Дипломдык жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 10:41, реферат

Краткое описание

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Білім беру жүйесіндегі ақпарат және оның оқушылардың белсенділігін арттырудағы ролі
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері
1.2 Білім беруді ақпараттандыру маңызы
1.3 Білім беруді ақпараттандыру барысындағы ақпараттық мәдениетті оқыту процессінде оқушы бойына қалыптастыру
2. Білім беруді ақпараттандырудағы электрондық ресурстар маңызы
2.1 Мектептегі электрондық ресурстар түрлері
2.2 Мектептегі электрондық ресурстарды құру ерекшеліктері
2.3 JOOMLA ортасын мектептегі электрондық ресурстар ортасын құруға пайдалану
2.4 JOOMLA ортасының ерекшеліктері
2.5 JOOMLA ортасынында мектептің оқу порталын құру
2.6 JOOMLA ортасынында электрондық оқулықты қолдану
Қорытынды
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 2.55 Мб (Скачать документ)

2.     ЭЕМ-нің көмегімен оқыту бағдарламаларын жасай білуі тиіс. Өйткені тек оқыту бағдарламаларын ғана игеру ЭЕМ қамтамасыз ететін педагогикалық мүмкіндіктер деңгейлерін қамтамасыз етпейді. Өзінің білімін кәсіби жетілдіру үшін ол арнайы әдебиеттерді қолдана алуы, жергілікті аймақтық және ұлттық есептеуіш орталықтарымен қарым-қатынас жасап қажетті мәліметтерді және техникалық көмек алу мақсатында олармен байланыс жасап отыруы керек;

3.           ЭЕМ-нің көмегімен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту кезінде білімгерлердің жеке ерекшеліктерін, біліктіліктерін ескеруі тиіс. Мұғалімдер жеке оқыту бағдарламалармен жұмыс істеуде, ЭЕМ-нің оқу үдерісін  басқару        мен         күрделі   мәселелерді шешуге арналған арнайы

қолданбалы бағдарламаларын қолдана білулері тиіс;

4.     Білімгерлердің ЭЕМ-мен жұмыс істеген кезде оның жеке басының танымдық ерекшелігін ескерген жөн. білімгерлердің жеке өзінің білімін көтеру барысында педагог бағдарламалық қажеттілікті бағалау көрсеткіштеріне сәйкес оқытушы мамандармен тығыз байланыста болуы қажет;

5.     Білімгерлерді оқытуда ЭЕМ-ді техникалық құрылғы ретінде қолданылатын оқыту ортасын құра білуі және басқара білуі тиіс. Мұғалім ЭЕМ-ді қолдануға арналған уақытты таңдай алуы және оны оқу үдерісіне енгізе білуі тиіс;

6.     “Ақпараттық ғасырдың” қоғамдық және педагогикалық маңызын білуі қажет;

7.     Бағдарламалауға арналған авторлық тілдерді қолдана алуы тиіс.

Өте кең тараған қағида бойынша әсіресе жоғары оқу орындарында педагогтың кәсіби шеберлігі, оның өз пәнін жақсы білуімен көрсетіледі. Әрине бұл кәсіби шеберліктің маңызды элементтерінің бірі, ең бастысы оқу үдерісін жүргізу, ұйымдастыру барысында және ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануда, оқу еңбегі үдерісінде білімгерлер мен ұстаздар қарым-қатынаста бола білуі. Сонымен бірге, компьютерді қолданып студенттердің оқу жұмыстарын ұйымдастыру, компьютерді пайдалану арқылы студентті ЭЕМ-мен өзара жұмыс істеудің қарым-қатынасына үйрету. Бұл тек студенттерді оқытудың белсендіру әдістерін, салыстыра отырып жеке қолданғанда ғана мүмкін болады. Арнайы пәнді оқыту үдерісінде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың көп нұсқалық бөлігі болуы тиіс. Филология саласы маманын немесе дефектолог мұғалімді ЭЕМ-де жобалау немесе есептеу жұмыстарына, педагогикалық жұмыстың ақпараттанған жүйесін және ғылыми-зерттеудің ақпараттанған жүйесін жұмыс принциптеріне оқытудың қажеті жоқ. Ал, мәтіндерді өңдеу бойынша олар математика және физика пәндері мамандарына қарағанда жақсырақ дайындалуы тиіс. Барлық пән мұғалімдеріне қойылатын ортақ талаптар, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласында психологиялық-педагогикалық дайындығы жоғары болуы керек.

Бірқатар авторлар жеке оқыту әдістері бойынша сабақтарды ұйымдастыру кезінде бірқатар бағыттарды ерекшелеп айтады, яғни біріншіден, ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруде жеке әдістемені оқыту кезінде қолдану (бұл бағыт пәндік аймақтың мазмұнымен анықталады); екіншіден, ЭЕМ-ді қолдануға бағытталған, оқыту әдістері мәселелерін қарау (барлық мамандықтарға ортақ, көпнұсқалы құраушы сияқты жекеленген құраушыларды құрайды); үшіншіден, педагогикалық бағдарламалық құрылымдарды меңгеру және практикада қолдану (мұғалімді ақпараттық дайындаудың жекеленген бөлімі болып табылады). Омск педагогикалық институтында 1985-1986 оқу жылынан бастап, М.П.Лапчик жетекшілігімен барлық факультеттерде, оның ішінде тіл әдебиеті, тарих, шет тілдері, бастауыш кластар, жаратылыстану-география мамандықтары бойынша мұғалімдерді кәсіби дайындауды компьютерлендіру саласында іс-тәжірбиелік жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1.     Информатика негізіне кіріспе курс енгізу (1-2 семестр);

2.     Информатиканы оқыту әдістемесі, оқу жоспарындағы пәндерді оқытудың барлық салаларына ЭЕМ қолдану әдістерін енгізу (оқытудың барлық кезеңінде);

3.     Жеке әдістер курсын оқыту мазмұнын қайта құру, бірінші сатыда сәйкес мектеп пәнін оқытуда ЭЕМ қолдануға арналған бөлімдерді енгізу (5-6 семестр);

4.     “Есептеуіш техника және ТСО” курсының мазмұны мен мақсаттарын реттеу (6-7 семестр);

5.     Кешендік әдістемелік, педагогика-психологиялық, әдістемелі-ұйымдастырушылық, мектептанымдылықтарды “Білім берудегі информатика” пәніне енгізу (9-10 семестр);

6.     Арнайы курс, арнайы семинарлар, жүйесін ұйымдастыру (ЭЕМ қолдануға негізделген және кәсіби педагогикалық шеберлікті компьютерде қолдану білімдерінің қажеттілігін дамыту;

7.     Студенттердің информатика пәні бойынша оқу зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту (оқытудың барлық кезеңдерінде).

Оқыту үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендірудің түрлі жолдары белгілі. Олардың қайсысының ықпалы басым? Бұл сұрақтың өзектілігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың қажеттілігі туралы дидактикалық қорытындылар арасындағы қайшылықтардан, яғни, бір жағынан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларының санының көп болуы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың басқа біртұтас педагогикалық негізделген жүйесінің болмауы арасынан туындайды.

Бірінші бағыт – сабақта көп еңбекті қажет етпейтін дайын бағдарламалық орталарды пайдалануда компьютерді қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ, қойылған педагогикалық мақсатқа сәйкес педагогикалық бағдарламалық орталарды таңдау күрделі міндеттердің бірі.

Екінші бағыт – арнайы құрылымдық педагогикалық бағдарламалық орталарды пайдалану. Әрбір оқытушы өз бетінше оқытушы жүйелерді жобалауы және жасауы мүмкін. Құрылымдық ортаны меңгеру көп уақыт талап етпейді және жоғары сапалы бағдарламалар құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда оқытушы тек өзінің пәніне байланысты жұмыстарды орындайды. Өзінің әдістемелік және оқыту ерекшеліктеріне байланысты сұрақтармен айналысады.

