Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 10:41, реферат
Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
КІРІСПЕ
1 Білім беру жүйесіндегі ақпарат және оның оқушылардың белсенділігін арттырудағы ролі
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері
1.2 Білім беруді ақпараттандыру маңызы
1.3 Білім беруді ақпараттандыру барысындағы ақпараттық мәдениетті оқыту процессінде оқушы бойына қалыптастыру
2. Білім беруді ақпараттандырудағы электрондық ресурстар маңызы
2.1 Мектептегі электрондық ресурстар түрлері
2.2 Мектептегі электрондық ресурстарды құру ерекшеліктері
2.3 JOOMLA ортасын мектептегі электрондық ресурстар ортасын құруға пайдалану
2.4 JOOMLA ортасының ерекшеліктері
2.5 JOOMLA ортасынында мектептің оқу порталын құру
2.6 JOOMLA ортасынында электрондық оқулықты қолдану
Қорытынды
Қосымша
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның талаптарына сәйкес, ақпараттық технология саласында оқушыларды даярлау деңгейін арттыру;
Жалпы білім беру мектеп реформаларын жағдайында ақпараттық білімдік технологиялар білім мекемелеріне енгізу және әзірлеу.
Білімді басқару органдары мен білім мекемелерінің қызметіндегі ақпараттық технологияларды пайдалану үшін қажетті материалдық техникалық базасын құру;
Білімдегі басқарушылық қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін құру.
Басқарушылық және педагогикалық мақсаттағы ақпараттық компьютерлік технологияларды мектептің қызметінде қолдану, білімді ақпараттандырудың жалпы процесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Білім беруді ақпараттандырудағы электрондық ресурстар маңызы
Информатиканың жоғары оқу орындарындағы жаңа курстарын құру мен дамыту объект және оқу құралы ретінде қатысатын түрлі компьютерлік құралдарды қолданумен тығыз байланысты. Ақпараттандыру құралдарының сапасынан информатиканы оқытудың тиімділігі тәуелді болады. Информатиканы оқытудың құралы ретінде білім беру электрондық ресурстарын қолданумен жүзеге асырылатын оқыту әдістемесі ерекше рөл атқарады. Зерттелетін тақырыпқа зерттеу жүргізгенде, электрондық ресурстардың қалыптасу және құрылу тәсілдерін игеру керек.
Ақпараттық материалдардың, оларды жүзеге асыруда қажетті техникалық құралдармен байланысты екендігін түсіну керек. Магнитофон мен кассета, проектор мен слайдтар жиыны білім беруде бұрыннан қолданылып келе жатыр. Өткен ғасырдың соңында әрбір оқытушы техникалық оқыту құралдары жайлы кішкене болса да, хабардар болатын. Бірақ, бұл құралдар студенттерге информатиканы оқытуда толық қолданылмайды.
Бүгінгі күні жүргізу үшін компьютерді қажет ететін электрондық ресурстар қолданылады. Электрондық ресурстар немесе басылымдар деп материалдық тасымалдағыштарда: дискетада, оптикалық компакт-дискілерде (CD-ROM, DVD) орналасқан өнімді айтады. Оларды кітаптар сияқты қолда ұстауға да болады, ол өнімдіреді тарату үшін физикалық тираждау керек. Жазудың магнитті әдісі ретінде қолданылатын дискеталар бірте-бірте қолданыстан кетіп жатыр. Оларда сақталатын жаңа ақпараттардың көлеміне дискетаның сақтау қасиеті (1,4 Мбайт) аз. Оларды оптикалық компакт-дискілерде CD-ROM (Compact Disk-Read Only Memory – 700 Мбайт) және DVD (Digital Versatile Disk – 3 – 9 Гбайт) тасымалдайды [3].
Республиканың жоғары оқу орындарында бүгінгі күні оқу материалдарының үш тобы қолданылады – баспа, аудиовизуалды (техникалық оқыту құралдары тобы) және компьютерде жүргізілетін электрондық ресурстар. Осымен байланысты, кітаптың қолданылып келе жатқанына 500 жыл, техникалық оқыту құралдарына шамамен 50 жыл, ал электрондық ресурстарға – 5 жыл (Қазақстанда).
Кітап барлық ұрпақтарға белгілі, жұмыста, білім алуда қолдануға ыңғайлы. Оның қасиеті қолдану қарапайымдылығында болып отыр. Ал кемшілігі – ақпараттың мәтіндік түрі. Онда көптеген жағдайларды мысалы, өнер туындыларын немесе қозғалыстың жүйелілігін толық түсіндіру мүмкін емес.
Техникалық оқыту құралдары білім алушыға аудиовизуалды ақпаратты ұсынады. Бұл маңызды қасиет. Бірақ үш кемшілігі бар. Біріншіден, техникалық оқыту құралдары интерактивті емес. Ортасынан немесе басынан бастап қайта көру немесе есту ғана мүмкін. Екіншіден, бұндай құралдарда аудиодиск қолданылады, ал оларды плеерсіз тыңдау мүмкін емес. Үшінші кемшілігі – құрылғыны жүргізу әртекті. Тағы бір аспект – кітапты оқығанда ойлау және елестету дамиды, кітап аз да болса интерактивті – берілген беттері арқылы қажетті бөлімді оңай табуға болады. Сондықтан да, техникалық оқыту құралдары жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданыс таппай отыр.
Электрондық ресурстар да аппараттық қолдауды, яғни компьютерді қажет етеді. Бұл кітаппен салыстырғанда олардың кемшілігі болып табылады. Өткен ғасырдың 80–жылдары компьютер тек символдық (әріптер, сандар) ақпаратты ғана емес, аудиовизуалды ақпаратпен жұмыс істеуді үйретті. Видеоқатар мен дыбыстық қатарларды сандық түрде кодтауды үйретті. Нәтижесінде, бүгінгі күні белгілі кез-келген ақпаратты: мәтін және сандық кесте, сурет және фотографиялар, анимация және видео, музыка және сөздерді физикалық деңгейде бірыңғай сандық кодта сақтау мүмкін болды. Ақпаратты көрсетудің барлық түрлері қосылған, бір тасымалдағышта ақпараттық өнімнің болуын білдіретін, «мультимедиа» деген термин пайда болды. Сәйкесінше, бұл өнім барлығына бірдей құрылғы – компьютерде көрсетілді.
Электрондық ресурстарды қолданып оқыту жаңа педагогикалық технологияның бір түрі болып табылады, ол педагогиканың негізгі заңдарына бағынады және білім берудің дәстүрлі дидактикалық ерекшеліктерін ұстанады, бірақ оқу ортасының жаңа шарттары мен критерийлерімен толықтырылады.
Оқыту тәжірибесі және психологиялық-педагогикалық зерттеулер оқытудың тиімділігі барлық мүшелер сезімдерінің белсенділік дәрежесімен тікелей байланысты екендігін көрсетті: оқу материалын қабылдау сезімі барынша әртекті болса, онда ол соншалықты нақты игеріледі .
Сонымен, информатиканы оқытуда жетістікті оқу құралы электрондық ресурстар болып табылады. Бұндай құралдар бірден бірнеше ақпараттық технологияларды қолдану негізінде іске асады. Соңғы уақытта Интернет әлемдік желілік құрылымына қолданушылардың белсенді қосылуы жүріп жатыр. Әлемдік инфрақұрылымды өзгерткен техникалық жаңалық гипермәтіннің жасалуы болды. Гипермәтін немесе гипермәтіндік құжат басқа құжаттарға сілтеме бола алады, таңдалған жүйелілік ізімен мәтін элементін қолдана отырып, басқа құжатқа өте алады. Гипермәтін ойының әрі қарай дамуы гипермедиа болып табылады, яғни гипермәтін мен мультимедианың қосылысы, мәтінге график, дыбыстық қосылыс, видеофрагменттер қосылған орта. Осы орталарда беттер арасында бір-біріне өту мәтіндер арқылы емес, бейнелер арқылы жүргізілуі мүмкін.
Гипермәтін мен гипермедианың мүмкіндіктері электрондық ресурстар жасауда тиімді қолданылып келеді. Гипермәтіндік басылымдардың көптеген түрлері бар. Олардың бір бөлігі – білім беру мақсатында қолданылатын кәдімгі қағаз басылымдар дубликаты. World Wide Web (WWW) –Интернет желісі арқылы ақпаратты қабылдауды жеңілдететін мәтін, графикалық иллюстрация, дыбыстық фрагменттер және анимациялар біріктірілген құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялар. Жалпы алғанда, WWW Интернет желісі қызмет ететін коммуникациялық негіз, ауқымды гипермәтіндік орта деп айтуға болады.
Жаңа компьютерлік коммуникациялардың жоғары білім беру саласында оларды жемісті қолдануды қамтамасыз ететін сипаттарамалары бар. Олардың көмегімен, барынша үлкен қашықтыққа ақпараттың кез-келген көлемін жедел беруге, үлкен көлемді ақпараттарды компьютердің жадында оларды кез-келген уақытта қағазға шығарып алу мүмкіндігімен, ұзақ уақытқа сақтауға; интерактивтік байланыс көмегімен жедел кері байланыс орнатуға; Интернет желісінің арқасында түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге болады.
Білім беруде Интернет желісінің электрондық пошта, телеконференция, жіберу тізімдері (Mailing lists), электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар, WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр.
Электрондық пошта жаңа телекоммуникациялық құралдардың негізігі компоненті болып табылады. Электрондық пошта көмегімен берілген кез-келген қашықтықтағы адреске ақпараттың барлық түрлерін жіберуге болады. Оны жүзеге асыру үшін локалды компьютерлік желілерді немесе дәстүрлі телефон желісін қолдануға болады. Білім беру саласында электрондық пошта көмегімен бір мақсатта білім алатын түрлі топтардың өзара байланысы жүзеге асырылады. Олар республиканың әртүрлі аймағында немесе әлемнің түрлі елдерінде отырып, оқу, іздеу немесе зерттеу сипатындағы өзіндік жұмыстарын жүргізе алады.
Телекоммуникациялық қатынастың тағы бір түрі телеконференция болып табылады. Телеконференциялар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін. Бірінші әдісі электрондық поштаға негізделген және offline режимінде жұмыс істейді. Екінші әдіс Web серверге негізделген және online режимінде жұмыс істейді. Web серверде хабарландырудың электронды тақтасы деп аталатын арнайы орын болады. Бұл тақтаға қатысушылардың ойын тыңдайтын және мәселені талқылауға өздері де қатысатын қосылушылардың кез-келген саны бір мезгілде қосыла алады.
Әлемдік гипермәтіндік орта (WWW) көмегімен білім беру мекемелері өз қызметтері жайлы ақпараттарды жариялай алатын, WEB-беттер құру арқылы практикалық, ғылыми, әлеуметтік потенциалдарын жариялау мүмкіндіктеріне ие болады. WEB-беттер көмегімен қажетті ақпаратты іздестіруді жүргізуге болады. WEB-технологиялар Интернет желісінің кез-келген ресурстарына жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Оқытуда электрондық ресурстарды қолданудың тиімділігі жүзеге асыратын көптеген тәсілдер бар. Олардың барлығы оқытудың нақты құралдары мен әдістерінің сипатымен байланысты. Мысал ретінде, Ю.И.Капустиннің жүргізген зерттеулерін келтіруге болады [5, 6]. Оның ойынша, оқыту құралын таңдау оқу материалдарын игерудің көптүрлі ерекшеліктерін қолдануға негізделген болуы мүмкін. Жоғары оқу орындарында оқытуда негізгі құралдар болып: қағаз тасымалдағыштардағы оқыту құралдары, аудио-, видеоқұралдар, компьютерлік құралдар, телекоммуникативтік құралдар, ұйымдастыру құралдары (қондырғылар, факс және т.б.). табылады.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылуы мүмкін оқытудың негізгі ақпараттық құралдары 1-кестеде көрсетілген. Бұл құралдардың қасиеттері мен ерекшеліктері сәйкесінше оқу процесінде қолданылуы мүмкін.
Кесте 1 – Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылуы мүмкін оқыту құралдары
Жақын қолданылатын оқыту құралдары | |
Қағаз тасымалдағыштағы оқулықтар мен оқу құралдары
| Кітаптар |
Білім беру мекемесі серверінде орналасқан виртуалды оқу құралдары мен оқулықтар, CD-ROM-дағы оқыту құралдары | Бағдарламалар, CD |
E-mail (электрондық пошта) арқылы берілетін файл түріндегі оқыту құралдары | Файлдар |
Жедел режимде қол жеткізуге болатын кітапханалары, анықтамалары, аударма сөздіктері бар мәліметтер қоймасы | Қойма |
Web-беттердегі электрондық тақталар | Тақталар |
Білім беру мекемесініңWeb-беттеріндегі Интернет-конференциялар | Конференциялар |
Телефон каналдары | Телефондар |
Жиі қолданылатын оқыту құралдары | |
Видеоканалдар және компьютерлік желілер бойынша аудио және видеоконференциялар | TV-каналдар |
Дауыстық екі жақтық байланыс үшін – Интернет - телефон | Net-телефондар |
Оқу қызметінің әрбір түрі түрлі ақпараттық құралдармен жабдықталуы мүмкін. Сол құралдарды таңдау оқу тапсырмасының және мәселесінің мазмұны ерекшеліктерін есепке ала отырып шешіледі.
Оқыту құралдарын таңдау және сәйкестендірудің келесідей негіздемелерін бөліп көрсетуге болады:
құралдардың білім беру мазмұнына, мақсатына бейімділігі;
құралдардың оқыту әдістері мен түрлерін ұйымдастыруға бейімділігі, оларды жүзеге асыру тиімділігі;
білім алушының оқу материалдарын игеруінің көпканалды ерекшеліктерін ескеру;
оқыту құралдарының орындалатын оқу тапсырмаларымен сәйкестігі;
оқыту құралдарының кешенді тиімділігі.
Байланыс каналдарының жіберу қабілеті мен сенімділіктерінің жеткіліксіздігіне байланысты толық масштабты электрондық ресурстар әзірге оқытудың алынып тасталған қатынасында (ресурс Интернет желісінде жарияланған жағдайда) қолданыла алмайды, сондықтан да оларды локалды желідегі жеке компьютерлерде қондыруға болады немесе студенттерге компакт-дискілермен береді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, тек осы тасымалдағыштарда жоғары сапалы үлкен көлемді ақпараттарды көрсетуге болады. Компакт-диск информатиканы оқытуда қажетті ақпаратты тиімді тасымалдаушы болып табылады.
Компакт-дискілерді қолданудың негізгі мақсаттары:
студенттерге информатика курстарының тұжырымдарын және олардың бір-бірімен байланысын тереңірек түсінуге, дағдылар мен іскерліктерінің қалыптасуына, білімді өзі бақылауға және есте сақтауға жаңа мүмкіндіктер беру;
дискілермен жұмыс істеу – информатика оқытушысының студентпен жеке жұмыс істегенде бөлінетін уақытының, сонымен бірге кейбір жағдайда оқытушының кәсібилігінің жеткіліксіз болуның орнын толтыруы керек;
компакт-дискілер кері байланыспен кешенді мультимедиалық қозғалысты жүзеге асыруға көмектесетін жалғыз құрал болып табылады;
осындай ақпарат тасымалдаушылар бұрынғы қолданылған құралдар жүзеге асыра алмаған шектеулі уақыт режимінде өзін-өзі бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігін жасайды.
Компакт-дискілерде электрондық ресурстарды жариялауда (оның ішінде информатика бойынша) оқу материалдарын ұйымдастырудың өзгешеліктерін ерекше бөліп көрсету керек (кесте 2).
Информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды қолдану оқытуды интерактивті жасауға қабілетті. Интерактивті орта құру электрондық ресурстарды қолданудың келесідей мүмкіндіктерімен жүзеге асады:
курс авторлары материалдарын жедел реттеу, студенттердің өз курс конспектілерін құру;