жалпыға белгілі операциялық қабықша және Wіndows жүйесі ) болып табылады. Ал, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің ішінен ең көп көпшілікке белгілісі – мәтіндерді өңдеу жүйелері, электрондық кестелер (кестелік процессорлар), мәліметтер базасын басқару жүйелері болып табылады.
Жасанды ақыл-ой (интеллект) – психологиямен, физиологиямен, лингвистикамен және де басқа ғылымдармен тоғысып байланысатын күрделі мәселелерді шешетін информатиканың бір аймағы. Адам сияқты ойлауды компьютерге қалай үйретуге болады? Адамның қалай ойлайтындығы жөнінде біз көп біле бермейміз, алайда, жасанды ақыл-ой бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының жүргізілуінің жарты ғасырлық тарихы болғанымен, әлі де болса принциптік мәселелер қатары шешілмей отыр. Сондықтан, мұндай аймаққа қатысты жете зерттеулердің негізгі бағыты – ой-пікірді модельдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, эксперттік жүйелерді құру, бейнелерді тану және тағы басқалар болып табылады.
Дербес жағдайда, интеллектуалдық интерфейстік жүйе мен адам арасындағы өзара қатынасты жасау тәрізді құнды қолданбалы мәселелерді шешу, жасанды ақыл-ой аймағындағы жұмыстардың табысты болуынан тәуелді.
Ақпараттанудың ғылым жүйесінде алатын орны.
Дәстүрлі түрде қалыптасқан (техникалық, жаратылыстану, гуманитарлық және т.б.) ғылым жүйесіндегі информатиканың алатын орнын қарастыралық. А.П.Ершовтың анықтамасы бойынша: информатика – бұл “Іргелі жаратылыстану ғылымы” (фундаментальная естественная наука). Ал, академик Б.Н.Наумов информатиканы - “ақпараттардың жалпы қасиеттерін, процесстерді, әдістер мен оларды өңдеу құралдарын үйрететін жаратылыстану ғылымы” ретінде анықтады.
Іргелі ғылымдар - дегеніміз не және жаратылыстану ғылымдары - дегеніміз не? – осыны анықтап алайық. Іргелі ғылымдарға - әртүрлі қызметте және көптеген ғылым саласында қолданылатын негізгі түсініктері жалпы ғылыми сипатта болатын ғылымды жатқызуға болады. Мысалы, әр түрлі ғылымдардың ішінде математика және философия тәрізді пәндердің іргелі ғылымға жататынына ешқандай күмән жоқ. “Ақпарат”, “ақпараттарды өңдеу процесстері” – деген түсініктердің де жалпығылыми мәні бар болғандықтан, информатика пәнін де осы іргелі ғылымдарның қатарына жатқызуға болады.
Жаратылыстану ғылымдарына – физика, химия, биология және тағы да басқа ғылымдар кіреді. Олар біздің түсінігімізден тәуелсіз болып табылатын әлемнің объективті мәні бар істермен байланысты. Информатикадан оған – әртүрлі табиғи жасанды, биологиялық, қоғамдық жүйелерде ақпараттарды өңдеу заңдылығының бірлігін қамтитындығы жатады. Информатика ғылымы өзіне тән қасиеті арқылы әлеуметтік аймақты жетілдіру мен дамытуға себепші болатын гуманитарлық (қоғамдық) ғылымдарды да қамтиды.
Сол себепті, информатика ғылымы жоғарыда кескінделгені сияқты ғылыми білімнің кешендік, пәнаралық аймағы болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесінде информатиканы оқытуды енгізіп, оның әдістемесін жасау – педагогикалық және психологиялық ғылымдардың алдына көптеген өзекті мәселелер қойып отыр. Бұл мәселелердің негізгілеріне компьютерлік техниканы қолдану қажеттілігін жатқызуға болады.
Компьютер - қаншалықты оқу процесінде негізгі рөл атқарғанымен, ол оқытушыны айырбастай алмайды. Информатиканы оқыту әдістемесінде - компьютер оқушыларға қарым-қатынас жасауда басқарушы әрекетін орындайды, оқыту мәселелерін таңдап алады, оларды шешу жолдарын бақылайды және оқушыларға көмек беру мөлшері мен сипатын анықтайды.
Психологиялық теорияларды жете зерттеуге, білім саласында информатика пәнін оқыту әдістемесінде, оқытуды жобалау және жаңа ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуге байланысты мәселерді шешуде, олардың өзектілігін анықтап беруде компьютер ерекше зор рөл атқаруда. Кейбір мәліметтер компьютерді қолданып оқытудың, әсіресе оқушылардың білім алу барысында және бастапқы қарым-қатынасты модельдеу барысында таптырмайтын құрал екендігін көрсетіп отыр. Ақпараттар мен жұмыс жасау қаншама пайдалы болса, соншалықты кері әсері де болуы мүмкін. Бала интернеттегі қызыққа бір берілген соң, одан өзін алып шығу қиынға соқпақ. Сондықтан, бастауыш сыныптарға информатика элементтерін пән аралық байланыс негізінде оқытудың жүргізілуінде техникалық, гигиеналық және эргономикалық талаптардың бар мүмкіншіліктерін пайдаланған жөн.