Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 10:41, реферат
Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
КІРІСПЕ
1 Білім беру жүйесіндегі ақпарат және оның оқушылардың белсенділігін арттырудағы ролі
1.1 Білім беруді ақпараттандыру мәселелері
1.2 Білім беруді ақпараттандыру маңызы
1.3 Білім беруді ақпараттандыру барысындағы ақпараттық мәдениетті оқыту процессінде оқушы бойына қалыптастыру
2. Білім беруді ақпараттандырудағы электрондық ресурстар маңызы
2.1 Мектептегі электрондық ресурстар түрлері
2.2 Мектептегі электрондық ресурстарды құру ерекшеліктері
2.3 JOOMLA ортасын мектептегі электрондық ресурстар ортасын құруға пайдалану
2.4 JOOMLA ортасының ерекшеліктері
2.5 JOOMLA ортасынында мектептің оқу порталын құру
2.6 JOOMLA ортасынында электрондық оқулықты қолдану
Қорытынды
Қосымша
конференцияларға қатысу;
сабақ уақытын және курс материалдарын өткізу жүйелілігін таңдау;
өзін-өзі тексеру құралдары көмегімен білімін тексеру;
қолданушы қызметіне автоматты түрде әсер етуге мүмкіндік беретін түрлі бағдарламалық құралдар құру (элементтерді жылжыту, тышқан қозғалысына ілесу және т.б.)
сұрақтарға және тесттерге жауап беру арқылы жиналған баллдың анықталған саны бойынша курстың келесі бөліміне көшуге рұқсат ету;
арнайы Интернет-ресурстарға гиперсілтемелер қолдану;
оқытушыға да, студентке де арналған статистикалық құралдардың ауқымды спектрлері.
Кесте 2 – Компакт-дисклерде білім беру электрондық ресурстарын жариялаудың шарттары мен әдістері
Оқу шарттары
| Ақпаратты ұйымдастыру әдістері мен CD қолдану мүмкіндіктері | |
Қосымша ақпарат жеткізу | Глоссарийлер, қосымша библиография, цитаталар, курстардың алғашқы нұсқалары, тұжырымдама авторлары, хрестоматиялармен жұмыс | |
Ақпараттың ауқымды көлемімен жұмыс | Гипермәтіндік ауыспалар, салынған мәзірлер, негізгі сөздер тізімі, нақты нүктелердің бөлінуі | |
Ақпараттың түсуінің көпканалдығы | Мәтін, түс, композиция, видео/аудио, анимация, әр саладан қатынас (негізгі бөлім, негізгі сөздер, басқа тұжырымдар, авторлар және т.б.) | |
Қателерді талдау бойынша тұжырымдаманы ойлау | Дискуссия, байланыстың графикалық бейнесі, өз сызбасын салу технологиясы, қараудың ауқымды деңгейі (қарапайымнан күрделіге дейін), жағдай –тест- тұжырымдама блогына сілтеме | |
Әдістердің мәселелігі | Сұрақтар көмегімен жолды ашу | |
Түсіну шеберлігін көтеру | Ойын элементтері, эмоциялық бояу, практикалық жұмыс құралдары | |
Қозғалыс дағдысын қалыптастыру | Қозғалыс шаблондарын құру, жеке жұмыс құралдары, тапсырмалар генераторы, «стратегия» типті ойындар | |
Қабылдау толықтығына қол жеткізу | Гипермәтіндік ауыспалар, талдау бойынша өзінің карталарын құру, байланыс тестілері, қолдану саласына қарай әрбір тұжырымдаманың шығуы, байланыстар және т.б. | |
Үнемі өзін-өзі бақылау | Кері байланыспен тесттер, бос блогты сызбалар, ойындар, викториналар, дискуссиялар |
Электрондық ресурстарды жасау және қолданудың анықталған тәжірибелері Қазақстанда да жинақталған. Д.И.Абдраимов, Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова жасаған еңбектері бар [7, 8]. Бірақ олардың зерттеулері жаңа ұрпақтың оқу-әдістемелік кешеніне арналған және информатиканы оқытудың құралдарын қарастырмайды.
ТМД-ның көптеген басқа елдеріндегі сияқты, республикада үздіксіз білім беру жүйелерінің барлық сатыларында жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдануға арналған құралдарды енгізу мен құруды алдына мақсат етіп қойған коммерциялық кәсіпорындар мен шығармашылық топтар көбейіп келе жатыр. Бірақ жасалған құралдар бір-бірімен байланысты емес, әртүрлі ерекшеліктер мен әдістерге сәйкес құрылып отыр. Педагогикалық бағытта құрылған көптеген компьютерлік құралдар педагогикалық, психологиялық және басқа да талаптарға жауап бере алмайды [9].
Осыған байланысты, білім беру электрондық ресурстарды ғылыми-әдістемелік, технологиялық және ұйымдастырушылық қалыптастыру негіздері, сапа мониторингі және практикалық қолданудың мемлекеттік деңгейде жасау өзекті мәселе болып отыр.
Оқытудың электрондық құралдары педагогикалық қызметтің тиімділігін көтеруде ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты, берілген сала бойынша жүзеге асатын ғылыми-әдістемелік және технологиялық өңдеулер мен басылымдар жоғары деңгейлі өзекті және практикалық мәнділікке ие болып отыр. Ғылыми еңбектер және олардың негізінде ғылыми-негізделген ережелер жүйесін қалыптастыру, жасау және мониторинг тәртібін, білім беру электрондық сапасын, зерттеушілер мен оқытушылар қатарын талдайтын жүйе керек. Бұл жүйенің бөліктері жоғары кәсіби білім беру жүйесін дамытуды және қолдауды қамтамасыз ететін құралдарды жасаудың республикалық және аймақтық өзекті жобаларын қалыптастыруда қолданылуы мүмкін.
Зерттеудің осы кезеңінде айтылған жүйе құрамында болуға тиіс шарттарды келтіруге болады:
білім беру жүйесінің әрбір сатысында электрондық ресурстардың білім беру процесінің деңгейімен және түрлерімен байланысын сипаттау;
осы ресурстардың мақсаты, мазмұны, деңгейі, оқыту әдісімен және ұйымдастыру түрімен байланысты компоненттерді классификациялау;
электрондық ресурстар жасау сапасына қойылатын психологиялық-педагогикалық, технологиялық және дизайн-эргономикалық талаптар жүйесі және олардың компоненттерінің білім беру деңгейімен байланысы;
үздіксіз білім беру жүйесінің түрлі сатылары, пәндік білім беру салалары, оқу процесінің түрі мен әдістеріне арналған электрондық оқыту құралдарын жасаушыларға түсіндірме;
оқу процесінде электрондық ресурстарды қолдану тиімділігінің критерийлері;
электрондық ресурстарды тәжірибелік сынақтан өткізу тәртібі және олардың қолдану тиімділігі критерийлеріне сәйкестігін тексеруге негізделген компоненттері;
қойылған талаптар жүйесімен байланысты жоғары кәсіби білім беруге арналған электрондық ресурстар сапасы мониторингі жүйесі.
Компьютерлер базасында жүзеге асырылатын, электрондық ресурстардың сапасын көтеру мен қалыптастырудың ғылыми негіздерін құру саласындағы зерттеулер мен ғылыми басылымдар республикалық білім беру жүйесін дамытуда осы күнге дейін әсер етпей отыр. Қазақстанда электрондық ресурстардың және олардың электрондық оқыту құралдары ретіндегі жеке компоненттерін құруда және интеграциялауда ТМД елдерінде және республикада мемлекеттік деңгейде қабылданған стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттар талаптары әсер етпейді.
Жоғары оқу орындағы информатикамен бірге көптеген оқу пәндері бойынша оқыту құралдары нарығы күн өткен сайын түрлі басылымдармен толықтырылуда және қазіргі заманғы оқытушы тиімді әрі сапалы оқыту құралын таңдауда күрделі мәселеге тіреліп отырғандығын ескерген жөн. Сонымен қатар, Қазақстанда мемлекеттік деңгейде тиімді электрондық ресурстар таңдау және сапасын бағалау мәселелері шешілген жоқ, ал оқытушы көптеген жағдайда, оқытылатын материал мазмұны мен оқыту құралдарының сапа деңгейін өз бетінше анықтауға дәрменсіз болып отыр.
Бұндай жағдайлар кездейсоқ емес, өйткені оқытушыларды тиімді электрондық ресурс таңдауға және сапа мониторингін оқытуға тәжірибенің және сынақтан өткізудің педагогикалық негіздерінің жеткіліксіз болуы өз әсерінн тигізеді. Ең біріншіден, мониторинг оны жүргізу технологиясының және электрондық ресурстарға қойылатын талаптар жүйесінің болмауынан орындалмайды.
Сонымен бірге, электрондық компьютерлік оқыту құралдарының сапа мониторингі, студенттердің компьютермен жұмыс істеу аспектілерінің эргономика, әдістемелік және психологиялық салаларда қосымша зерттелуін талап ететін, компьютерлік техниканы қолдануымен қиындап отырғандығын қоса айтқан жөн.
Сонымен қатар, Қазақстанда 2005 жылы қолданысқа енген «Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылымдар. Электрондық оқу басылымдары» мемлекеттік стандартының барлығын ескеру керек [10]. Бұл стандарт, барлық электрондық оқу басылымдарында қолданылатын, білім беру мекемелеріне арнап құрылған, электрондық оқу басылымдарына және олардың құрамы, қызметі, мазмұны, оқыту элементтері, безендірілуі, шығу мәліметтері мен құжаттарына қойылатын жалпы талаптарды анықтады.
Берілген стандартта сәйкес анықтамалары бар терминдер енгізілген.
Оқыту бірлігі: Семантикалық, синтаксистік және прагматикалық бірлігі бар, біртұтас етіп безендірілген және оқыту мазмұнын құруды қалыптастыру үшін қолданылатын электрондық оқу басылымындағы оқу материалының бөлігі.
Кері байланыс: Электрондық оқу басылымының реакциясы, ол қолданушыға тапсырманы орындап болуы бойынша немесе сұрағына жауап ретінде беріледі.
Білім алушы: Электрондық оқу басылымын қолданушы, оның мақсаты білім, іскерлік, дағды алу және білімін бақылаудан өткізу болып табылады.
Оқыту траекториясы: Белгілі бір біліктілік алуда қосылатын бір оқу курсында немесе электрондық оқу басылымында оқытудың жүйелілік бірлігі.
Оқу курсы: Мемлекеттік білім берудің жалпы қажетті стандартына кіргізілген пән, сонымен бірге, қосымша және ұсынылған пәндер.
Электрондық басылымдар: Бағдарламалық басқару және құжаттары бар сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиыны және олар кез-келген электрондық ақпарат тасымалдағышта орналасуы немесе компьютерлік желіде жариялануы мүмкін.
Электрондық оқу басылымдары: білімді бақылауға және оқытуды автоматтандыруға арналған және оқу курстарына немесе олардың жеке бөлімдеріне сәйкес келетін, сонымен бірге, оқыту траекториясын таңдауға және оқу жұмыстары түрлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық басылымдар.
Электрондық оқулық: Оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелілік сипатын құратын және мемлекеттік орган белгілейтін берілген басылымның арнайы статусын иеленген электрондық оқу басылымдары.
Электрондық оқу құралдары: оқу курсының негізгі бөлімдерін құрайтын, сонымен бірге, тапсырмалар жиыны, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін жүргізу нұсқаулықтары, практикум, курстық және диплодық жобаларға арналған ережелері бар, мемлекеттік орган белгілейтін берілген басылымның арнайы статусын иеленген электрондық оқу басылымдары
Зерттеу жұмысының аналитикалық қызметі барысында студенттерді информатикадан дайындауда қолданылуы мүмкін, Интернет желісінде жарияланған электрондық ресурстар таңдалған. Бұл ресурстар, алдағы уақытта зерттеудің тәжірибелік қызметінде де қолданылады. Қазіргі уақытта олар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің информатика бакалаврларын дайындауда қолданылып жүр.
Осыған байланысты, құрамында информатика бойынша ресурстары бар Интернет-каталогтар қарастыру керек. Бұндай каталогтар Интернет желісінде жарияланған білім беру электрондық ресурстарына сілтемелер жасайды. Одан басқа, бұндай жүйелер электрондық кітапханалар, анықтамалар, білім алушы мен оқытушы қатынасының құралдары, білім беру саласында жұмыс істейтін мамандар мен ұйымдар туралы ақпараттар және басқа да падалы сервистерден тұрады.
Осындай каталогтардың бірі, http://window.edu.ru. адресі бойынша Интернет желісінде орналасқан «Білім беру электрондық ресурстарына қол жеткізудің бірлік терезесі» ақпараттық жүйесі болып табылады. Бұл ақпараттық жүйе жоғары оқу орындарының, мұражайлардың, баспалардың, мектептердің, ғылыми және білім беру электрондық ресурстары жайлы мәліметтерді жүйелейді және білім берудің барлық деңгейінде студенттер мен оқытушылардың, білім беруді басқару органдары мүшелерінің, педагогикалық және ғылыми қоғамның қолданатын электрондық коллекцияларын жүйелендіреді, сонымен бірге Интернет желісі технологиясын пайдаланып, өздерінің электрондық ғылыми-білім беру ресурстарына еркін қол жеткізеді.
Бұл жүйенің глоссарийінде ғылым және білім беру саласында жиі қолданылатын 800-ден астам терминдер келтірілген. Терминдерді талқылау екі вариантта беріледі: кәсібилер үшін (оқытушылар, зерттеушілер, менеджерлер) және білім алышылар үшін (оқушылар, талапкерлер, студенттер).
Білім беру Интернет ресурстары каталогы Интернет желісінде орналасқан, орыс тілді білім беру электрондық ресурстарын және электрондық кітапханада орналасқан өз материалдарын іздеуге, сонымен бірге олардың сипаттамасын қарауға арналған. Қазіргі уақытта каталогте кәсіби және жалпы білім беру пәндеріне, ресурстар түріне, білім беру деңгейіне жүйелендірілген 30000-нан астам электрондық ресурстардың сипаттамалары сақталған.
Жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолданылатын және талдау кезеңінде таңдалған жеке электрондық ресурстар ретінде Интернет желісінде жарияланған мынадай жүйелендірілген басылымдарды бөліп көрсетуге болады:
Білім беру Баспасөзі
«Информатика және білім беру» журналы
http://www.infojournal.ru
«Білім берудегі компьютерлік құралдар» журналы
http://www.ipo.spb.ru/journal/
«Ғылым және өмір» журналы
http://www.nkj.ru/
«Квант» журналы
http://kvant.info/
Инструменталды бағдарламалық құралдар
Білім беру сайттарының конструкторы
http://edu.of.ru
«Прометей» қашықтықтан оқыту жүйесі
http://www.prometeus.ru
«ГиперМетод» қашықтықтан оқыту жүйесі және электрондық ресурстарды жасау құралдары
http://www.learnware.ru
Competentum қашықтықтан оқыту жүйесі
http://www.competentum.ru
WebTutor қашықтықтан оқыту жүйесі
http://www.websoft.ru
Информатиканы оқытуға арналған электрондық ресурстар
Microsoft оқу курстарының кітапханасы
http://www.microsoft.com/Rus/