Дипломдык жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 10:41, реферат

Краткое описание

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

Содержание

КІРІСПЕ
1 Білім беру жүйесіндегі ақпарат және оның оқушылардың белсенділігін арттырудағы ролі
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері
1.2 Білім беруді ақпараттандыру маңызы
1.3 Білім беруді ақпараттандыру барысындағы ақпараттық мәдениетті оқыту процессінде оқушы бойына қалыптастыру
2. Білім беруді ақпараттандырудағы электрондық ресурстар маңызы
2.1 Мектептегі электрондық ресурстар түрлері
2.2 Мектептегі электрондық ресурстарды құру ерекшеліктері
2.3 JOOMLA ортасын мектептегі электрондық ресурстар ортасын құруға пайдалану
2.4 JOOMLA ортасының ерекшеліктері
2.5 JOOMLA ортасынында мектептің оқу порталын құру
2.6 JOOMLA ортасынында электрондық оқулықты қолдану
Қорытынды
Қосымша

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 2.55 Мб (Скачать документ)

        - әрбір индивидке өз бетімен білім алу, өзіндік даму траекториясын қамтамасыз ететін ашық білім жүйесін құру мүмкіндігі;

        - таным қызметін жүйелі ойлауға нақты бағыттау арқылы оны ұйымдастыру қызметімен  бірге түбірімен өзгерту;

        - білімнің ақпараттық-әдістемелік қамтамасыздандырылуы нәтижесінде басқарудың тиімді жүйесін жасау;

        - оқу үрдісі барысында үйренушілердің танымдық әрекеттерін тиімді ұйымдастыру; 

         - ақпараттық технологиялардың өзіне тән қасиеттерін қолдану, оның ішінде маңыздылары: оқу үрдісінің барлық буындарында (қажеттілік-ынта-шарт-құрал-әрекет-операция) жиынтығында әрекеттік тұрғыдан қарауды қолдайтын тану үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігі;

        - автоматтандырылған оқу бағдарламаларының бағдарламалау (программалау), серпінді бейімделуі арқылы оның тұтастығы сақтай отырып оқу үрдісін дербестендіру, мүлдем жаңа танымдық құралдарды қолдану және ұйымдастыру мүмкіндігі.  

        Қазіргі компьютерлік технологиялардың ерекше белгілері  оның   жүзеге асатын өзіне тән ортасы және онымен байланысты компоненттері болып табылады, олар:

         - техникалық (қолданылатын техника түрі);

         - бағдарламалық-технологиялық (жүзеге асатын оқыту технологияларын қолданудың программалық құралдары);

         - әдістемелік-ұйымдастырушылық (оқушылар мен мұғалімдерге нұсқау, оқу үрдісін ұйымдастыру);

         - пәннің білімдік саласы.

       Қай елде болмасын қазіргі ақпараттық технологиялар қолдану мен  дамыту деңгейі, материалдық базасының дамуымен қатар, ең алдымен, қоғамның интеллектуальдық деңгейімен, жаңа білімді жинақтау, меңгеру және қолдана білу қабілетімен  анықталады. Барлығы сайып келгенде, елдің білім жүйесінің даму деңгейімен және білімді ақпараттандыру проблемасымен байланысты. Осыған орай, білім беруді ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның және мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын түйінді шарты болып табылады.

     Біздің зерттеуімізде  қарастырылатын бастауыш мектеп кезеңінің маңызы мен қызметі -  оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтастықта болуы. Сондықтан білім берудің басты міндеттері:

        - оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе - оқушы мәртебесінің қалыптасуы;   

        - оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас, т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруі;

        - айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету.

      Бастауыш сатыдағы білім мазмұнын  жаңарту біліми кеңістікті  оқушыға жеке  тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейдегі өзгертумен қатар, оқу пәндерінің кіріктірілуінің басымдылығына берілетін білім мазмұнының да өзгерісін қажет етеді.

     Жалпы орта білім беретін мектептерді жаңарту құжаттарындағы басты мақсат - бұл баланың оқытудың бірінші кезеңінен бастап қоршаған адамдармен, тұтас әлеммен, өз-өзімен қарым-қатынаста субъект ретінде дамуы. Бұл мақсаттың практика жүзінде жүзеге асуы біліми үрдісті ұйымдастырудың әдістері мен формаларын өзгертуді, әрекеттік тұрғыдағы және тұлғалық-бағдарланған оқытудың жүзеге асуын, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды және соған сәйкесті негізделген педагогикалық технологияның, онымен жұмыс істеуге қажетті  мұғалімдердің  дайындығын талап етеді.  

        И.С.Якиманскаяның ұсынған «тұлғалық-бағдарлы оқыту» ұғымын А.А.Леонтьев үш негізгі тезисте қарастырады: мектеп «бәріне бірдей мектеп», мектеп «әрбір адам үшін мектеп», мектепте болған кез оқушыға жағымды да жайлы болу керек. Автордың   тұжырымдауынша,  басты міндет -  оқушыны,  оның ойлауын дамыту ғана емес,  ең алдымен, тұлға ретінде тұтастық  дамуын және келесі дамуға, яғни мектеп қабырғасынан тыс дамуға дайындау. Сонымен қатар бұндай мектепте оқыту бастапқыдан-ақ дамытушы мазмұнда болуы тиіс. Ал бұл  әрбір оқушының өзін,  жеке қабілеттерін, ынталарын, әлеуметтік бағдарларын, өз тұлғалық бағыттылықтарын  толықтай жүзеге асыруы үшін жағдай жасау қажеттігін  дәлелдей түседі.

        Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайындағы орын алып отырған басты бағыттарды ескере отырып,  білім берудің өзіне тән сипатын былайша көрсетуге болады (сурет 1 )

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Білім беруді жаңарту жағдайындағы  білім берудің өзіне тән сипаты

 

         Біздің зерттеуіміздің басты әдіснамалық негізі болып  тұлғалық- бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, біліми үрдістің барлық компоненттерін ізгілендіру идеясы болып табылады.

    Білімді ізгілендіруді шешу проблемасы оқушылардың белсенді шығармашылық мүмкіндіктерін, оның интеллектуальдық және адамгершілік бостандығын  дамытуға көмектесетін жағдай жасақтаумен байланысты. Ал бұл өзгерістер мәдениеттану, аксиологиялық, тұлғалық-әрекеттік, полисубъектілік (диалогтік) және жеке шығармашылық тұрғысынан қарастыру негізінде жүзеге асады.

      Мәдениеттану тұрғысындағы бағыт білімнің тұлғалық-бағдарлы парадигмасы негізінде дамиды және біліми үрдіс оқушының қоршаған  әлем мен  ақпараттық іс-әрекетте толық мәнді тіршілігін қамтамасыз  ететін мәдениетті оқушы тұлғасының қалыптасуына,  оқушыны жалпы және ақпараттық мәдениетті таратушы ретінде қалыптастырумен сипатталады.

       Аксиологиялық тұрғыдан қарастыру білімді оқушының қоршаған  әлемге, өз әрекетіне, адам ретіндегі өзіне деген көзқарасын анықтайтын жалпы адами құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бағыттайды. Адамның құндылық  қатынасы оның психологиялық жағдайын, қанағаттанғандығын және өмірінің толықтығын, оның мәнін анықтаса, ал құндылық жүйесі тәртібі мен әрекетін, ынталық қажеттілік саласын, бағыттылығын, оларды өз әрекетінде басшылыққа алу дайындығымен анықталады.

        Тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарастыру білім мақсатына сәйкес қажетті білім, білік және дағды жүйесін меңгертуден  оқушының жеке тұлғалық әлеуетін  дамытуға бағыттайды. Тұлғалық-әрекеттік бағыт оқушының оқу үрдісінде, кәсібінде өз өмірлік әрекеті мен жеке  мүддесін жүзеге асыратын белсенді субъект ретінде қалыптасуымен сипатталады. Сондықтан да біздіңше,  тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылатындар:   - өз әрекетінің ынтасын, мақсатын, құралдары мен жағдайларын өз бетімен анықтауға және сезінуге жағдай жасайтын оқу-тәрбие үрдісінде оқушының субъектілік ұстанымын қамтамасыз ету;

- олардың тұтас субъектілік тәжірибесінің өзектенуі мен түрленуін талап ететін оқу проблемаларының оқушылардың өмірлік маңызды проблемаларына ауысуы;

- оқушыларға тапсырмалар мен оларды орындау тәсілдерін, формаларын  таңдауға мүмкіндік беру;

- қабілетті балаларға мүмкіндік деңгейлердегі тапсырмалар бойынша жұмыс ұйымдастыру;

- жоба әдісі негізінде оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу;

- мұғалім мен оқушының арасындағы ашық қарым-қатынас, сенімділік, диалог  негізінде оқушылардың шығармашылық әлеуетінің  өзіндік  ашылуы мен өзін-өзі жүзеге асыруға жағдай жасау.

       Жеке шығармашылық тұрғыдан жүзеге асыру оқушылардың өзін-өзі     дамыту мен тұлғалық даму механизмін іске қоса отырып, ақпараттық сауаттылық қалыптастыру үрдісінде оның ынтасын және серпінділігін есепке алуды болжайды. Бұл бағыт оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктерін анықтауды, осыған сәйкес оқыту әдістері мен формаларын таңдап,  оларды оқушылармен педагогикалық өзара әрекет үрдісінде  ескеруді талап етеді. Екінші жағынан,  жеке тұлғалық бағыт оқушының ерекшелігін, жеке тұлғалық  бірегейлігін, тұтас психикасының қайталанбайтын өзіндігін   қабылдауға бағыттайды. Бұл аспектіде түсінілетін жеке тұрғыдағы бағыт педагогикалық үрдістің оқушылардың тұлғалық дамуына жеке тұлға ретінде бағытталуын: өзінің «Мендігінің», өз мақсаттары құндылығын, мәнділігін   сезініп, олардың көрініс табуына жағдай жасау; өзінің жеке тұлғасына сәйкес оқу және кәсіби іс-әрекеттерді таңдау және т.б.

       Теориялық-әдіснамалық тұрғыдағы бағыттар практикалық педагогикалық үрдісті жобалаудың және оны жүзеге асырудың негізі болып табылады. Теориялық мағлұматтарды практикамен байланыстыратын өзіндік көпір -  бұл оқыту қағидалары.  Олар оқу үрдісінде мектептің алдында тұрған оқу мақсаттары  мен міндеттеріне жетуді, мұғалімге қандай нормативті ережелерді басшылыққа алу қажеттігін анықтайды.

      Оқытудың ақпараттық технологияларына қатысты әдебиеттерде «ақпараттық технология» ұғымына мәндес «оқытудың жаңа  ақпараттық технологиялар» (ОЖАТ), «оқытудың қазіргі  ақпараттық технологиясы» (ОҚАТ), «компьютерлік оқыту технологиясы», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «электронды-коммуникативті жүйелер, құралдар және оқыту технологиясы (ЭКЖҚОТ)» және т.б. терминдік сөз тіркестері кездеседі. Алайда бұл аталған терминдер күні бүгінге дейін педагогикалық әдебиеттерде және практикада толық ашылып, нақты анықталған жоқ. Бірақта олар мазмұндық жағынан  Н.Александров, В.Н.Апатова,  Н.М.Бойко,  В.Гузеев,  А.А.Кузнецов,  В.А.Латышев, Д.Ш.Матрос,  В.М.Монахов,  В.В.Попов,  Т.А.Сергеева,  А.В.Соловьев, Е.К.Хеннер  сияқты   белгілі ғалымдардың еңбектерінде талданған.

Кейбір ғалымдар шатастыруларды болдырмас үшін тек  «оқытудың ақпараттық технологиясы» (ОАТ) сөзтіркесін ғана қолдануды ұсынады. Бұнда ол оқытуда компьютерлерді және аудиовизуальды құралдарды, дидактикалық материалдарды  жаңа педагогикалық тиімділікті меңгеруге бағыттап (оқыту мерзімін қысқарту; оқу-тәрбие үрдісін жеделдете отырып,  жеке тұлғаға бағыттау; оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру; оқушылардың интеллектуальдық қабілеттерін дамыту және пәнді терең түсінулеріне қол жеткізу)   қолдану есебінде қарастырылады.

      Біздің пікірімізше, бүгінгі ғылым мен техниканың жетістіктері, қоғамды жаппай ақпараттандыру  бізге XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында қолданылған «ақпараттық технология» терминін бүгінгі  XXI ғасырда, яғни  ақпараттандыру мен коммуникация ғасырында бірдей деңгейде қарастыруға жол бермейді. Сондықтан да біздіңше, қазіргі ақпараттық қоғамның  ғылым мен техника саласындағы  соңғы жетістіктерін негізге алатын  және олардың жаңарып, жетілдіріліп отырылуын ескеретін «оқытудың қазіргі ақпараттық технологиясы» (ОҚАТ)  терминін қолдану тиімді.

«Оқытудың қазіргі ақпараттық технологиясы» (ОҚАТ) - жаңа педагогикалық нәтижеге жету мақсатында компьютерлерді ақпараттық технологияның құрамдас бөлігі ретінде  оқытуда қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану.

  «Бастауыш мектепті ақпараттандыру» деп бастауыш мектеп оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, дамыту және олардың ақпараттық  сауаттылықтарын қалыптастыру,  сонымен қатар біліми үрдісті басқару мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін қамтамасыз ету құралы есебінде оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдануды түсінеміз.

       Білім беруді ақпараттандыруды дәстүрлі әдістемеден ерекшелейтін басты белгі – бұл білім мазмұнына, оқытудың құралдарына, әдістеріне және формаларына, оқыту мақсатындағы электронды өнімдерді жасақтауға, қазіргі үйретуші және үйренушілер іс-әрекетіне деген басқаша амал-әрекетті талап етеді. Сонымен қатар міндетті шарт болып педагогтың оқытудың қазіргі ақпараттық технологиялар (ОҚАТ) саласынан белгілі деңгейде білімдер мен іскерліктерді және ақпараттық мәдениеттіліктерді (медиамәдениеттілікті) меңгеруі болып табылады. Сол себепті де бүгінгі күні ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану ұлттық білім жүйесінің бәсекелестік қабілеттерін дамыту мен оны әлемдік білім ортасына кіріктіру үшін шешуші мәнге ие.

     Қазіргі ақпараттық технологияларды бастауыш әдістемесінде қолдану және соған сәйкесті информатиканың бастапқы курсын оқытуға қатысты зерттеулерге талдау жасау,  бізге оны  зерттеген авторлар мен зерттеу жұмысының негізгі бағыты, яғни зерттелу деңгейі туралы келесі мазмұнда көрсетуге мүмкіндік берді ( сурет 2 ).

      

 

 

 

     Сурет 2 – Қазіргі ақпараттық технологияларды бастауыш мектепте қолдану проблемасының зерттелу деңгейі

 

     Білім беруді ақпараттандыру дамуының жаңа кезеңінің ерекшелігі-бұл проблеманың инструментальдық емес, мазмұндық аспектілерінің басымдылығында және олардың шешілуінен білім сапалығы, оның әлеуметтік мәнділігінің орны анықталады.

      Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ  оқушыларда  жете қалыптаса бастайды. Осыған сәйкес бастауыш мектеп бағдарламасында оқушылардың ойлауын дамытуға ықпал ететін іргелі математикалық ұғымдардың орын алуын түсіндіре аламыз. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда базалық негіз  болатын информатиканың негізгі ұғымдарының бастауышта орын алуын да осы себеппен байланыстыра аламыз. Информатиканың негізгі ұғымдарын оқытуды ерте бастау қажеттілігін сонымен бірге оқушылар    оқу кезеңінің бастапқы сатысында информатиканың әдістерін меңгере отырып,  мектептегі кейінгі  оқу сатыларында қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті  дағдыларын игеріп үлгеруге мүмкіндік

берумен түсіндіре аламыз.

     ОҚАТ қолдануға негізделген қазіргі біліми парадигма өз бетімен дамып, өз-өзін тежей алатын шығармашыл, жан- жақты біліммен, мәнді қызығушылықпен және стандартты емес жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алатын үздіксіз дамыған ақпараттық қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға түріндегі нәтижеге бағдарланғандығында. Сол себепі де ОҚАТ негізделген оқу үрдісін бастауыш сыныптан бастап қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Бұған қоса бүгінгі күнгі практикаға және өз тәжірибемізге сүйене отырып, бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш сынып оқушыларына берер басты тиімділігін  келесі сұлбадан көре аламыз (сурет 3).  

Информация о работе Дипломдык жұмыс