Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка шаруашылық серіктестіктер.docx

— 152.20 Кб (Скачать документ)

8.Тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;

9.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысынан үлесті мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім шығару сияқты бірқатар құзіретке ие.

Серіктестіктің жарғысымен жалпы жиналыстың айрықша құзіретіне басқа мәселелерді шешу де жатқызылуы мүмкін. Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді ол серіктестіктің атқарушы органының шешуіне бере алмайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталдағы үлесінің басқа адамға ауысуы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін өз қалауынша осы серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз үлесін үшінші адамдарға беруіне болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар үшінші тұлғалар алдында үлесті немесе оның бір бөлігін сатып алуға артықшылық берілген құқықты пайдаланады. Егер құрылтай құжаттарында немесе серіктестік қатысушыларының келісімімен өзгеше көзделмесе, үлесті сатып алуға артықшылық берілген құқықты қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлестерінің мөлшеріне тең жүзеге асырады. Үлес сатып алуға артықшылық берілген құқық бұзыла отырып сатылған кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кез келген қатысушысы сатылған күннен бастал үш ай ішінде өзіне сатып алушынын құқықтары мен міндеттерін аударуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушының үлесін үшінші жақтарға беру мүмкін болмаса, ал серіктестіктің басқа қатысушылары оны сатып алудан бас тартса, серіктестік қатысушыға оның нақты құнын төлеуге не оған сондай құнға сәйкес заттай мүлік беруге міндетті [45,80].

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысының үлесі оны толық төлеп болғанға дейін оның төленген бөлігі мөлшерінде ғана болып берілуі мүмкін. Қатысушының үлесін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі сатып алған ретте, ол не басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша сатуға не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі.

Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында мұндай ауысуға тек серіктестіктің қалған қатысушыларының келісімімен ғана рұқсат етілетіндігі көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлес серіктестіктің қатысушысы болған азаматтардың мұрагерлеріне және заңды тұлғалардың құқық мирасқорларына ауысады. Үлестің ауысуына келісім беруден бас тарту серіктестік қатысушысының мұрагерлеріне заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп пен жағдайлар бойынша үлестің нақты құнын төлеуге немесе оларға құны сондай заттай мүлік беру міндетіне әкеліп соқтырады. Заң актілерінде үлестің заңды тұлғалардың құқық мұрагерлеріне ауысу ерекшеліктері көзделуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында белгіленген серіктестік алдындағы өз міндеттерін бұзған жағдайда серіктестік жалпы жиналыстың шешіміне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесін серіктестіктің қатысушымен келісімінде белгіленген бағамен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келісімге қол жетпеген жағдайларда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестің бағасын сот белгілейді. Қатысушының жеке борыштары пайда болғанда да үлесті мәжбүрлеп сату қажеттігі тууы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз борыштарын өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда несие берушілер борышқор-қатысушының үлесін белгіленген тәртіп бойынша бөліп беруді талап етуі мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінде сенімгерлікпен басқаруды пайдалану жөніндегі мәселеге тоқталып өтетін болсақ. Жаңа құқықтық институт ретінде сенімгерлікпен басқару «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» заңында айтарлықтай кеңінен пайдаланылған. Сенімгер басқарушының өзінің иелігіне берілген мүлікті пайда алушының мүдделері үшін өз атынан басқаруын, пайдалануын және оған билік етуін сенімгерлікпен басқару деп түсіну керек. Шарттарда және заң құжаттарыңда баяндалған сызбадан белгілі бір ауытқушылықтар көзделуі мүмкін.

Сенімгерлікпен басқаруды пайдаланудың бірінші жағдайы жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру кезеңіне байланысты. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында оның құрылтайшыларының серіктестіктің жарғылық, капиталындағы салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлікті енгізу көзделген болса, серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік құрылғанға дейінгі және құрылудан кейінгі кезеңде сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиісті құрылтайшы немесе үшінші тұлғаны көрсете алады [12,75]. Сонымен, бұл, бір жағынан алғанда, міндетті болмағанымен, қарым-қатынасты рәсімдеудің қажетті түрі, екінші жағынан алғанда, жарғылық капиталды құруға арналған ақшалай қаражатты сенімгерлікпен басқаруға кедергі болмайды. Мұндай құқықтық сызбаның артықшылығы сенімгер басқарушының басым жауапкершілігіне байланысты. Біріншіден, дау туатын жағдайда міндеттемелердің бұзылуына оның кінәлілігі анықталады, екіншіден, сенімге берілген мүліктен ақы өндіріп алуға болмайды.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару жөніңдегі шартта мыналар көзделуі тиіс:

1.Сенімгер басқарушының барлық құрылтайшылардың мүдделері үшін тиісті мүлікті басқаруды, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылғаннан кейін серіктестіктің мүдделері үшін мүлікті басқаруды жүзеге асыру міңдетті;

2.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ол құрылған кезден бастап пайдасына және сенімгерлік басқаруға берілген мүлік осы кезден бастап меншігіне ауысатын адамның құқықтарын беру көзделуге тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру рәсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда сенімгерлікпен басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс. «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» заңының 56-бабында көзделген, ол бойынша, егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе оның мүлкі сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мұнда мынаны есте ұстау керек: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға және құқық субъектісі ретінде емес, Азаматтық кодекстің 119-бабында көрсетілгеніндей, тұтас мүліктік кешен ретінде басқаруға беріледі. Мүлікті басқаруға беру туралы айтқанда, мүліктік кешеннің бір бөлігін ғана беру көзделеді. Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді жауапкершілігі шектеулі серіктестік жалпы жиналысы қабылдайды [46,89].

Егер қатысушы мен сенімгер басқарушы арасындағы шартта немесе мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы заң актілеріңде өзгеше көзделмесе, қатысушы үлесін сенімгерлік басқару құрылған жағдайда жалпы жиналыста оның өнімі ретінде қатысушы атынан сенімгер басқарушы әрекет етуге құқылы. Қатысушының мүдделерін білдіру тәртібіне қойылатын талаптар мүлікті сенімгерлік басқару туралы зандарда белгіленеді.

Егер соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру кезінде бөлуді, бөліп шығаруды жүргізуге уәкілетті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атқарушы органдары соттың шешімінде белгіленген мерзімде серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды жүзеге асырмаса, сот серіктестіктің мүлкіне сенімгер басқарушы тағайындап, оған қайта ұйымдастыратын серіктестіктің мүлкі есебінен осы серіктестікті бөлуді, бөліп шығаруды тапсырады. Сенімгер басқарушы тағайындалған кезден бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Сенімгер басқарушы сотта жауапкершілігі шектеулі серіктестік атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны бөлу, бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын серіктестіктердің құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Соттың аталған құжаттарды бекітуі жаңадан пайда болатын серіктестіктерді мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық ұйымдардың өте сирек кездесетін ұйымдық-құқықтық нысаны болып табылады. Көптеген елдердің заңдары серіктестіктің мұндай нысанын мүлде пайдаланбайды. Шын мәнінде, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз – болмашы ерекшеліктеріне қарамастан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі болып табылады. Олардың бәрін белгілі бір заң реттейді. Егер қарым-қатынастардың мәнінен өзге мәселе туындамайтын болса, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке Азаматтық кодекстің, «Жаупкершілігі шектеулі серіктестік туралы» заңның және жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметін реттейін «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заң ережелері қолданылады.

Қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауы, сондай-ақ «қосымша жауапкершлігі бар серіктестік» немесе «ҚЖС» аббревиатурасы болуы тиіс. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді. Егер серіктестікті бір адам құрса, оның жарғысында мүлікті құру мен табыс та бөлу тəртібі де белгіленеді. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа ережелер де болуы мүмкін. Серіктестіктің жарғысында оның қызметінің мəні мен мақсаттары көзделуі мүмкін.

Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бірауыздан бекітуге тиіс жəне оған барлық құрылтайшылар немесе олардың уəкілетті өкілдері қол қояды. Сонымен қатар, серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын жəне оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру келесідей жүргізіледі:

1.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасасуынан басталып, серіктестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады.

2.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін: бір жыл ішінде, ал егер құрылтай шартында басқа мерзім белгіленсе, осы мерзім ішінде, құрылтай шарты жасалған күннен бастап серіктестікті мемлекеттік тіркеу туралы тиісті өтініш берілмеген жағдайда;

3.Серіктестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуға сот тəртібімен белгіленген мерзімде шағым жасалмаса не шағым жасалып, бірақ шағым қабылданбаған жағдайда тоқтатылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру рəсімі ол аяқталғанға дейін тоқтатылған жағдайда: жарғылық капиталды қалыптастыру үшін ақша, бағалы қағаздар, заттар, соның ішінде санаткерлік қызмет нəтижелеріне құқықты қоса мүліктік құқық жəне өзге де мүлік қосқан серіктестіктің құрылтайшылары оларды дереу қайтаруды талап етуге құқылы. Жасалған сенімгерлік басқару туралы шарт оның тараптары арасында өзгеше келісім болмаған жағдайда тоқтатылып, осындай шарт бойынша берілген мүлік қайтарылуға тиіс.

Құрылтай шартын жасау тəртібі мен оның нысаны келесі тәртіппен орын алады:

1.Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты əрбір құрылтайшының немесе оның уəкілетті өкілінің шартқа қол қоюы арқылы жасалады.

2.Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты жазбаша нысанда жасалады.

3.Шартқа серіктестіктің барлық құрылтайшылары қол қояды.

Атап өтетін бір жайт, құрылтайшылар өкілдерінің серіктестікті құруға жəне құрылтай шартына қол қоюға құқық беретін тиісті өкілеттігі болуы тиіс.

Құрылтайшылар қатарына кіретін заңды тұлғаларды олардың тиісті заңды тұлға атынан сенімхатсыз əрекет етуге құқылы басшылары ұсынуы мүмкін. Сонымен қатар, шартқа қол қоюдан бас тарту серіктестікке кіруден бас тартуды білдіреді. Шартқа қол қоймаған адамдарды оның құрылтайшыларының тізбесінде көрсетуге болмайды. Шартқа ескертпелер жасай отырып қол қоюға жол берілмейді. Серіктестіктің жекелеген қатысушылары мəртебесінің ерекшеліктері барлық құрылтайшылар қол қойған шарттың мəтінінде көрсетілуге тиіс. Сонымен қатар, құрылтай шартын нотариат куəландыруға тиіс. Құрылтай шартына қол қойған құрылтайшылар серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен соң серіктестіктің қатысушылары болады [47,93].

Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрудың ерекшеліктерін атап көрсететін болсақ:

1.Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік оның жеке өзі қабылдаған шешімнің негізінде құрылады. Бұл жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.

2.Жалғыз қатысушы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын осы серіктестікті құрған адам бекітеді.

3.Жалғыз қатысушысы бар серіктестікті мемлекеттік тіркеу жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тіркеу үшін белгіленген жалпы тəртіп бойынша жүргізіледі.

4.Егер жалғыз қатысушысы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік салымды бөлу немесе жарғылық капиталды ұлғайту нəтижесінде жаңа қатысушылармен толықса, «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» және «Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы» заңдардың ережелері бойынша құрылтай шартына қол қоюға міндетті.

Тiзiлiмді жүргiзудi, тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылу жəне қызмет ету ерекшелiктерiне тоқталатын болсақ, ол келесідей көрініс табады:

1.Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кəсiби қатысушысымен серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмiн жүргiзуге шарт жасасуға құқылы.

2.Құрылтай шартының күшi серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi қалыптастырылған күннен бастап тоқтатылады.

3.Серiктестiкке қатысушылар тiзiлiмiнен үзiнді-көшiрме қатысушылар тiзiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлеске құқықты растайтын құжат болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы