Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка шаруашылық серіктестіктер.docx

— 152.20 Кб (Скачать документ)

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын нотариат куəландыруға тиіс. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлгі жарғысының негізінде жүзеге асыруға құқылы. Бұл жағдайда серіктестікті мемлекеттік тіркеу барысында жарғыны табыс ету талап етілмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу келесідей тәртіппен жүргізіледі:

1.Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап құрылған болып есептеледі.

2.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді əділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тəртіппен жүзеге асырады.

3.Мемлекеттік тіркеудің деректері, оның ішінде серіктестіктің фирмалық атауы, жарғылық капиталының мөлшері, құрылтайшыларының құрамы мен атқарушы органдары, оның орналасқан жері туралы мəліметтер жалпыға бірдей танысу үшін ашық заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіміне енгізіледі жəне серіктестіктің коммерциялық құпиясы болмайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшылар:

1.Құрылтайшылар серіктестік құруға уəкілеттік берген адам қол қойған серіктестік құру туралы өтінішті;

2.Серіктестіктің жарғысын;

3.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін алым төленгенін растайтын құжатты табыс етуге тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серiктестікке қатысушылар тiзiлiмiн жүргiзудi тiркеушi жүзеге асыратын акционерлiк қоғамнан қайта құрылған жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi мемлекеттiк тіркеу үшiн:

1.Қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уəкiлдiк берген адам қол қойған серiктестiктi құру туралы өтiнiш;

2.Серiктестiктiң жарғысы;

3.Қайта құру туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы уəкiлдiк берген адам қол қойған, акция ұстаушылар тiзiмiндегi деректер негiзiнде жасалған серiктестiкке қатысушылар тiзiмi табыс етiлуге тиiс.

Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған «жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі, олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде қатысуына болмайды.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын құру, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарын біріктіру жолымен құрылады. Жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылар салымдарының сомасына тең болады жəне серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі жүз айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне тең сомадан кем болмауы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы мен санаткерлік қызмет нəтижелеріне құқық жəне өзге де мүлік болуы мүмкін. Сонымен қатар салымдар жеке мүліктік емес құқықтар жəне өзге де материалдық емес игіліктер түрінде енгізуге жол берілмейді [48,78].

Құрылтайшылардың жарғылық капиталға заттай нысандағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдар барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне тең сомадан асып түсетін болса, оның бағасын тəуелсіз сарапшы растауы тиіс. Серіктестікке салым ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген жағдайда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген бүкіл мерзімге есептелген пайдалану ақысымен анықталады. Пайдалану құқығы серіктестіктің жарғылық капиталына салым болып табылатын мүлікті жалпы жиналыстың келісімінсіз мерзімінен бұрын алуға жол берілмейді. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, серіктестікке пайдалануға берілген мүліктің кездейсоқ құрып кету немесе зақымдану қаупі мүлік иесіне жүктеледі.

Егер құрылтай шартында өзгеше көзделмесе, əрбір қатысушы салымының

жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатынасы қатысушының жарғылық капиталдағы үлесі болып табылады. Мұндай үлес бүтіннің бөлігі түрінде немесе пайыздық өлшемде көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауға немесе серіктестіктен бұрынғы қатысушылардың бірі шығуына байланысты жарғылық капитал мөлшерінің қандай болса да өзгеруі қатысушылардың жарғылық капиталдағы қабылдау немесе шығу кезіндегі үлестерін тиісінше қайта есептеуге əкеп соғады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғылық капиталын құру мерзімдері:

1.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті тіркеген кезге дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының кемінде жиырма бес пайызын, алайда жарғылық капиталдың кемінде ең төменгі мөлшерін енгізуге міндетті;

2.Жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген мерзімде барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымды толық енгізуге тиіс. Мұндай мерзім серіктестікті тіркеген күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс;

3.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы үлесті белгіленген мерзімде енгізу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда серіктестік үлестің қатысушы енгізбеген бөлігін өз капиталының есебінен төлеуге не жарғылық капиталды оның енгізілген бөлігіне дейін азайтуға тиіс. Өз үлесін мерзімінде енгізбеген қатысушы серіктестікке зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ, егер серіктестіктің құрылтай шартында немесе жарғысында өзгеше көзделмесе, серіктестікке Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сəйкес тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

Сонымен қатар қатысушы белгіленген мерзімде енгізбеген үлес немесе оның бір бөлігі серіктестіктің жалпы жиналысының шешімі бойынша «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» заңының 31-бабының 1-тармағында немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тəртіппен қалған қатысушылар арасында бөлінуі не үшінші жақтың сатып алуына ұсынылуы мүмкін. Салымның енгізілмеген бөлігін осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде сату мүмкін болмаған жағдайда серіктестіктің жарғылық капиталы осы сомаға азайтылады жəне соған сəйкес қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері өзгертіледі.

Егер қатысушының салымы біршама уақыттан кейін ғана пайдаланылуы мүмкін мүлік болса, мұндай салым жалпы жиналыстың шешімі бойынша қатысушыдан салымның сипаты, оның ақшалай бағасы мен енгізу мерзімі көрсетіліп, нотариат куəландырған борыш міндеттемесін алған күннен бастап енгізілген деп танылуы мүмкін. Мұндай мерзім үш жылдан аспауы керек. Өз үлесін толық енгізген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушы серіктестіктен өзінің серіктестікке қатысуын куəландыратын куəлік алуға құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құрғанға дейін ақша енгізу арқылы оның жарғылық капиталын төлеу үшін серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында жинақтау шотына тиісті қаражат аудару үшін банкте өз атына осындай шот ашуға тиіс құрылтайшылардың бірін көрсетуі мүмкін. Серіктестік құрылып, ол банкте өз шотын ашқаннан кейін атына жинақтау шоты ашылған құрылтайшы осы шоттан серіктестік шотына ақша аударуды бес жұмыс күн ішінде жүзеге асыруға міндетті. Құрылтайшы ақша аудару жөніндегі міндетін уақтылы орындамаған жағдайда ол серіктестікке, егер құрылтайшылар осылай кешіктірудің өзге зардаптарын белгілемесе, жинақтау шотында ұсталып қалған сомадан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге тиіс [6].

Егер жауапкершілігі шектелуі серіктестіктің жарғысында оның құрылтайшылары серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар есебіне ақша емес, өзге мүлік енгізуі көзделсе, серіктестік құрылтайшылары құрылтай шартында тиісті мүлік серіктестік құрылғанға дейінгі жəне кейінгі кезеңге сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс құрылтайшының біреуін немесе үшінші жақты көрсете алады.

Сенімгерлік басқару туралы шартта келесідей мәселелер қарастырылады:

1.Сенімгер басқарушының барлық құрылтайшылардың мүдделері үшін, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылғаннан кейін серіктестік мүдделері үшін тиісті мүлікті басқаруды жүзеге асыру міндетті;

2.Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке ол құрылған кезден бастап пайдасына шарт жасалған жəне сенімгерлік басқаруға берілген мүлік осы кезден бастап меншігіне ауысатын адамның құқықтарын беру көзделуге тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын тексеру:

1.Кез келген қатысушының талап етуі бойынша тəуелсіз сарапшымен жүргізілуі мүмкін. Сонымен қатар, сараптамаға мүдделі қатысушы ақы төлейді;

2.Сот шешімі бойынша;

3.Әрбір қаржы жылының қорытындылары бойынша қаржы есептері бойынша жүргізілуі мүмкін.

4.Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мəлімделген жарғылық капиталы нақты жарғылық капиталынан асып кеткен кезде серіктестікке қатысушылар несие берушілер алдында жарғылық капиталдың өз капиталынан асып кеткен сомасында серіктестіктің борыштары бойынша ортақ субсидиялық жауапкершілікті мойнына алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ұлғайту мәселесіне келетін болсақ:

1.Серіктестіктің барлық қатысушылары қосатын қосымша тең салымдар;

2.Жарғылық капитал мөлшерін серіктестіктің өз капиталы есебінен, оның ішінде өзінің резерв капиталының есебінен ұлғайту;

3.Салымдар алынып тасталған жағдайда;

4.Бұған қалған барлық қатысушылар келіскен жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар салуы;

5.Серіктестік құрамына жаңа қатысушылар қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жарғылық капитал жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың біреуі не жаңадан қабылданатын қатысушының қосымша жарна төлеуі арқылы ұлғайтылған кезде мұндай салымның мөлшері серіктестіктің өз капиталына олардың осының алдындағы жарнасының мөлшерін жəне барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестерін қайта есептеу қажеттігі ескеріле отырып белгіленеді. Шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімімен қабылданады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жалпы жиналыс жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде жарғылық капиталдың ұлғайтылғандығы туралы өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарлауға міндетті. Хабарлаған кезге қарай жарғылық капитал ұлғайтылатын соманың кемінде жартысына тең сомада салымдар енгізілуге тиіс. Егер серіктестік өзін мемлекеттік тіркеуден өткізген органға хабарламаса, жарғылық капитал ұлғайтылмаған болып танылады.

Жарғылық капитал ұлғайтылмай қалған жағдайда қатысушының немесе өз салымын салған, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке кіруге ниет білдірген үшінші жақтың серіктестіктен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сəйкес не зияндарын өтеп, оның ішінде салым ретінде салынған мүлікті пайдалану мүмкін болмауы салдарынан қолдан жіберіп алынған пайдасын өтеп, не салымды қайтаруды жəне тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту да жарғылық капиталды ұлғайту мәселесі сияқты ресімдеуден өтеді. Яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту серіктестіктің барлық қатысушылары салымдарының мөлшерін тең мөлшерде азайту не жекелеген қатысушылардың үлестерін толық немесе ішінара өтеу арқылы жүзеге асырылады.Қатысушы үлесін өтеу арқылы жарғылық капитал азайтылған кезде қалған қатысушылардың үлестері тиісінше өзгереді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған кезден бастап серіктестік бұл шешім туралы шешім қабылданған соң туындайтын міндеттемелер бойынша несие берушілерге хабарлауға міндетті.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай мерзім ішінде серіктестік өзінің барлық несие берушілеріне жарғылық капиталдың азайтылғаны туралы жазбаша хабарлама жіберуге не серіктестіктер туралы мəліметтер жарияланатын ресми басылымда тиісті хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің несие берушілерін басылымда тиісті хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің несие берушілері хабарлама алған немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде серіктестіктен қосымша кепілдіктер не серіктестіктің тиісті міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатуын немесе орындауын жəне зияндардың орнын толтыруын талап етуге құқылы. Талаптар серіктестікке жазбаша нысанда жіберіледі, ал олардың көшірмелері серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға ұсынылуы мүмкін [49,81].

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының азайтылуын серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген орган серіктестікке талаптар мəлімдеу үшін несие берушілерге ұсынылған мерзім аяқталған соң тіркейді. Егер серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізген органға серіктестікке несие берушілер талаптарының көшірмелері түссе, серіктестік осы талаптардың орындалғанының дəлелдерін ұсынған не мəлімдеген несие берушілердің серіктестік жарғылық капиталының азайтылуын тіркеуге қарсылықтары болмаған жағдайда, жарғылық капиталдың азайтылуы тіркеледі.

Егер серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде серіктестік қайта тіркеу туралы арыз бермесе не қажетті дəлелдер ұсынбаса, жарғылық капитал азайтылмаған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарғылық капиталдың азайтылуына байланысты жарғылық капиталдың жаңа мөлшерінен асатын таза активтердің бір бөлігі шегінде ғана өз қатысушыларына төлемдер жасауға құқылы. Төлемдер жарғылық капиталдың азайтылуы тіркелген соң, серіктестік жарғысы немесе жалпы жиналыстың жарғылық капиталды азайту туралы шешімі белгілеген мерзімде, бірақ тіркеу кезінен бастап үш айдан кешіктірмей жасалады. Төлем серіктестікке қатысушылар үлестерінің мөлшеріне сəйкес жасалады.

Қатысушылар өз салымдарын құрылтай құжаттарында мəлімделген жарғылық капиталдың толық мөлшеріне дейін салған соң ғана жарғылық капиталды азайту жүзеге асырылуы мүмкін. Барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері жəне тиісінше олардың шаруашылық серіктестік мүлкінің құнындағы үлестері, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың жарғылық капиталдағы салымдарына тең болады.

Кез келген негіз бойынша үлеске деген құқықтан айрылу қатысушының жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен шығуына əкеп соғады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай құжаттары серіктестіктің бір қатысушысында болуы мүмкін үлестің ең көп мөлшерін шектей алады. Мұндай шектеуді белгілі бір қатысушы жөнінде белгілеуге болмайды. Сол сияқты құрылтай құжаттарында серіктестікке қатысушылар үлестерінің ара қатынасын өзгерту мүмкіндігі шектелуі мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы