Дипломдык жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 10:41, реферат

Краткое описание

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Білім беру жүйесіндегі ақпарат және оның оқушылардың белсенділігін арттырудағы ролі
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері
1.2 Білім беруді ақпараттандыру маңызы
1.3 Білім беруді ақпараттандыру барысындағы ақпараттық мәдениетті оқыту процессінде оқушы бойына қалыптастыру
2. Білім беруді ақпараттандырудағы электрондық ресурстар маңызы
2.1 Мектептегі электрондық ресурстар түрлері
2.2 Мектептегі электрондық ресурстарды құру ерекшеліктері
2.3 JOOMLA ортасын мектептегі электрондық ресурстар ортасын құруға пайдалану
2.4 JOOMLA ортасының ерекшеліктері
2.5 JOOMLA ортасынында мектептің оқу порталын құру
2.6 JOOMLA ортасынында электрондық оқулықты қолдану
Қорытынды
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 2.55 Мб (Скачать документ)

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:

-                               үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды дамыту; сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын дамыту; оқу қызметі мәдениетін дамыту;

-                               оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;

-                               қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу.

 

Мұғалімнің АКТ пайдалану жөніндегі қызметі табиғатының, оның мақсаттарының уәжінің өзінің сапалық өзгеруі оқыту мақсатында АКТ пайдалану дағдысына әсер ету жолымен болуы мүмкін.

АКТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық -әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

                   Қазіргі жағдайда педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы кәсіби мамандықтың құрамды бөліктері болып табылады.

Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлкеттік бағдарламасында «... ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі –мектептерді компьютерлендіру.

              ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді. Электронды оқыту интерактивті жүйе болып табылады. Электрондық оқулық «оқушы-компьютер-мұғалім» жүйесін қалыптастырады, яғни оқушы жаңа тақырыпты ақпарат көзі –компьютерден оқып қажетті мәліметтерді алып, мұғалімге түсіндіріп бере алатындай болуы керек.

              Білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

              Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан көрсетіп, оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.

Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.  

Қазіргі заманғы дамудың талаптарына лайық ақпараттық –компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мектебіміздің негізгі міндеттерінің бірі. Пән мұғалімдерінің де қызығушылығы артуда, өз ашық сабақтарына интерактивті тақтаны пайдалану, компьютерді пайдалану арқылы сабақтарын тиімді өткізеді. Әсіресе, ағылшын тілі, орыс тілі мұғалімдері мультимедиа кабинетінде сабақ өткізгенді жөн санайды. Оқушылардың қызығушылығының артуына ықпал жасайды.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Осы тақырыпты қорытындылай келе ұсынысымды айта кеткенді жөн көрдім:

-                               қазір техниканың дамыған заманы, интерактивті тақтаны пайдалану көп мектепте жүзеге асырылған, соның негізінде мұғалімдерге әдістемелік көмек әлі де көбірек көрсетіліп, пән бойынша өтетін білім жетілдіру курстары да нақтылы әрі жан-жақты қолға алынса деймін.

Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

 

 

 

 

 

 

1.4 Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру

 

 

Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» үғымының пайда болуымен және білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

    Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыратын негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер- білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Компьютерлік технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин «компьютермен өз бетінше жұмыс істей білу, компьютерлік техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды іздеу дағдылары мен біліктерінің болуы»деп анықтама береді. Сонымен, мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне мыналар жатады:

                     Ақпараттарды өңдеудің компьютерлік технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда оқып-үйрену;

                     Әр түрлі қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқып-үйрену және оны оқыту процесінде қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасау;

                     Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жеке пәндерді оқытуда қолданудың тиімділігін негіздей және дәлелдей білу.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз-адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс-әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі. Э.Л.Семенюктің пікірі бойынша «ақпараттық мәдениет-адамның, қоғамның немесе оның бір бөлігінің ақпараттармен жұмыс істеудің барлық түрлері-ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негізінде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі». Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

  Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

   Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі-осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын  да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрінде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау-бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

   Біріккен ұлттар шешімімен «XXI ғасыр- ақпараттандыру ғасыры»деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру-экономиканың, ғылымның, мәдениетттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

  Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.

 

Адам мәдениетінің компоненті қазіргі дүниетанудағы бастысы екені түсінікті. Әрбір мәдениетті және тәрбиелі адамның өмір сүріп отырған қоғамда өзін қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы ең болмаса жалпылама түсінігі болуы керек. Табиғатты сүю үшін ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылықтарға байланысты өзгерістер болып отырғанын білу қажет. Адамның жас шағында жетілдірілмеген ойлау қабілеті сол қалпында қалып қоятыны белгілі. Сондықтан қазіргі ақпараттық қоғамдағы өмірге оқушыларды дайындау үшін олардың тек ойлау қабілетін, анализ бен синтез жасау мүмкіндіктерін ғана дамытып қоймай, оқыту процесінің ең маңызды бөлігі-ақпараттық мәдениет элементтерін бойларына сіңіріп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмір сүретін адам бастауыш мектептің өзінде-ақ өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.Осыған орай бастауыш сыныпта «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:

                        Сезімді ынталандыру;

                        Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

                        Жауапкершілігі мен міндеттерін қалыптастыру;

                        Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;

                        Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;

Сезімді ынталандыру деген-білім беруге жағдайжасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады.

Ақпараттық технология-қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация- ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

 

Нақты түрде білімді ақпараттандырудың сирек анықталатындығы ескеруге тұрарлықтай. Ақпараттандырудың нақты  бағдарламасының мәнін түсіну үшін, оның мақсаттары мен міндетін, әрекетінің мазмұны мен  жоспарын бағалап алу қажет.

Мектептерде информатикалық оқытудың мақсаттары мынадай:

                     Оқушыларға компьютерлік ақпараттық технологиялар туралы     ұғымды қалыптастыру;

                     Оқушыларға компьютерлік ақпараттық технологияларды пайдалануды, үйренуді қалыптастыру.

“Информатика және есептеуіш  техника негіздері” курсындағы оқытудың мақсаттарына қол жеткізу,тілдерді программалау және оларды есептеуіш шешу үшін  пайдалануды  үйретумен қамтамасыз етіледі. Сол  кезеңде  педагогикалық оқу орындарында  “информатика” мамандығы бойынша мұғалімдерді  даярлау жұмыстары басталған. Барлық білім мамандарының біліктілігін арттыру институттарында информатика кабинеттері ашылған.

Программалық  қамтамасыз ету және компьютерлік техниканың  дамуы, ақпараттық технологиялар рөлінің  артуы мектепте информатиканы оқытудың мазмұны мен  құрылымын өзгертуді  қажет етеді. 

Білім беруде 1990 жылдары  компьютерлік техниканы пайдаланудың негізгі бағыттары, информациялық технология аумағындағы оқушылардың мақсаты мен міндеттері анықталды. ІВМ-ге бағдарланудың негізгі бағыттары анықталды.

Одан әрі пән бойынша  әдістемелік нұсқаулар,  оқулықтар, бағдарламалар енгізілді және  әзірленді, мектепте білім  жүйесінде мектептерді білімді басқару  органдарын ақпараттандыру бойынша іс- шаралар жүзеге асырылды. Төмендегі негізгі мақсаттарды қойған, мектептегі білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламалары мен жобалары әзірленді:

Информация о работе Дипломдык жұмыс