Функционалдық міндеттер мен ақпараттық үдерістерді ұйымдастыру тәсілдерін шешу әдістерін жетілдіру ақпараттық-коммуникациялық технологияларға әкеледі. Олардың арасында оқытуда қолданылуына орай келесілерді бөлуге болады:

         - электрондық оқулықтарды, жаттықтырушылар, лабораториялық практикумдар,   тестілік    жүйелерді    қамтитын     компьютерлік    оқытушы

бағдарламалар;

- дербес компьютерлерді, бейнетехниканы, оптикалық дискілерге жинақтауыштарды пайдаланумен құрылған, мультимедиа технология базасындағы оқытушы жүйелер;

- түрлі пәндік аймақтарды пайдаланылатын интеллектуальдық және оқытушы эксперттік жүйелер;

- білім салалары бойынша мәліметтер қорын тарату;

- электронды поштаны, телеконференцияларды, жергілікті және ауқымды байланыс желілерін, мәліметтер алмасу желілерін және т.б. қамтитын телекоммуникация ортасы;

- электронды кітапханалар, таратылған және орталықтандырылған баспа жүйелері.

Оқытушылардың көпшілігі студенттерді оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды іске асыруда мына қиыншылықтармен кездеседі:

- педагогтардың көпшілігінде ең жаңа техникамен жұмыс істеуінің практикалық тәжірибесінің аздығы;

- мамандық саласы бойынша жасалған қолданбалы баѓдарламалардың жеткіліксіздігі, ол көп уақытты және материалдық шығындарды керек етеді;

- оқу үдерісіне ақпараттық және қатынастық технологияларды енгізу күрделілігі, ол бір ұжымда істейтін оқытушылардың біліктілігінің елеулі айырмашылықтары болуына байланысты;

- педагогикалық құбылыстарды көрсетуге байланысты мәселелерді шешуге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану технологиясын түсіндіретін әдебиеттің аз болуы.

Жоғары білім беру жүйесін қайта құру осы уақытқа дейін жоғары оқу орындарындағы білім беру тарихынан жинақталған барлық жағымды өзгерістерді басшылыққа алатын ғылыми әдіснамалық жолдар мен тұжырымдамалық идеяларды талап етеді.

Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңына және жоғары білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беретін жоғары оқу орындары оқытуды мамандық ерекшелігіне байланысты ұйымдастырады.

Осыған сәйкес мамандық бағытына байланысты пәндердің мазмұны мен көлемін анықтау өте құнды және күрделі мәселе болып табылады.

Бірнеше жоғары оқу орындарының педагогикалық практикасын зерттеу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру жүйелері мен үдерісін басқаруда, ақпараттық-білім беру орта құруда белсенді қолданылатындығын көрсетті. Бірақ, оқу пәндерін, соның ішінде ғылыми-жаратылыстану пәндерін (математика, физика, химия, география, биология, физиология және т.б.) оқытуда тиісті деңгейде қолданылмайтындығы байқалды. Осыған байланысты студенттердің, қоғам мен мемлекет тарапынан оқытудың қазіргі деңгейіне қойылатын талаптары мен педагогикалық қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құбылысының нақты жай-күйі арасында қайшылық пайда болады. Бақылау, сауалнама және ғылыми мағлұматтарды талдау аталған жағдайдың келесі негізгі себептерге байланысты екендігін көрсетеді:

- жалпы қоғамның және жоғары оқу орындары педагогикалық ұжымдарының ақпараттық мәдениетінің төмендігі, білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерінің әртүрлілігін білмеуі, жалпы практикада пайдалануды білмеу;

- студенттерді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми психологиялық-педагогикалық теориялық негіздерінің жасалмауы;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеуге оқытушылардың айтарлықтай бөлігінің пәндік, педагогикалық және әдістемелік дайындығының болмауы;

- оқыту мен оқу үдерісінде оқытушылар мен студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға қызығушылығының төмендігі.

Информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастыруда саралау (дифференциациялау) идеясының оқу үдерісінде ерекше мәні болатыны түсінікті. Осы саралау бойынша әрбір студент ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың минимальді деңгейін игереді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығында оқитын студенттің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үшін, біріншіден, тиянақты жоғары білім негізімен, екіншіден, аталған технологияны мамандығына сәйкес бағытта қиналмай қолдана алатындай білім жүйесімен қамтамасыз ету керек.

 

 

 

 

1.3 Білім беруді ақпараттандыру маңызы

 

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы  «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық–коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті.                                

Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.           

Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуы керек.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Ақпараттық–коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. 

Информация о работе Дипломдык жұмыс