Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа
Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].
КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................
Шаруашылық серітестік құрылмастан бұрын кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат, яғни «бизнес-жоспардың» болуы серіктестіктің жұмысының жемісті болуының бірден-бір кепілі. Оны жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортанаң ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар көбінесе, банктен несие алу және қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорының стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады. Бизнес-жоспар болжамды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамада және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
1.Жоба бойынша өндірілген тауарлар түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады
2.Тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнімді өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
3.Бәсекелестер мүмкіндігі туралы мәліметтер талданады;
4.Маркетингтік зерттеу нәтижелері сараланады;
5.Өнім өндіру жоспары мен өңдірістік байланыстар, өңдірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
6.Ұйымдастыру-басқару жұмыстары мен қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
7.Жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңды құжаттар жасалады;
8.Жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау жіне оны алдын алу шаралары қарастырылады;
9.Жобаның барлық буындарының құндылық көрсеткіштері жинақталады;
10.Қаржы көздері жобаланады.
Шаруашылық серіктестіктердің ең басты маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Яғни, өзінің құрылуымен шаруашылық серіктестіктер жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері арта түседі. Ең алдымен өз мақсаттарына қол жеткізуге өз істерін ұнататындықтары және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің кәсіпкерлікпен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шаруашылық серіктестіктердің дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандай экономиканың жаңа жағдайындағы нарыққа өтуде шаруашылық серіктестіктер еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, нарықтық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді.
Екіншіден, азаматтық құқық саласында заңды тұлғалар ал оның ішінде шаруашылық серіктестіктер ерекше орын алады. Себебі, кәсіпкерліктің дамуына шаруашылық серіктестіктер зор үлес қосуда. Шаруашылық серіктестіктің әрбір түрі мен жұмыс атқару еркешеліктеріне мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып жатыр. Құқықтық базаның да дамып шаруашылық серіктестіктердің жұмысын еліміздің экономикасына өз үлестерін қосуына бағыт алып жатыр. Оған бірден-бір дәлел Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Белорусь Республикаларының бірыңғай экономикалық кеңістікке бірігуі болып табылады. Бірыңғай экономикалық кеңістік аталған үш елдің кәсіпкерлеріне, оның ішінде шаруашылық серіктестіктерге үлкен мүмкіндіктер беруде. Аталған ұйым қазақстандық тауар, кен өндіру, қызмет көрсету және тағы да басқа салада жұмыс атқаратын шаруашылық серіктестіктеріне жаңа нарыққа шығып өзге елдің кәсіпкерлерімен бәсекеге түсіп, тәжірбие алмасу алаңына айналмақ.
Экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетіліп келеді. Нақтырақ осы мақсаттарға «Самұрық-Қазына» қоры 2009 жылы қосымша жүз жиырма миллиард теңге бөлінді. Бөлінген қаражат шеңберінде жетпіс пайыз ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және отыз пайыз жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған еді.
Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске несие беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. «Самұрық-Қазына» қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит үштен – бес миллион АҚШ Долларына дейін өсті.
Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы үстемесін тұрақтандыру бойынша дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін, яғни он төрт пайыздан аспайтын шара қабылдады, сондай-ақ тиімді үстемені тіркей отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін несиелерге кепілдік беру тетігін енгізген болатын. Сонымен қатар екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске арналған пайыздық үстеменің елу пайзын көмек ретінде өтеуге дайын екендігін жариялаған болатын.
Үшіншіден, шаруашылық серіктестік нысанында кәсіпкерлікті жүзеге асыруға ұйғарған жеке кәсіпкерлердің немесе құрылтайшылардың ортақ идеясы бірлескен, мақсат бағыттары бір және белгілі бір алдына қойған нақты нәтижеге жету үшін күштерін біріктіру. Яғни «біріктірілетін күш» деп – қаржы, жаңа мүлік, техника, кәсіби және өзге білім, дағды мен білік, сондай-ақ іскерлік беделі деп білуіміз қажет. Аталған ұғымдарды бір жүйеге қосқанда басқа ұғым – «шаруашылық серіктестік» пайда болады. Әрине, жеке кәсіпкерлердің бір серіктестікке бірігуі, оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін тудырады. Шаруашылық серіктестіктің өз кезегінде – жауапкершілігі шектеулі серіктестік, толық серіктестік, сенім серіктестігі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік болып бөлінеді. Олардың қатысушыларының әр серіктестік түрі мен ерекшелігіне қарай әр түрлі құқықтар мен міндеттерге ие болуына, тоқтатылуына дипломдық жұмыста кеңінен тоқталып өткен болатынмыз.
Сонымен, қортындылай келе дипломдық жұмыстың тақырыбы жан-жақты терең талдаудан өтіп, тақырыптың өзекті мәселелері көтеріліп, алға қойылған негізгі мақсаттарға жеттік деген ойдамыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Жайлин Г.А. «Азаматтық құқық». 1-бөлім. Алматы: «Юридическая литература», - 2011, ¬ 372б.
2. Қазақстан Республикасы «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңы ¬ Алматы: «Норма-К», - 2011.
3. А.Г. Диденко., Ю.Г. Басин. О.С. Иоффе. «Гражданское право». Общая часть. ¬ Алматы: - 2002, ¬ 619с.
4. М.К. Сулейменов., Ю.Г. Басин «Гражданский кодекс Республики Казахстан». Комментарий. Книга 1.Общая часть. ¬ Алматы: - 2003, 485с.
5. Г.А. Жайлин, «Гражданское право». І-часть. ¬ Алматы: «Юридическая литература», 2011, ¬ 372с.
6. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі». Жалпы бөлім. 27.12.1994. ¬ Алматы: - 2012.
7. С.И. Климкин. «Хозяйственные товарищества по законодательству Республики Казахстан». Учебно-практическое пособие. ¬ Алматы: - 2001. 258с.
8. С.П. Мороз. «Предпринимательское (хозяйственное) право». ¬ Алматы: «Бастау», - 2010. ¬ 272с.
9. Лепесова А.К. «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы». ¬ Алматы: - 2012, ¬ 231б.
10. Ю.Г. Басин. «Актуальные проблемы гражданского права: Вопросы теории и практики». ¬ Алматы: - 2003, ¬ 272с.
11. А.Г. Диденко. «Гражданское право». ¬ Алматы: - 2003, ¬ 897с.
12. Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. «Азаматтық құқық». 1-том.Жоғары оқу орындарына арналған академиялық курс. ¬ Алматы: - 2003, ¬ 735б.
13. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы. 19.06.1997. Алматы: «Нұр-Пресс», - 2012.
14. А.Г. Диденко. «Гражданское право», общая часть, курс лекций. ¬ Алматы: - 2006, ¬ 732с
15. Дүсіпов Е.Ш,. Қағазов О.К. «Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы». Жалпы бөлім. ¬ Алматы: - 2006. ¬ 158б.
16. Аманбаев Ү. А, «Кәсіпорын экономикасы». ¬ Алматы: «Бастау», - 2012. ¬ 432б.
17. А. Басин. «Страхование ответственности. Что вам нужно об этом знать?» ¬ М.: «Эксмо», - 2008, ¬ 160с.
18. Ержанов А. К., Айтанаева Ә. К., Жұманова Г. Ш. «Басқару есебі». – Алматы: - 2009, ¬ 304б.
19. В.А. Горемыкин, «Экономическая стратегия предприятия». ¬ М.: «Альфа-Пресс», - 2007, ¬ 544с.
20. Амирханова И. В. «Гражданское право». Общая и Особенная части. ¬ Алматы: «Жетi жарғы», - 2009, ¬ 264с.
21. М. Нам. «Комментарий к Закону Республики Казахстан О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью». ¬ Алматы: «Норма-К», - 2006, ¬ 272с.
22. С. В Гуськов. «Оценка эффективности производственно-хозяйственной деятельности организаций». ¬ М.: «Академия», - 2007, ¬ 192с.
23. А. Б Джетписова. «Организация коммерческого предпринимательства». ¬ Алматы: «Эверо», - 2010, ¬ 136с.
24. Дуламбаева Р. Т. «Кәсіпорын экономикасы» ¬ Алматы: «Қазақ университетi», - 2011, ¬ 192б.
25. Қазақстан Республикасы «Нотариат туралы» Заңы ¬ Алматы: «Норма-К», 2012.
26. А. С Сейдахметов. «Предпринимательство». ¬ Алматы: «Экономика», - 2010, ¬ 304с.
27. А.Н. Омаркожаева. «Лидерство в организации». ¬ Алматы: «Экономика», - 2009, ¬ 132с.
28. Киздарбекова А. С. «Кәсіпкерлік құқық». ¬ Алматы: - «ЖШС РПБК Дәуір», - 2011, ¬ 272б.
29.Нурпеисова А. К. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік құқықтың негізгі аспектілері». ¬ Алматы: - «ТОО LEM», - 2012, ¬ 336б.
30. Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» Заңы. 22.04.1998., Алматы: - 2012.
31. Жақыпбеков, Д. С. «Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру». ¬ Алматы: - «Экономика», - 2009. ¬ 354б.
32. К.Н Алданиязов. «Производственно-учетная система в управлении предприятием: управленческий учет, управленческий анализ, управление затратами». ¬ Алматы: - «Нұр-Пресс», - 2011, ¬ 357б.
33. Fairlie Robert. «Entrepreneurship , Economic Conditions, and the Great Recession». ¬ Source: - «JOURNAL OF ECONOMICS & MANAGEMENT STRATEGY» Volume: 22 Issue: 2 Special Issue: SI Pages: 207-231 DOI: 10.1111/jems.12017 Published: SUM 2013.
34. Eren Inci., Simon Parker, «Financing Entrepreneurship and the Old-Boy Network». ¬ Source: - «JOURNAL OF ECONOMICS & MANAGEMENT STRATEGY» Volume: 22 Issue: 2 Special Issue: SI Pages: 232-258 DOI: 10.1111/jems.12009 Published: SUM 2013
35. Ahmet Bacanak. «Teachers' Views about Science and Technology Lesson Effects on the Development of Students' Entrepreneurship Skills». ¬ Source: «KURAM VE UYGULAMADA EGITIM BILIMLERI» Volume: 13 Issue: 1 Pages: 622-629 Published: WIN 2013
36. Adi Ignatius. «The New Rules of Entrepreneurship». ¬ Source: - «HARVARD BUSINESS REVIEW» Volume: 91 Issue: 5 Pages: 16-16 Published: MAY 2013
37. Joakim Westerlund. «A modified LLC panel unit root test of the PPP hypothesis». ¬ Source: «EMPIRICAL ECONOMICS» - Volume: 44 Issue: 2 Pages: 833-860 DOI: 10.1007/s00181-012-0552-x Published: APR 2013
38. Елшібаев, Р. Қ. «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру». ¬ Алматы: «Экономика», - 2009, ¬ 218б.
39. И. В Амирханова. «Контрактное право». Общая и Особенная части. ¬ Алматы: «Жеті жарғы», - 2009, ¬ 136с.
40. А.Ж Бикебаев. «Конкурентное (антимонопольное) право и политика Республики Казахстан». ¬ Алматы: «Саят Жолши и Партнеры», - 2012, ¬ 336с.
41. Мыңатаев М. М. «Нарық жағдайындағы кәсіпорын экономикасы». ¬ Алматы: «Экономика», - 2011, ¬ 205б.
42. Оразалин К.Ж. «Кәсіпорын экономикасы». ¬ Алматы: «LEM», - 2011, ¬ 296б.
43. Көпешова Б. «Корпорациялар қаржысы». ¬ Алматы: «Қазақ университетi», - 2010, ¬ 258б.
44. Арын Е. М. «Басқару теориясы». ¬ Павлодар. – 2011, ¬ 320б.
45. Жұмамбаев С. «Өндірістік менеджмент». ¬ Алматы: «Қазақ университетi», - 2009, ¬ 228б.
46. М. Т Жоламанова. «Деньги. Кредит .Банки». ¬ Алматы: «Евразийский институт рынка», - 2011, ¬ 384с.
47. Жүнісбекова Г. Е. «Кәсіпорындағы контроллинг». ¬ Алматы: «Экономика», - 2010, ¬ 144б.
48. Д.Я Куатова. «Экономика предприятия». ¬ Алматы: Экономика, - 2011, ¬ 352с.
49. Б.С Мырзалиев. «Бухгалтерский учет на предприятиях и организациях». ¬ Алматы: «Заң әдебиет», - 2008, ¬ 232с.
50. Қазақстан Республикасы «Бәсекелестік туралы» Заңы. ¬ Алматы, - 2011.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы