Дипломдык жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 10:41, реферат

Краткое описание

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Білім беру жүйесіндегі ақпарат және оның оқушылардың белсенділігін арттырудағы ролі
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері
1.2 Білім беруді ақпараттандыру маңызы
1.3 Білім беруді ақпараттандыру барысындағы ақпараттық мәдениетті оқыту процессінде оқушы бойына қалыптастыру
2. Білім беруді ақпараттандырудағы электрондық ресурстар маңызы
2.1 Мектептегі электрондық ресурстар түрлері
2.2 Мектептегі электрондық ресурстарды құру ерекшеліктері
2.3 JOOMLA ортасын мектептегі электрондық ресурстар ортасын құруға пайдалану
2.4 JOOMLA ортасының ерекшеліктері
2.5 JOOMLA ортасынында мектептің оқу порталын құру
2.6 JOOMLA ортасынында электрондық оқулықты қолдану
Қорытынды
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 2.55 Мб (Скачать документ)

Виртуалды компьютерлік мұражай

http://www.computer-museum.ru

Математика және информатика бойынша дидактикалық материалдар

http://comp-science.narod.ru

Білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар

http://www.rusedu.info

Ашық жүйелер: ақпараттық технологиялар бойынша басылымдар

http://www.osp.ru

Информатика бойынша теориялық минимум

http://teormin.ifmo.ru

Компьютердің оқу моделдері (немесе "Популярно о работе компьютера")

http://emc.km.ru

Компьютерлік графика энциклопедиясы, мультимедиа және САПР

http://niac.natm.ru/graphinfo

Дербес компьютердің энциклопедиясы

http://mega.km.ru/pc/

Алгоритмдер, әдістер, бастапқы нұсқалар

http://algolist.manual.ru

Алгоримдер кітапханасы

http://alglib.sources.ru

Дискретті математика: алгоритмдер (проект Computer Algorithm Tutor)

http://rain.ifmo.ru/cat/

Кейбір математикалық алгоритмдер

http://algorithm.narod.ru

Математика және бағдарламалау

http://www.mathprog.narod.ru

Алғашқы қадамдар: Бағдарламалау сабақтары

http://www.firststeps.ru

CodeNet – барлығы да бағдарламашы үшін

http://www.codenet.ru

HTML-анықтама

http://html.manual.ru

Олимпиадалық информатика

http://www.olympiads.ru

Ақпараттық технологиялар бойынша Онлайн-тестілеу http://tests.academy.ru

Информатика және ақпараттық технологиялар бойынша тесттер

http://www.junior.ru/wwwexam/

Сонымен, қолданылу барысында жоғары оқу орындарында студенттерге информатиканы оқытудың тиімділігін көтеруі мүмкін электрондық ресурстарды таңдаудың көп мүмкіншілігі бар. Бірақ, осындай ресурстардың классификациясын және талаптар жүйесін құру керек, өйткені олар жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық ресурстардың сапасын қамтамасыз етуге және бақылауға жағдай жасайды. 

 

2.1  Мектептегі электрондық ресурстар түрлері

 

Білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын жасау және оны қолдану негіздерінде үйрету қандай да бір әмбебап технологияны қарастырмай, толық жүзеге асуы мүмкін емес, өйткені солардың көмегімен ғана педагогтар мен кәсіпқой бағдарламашылыр оқытудың электронды құралдарын жасаған болар еді. Біз төменде технологиялардың бірін сипаттағалы отырмыз.

Қазіргі уақытта білім беру саласында электронды басылымдар мен ресурстарды қолданудың өмірге бейімділігі мен тиімділігі олардың жоғары, техника-технологиялық және органикалық көрсеткіштеріне ғана емес, білім беруді ақпараттандырудың барлық құралдарын жүзеге асыру мен пайдаланудың мазмұндылығы, әдістемелігі және технологиялық тәсілдерінің біркелкілік деңгейіне  де қатысты анықталады. Жасалған электронды басылымдар мен ресурстарды бір ізге келтіріп жинақтауда білім беру саласының  мазмұнын өңдеудің әмбебап технологияларын қалыптастыру мен соған сәйкес ақпараттық құралдар жасаудың маңызы айрықша.Мұндағы сондай технологиялар оқудың сан алуан тәртібі, деңгейі және білім беру түрлерінің  ерекшеліктеріне сәйкес білім беру түрлерінің көп нұсқалы болуы тиіс.

Жүргізілген ғылыми зерттеулер мұндай технологияларға электронды түрде ұсынылған және түсініктің иерархиялық жүйесі мен оларды өңдеудің арнаулы іріктелген әдістері негіз болатындығын анықтап отыр.

Осыған байланысты білім беруді ақпараттық құралдарын, жалпы электронды басылымдар мен ресурстарды жасаудың әмбебап тәсілдерінің теоретика-технологиялық тәсілдерін қарастыруға болады, бұл тәсіл ақпараттық жинақтау деген шартты атауға ие болған. Бұл тәсілдің ең негізігі идеясы арнаулы жасалған деректер құрылымына (иерархияға) сәйкес кез келген оқу тәртібінің басты мазмұны – түсініктің мағыналы бағыныштылығын көрсететін мәліметтерді жинақтау болып табылады.Белгілі бір өлшемде ақпараттық жинақтауды білім беру саласында қолданылатын электрондық басылымдар мен ресурстар жасауға бағдарланған ақпараттық жаңа технология ретінде де қарастыруға болады.

Электрондық басылымдар және ресурстар  құруды автоматтандыру оның барлық  технологиялық кезеңдері жеткілікті жақсы формальдағанда ғана жүзеге асады.Бұл ескерту түсінікті іріктеу мен құрылымдау процесіне толықтай қатысты.Түсінік жүйесінің формальданған моделін жасау үшін, ең алдымен пәндік білім беру саласының табиғи-қисында құрылымын анықтап алу қажет.Осыған байланысты,нақты курсты оқыту үшін түсінік жүйесі оның ғылыми негізінде ғана таңдалып,білім саласының түсінігін объективті іріктеу мен түзетімді құрылымдау тек қана әдеби көрсеткіштер мен эксперттік бағалауды талдау үйлесімі негізінде жүзеге асуы мүмкін.Осы жолмен қалыптасқан түсінік және түсінікаралық байланыстар жүйесі-тезаурустар-электронды иеархиялық құрылымдардың кезекті жасалымы мен электронды басылымдар мен ресурстарды автоматтандыру  мақсатындағы оларды өңдеу үшін өзіндік шикізат болуы тиіс.

Циклдардың жойылып кетуіне  соқтыратын графтарды түрлендірудің бірнеше тәсілдері бар.Олардың қатарында: аз мәнді байланыстардан өтіп кету, циклдық конструкцияларды бір төбеге біріктіру,тиісті түсініктерді қайта қалыптсатыру,түсінікті байланыстыру негізінде жатқан өлшемдердің өзгерісі мен басқа да тәсілдер.

Осылайша,білім беру саласында құрылған тезаурус түсініктің ежелгі жалпы қабылданған құрылымынына, қысқаша айтқанда иерархияға түрлендіріледі, ақпаратта иеархия- циклдан тұрмайтын тұйық граф деп түсіндіріледі. Бұтақ-иерархия анық түрде түсініктің қисында бағыныштылығын көрсетіп, «ортақ-жеке» қатынастар туралы айтуға мүмкіндік беріп, қалыптасу тәсілдерін іс жүзіне асыру мен білім берудің электрондық басылымдары мен ресурстарын құрастыруға көмектеседі.

Ақпараттық жинақтау технологиясы  шеңберінде түсінік иерархиясын құру мен өңдеуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін программалық құрауыштар жасалады.Осындай өңдеудің өнімдерінің бірі ретінде электрондық басылымдар мен ресурстарды атауға болады.Иерархияны электронды өңдеу дегеніміз қосымша медиа-ақпаратпен  қамтамасыз етілген түсінік, ол арқылы бір ізге салынған оқулықтар мен көмекші құралдар ( қағаз және электронды), барлық сала бойынша оқу курстарының жобаларын,телекоммуникация мен программалық жүйелерде орналастыру үшін электронды сайттар жасау жүзеге асырылады.

Жүйеде деректерді кескіндеу негізі ретінде электронды иерархиялық құрылым қызмет етеді: әрбір білім саласы үшін компьютер көмегімен арнаулы бұтақ (иерархия) құрылып,сол арқылы нақты аумақтық түсінік құрылымы мен бағыныштылығы көрсетіледі.

Интегратордың басты ерекшелігі экранды төменгі бұтақты құпиялау мүмкіндігі. Ескертетін нәрсе,қарапайым сызықтық мәтіннен айырмашылығы иеархиялық жүйедегі түсініктер төбенің жиынтық мағынасы бойынша ғана тұйықталып,құпиялана алады. Осылай жасыру әсерінен өңделетін білім аумағының құрылымдық, ауқымдылық мағынасын жоғалтпай-ақ жақсара түседі, иеархиялық кесінділері жеке қарастыруға мүмкіндік туады.Соңында,білім беретін электрондық басылым мен ресурстарды құрастыру қолайлылығы жоғарлай түседі.

Білім беруге пайдаланатын гипермедиа-басылымдары мен ресурстарын құруды автоматтандырғанда құрылымының және сол сияқты құралдарының барлық қалған беттерінің ерекшеліктері белгіленеді.Әрбір  гипермәтіндік немесе гипермедиалық  беттің атауында білім беру саласының тезаурысының элементі болып табылатын иерархиялық құлылымның қажетті  төбесінің аты жарияланады. Ақпараттық құралдары бойынша навигация үшін қолданылатын гиперсілтемелер экранда негізгі үш топқа бөлінеді:

Олардың біріншісі («аналық» тобы) тиісті төбе  - аналықтың сол төбе – бетке қатысты жалғыз гиперсілтемесінен құралады. Басқаша айтқанда, бұл топ қомақты түсінікке арналған бетке ғана гиперсілтеме жасайды.

Екінші топ («ұлдар» тобы) ағымдық беттегі мазмұнды нақтылайтын немесе толықтыратын бетке ғана гиперсілтеме дайындайды. Түсініктің иерархиялық құрылымында мұндай гиперсілтемеге осы төбе аталық болып табылатын төбе - әулет келеді. Мұндай гиперсілтемелер гипермәтіндік беттерді қарап шығудың ыңғайлы әдістемелігін тудырады. «Ұлдар» тобында бірде бір гиперсілтеме болмайтын жағдайлар да кездеседі. Бұл топтың бос болуы үйретілетін парақтың тиісті иерархиялық гипермәтінге жеткендігінің белгісі.

Соңғы үшінші топ («ағайындар» тобы) мағыналық деңгейі электронды иерархиядағы төбе – ағайындыларға ақпараты бар беттерге гиперсілтеме жасайды. Басқаша айтқанда, мұндай топ мағынасы бойынша ұқсас немесе туысқан «тақырыптарды» қамтыған материалдар туралы гипермәтінді мақалалар атауын жинақтайды. Осылайша, иерархияның осы деңгейіндегі өкілдер – түсініктің барлығымен танысу үшін үйренуші барлық «ағайындылар - бетін» қарап шықса жеткілікті болады. «Ағайындылар» тобы ешқашан бос болмайды, өйткені онда осы сәтте сол беттен ең көп сұранысқа ие, гиперсілтемеге жауап алу мүмкіндігі үнемі сақталады. Осыған байланысты үйренуші мағыналы иерархиялық жүйеде «аталық – ағайындылар - ұлдың» қандай жағдайда екендігі туралы қосымша ақпарат алалады.

Иерархиялық құрылымдар бірнеше тәсілдерге бөлінуі мүмкін. Мысалы, білім беру саласында бастапқы граф-тезаурусты құру кезінде түсініктер арасындағы байланыстарды анықтау үшін міндетті түрде әртүрлі өлшемдерді қолдану мүмкіндігі. Одан әрі ақпараттық жинақтау технологиясы үшін графаларды осындай қолдану. Бірнеше иерархияны анықтаудың басқа жолы ретінде алдын-ала құрылған бір графа-тезаурус үшін, мүмкіндігінше бірнеше бұтақтар ұсынылу қарастырылады.

Қандай жағдайда да педагогтар білім беру саласындағы мағынасы ұқсас түсінік жүйесі үшін ақпараттық интеграторда бірнеше әртүрлі электрондық иерархия құруға мүмкіндік алады.

Ақпараттық жинақтау технологиясы негізінде құрылған, білім беретін электрондық басылымдар мен ресурстарды қолдану әдістемелік көзқарас тұрғысынан мынадай артықшылықтарға ие:

1.                  Оқу қызметінің кез-келген түрі білім беру саласының мазмұндық құрылымымен танысуды қатар жүргізумен ерекшеленеді;

2.                  Үйренушіге ұсынылған мазмұнды материалдарда мағыналы циклдердің қалыс қалуына кепілдік беріледі;

3.                  Үйрету әдістемелігі алдын ала міндеттелген жалғыз алгоритм негізінде анықталады;

4.                  Бір түсініктің әртүрлі құрылымын салыстырмалы түрде зерттеудің жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ әртүрлі өлшемдерге сәйкес құрылымдалған мазмұнды материалдармен танысу сәті туады;

5.                  Пәндік білім беру мазмұнын іріктеу мен ұсынуға деген біркелкі тәсілдер, үйренушілер әрекетін бақылау мен бағалау, интерфейстік және технологиялық құралдарды жасау әртүрлі электронды басылымдар мен ресурстарды операциялық ережелерін игеру үшін талап ететін материалдар санын қысқартады;

6.                  Жаңа  мазмұнды материалды зерттеу мен ақпараттық ресурстарды құрастыру бойынша белсенді шығармашылықты қалыптастыру үшін   технологиялық  тәсілдерді қолдануға кең мүмкіндіктер қарастырылады.

 

2.2  Мектептегі электрондық ресурстарды құру ерекшеліктері

 

Электрондық ресурстарды информатикамен қоса пайдалану – студент – жас мамандардың кәсіби деңгейде оқуына және ақпаратты көтеруге ықпал етеді. Бакалавр және магистрлерді дайындауда информатиканы тәжірибе жүзінде оң нәтиже беру қорытындысы электрондық ресурстарды пайдалану болып табыла бермейді.

Дипломның алдыңғы бөлімдерінде жазылғандай информатиканы оқытуда міндетті түрде екі шарт орындалуы тиіс:

1.                  Информатикадағы студенттердің оқуына пайдаланып жатқан электрондық ресурстар сапалы болуы керек.

2.                  Электрондық ресурстарды пайдалану информатикадағы әдістемелік зерттеу қажеттіліктеріне міндетті түрде сай болуы шарт.

Информатика мамандарын дайындау үшін ауқымды зерттеулер жүргізу, жетіспейтін қажеттіліктерді жинау қажет.

Жоғары оқу орындарында информатика мамандарын дайындау мақсатына жету сапалы электрондық ресурстарды анықтайтын сипаттама жиынтығы болып табылады.

Көрсетілген жүйе кешенді ғылыми-педогогикалық кітаптарды талдау және автордың өз тәжірибесі негізінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің информатика мамандарын оқыту кезінде алынған.

Бұл диплом информатиканың электрондық ресурстарының сапасына қойылатын талаптардың барлық мүмкіндіктерін ашып көрсетуді мақсат тұтпайды. Көрсетілген талаптар белгілі нақтырақ ғылыми еңбектерде көрсетілген. Бұл жұмыста көрсетілген талаптар ЖОО да информатиканы оқытуда ақпараттандырудың тиімділігін көрсетуде талаптар жүйесінің мүмкіндігінің мол екендігінің көрсетеді.

Айта кету керек, білім беру электрондық ресурстарының жалпы түсінігін енгізудің мақсатты екендігін, сондай-ақ Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде информатиканы оқытуда қолданылатын ақпараттандырудың жаңа құралдарын қалыптастырудың ерекшеліктері мен генезис талдауы, сонымен қатар мұндай құралдардың классификациясына негізгі көрсеткіштер осы дипломның бірінші бөлімінде қарастырылып көрсетілген. Әрі қарай қаралатын талаптардың көбі осы аналитикалық зерттеу нәтижелерінен туындайды.

Информатикадағы білім беру электрондық ресурстары жоғары кәсіби білім жүйесінің және сапалы білім беру электрондық ресурстары информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің қажеттіліктерін қанағаттандыру тиіс. Осыған орай білім беру электрондық ресурстардың сапасын қамтамасыз ету ерекшеліктері мен қажеттіліктер жүйесі нақты электрондық ресурсты болашақ бакалавр мен магистрлерге информатиканы оқытуда қолдану шешімін қабылдау әдістемесі негізінде жатады.

Негізгі қажеттіліктерді қарастырайық:

1. Электрондық ресуртарды пайдалана отырып оқытудың ғылымилық ерекшелігін қамтамасыз ету ғылым ретінде информатика саласында білім беру электрондық ресурстар ұсынған соңғы ғылыми жетістіктер оқу материалының мазмұнының ғылыми нақтылығын және дұрытығын, барынша тереңділігін білдіреді. Білім беру электрондық ресурстар оқу материалын игеру жүйесінің қажеттілігін қалыптастыру төмендегідей ғылыми әдістермен қалыптасады: тәжірибе (эксперимент), салыстырмалы бақылау, нақтылық, талдау, индукция және дедукция, талдау және синтез, моделдеу және жүйелік талдау.

2. Білім беру электрондық ресурстарды пайдалана отырып оқытудың қол жетімділігін қамтамасыз ету ерекшелігі, студенттің жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты оқу материалын үйренуде теоретикалық қиындықтарын анықтау дәрежесін білдіреді. Болашақ бакалаврлар мен магистрлер бұл оқу материалын оқып-үйрену аса қиындыққа ұшыратпау негізі шарт болып табылады.

Информация о работе Дипломдык жұмыс