Дипломдык жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 10:41, реферат

Краткое описание

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Білім беру жүйесіндегі ақпарат және оның оқушылардың белсенділігін арттырудағы ролі
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері
1.2 Білім беруді ақпараттандыру маңызы
1.3 Білім беруді ақпараттандыру барысындағы ақпараттық мәдениетті оқыту процессінде оқушы бойына қалыптастыру
2. Білім беруді ақпараттандырудағы электрондық ресурстар маңызы
2.1 Мектептегі электрондық ресурстар түрлері
2.2 Мектептегі электрондық ресурстарды құру ерекшеліктері
2.3 JOOMLA ортасын мектептегі электрондық ресурстар ортасын құруға пайдалану
2.4 JOOMLA ортасының ерекшеліктері
2.5 JOOMLA ортасынында мектептің оқу порталын құру
2.6 JOOMLA ортасынында электрондық оқулықты қолдану
Қорытынды
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 2.55 Мб (Скачать документ)

Сурет 3 - Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі

 

 

 

 

1.2 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері

 

Ақпараттандыру блогын іске асырудың негізгі бағыттары:

                       АКТ-ны оқу процесіне енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

                       компьютер техникасымен қамтамасыз етілудің әлемдік көрсеткіштеріне  қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын одан әрі компьютерлендіру;

                       орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу;

                       білім берудің барлық деңгейлерінде қашықтықтан оқыту технологияларын әзірлеу және енгізу;

                       өңірлерде білім беру ақпараттық ресурстар орталықтарын және министрліктің білім беру порталын құру;

                       орта білім беру ұйымдарын білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету;

                       мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік  ортасы  негізінде порталды және өңірлердің ресурстар орталықтарын біріктіру;

                       білім беру ұйымдарының мониторинг, талдау және басқару ақпараттық жүйесін енгізу.

Аталған бағыттарды іске асыру оқу процесіне ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және білім беру жай-күйінің мониторингі мен оны талдаудың дәйекті деректері негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау есебінен білім беру сапасының деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. 

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

                       оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

                       оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық - iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);

                       проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

                       жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуалды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:  информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар  саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;

-  информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;

- бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;

- информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша информатика мұғалiмдерi үшiн білім жетілдіру курстарын ұйымдастыру және оны өткiзу;

-  қашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;

-  облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;

- облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресурстарын қалыптастыру;

- оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.

Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

-    вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

-  болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

-  рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

-  эргономикалық — нақты мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;

-  iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы  нәтижесiн анықтау;

-  тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақты iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы  мен олардың жеке тұлға ретiнде  қалыптасу деңгейi анықталады;

-  жекелеген кеңес  беру - тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны  мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

Оқу процесінде пайдаланылатын мультимедиялық үйретуші бағдарламалардың, тексеру бағдарламаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай  дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.

Қазіргі кезде маманның кәсіби құзырлылығының жоғары оқу орны кезеңінде қалыптасуын зерттеуге қызығушылық артып отыр.

Оқыту технологиясы ЮНЕСКО құжаттарында білім беру формаларын оңтайландыру деп белгіленеді де, білімді меңгеру мен оқытудың толық үрдісін анықтау және қолданудың жүйелік әдісі ретінде қарастырылады.

Бұл түсінікті білім беру тұжырымдамаларын, білім беру мақсатын, әдістемесін, мұғалімді, оқушыны, оқу ғимаратын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды, оқытудың техникалық орталарын, қаржыландыруды қамтитын жүйе ретінде кеңінен қарастыру қажет.

Оқыту технологиясы:

- жоғары білім берудегі білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілік және дағдыларды меңгеру үдерісін;

- оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау үдерістерін керек етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы және т.б. шараларды жүзеге асырады.

Демек, оқыту технологиясы – бұл оқу ақпаратын бейнелеу мен өзгертудің, өңдеу мен ұсынудың орталары мен әдістерінің жиыны болса, екінші жағынан – оқыту үрдісіндегі техникалық немесе ақпараттық орталарды пайдаланатын оқытушы мен оқушылардың өзара әрекеттерінің тәсілдері туралы ғылым.

Студенттердің оқу үдерісі барысында игеруге тиісті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды іске асыруды қамтамасыз ететін, оларды тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқытушының іс-әрекет түрлерін оқыту түрлері ретінде атауға болады (Кесте 2)

Оқу үдерісіндегі оқыту мен студенттің білікті маман ретінде қалыптасуына қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыруды негізгі бағдар ететін оқытушы мен студенттің өзара байланысты іс-әрекет түрлері оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.

Оқу үдерісін оңтайлы ұйымдастыруға бағытталып, арнайы құрастырылған немесе жасалған материалдық объектілер оқытудың құралдарын анықтайды.

Жоғарыда айтылған ойлардың нәтижесінде біз оқыту технологиясының анықтамасын келесі негізде ұсынамыз. Оқыту технологиясы дегеніміз – алдын-ала оқу бағдарламаларында қарастырылған, оқытудың формаларының, әдістері мен орталарының жүйесін бейнелейтін, қойылған мақсатқа мүмкіндігінше ықпалды жетуді қамтамасыз ететін, оқыту мазмұнын іске асыру тәсілі.

 

Кесте 2 - Жоғары оқу орнындағы сабақ түрлері

 

Оқыту түрлері

Бақылау түрлері

Теориялық дайындыққа бағытталған

Практикалық дайындыққа бағытталған

Дәстүрлі

Жаңаша

-       лекция

-       семинар

-       лабораториялық жұмыс

-       экскурсия

-       аудиториялық өзіндік жұмыс

-       аудиториядан тыс өзіндік жұмыс

-       конференция

-       кеңес алу

 

-       Практикалық сабақ

-       курстық жұмыстар

-       дипломдық жұмыстар

-       практиканың барлық түрлері

-       іскерлік ойындар

-       бақылау жұмысы

-       дербес әңгімелесу

-       коллоквиум

-       сынақ

-       семестрлік және ауыстыру емтихандары

-       курстық жұмыстарды қорғау

-       мемлекеттік емтихандар

-       дипломдық жұмысты қорғау

-       тестілеу

-       рейтинг

-       мамандық бойынша кешенді емтихан


 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен техникалық құралдар жиыны. Жоғары білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жиі кездесетін осы анықтамасын біз де қолданамыз. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қазіргі оқыту технологиясын интерактивті бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс кұралдары, инструменталдық бағдарламалық құралдар жиыны. Оқыту үдерісіндегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі міндеттері  танымдық әрекеттерді басқару үдерісі мен заманауи ақпараттық білім қорларына қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау ісі болып табылады.

Жоғары білім берудің ақпараттық ортасы, олардың ара қатынастары төмендегіше анықталады:

- жоғары білім берудің ақпараттық ортасы;

- жоғары білім берудегі ақпараттық- пәндік орта;

- ғылыми-кәсіби білім беру ортасы;

- жоғары білім берудегі біріктірілген ақпараттық білім беру ортасы;

- жоғары білім берудегі ақпараттық оқыту сайты;

- жоғары білім берудегі біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігі .

Информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағдарламалық-әдістемелік құралдар жиынын бере алатын, сапалы педагогикалық білім алудың материалдық және рухани жағдайларын жасай алатын көпсатылы, толыққанды, әлеуметтік-педагогикалық-психологиялық орта.

Ақпарат дегеніміз  тұтынушыға бұрын белгісіз болған және оның зерттелетін объект (үдеріс, құбылыс) туралы түсінігін толықтыратын фактілерден тұратын мәліметтер жиынтығы.

Басқаша айтқанда, ақпарат - тұтынушының мәлімет алмағанға дейінгі анықталмағандық туғызатын әсерін белгілі бір деңгейде шешетін құрал, объект туралы оның түсінігін кеңейтетін мәлімет.

Ақпараттық үдерістер - ақпаратты жинау, жіберу, жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу, беру және пайдаланушыға жеткізу үдерістері. Информатика ғылымы, ақпараттық үдерістерді мақсатты түрде зерттеу нәтижесінде пайда болды. Информатика — ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және жеткізу тәсілдерін, әдістерін және құралдарын зерттейтін ғылым.

Қазіргі заманғы ғылымда “ақпараттық технологиялар” терминінің анықтамасы өте көп. Аталған термин “ақпарат” және “технология” түсініктерімен байланысты. “Ақпарат” және “технология” категорияларының анықтамаларын жалпы ғылымдық және нақты ғылымдық білімдер тұрғысынан қарастырамыз.

“Технология” сөзі (грек тілінде “техне” - өнер, ғылым, + “логос” – түсінік, оқып үйрену) “өндірістік үрдістерді жүргізу орталары мен тәсілдері туралы білімдердің жиынын” білдіреді. Оқу-тәрбие үрдісін жүргізудің орталары мен тәсілдері туралы білімдер жиынын “оқу үрдісінің технологиясы” деп атауға болады.

"Ақпарат" ("информация") термині “informatio”деген латын сөзінен шыққан, бұл сөз - мазмұндау, түсіндіру деген мағынаны білдіреді. Тұрмыста, күнделікті өмірде ақпарат ұғымын, адамдардың бір-біріне ауызша, жазбаша немесе басқа да бір әдістермен берілетін мәліметтері ретінде түсінуге болады. Ғылыми және ресми еңбектерде бұл терминнің әрқандай анықтамалары кездеседі.

Ақпарат - қызығушылық тудыратын, тіркеуді және өңдеуді қажет ететін фактілер, құбылыстар, оқиғалар жиынтығы. Ақпараттың көзі және қабылдаушысы болады. Олардың әрқайсысы ретінде - ғылым мен техника, қоғам мен табиғат объектілері, адамдар мен жануарлар бола алады. Осылардың өзара әрекеттесу нәтижесінде ақпарат пайда болады. Кибернетиканың "ақпарат теориясы" деген саласында "ақпарат" терминінің анықтамасы төмендегіше беріледі. Ақпарат дегеніміз тұтынушыға бұрын белгісіз болған және оның зерттелетін объект (үдеріс, құбылыс) туралы түсінігін толықтыратын фактілерден тұратын мәліметтер жиынтығы. Басқаша айтканда, ақпарат — тұтынушының мәлімет алмағанға дейінгі анықталмағандық туғызатын әсерін белгілі бір деңгейде шешетін құрал, объект туралы оның түсінігін кеңейтетін мәлімет.

Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді реформалау жүйесінің жүзеге асырылуы республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жағдайында үлкен қоғамдық маңызға ие болып отыр. Білім беру тәжірибесінде қалыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар жоғары білім беру жүйесін ақпараттық мәдени құндылықтардың бірлігінде қарастыра отырып, ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік экономикалық өзгерістерге сай қайта қарау қажет деген қорытындыға әкелді.

Қазіргі кезде отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесінде студенттерді ақпараттық-коммуникациялық пайдалануға дайындаудың мақсаттары мен оқыту жолдары анықталған. АҚШ-тағы университеттердің бірінде осы саланы зерттеушілердің бір тобы компьютерлік сауаттылықты жетілдіріп, оқытудың 7 негізгі кезеңдерін ерекшелеп көрсетті. Олардың пікірінше педагогикалық мамандықтар студенттері:

1.     ЭЕМ-нің негізгі құрылымдарын білуі және олардың жұмысымен таныс болуы тиіс. Оқу программалық құрамдарды қолдана алуы, қолданбалы жүйелі программаларды пайдалануы, ЭЕМ-нің әртүрлі енгізу, шығару құрылғыларын білуі, программалар мен мәліметтердің баламалы көшірмелерін жасай алуы, дискілерді және ЭЕМ-нің көмекші құрылғыларын орната алуы тиіс;

Информация о работе Дипломдык жұмыс