Инструментальды ортаның жұмысын сипаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2015 в 17:53, дипломная работа

Краткое описание

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – жоғарғы оқу орнының қабылдау комиссиясының жұмыс орнын автоматтандыру.

Содержание

Кіріспе 3
1 Автоматтандырылған жұмыс орны 5
1.1 Дербес ЭЕМ негізінде АЖО-ның ќалпы жєне даму перспективалары 5
1.2 Жұмыс орнын автоматтандыру принциптері мен оған қойылатын талаптар 14
1.3 Ақпараттық жүйелер және мәліметтер қоры 20
2 Инструментальды ортаның жұмысын сипаттау 24
2.1 Ақпараттық жүйлер 24
2.2 Ақпараттық жүйелерді жобалау құралдары 31
2.3 Өнімнің негізгі сипаттамалары. 55
2.4 Ұйымдастырушының ортасын икемдеу 60
2.5 Delphi және объектілі–бағытталған программалау 62
3 «Қабылдау комиссиясы» бағдарламасының жұмысын сипаттау 67
3.1 Қабылдау коммиссиясы 67
3.2 Мамандықтарды өңдеу 68
3.3 Студент қабылдау 71
Қорытынды 76
Әдебиеттер тізімі 79
Қосымша 81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Теория.doc

— 599.50 Кб (Скачать документ)

Қазіргі кезде Жұмыс орны процесінің әртүрлі тұлғалары арасында қашықтықтан мәлімет алмасу ісі мүмкін болып, олар бір-бірімен ашық түрде компьютерлер көмегімен өз пәндері айналасында пікірлесе алатын болды. Мысалы, Қызметкердер – Қызметкердермен, Қызметкердер – ғалымдармен, Қызметкердер – Жұмысшылармен, Қызметкердер – ата-аналармен, Қызметкердер – оқулық жазушыларымен және т. б.

Жұмысшылар үшін ақпараттандырылған жұмыс орны – мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Ақпараттандырылған жұмыс орнытармен жұмыс істеу әрбір Жұмысшының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып саналады.

Ақпараттандырылған жұмыс орны – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес – ол Жұмысшыға өз жолымен, керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылыжүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы Жұмысшы практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу да әрбір баланың бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.

Ақпараттандырылған жұмыс орнытарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттар ескерілуі тиіс:

    • Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған ақпараттандырылған жұмыс орнытың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
    • Ақпараттандырылған жұмыс орнытар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; лабораториялық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
    • Ақпараттандырылған жұмыс орнытың кәдімгі оқулықтардың мазмұндарын қайталамауы, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
    • Белгiлi бiр тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиiс;
    • Бiр қатардағы  мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс;

Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін.

 

1.3  Ақпараттық жүйелер және мәліметтер қоры

Күнбе-күн ақпарат көлемі көбейіп отыр. Ал, оларды өңдеу адамның қолынан келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер пайдаланылады. Компьютердегі ақпарат негізінен кесте түрінде сақталады. Осы кестелер (бірігіп)  МҚ-на бірігеді.

Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ)– мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:

      1. Есептеуіш жүйе;
      2. Бір  немесе бірнеше МҚ;
      3. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
      4. Қолданбалы программалар жиыны.

МҚ -  бұл үлкен көлемді өзара байланысқан ақпаратты сақтауға, өзгертуге және өңдеуге арналған бір немесе бірнеше мәліметтер файлы.

МҚБЖ - бұл МҚ  құруға, жүргізуге және қолдануға арналған тілдік және программалық құралдар жиынтығы. Қолдану сипатына қарай МҚБЖ дербес ( персональді) және көпқолданушы болып бөлінеді:

Дербес МҚБЖ  бір компьютерде жұмыс жасайтын локальді МҚ-н құруды қамтамасыз етеді.  Дербес МҚБЖ-не Parafox, dBase, FoxPro, Access және т.б. жатады.

Көпқолданушы  МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасайтын ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Оларға  Oracle, Inter Base, SyBase, Microsoft SVL Server, Informix және т.б. жатады.

Қолданбалы программалар, немесе қосымшалар МҚ-нда орналасқан мәліметтерді өңдеуге арналады. Қолданушы МҚ осы қосымшалар  ар басқарады.

МҚ-ң  негізгі нақты бір объект тобы туралы мәлімет болып табылады. Жалпы МҚ қандай да бір  мекеме (ұйым)  үшін арналады;   Ақпаратты мекеменің әртүрлі бөлімдері пайдаланылады.  Осы мекеме бөлімдері МҚ-н құру негізінде концептуальді  талаптар қояды.  Концептуалды модельді бейнелеу нәтижесінде мәліметтердің логикалық  моделі алынады.

Логикалық модель - бұл мәліметтерді ұйымдастыру түрі.  Негізгі логикалық модельдерге мыналар жатады:

      1. Иерархиялық модель - ағаш құрылымды болады.  Модель ішіндегі объектілер өзара қатаң түрде байланысқан. Мұнда бір басты объект болады. Екінші деңгейдегілер соған бағынады.  Ал екінші деңгейге өз негізінде 3-ші деңгей бағынады. 1-ші деңгей 3-ші деңгейді тікелей басқара алмайды.  Сондықтан бір деңгейде байланыс жасауға болмайды.
      2. Желілік МҚ  граф түрінде ұйымдастырылады. Мұнда басты және бағынқы объект деген болмайды. Бұл модельдің кемшілігі – ұйымдастыру қйындығында.
      3. Реляциялық МҚ өз атын ағылшын тіліндегі relation (қатынас) терминінен алған. Бұл терминді 70 жж.  IBМ фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған. Реляциялық МҚ – бұл қатынас арқылы байланысқан кестелер жиынтығы. Реляциялық модель құрылымы қарапайым, қолдануға  ыңғайлы.   Дербес компьютерге арналған МҚ- ның көбісі реляциялық болып табылады.
      4. Объектілі – бағытталған МҚ желілік және реляциялық моделдердің  бірігуі. Оларды күрделі құрылымды МҚ-н  құруға қолданады.

МҚ-ның орналасуы мәліметтерді өңдейтін қосымшаны құруға әсер етеді. Орналасуына қарай МҚ:

    • локальді;
    • қашықтағы

болып екіге бөлінеді:

Delphi қосымшасы  МҚ-на BDE (Borland Datеbase Engine – Borland фирмасының  МҚ процессоры) арқылы қатынайды.

Локальді МҚ қосымша орналасқан компьютерде МҚ-мен жұмыс бір қолданушы режимінде жүзеге асырылады.

МҚ көпқолданушы режимінде де жұмыс жасауы мүмкін. Ол үшін МҚ-ң файлы мен қосымша желі серверінде орналасады. Әрбір қолданушы сервердегі  қосымшаны жүктей алады, бұл кезде қолданушы компьютерінде қосымша көшірмесі ғана жүктеледі. Локальді МҚ-н осылайша қолдану файл – сервер  архитектурасына сәйкес келеді:

Қашықтықтағы МҚ желінің компьютер – серверінде орналасады, ол осы МҚ – мен  жұмыс жасайтын қосымша қолданушы компьютерінде орналасады. Бұл жағдайда клиент – сервер    архитектурасы  туралы  айтылады.

Ақпараттық жүйе – МҚ сервері мен клиенттен тұрады.  Компьютер сервер – қашықтағы сервер деп  те аталады.

Клиент – бұл қосымша – клиент деп аталады.

Мәліметтер алу үшін МҚ орналасқан қашықтықтағы серверге сұраным жіберіледі: Сұраным   SQL тілінде қалыптастырылады. Сұранымды алған соң  қашықтықтағы сервер  оны SQL – серверге жібереді: SQL – сервер – бұл қашықтықтағы МҚ басқаратын және сұранымды орындап клиентке оның нәтижесін қайтаратын программа. Сұранымды өңдеу қашықтағы серверде орындалады.  

Реляциялық МҚ өзара байланысқан кестелерден тұрады. Кестелер файлдарда сақталады. Олар жеке құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Оларды кәдімгідей көшіруге, жылжытуға болады. Құжаттардан өзгешелігі МҚ кестелері көпқолданушы режимін қолдайды, яғни олармен бір уақытта бірнеше қосымша жұмыс жасай алады.

Бір кесте үшін мәліметтерден, индекстер мен кілттерден тұратын бірнеше файл құрылады. Кестені басты файл аты – кесте аты болып табылады. Ол кесте құру кезінде беріледі. МҚ кестесі жолдар мен бағандардан тұрады.

Кесте  жолдары – жазба, бағаны- өріс деп аталады. Кестеде жүйеленген бір типті объектілер туралы ақпарат сақталады.

Әрбір өрістің уникалды аты болады. Өрісте тек бір типті  мәліметтер орналасады. Мыс: Бүтін сан немесе дата. Қолданушы кесте өрісіне мән енгізгенде автоматты түрде типке сәйкестігі тексеріледі. Кестелерде кілттер  мен индекстер анықталуы мүмкін.

Кілт - бұл кестедегі әрбір жазбаны бір мәнді анықталатын мәліметтерден тұратын өрістер комбинациясы. Қарапайым кілт - бір өрістен, құрама – бірнеше өрістен құралады.

Индекс – бұл  да кілт сияқты кесте өрістері бойынша құрылады, бірақ өрістегі мәндер қайталануы мүмкін. Индекстер кестелерді индекстік өрістер бойынша сұрыптау үшін қажет. Сондықтан   индекстеуді пайдалану мәліметтерді іздеу жылдамдығын арттырады. Сонымен кілттер мен индекстерді пайдалану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

    1. Жазбаларды бірмәнді идентификациялауға;
    2. Кілттік өрістерде мәндерді қайталануын болдырмауға;
    3. Кестелерді сұрыптауға;
    4. Кестеде мәліметтер іздеу жылдамдығын жоғарылатуға;
    5. МҚ –ң жеке кестелері арасында байланыс ұйымдастыруға.

 

2  Инструментальды ортаның жұмысын сипаттау

2.1  Ақпараттық жүйлер

Ақпараттық технология (АТ) – АЖ-мен тығыз байланысты, себебі АТ – АЖ-дің негізі, негізгі ортасы болып табылады. Бір қарағанда бұл екі ұғым ұқсас сияқты. Алайда бұл олай емес. Ақпараттық технология – операция орындайтын регламенттелген ережелерден, компьютер жадында сақталатын мәліметтердің әртүрлі деңгейдегі күрделілік сатыларынан, іс-әрекеттерінен тұратын процесс. АТ-дың негізгі мақсаты – мақсатталған өңдеулер арқылы алдыңғы ақпараттан қолданушыға қажетті ақпаратты береді.

АЖ – ақпаратты өңдеу жүйесі. АЖ элементтері – компьютер, компьютерлік желілер, программалық өнімдер, мәліметтер қоймасы, әртүрлі техникалық және программалық байланыс құрал жабдықтары және   т.б.   кіретін   орта   болып   табылады.   АЖ-дің   негізгі    мақсаты  – ақпаратты қорғау мен таратудың ұйымдастырылуы. АЖ-ның функцияларының   АТ-ға   бағытталған   білімсіз жүзеге   асуы мүмкін емес.    Өз    кезегінде    АТ - АЖ-лер   ортасы  болмасы өмір сүре алмайды.

Қазіргі кезде әртүрлі класқа бөлінетін АЖ-лер кең қолданым тапты. Оларды келесі классификацияларға бөлуге болады:

Бірлік    АЖ-лер.    Бұнда    автономды    дербес    компьютерлер

қолданылады.

Яғни желі қолданылмайды. Бұндай жүйе ортақ ақпараттық қорымен біріктірілген бірнеше ғана қарапайым қосымшалардан тұрады да, бір ғана қолданушыға немесе бір жұмы сорнын сол уақытта бөлісіп отырған қолданушылар тобының жұмысына ғана шамаланады. Бұндай қосымшалар локальды басқару жүйелері деп аталынатын мәліметтер қоймасы (МҚБЖ) арқылы қалыптасады. Локальды МҚБЖ арасындағы ең көп таралғандары: FoxPro, Paradox, Microsoft Access;

Топтық  АЖ  жұмыс  істейтін коллектив мүшелерінің ортақ

 ақпаратты  қолдану жүйесіне бағытталады. Көбінесе локальды есептеуіш желісінің негізінде құрылған. Бұндай қосымшаларды құру кезінде мәліметтер қоймасының серверлері (SQL-серверлер деп аталады) қолданылады. Көп таралған серверлер: Oracle, DB2, Microsoft SQL Server, Inter Base, Sybase, Informix;

Корпоративті   АЖ-лер  –   жұмысшы   топтардың   даму   жүйесі

 болып саналады. Бұндай АЖ ірі компанияларға  арналған, өлкелік алшақ орналасқан  байламдар  мен  желілерді  байланыстыра  алады. Негізінде көп деңгейлі  иерархиялы құрылымды болып келеді. Бұндай жүйеде де топтық АЖ-лерде қолданылатын МҚ-ның серверлері қолданылады. Алайда көп таралғандары, жиі қолданылатындары: Oracle, DB2, Microsoft SQL Server.

Жалпы, АЖ-лер негізін келесі 4 жетістік арттырады:

Ақпарат тасушылардың дамуы. Бұл жағдай шексіз көлемдегі ақпарат сыйымдылығына мүмкіндік береді.

Байланыс құралдарының дамуы. Яғни ақпаратты уақыттық кедергіні елемей,   жер   шарының   кез   келген   нүктесіне   жеткізуге  болады.

Ақпаратты автоматтандырылған өңдеуден сол ақпарат пайда болған жерде персоналды ЭЕМ арқылы өткізу мүмкіндігі.

Бөлектенген базалар мен мәліметтер қоймасында сақталынатын ақпараттарды өңдеу.

АЖ ақпаратты комплексті жүйеге өңдеу мен сақтау құралдарының мақсатталынып интегралдануы процесінде дамыды. ЭЕМ-ның желілерге (локальды және региональды) бірігуі оқшау орналасқан бөлімше, ұйым, райондар және т.б. ортақ ақпаратқа қол жеткізуіне, бір-бірімен байланысына арналды. Дербес компьютерді қолданып, ақпаратты енгізіп, шығару, өңдеу қолданушыға дайындалып жатқан жобаның сапасын, дәлділігі мен нақтылығын, маңызын және оларға кететін уақытты үнемдеуін қамтамасыз етеді.

Автоматтандырылған жұмыс орындарын ортақ локальды есептеуіш желілеріне (ЛЕЖ) біріктіру – ақпараттық алмасу шығындарының азаюына, есептелінетін ресурстарды ұтымды қолдануға мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары ЭЕМ-дерге элемент ретінде ЛАЖ-дарды енгізу – бәріне қажетті ақпаратты ортақ өңдеуден өткізіп, оны орталықтандыруға мүмкіндік береді. Әрбір жүйе қолданушысы – өзінің жеке кәсіп облысына бағытталған жұмысшы (кәсіп облысы – экономика, металлургия, білім беру, өнім өндіру, т.б.). Бірақ олардың іс-әрекеттері әртүрлі екеніне қарамастан ұқсас операцияларды орындайды. Бұл өз кезегінде ЭЕМ процесін жеңілдетеді.

Қазіргі кезде АЖ-ді қолдана отырып істелінетін жұмыстардың оншақты түрі бар: ұйым ішінде және ұйым арасында ақпараттық коммуникация  жұмыстарын орындау; ақпаратты ізеу, анықтау, генералдау (документ оқу, отчет дайындау, хаттарға жауап беру, керекті мәліметерді  іздеу,   архив   жүргізу   және  т.б. );  шешімдерді  талдау  мен қабылдау; ұйымды қалыптастыруды басқару, бақылау; басқарушыларды ақпараттық қамтамасыз ету. Қазіргі кездегі “электронды” кәсіпорындар мен ұйымдардың  негізгі элементтері болып: автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО),  текстілерді  редактілеу  жүйелері,  мәліметтер қоймасы  мен оларды басқару жүйелері (МҚБЖ), ақпараттық есептеуіш жүйелері, электрондық  почта,  теле-жиналыс өткізу жүйелері, баспадан шығару және т.б. табылады. Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) – кәсіби іс-әрекетті  автоматтандыруға  арналған  есептеуіш жүйесі. Негізгі жұмысы  АЖО –на   негізделетін  қолданушылардың  ортақ  функциялары:

    • ақпараттарды сақтау;
    • ақпараттарды іздеу;
    • құжаттарды (немесе олардың фрагменттерін) қабылдап алу немесе орнату;
    • құжаттарды қолдану мен сақтаудың режимдерімен қамтамасыз ету.

Информация о работе Инструментальды ортаның жұмысын сипаттау