Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка шаруашылық серіктестіктер.docx

— 152.20 Кб (Скачать документ)

Толық серіктестік тоқтатылған жағдайда серіктестік тоқтатылғанға дейін өз бөлігін айырып алған қатысушылардан басқа қатысушылар серіктестік тоқтатылған күннен бастап екі жыл бойы ол тоқтатылған кезге дейін пайда болған серіктестік міндеттемелері бойынша жауапты болады.

Толық серіктестікке қатысушылардың келесідей қосымша құқықтары бар:

1.Қазақстан Республикасының «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңымен анықталған тәртібінде толық серіктестікті және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен басқаруға, оның ішінде серіктестікпен алынған табысты бөлуге қатысу;

2.Серіктестіктің қызметі туралы, оның ішінде серіктестіктің бухгалтерлік және басқа да құжаттамалары жөнінде толық ақпарат алу;

3.Егер басқа жағдайлар құрылтай құжаттарда қарастырылмаған болса, онда серіктестік мүлкіндегі үлесінің мөлшеріне байланысты толық серіктестіктің қызметінен табыс табу;

4.Белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестіктен шығу;

5.Толық серіктестік таратылған ретте несие берушілерден кейін қалған серіктестік мүлкіндегі үлеске сәйкес келетін оның мүлігінің бір бөлігін немесе оның құнын алуға құқығы бар.

Толық серіктестікке қатысушылардың келесідей қосымша міндеттері бар:

1.Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға;

2.Құрылтай құжаттармен анықталған тәртіп бойынша толық серіктестік қызметіне, оның ішінде серіктестік атынан іс жүргізу немесе оған қызметтік жүзеге асыру барысында атсалысуға;

3.Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртібінде, әдіс пен мөлшерінде салымдар енгізуге;

4.Өз атынан және өз мүдделері үшін серіктістік қызметінің мәнін құратын шарттарға біртектес келетін шарттар жасаудан бас тартуға;

5.Толық серіктестікпен коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді таратпауға;

6.Қатысушылар заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттармен көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.

Толық серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдау тәртібі келесідей жүргзіледі. Жаңа қатысушылар тек толық серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімімен ғана қабылдануы мүмкін. Жаңа қатысушылар қабылдаған кезде толық серіктестіктің құрылтай құжаттарына:

1.Серіктестік мүлігіне қатысушылары үлестерінің жаңа мөлшеріне;

2.Серіктестікті басқару тәртібіне;

3.Серіктестіктің жаңа қатысушысының өз салымының мөлшеіне, енгізу тәртібіне, мерзіміне және тәсіліне;

4.Жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажетті өзгерістер енгізіледі [39,59].

Толық серіктестік мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін шаруашылық серіктестігі толық серіктестік деп танылады.

Толық серіктестіктің қатысушылары жарғылық қор құрады, оның мөлшері қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында заңдарымен белгіленген есептік көрсеткіштің жиырма бес мөлшерінен кем болмауы керек. Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері, оны құрау тәртібі мен мерзімі серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленеді. Толық серіктестіктің жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың ортақ келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер де көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысы бір дауысқа ие болады. Құрылтай құжаттарында қатысушылар ие болатын дауыс санын олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне қарай белгілеу көзделуі мүмкін.

Толық серіктестікті басқаруда ескере отырып толық серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзыреті құрылтай құжаттарында белгіленеді. Толық серіктестікке қатысушының өзге қатысушылардың келісуінсіз өз атынан және өз мүдделері немесе үшінші тұлғаның мүдделері үшін серіктестік  қызметінің мәнімен бірдей мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушыдан не серіктестікке келтірілген шығынның орнын толтырылуын, не осындай мәмілелерден тапқан бүкіл пайданы серіктестікке беруін талап етуге құқылы.

Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестік органдары қатысушылардың талап етуі бойынша олардың бәріне өз қызметі жайында толық ақпарат беріп отыруға міндетті. Өкілеттігі болмаса да орталық мүдделер үшін іс-әрекет жасаған қатысушы, оның іс-әрекетіне қалған қатысушылар келіспеген жағдайда, егер ол, өзінің іс-әрекеті арқасында серіктестік құны жөнінен серіктестік шеккен шығыстардан асып түсетін мүлікті сақтап қалғандығын немесе тиісінше сатып алғандығын дәлелдейтін болса, серіктестіктен өзі жасаған шығыстардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Қатысушы серіктестіктен шыққан, ол банкрот деп танылған немесе серіктестік мүлкіндегі оның үлесін несие беруші өндіріп алуды қолданған, толық серіктестікке қатысушы қайтыс болған, оны қайтыс болды деп жарияланған, белгісіз жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулуі деп танылған жағдайларда, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген немесе қалған қатысушылардың келісімімен белгіленбеген болса, толық серіктестік тоқтатылуға жатады.

Толық серіктестік өз қызметін одан әрі жалғастырған жағдайда, сондай-ақ қатысушының серіктестік мүлкіндегі үлесі басқа қатысушыларға немесе үшінші тұлғаға көшкен, қатысушы серіктестіктен шығарылған, немесе серіктестікке жаңа қатысушылар қабылданған жағдайларда, құрылтай құжаттарында тиісті өзгерістер енгізіле отырып, толық серіктестік қайта тіркелуге тиіс.

Толық серіктестікке қатысушы серіктестікке қатысудан бас тартатыны жайында мәлімдеп, одан шығуға құқылы. Қатысушы толық серіктестікке қатысудан бас тартатынын серіктестіктен нақты шығардан кемінде алты ай бұрын мәлімдеуге тиіс. Бес жылға дейінгі мерзімге құрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын шығуға дәлелді себептер бойынша ғана жол беріледі. Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың серіктестіктен шығу туралы арыз беруінің осы бапта белгіленгеннен өзгеше мерзімі көзделуі мүмкін. Серіктестікке қатысушылардың серіктестіктен шығу құқығынан бас тарту туралы өзара келісімі жарамсыз болып табылады. Толық серіктестіктен шыққан қатысушыға серіктестік мүлкінің сол қатысушының серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне тең бөлігінің құны төленеді. Толық серіктестік мүлкінің одан шығатын қатысушыға тиесілі бөлігінің құны қатысушының серіктестіктен шығу сәтіне жасалған серіктестік балансына сәйкес анықталады және қатысушының серіктестіктен  нақты шыққан күнінен бастап отыз күн ішінде төленеді. Шығатын қатысушының қалатын қатысушылармен келісуі бойынша толық серіктестік мүлкінің бір бөлігінің құны мүлікті заттай берумен алмастырылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның сол жылы серіктестікте болған кезеңінде толық серіктестіктің осы жылда алған пайдасының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді. Толық серіктестіктің жарғылық капиталына өз салымын ішінара қосқан қатысушыға шығар кезінде, егер құрылтай құжаттары мен қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оған сол салымның бір бөлігінің құны ғана төленеді. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше белгіленбесе, шығатын қатысушының толық серіктестіктің пайдалануына берген мүлкі сыйақысыз қайтарылады. Қатысушы толық серіктестіктен шыққан кезде құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде берілген жер учаскесін нақтылы бөліп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қатысушы шыққан кезде қалған қатысушылардың толық серіктестік мүлкіндегі үлесі, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келісуімен өзгеше көзделмесе, ол үлес қатысушы серіктестіктен шыққан күнге белгіленген бастапқы мөлшеріне тепе-тең ұлғайтылады [40,146].

Толық серіктестікке қатысушы өз үлесін қалған барлық қатысушылардың келісуімен ғана серіктестіктің басқа қатысушыларына немесе үшінші тұлғаға беруі мүмкін. Үлес серіктестіктің басқа қатысушысына немесе үшінші тұлғаға берілген жағдайда толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиынтығы да ауысады. Серіктестікке қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жарияланған ретте, құқығын иеленуші барлық қатысушылардың келісуімен серіктестікке кіре алады. Толық серіктестікке қатысушылар бір немесе бірнеше қатысушының дәлелді себептер болғанда, атап айтқанда, олар өз міндеттерін өрескел бұзған немесе істі байсалды жүргізуге қабілетсіздігі анықталған жағдайда қалған қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша, сотқа беру тәртібімен серіктестіктен шығарылуын талап етуге құқылы. Қатысушы шығарылған жағдайда оның серіктестікке келтірген барлық шығыны толық серіктестік мүлкінің оған төленетін бір бөлігінің шығарылған қатысушының басқа мүлкінен өндіріп алынады.

Қатысушының толық серіктестіктегі үлесінен оның жеке борыштары бойынша өндіріп алуды қолдануға борыштарын өтеу үшін оның өзге мүлкі жеткіліксіз болған кезде ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының несие берушілері сол мүліктен өндіріп алуды қолдану мақсатында борышқордың серіктестіктің жарғылық капиталындағы салымына тең серіктестік мүлкінің бір бөлігін бөлуін толық серіктестіктен талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөлуге жататын бөлігі немесе оның құны несие берушілердің бөлу туралы талап қойған сәтіне жасалған баланс бойынша анықталады. Толық серіктестікке қатысушы әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кезде серіктестік сақталатын болса, онда осы қатысушының қорғаншысы немесе оның мүлкі серіктестіктің қалған қатысушыларының бәрі келіскен жағдайда ғана серіктестік қызметіне қатыса алады. Серіктестіктің барлық қатысушысының осындай келісімі әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған қатысушының серіктестік қызметіне қатысуы үшін де талап етіледі. Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған қатысушыға, серіктестік немесе сол қатысушының қамқоршысы серіктестік қызметіне қатысудан бас тартқан жағдайда, сол қатысушыға нақ осындай тәртіп бойынша серіктестік мүлкінің бір бөлігінің құны төленеді.

Толық серіктестіктің пайдасы мен шығынын бөлу. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығыны қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық қорындағы үлесінің мөлшеріне тепе-тең бөлінеді. Толық серіктестікке қатысушылардың әлде біреуін пайда мен шығынды бөлуге қатысудан аластататын келісімдер жарамсыз болып табылады.

 

 

2.2 Сенім серіктестігі

Сенім серіктестігі ұйымының көмегімен бизнес жүргізу қазақстандық, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибеде айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Алайда мұндай әдістің белгілі бір жағдайларда өзіндік артықшылықтары болатындықтан, заң шығарушылар оны кәсіпкерлік таңдаудың мүмкіндіктерін ұлғайту үшін ұсынады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады [41,72]. Толық және сенім серіктестіктерінің қызметі мен құқықтық мәртебесінде көптеген ұқсастықтар бар. Сондықтан, сенім серіктестігіне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі және «Шаруашылық серіктестіктер туралы»  заңның қағидалары қолданылады.

Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы толық серіктер мен салымшылардың салымдарынан құралады және қатысушьшардың жарғылық капиталға салым салуы кезінде Қазақстан Республикасыңда заң жүзінде белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы тиіс. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесінің жиынтық мөлшері елу пайыздан аспауы керек. Мұнда сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серіктердің салымдарын, яғни салымдарының бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттері көзделуі мүмкін.

Жарғылық капитал салымшылардың салған салымдарын есептемегеңде, толық серіктердің сенім серіктестігі мүлкіндегі үлесін анықтайды. Шаруашылық қызметі барысында жарғылық капитал өзгеруі мүмкін. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталын азайтуы оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннан кейін жол беріледі. Несие берушілер бұл ретте тиісті міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздері шеккен залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Аталған тәртіпті бұза отырып, жарғылық капиталды азайту мүдделі адамдардың арызы бойынша соттың шешімімен сенім серіктестігін таратуға негіз болады. Сенім серікгестігіне қатысатын толық серіктердің құқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Толық серік өзінің жеке мүлкімен қосымша жауапкершілік атқаратындықтан, заң шығарушылар мұндай жағдайда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ететін бірқатар ережелерді белгілейді. Азамат бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды. Толық серіктестен өзгеше, салымшының жауапкершілігі шектелген: ол өзі салған салымның мөлшерінде ғана жауап береді. Сенім серіктестігінің, салымшысы бастапқы және қосымша жарналарын салады. Жарналардың мөлшерін, салу әдістері мен тәртібін кұрылтай құжаттары белгілейді. Құрылтай құжаттарының мазмұнына қарамастан, салымшының мынадай құқықтары бар:

1.Құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен серіктестік таза табысының жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі үлесін алу;

2.Серіктестіктің қаржылық есебімен танысу, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін камтамасыз етуді талап ету;

3.Жарғылық капиталдағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесін басқа біреуге түгелдей беруі, оның серіктестікке қатысуын тоқтатады;

4.Серіктестіктен шығу.

Салымшыларға арналған осы құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін. Мысалы, салымшының мәміле жасау өкілеттігі болуы мүмкін. Оның үстіне, егер салымшы сенім серіктестігінің мүдделерін көздеп, тиісті өкілеттіксіз мәміле жасаса, оның әрекеттерін серіктестік мақұлдаған жағдайда мәміле бойынша ол несие берушілердің алдында толық көлемде жауап береді. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшінші жақтың алдында зандар бойынша өзінің ақы өндіріп алынатын бүкіл мүлкімен жеке жауап береді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы