Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа
Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].
КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................
Сенім серіктестігі ұйымының көмегімен кәсіпкерлік жүргізу қазақстандық, сондай-ақ дүниежүзілік тәжірибеде айтарлықтай сирек кездесетін құбылыс. Алайда мұндай әдістің белгілі бір жағдайларда өзіндік артықшылықтары болатындықтан, заң шығарушылар оны кәсіпкерлік таңдаудың мүмкіндіктерін ұлғайту үшін ұсынады. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік сенім серіктестігі деп танылады [4]. Толық және сенім серіктестіктерінің қызметі мен құқықтық мәртебесінде көптеген ұқсастықтар бар. Сондықтан, сенім серіктестігіне Азаматтық кодекстің және «Шаруашылық серіктестік туралы» заңның қағидалары қолданылады.
«Коммандит» термині латынның «deроnеrе» – сақтау, сақтауға сеніп тапсыру – деген сөзіне сай келетін итальянның «commandare» сөзінен шыққан, бұл коммандитшілер мен серіктестіктердің өзара қарым-қатынасының мәнін көрсетеді. Маман-кәсіпкерлер болмағаңдықтан және өзінің салымына ғана тәуекел ететін коммандитшілер серіктестіктің істеріне және оны басқаруға қатыспайды. Олар табыс алу және серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алу құқығын ғана сақтайды. Сондықтан серіктестіктің мүліктерін пайдалану мәселелерінде олар толық серіктерге сенуге, оларға сеніп тапсыруға мәжбүр болады. Сол себепті, Ресей Федерациясында коммандиттік серіктестіктерді сенімге негізделген серіктестік деп атайды [19,56].
Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы толық серіктер мен салымшылардың салымдарынан құралады және қатысушылардың жарғылық капиталға салым салуы кезінде Қазақстан Республикасыңда заң жүзінде белгіленген елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы тиіс. Салымшылардың жарғылық капиталдағы үлесінің жиынтық мөлшері елу пайыздан аспауы керек. Мұнда сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшылардың толық серіктердің салымдарын төлеу жөніндегі міндеттері көзделуі мүмкін. Жарғылық капитал салымшылардың салған салымдарын есептемегеңде, толық серіктердің сенім серіктестігі мүлкіндегі үлесін анықтайды. Шаруашылық қызметі барысында жарғылық капитал өзгеруі мүмкін. Сенім серіктестігінің жарғылық капиталын азайтуы оның барлық несие берушілеріне хабарлағаннан кейін жол беріледі. Несие берушілер бұл ретте тиісті міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздері шеккен залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Аталған тәртіпті бұза отырып, жарғылық капиталды азайту мүдделі адамдардың арызы бойынша соттың шешімімен сенім серіктестігін таратуға негіз болады. Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктердің құқықтық ережесі және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді. Толық серік өзінің жеке мүлкімен қосымша жауапкершілік атқаратындықтан, заң шығарушылар мұндай жағдайда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ететін бірқатар ережелерді белгіледі. Азамат бір ғана сенім серіктестігінің толық серіктесі бола алады. Сенім серіктестігіндегі толық серіктес толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды. Толық серіктестен өзгеше, салымшының жауапкершілігі шектелген: ол өзі салған салымның мөлшерінде ғана жауап береді. Сенім серіктестігінің, салымшысы бастапқы және қосымша жарналарын салады. Жарналардың мөлшерін, салу әдістері мен тәртібін кұрылтай құжаттары белгілейді. Құрылтай құжаттарының мазмұнына қарамастан, салымшының мынадай құқықтары бар:
1.Құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен серіктестік таза табысының жарғылық капиталдағы өзіне тиесілі үлесін алу;
2.Серіктестіктің қаржылық есебімен танысу, сондай-ақ оның дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін камтамасыз етуді талап ету;
3.Жарғылық капиталдағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін заң құжаттарында және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші жаққа беруге құқығы бар. Салымшының өз үлесін басқа біреуге түгелдей беруі, оның серіктестікке қатысуын тоқтатады;
4.Серіктестіктен шығуға құқығы бар.
Салымшыларға арналған осы құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның ішінде салымшылар мен толық серіктердің келісуі бойынша шектеу жарамсыз болады. Сенім серіктестігінің құрылтай құжаттарында салымшының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін. Мысалы, салымшының мәміле жасау өкілеттігі болуы мүмкін. Оның үстіне, егер салымшы сенім серіктестігінің мүдделерін көздеп, тиісті өкілеттіксіз мәміле жасаса, оның әрекеттерін серіктестік мақұлдаған жағдайда мәміле бойынша ол несие берушілердің алдында толық көлемде жауап береді. Егер ол мақұлданбаса, салымшы үшінші жақтың алдында зандар бойынша өзінің ақы өндіріп алынатын бүкіл мүлкімен жеке жауап береді.
Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады. Сенім серіктестігінің ісін оның толық серіктерінің басқару және жүргізу тәртібін олар толық серіктестік туралы ережелер бойынша белгілейді. Салымшылардың сенім серіктестігі ісін басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенімхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенім серіктестігі салымшыларының серіктестік ісін басқару жөнінде толық серіктестердің әрекеттеріне дау жасауға құқығы жоқ.
Сенім серіктестігі оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серіктестер сенім серіктестігін таратудың орнына оны толық серіктестік етіп қайта құруға құқылы. Сенім серіктестігі толық серіктестікті тарату үшін көзделген негіздер бойынша да таратылады. Салымшылар сенім серіктестігі таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылғаннан кейінгі қалған серіктестік мүлкінен салымдарды алуға толық серіктестер алдында артықшылық құқығы болады. Сенім серіктестігінің бұдан кейінгі қалған мүлкі толық серіктестер мен салымшылар арасында, егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, олардың серіктестік мүлкіне қосқан үлесіне қарай бөлінеді [20,100].
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерге тоқтала кетсек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шаруашылық серіктестіктердің ең көп таралған нысаны болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бірлескен кәсіпорындардың бірі болып саналады. Корпорация дегеніміз – бұл оның құрылтайшылары осымен бір мезгілде бірлесе және заңдық тең негізде әрекет ететін қатысушылар болып табылатын өзін-өзі ұйымдастырған заңды тұлға.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі және «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» заңы реттейді. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі, серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Осы ережеден өзгеше жағдайлар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде және заң актілерінде көзделуі мүмкін. Мұнда, әңгіме, негізінен алғанда, серіктестіктің әрекеттері үшін қатысушылардың жауапкершілігі жөніңде болып отыр. «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің салымдарды толық қоспаған қатысушылары оның міңдеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым салмаған бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады» деген ереже осыған жақын келеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының саны шектелмейді. Алайда, бұл үнемі осылай болған емес. Алғашында жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының саны отыздан, кейін – елуден, одан кейін – жүзден аспауы тиіс деген шектеулер қойылған еді.
Жарғылық капиталдың мөлшерін құрылтайшылар анықтайды және ол серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тапсыру кезіндегі жүз айлық есептік көрсеткішке тең сомадан кем болмауы тиіс. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының кепілдеуші маңызы бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мәлімдеген жарғылық капиталы іс жүзіндегі нақты жарғылық капиталдан артық болатын жағдайда серіктестік несие берушілер алдында серіктестіктің борыштары бойынша жарғылық капиталдың өз капиталынан артық сомасында ортақ жауапты болады. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында өзгеше көзделмесе, қатысушылардың жалпы жиналысы серіктестік мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналар енгізуі туралы шешім қабылдай алады. Шешім серіктестіктің барлық қатысушыларынын төрттен үш көпшілік дауысымен қабылданады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жоғары органы жалпы жиналыс болып табылады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес бірқатар мәселелерді жалпы жиналыс ғана шеше алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзіретіне мыналар жатады:
1.Серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталы мөлшерін өзгерту;
2.Серіктестіктің атқарушы органын құру және оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ жауапкершілігі шектеулі серіктестікті немесе оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру шарттарын белгілеу;
3.Серіктестіктің қаржылық есебін бекіту және оның таза табысын бөлу;
4.Серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;
5.Серіктестіктің байқау кеңесін және тексеру комиссиясын сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестік тексеру комиссиясының есептерімен қорытындыларын бекіту;
6.Ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін және серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекіту;
7.Серіктестіктің өзге де шаруашылық серіктестіктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бірлестіктерге қатысуы туралы шешім шығару;
8.Тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
9.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысынан үлесті мәжбүрлеп
сатып алу туралы шешім шығару.
Серіктестіктің жарғысымен жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне басқа мәселелерді шешу де жатқызылуы мүмкін. Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелерді ол серіктестіктің атқарушы органының шешуіне бере алмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталдағы үлесінің басқа адамға ауысуы. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір бөлігін өз қалауынша осы серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз үлесін үшінші адамдарға беруіне болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар үшінші тұлғалар алдында үлесті немесе оның бір бөлігін сатып алуға артықшылық берілген құқықты пайдаланады. Егер құрылтай құжаттарында немесе серіктестік қатысушыларының келісімімен өзгеше көзделмесе, үлесті сатып алуға артықшылық берілген құқықты қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлестерінің мөлшеріне тепе-тең жүзеге асырады. Үлес сатып алуға артықшылық берілген құқық бұзыла отырып сатылған кезде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кез келген қатысушысы сатылған күннен бастап үш ай ішінде өзіне сатып алушынын құқықтары мен міндеттерін аударуды сот тәртібімен талап етуге құқылы. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттарына сәйкес қатысушының үлесін үшінші жақтарға беру мүмкін болмаса, ал серіктестіктің басқа қатысушылары оны сатып алудан бас тартса, серіктестік қатысушыға оның нақты құнын төлеуге не оған сондай құнға сәйкес заттай мүлік беруге міндетті [21,110].
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушысының үлесі оны толық төлеп болғанға дейін оның төленген бөлігі мөлшерінде ғана болып берілуі мүмкін. Қатысушының үлесін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзі сатып алған ретте, ол не басқа қатысушыларға немесе үшінші жаққа заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген мерзім мен тәртіп бойынша сатуға не өзінің жарғылық капиталын азайтуға міндетті. Осы кезең ішінде түскен таза табысты бөлу, сондай-ақ жоғары органда дауыс беру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сатып алған үлесі есептелмей жүргізіледі.
Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында мұндай ауысуға тек серіктестіктің қалған қатысушыларының келісімімен ғана рұқсат етілетіндігі көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлес серіктестіктің қатысушысы болған азаматтардың мұрагерлеріне және заңды тұлғалардың құқық мирасқорларына ауысады. Үлестің ауысуы бойынша келісім беруден бас тарту серіктестік қатысушысының мұрагерлеріне заң құжаттары мен серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп пен жағдайлар бойынша үлестің нақты құнын төлеуге немесе оларға құны сондай заттай мүлік беру міндетіне әкеліп соқтырады. Заң актілерінде үлестің заңды тұлғалардың құқық мұрагерлеріне ауысу ерекшеліктері көзделуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында белгіленген серіктестік алдындағы өз міндеттерін бұзған жағдайда серіктестік жалпы жиналыстың шешіміне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесін серіктестіктің қатысушымен келісімінде белгіленген бағамен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келісімге қол жетпеген жағдайларда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестің бағасын сот белгілейді. Қатысушының жеке борыштары пайда болғанда да үлесті мәжбүрлеп сату қажеттігі тууы мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының өз борыштарын өтеу үшін мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда несие берушілер борышқор-қатысушының үлесін белгіленген тәртіп бойынша бөліп беруді талап етуі мүмкін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінде сенімгерлікпен басқаруды пайдалану жайлы тоқталып өтсек. Құқықтық институт ретінде сенімгерлікпен басқару «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» заңдарда айтарлықтай кеңінен пайдаланылған. Сенімгер басқарушының өзінің иелігіне берілген мүлікті пайда алушының мүдделері үшін өз атынан басқаруын, пайдалануын және оған билік етуін сенімгерлікпен басқару деп түсіну керек. Шарттарда және заң құжаттарыңда баяндалған сызбадан белгілі бір ауытқушылықтар көзделуі мүмкін.
Сенімгерлікпен басқаруды пайдаланудың бірінші жағдайы жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру кезеңіне байланысты. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғысында оның құрылтайшыларының серіктестіктің жарғылық, капиталындағы салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлікті енгізу көзделген болса, серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік құрылғанға дейінгі және құрылудан кейінгі кезеңде сенімгерлікпен басқаруға берілуге тиісті құрылтайшы немесе үшінші тұлғаны көрсете алады. Сонымен, бұл, бір жағынан алғанда, міндетті болмағанымен, қарым-қатынасты рәсімдеудің қажетті түрі, екінші жағынан алғанда, жарғылық капиталды құруға арналған ақшалай қаражатты сенімгерлікпен басқаруға кедергі болмайды. Мұндай құқықтық сызбаның артықшылығы сенімгер басқарушының көтеріңкі жауапкершілігіне байланысты. Біріншіден, дау туатын жағдайда міндеттемелердің бұзылуына оның кінәлілігі анықталады, екіншіден, сенімге берілген мүліктен ақы өндіріп алуға болмайды [22,69].
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы