Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 17:02, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын ұйымдардың бірі ол – шаруашылық серіктестіктер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады [2].
Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда – қатысушылар деп атайды. «Құрылтайшы» және «қатысушы» ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес. Үлес алуға кұқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп тануға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей кұрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгеңде, «құрылтайшы» терминін пайдаланады [3,50].

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................
1 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ..........
1.1 Шаруашылық серіктестіктің қатысушылары. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты..............................................................................................
1.2 Жарғылық капиталға салым салу және қатысушылардың үлесі.................
1.3 Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері....
2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ.............................................................................................................
2.1 Толық серіктестік.............................................................................................
2.2 Сенім серіктестік..............................................................................................
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік...............................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

дипломка шаруашылық серіктестіктер.docx

— 152.20 Кб (Скачать документ)

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» заңымен қамтылған. Сонымен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың келесідей құқықтары бар:

1.Заңда және серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;

2.Серіктестік жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға;

3.Серіктестік қызметінен заңға, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;

4.Серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;

5.Заңда көзделген тәртіппен өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке өзінің қатысуын тоқтатуға;

6.Заңда  немесе серіктестіктің жарғысында көзделген олардың құқықтарын бұзған серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы. Сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың келесідей міндеттері бар:

1.Құрылтай шартының талаптарын орындауға;

2.Құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;

3.Серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;

4.Серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда заңда көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға міндетті.

Сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының серіктестік құрылтай құжаттарында, заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы мүмкін [32,46].

Дипломдық жұмыстың кіріспе бөлімінде азаматтық құқық саласы ол жеке құқық саласы екенін жазып өткенбіз. Тиісінше жеке тұлғалар шаруашылық серіктестіктердің қатысушысы бола отырып заң мен жарғылық құжаттарда көрсетілген құқықтар мен міндеттерге ие болады. Әрине, осыған байланысты заң шығарушылар серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін нормативтік - құқықтық актілерді қабылдауда. Бұл процесстің негізгі мақсаты әрине кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда туындайтын құқықтық, экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІНІҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

2.1 Толық серіктестік

Толық серіктестік – шаруашылық серіктестіктердің барлық ұйымдық-құқықтық нысандарының ішіндегі ең ежелгісі. Бұл нысанда тұлғалық элементі ерекше айқын көрсетілген және серіктестік міндеттемелері бойынша қатысушылардың жауапкершілігін шектемейді. Толық серіктестік жеке тұлғамен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік-сауда қызметін жүзеге асырудың жеткілікті түрдегі ескі нысаны болып табылады. Сауданың дамуы капиталдың біріктірілуімен қатар, сауда операцияларын жүргізу үшін көпестердің дербес күш салуын талап етті, сондықтан серіктестіктердің алғашқы нысандары Ежелгі Римде белгілі бола бастады, ал жаңа заманғы толық серіктестіктердің белгілеріне ие алғашқы серіктестіктер шамамен он екінші ғасырдың бірінші жартысында Венецияда «сауда компаниясы» деген атаумен пайда болды. Толық серіктестіктердің қатысушылары тек жеке тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалар да болды [33,112].

Көптеген мемлекеттердің заңнамасында толық серіктестік деп ағылшын тілінде «General partnership», неміс тілінде «offene Handelsgesellschaft», француз тілінде «Societe en nom collectif» жеке және заңды тұлғалардың ортақ фирма астында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған бірлестігі түсініледі [34,145]. Сауда серіктестіктері туралы 1966 жылғы Франция заңы толық серіктестіктік қатысушылары саудагерлер ретінде шығатын және серіктестіктер деп аталып, серіктестік міндеттемелері бойынша шектелмеген және ортақ жауапкершілікте болатын бірлестік деп анықтайды. Францияда толық серіктестік заңды тұлға болып табылады. Сонымен бірге Ресей, Франция және оның жеке құқық жүйесіне кіретін мемлекеттер құқығына сәйкес толық серіктестіктер заңды тұлғалар болып табылады. Америка Құрама Штаттары және Англиядағы толық серіктестікке серіктестіктің ерекше түрі «партнершип» сәйкес келеді. «Партнершип» ортақ фирма астында әрекет ететін шарттық бірлестік болып табылады. Англияда да, Америка Құрама Штаттарында да «партнершип» заңды тұлға болып табылмайды. «Партнершиптің» атынан шарттар жасалады, құжаттарға қол қойылады, сотта және арбитражда талап қойылады [35,88].

Толық серіктестіктің қатысушылары екіден кем емес жеке тұлғалар болуы мүмкін, оған қоса азамат бір ғана толық серіктестіктің қатысушысы бола алады. Сонымен қатар, ол бір уақытта сенім серіктестігінің толық қатысушысы бола алмайды. Қатысушылар санының жоғарғы шегі шектелмеген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заң ережелерін сипаттай келе, екі ерекшелікті атап көрсету керек.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 63-бабына сәйкес, толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. Толық серіктестік қатысушылары кез келген корпоративтік ұйымдар үшін дәстүрлі құқықтар мен міндеттер жиынтығына ие. Оларға мынадай құқықтар берілген:

1.Серіктестік істерін басқаруға қатысуға, егер құрылтай құжаттарымен басқаша көзделмесе, әрбір қатысушы жоғары органда дауыс беруде бір дауысқа ие;

2.Серіктестіктің қызметі туралы толық ақпарат алуға;

3.Құрылтай құжаттарымен өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы үлес көлеміне қарай таза табыс бөлігін алуға;

4.Серіктестіктен шығуға;

5.Серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің жарғылық капиталдағы үлеске пропорционалды бір бөлігін алуға құқығы бар.

Сонымен қатар, толық серіктестік қатысушыларының келесідей міндеттері бар:

1.Құрылтай құжаттарының ережелерін сақтауға;

2.Серіктестік қызметіне қатысуға, соның ішінде серіктестік атынан істерді жүргізуге немесе қызметін жүзеге асыруға көмек көрсетуге;

3.Құрылтай құжаттарында көзделген тəртіпте, мөлшерде жəне мерзімде салымдар енгізуге;

4.Қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасасудан бас тартуға;

5.Серіктестік қызметі туралы коммерциялық құпияны жария етпеуге міндетті. Аталған құқықтар мен міндеттердің тізімі толық емес, ол заңнамалық актілер және құрылтай құжаттарымен кеңейтілуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн.

Қатысушы серіктестік пен оның қатысушыларына зиян келтіретіндей өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, басқа қатысушылар келтірілген зиянның орнын өтеуге құқылы, ал елеулі залал келтірсе – сот тәртібімен серіктестіктен шығарып жіберуге де құқығы бар. Толық серіктестіктегі тұлғалық элементтің маңызды болу міндеттемесі «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңда көрсетілген үлестен айыру рәсімінде көрініс табады. Осыған байланысты толық серіктестіктің ерекшелігі төмендігіден тұрады: заң мағынасына сәйкес, үлестен айыру кез келген нысанда және кімнің пайдасына берілетініне қарамастан, қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, әрекет қабілетсіз деп мойындалған немесе хабар-ошарсыз жоғалған, не қатысушы әрекет қабілеттілігінен шектелген қатысушы қамқоршысының серіктестік қызметіне қатысуына барлық қатысушылардың келісімі талап етіледі. Барлық қатысушылардың келісімінсіз серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауа да мүмкін емес.

Толық серіктестік өзінің қатысушыларымен байланысты мына келесі жағдайлардың бірі болса, таратылады:

1.Қатысушының серіктестіктен шығуы;

2.Қатысушының банкрот деп танылуы;

3.Несие берушілердің қатысушы үлесін өндіріп алуға өтініш жасауы;

4.Қатысушының қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау, яғни бұл жағдайда оның мұрагері қалған барлық қатысушылардың келісімімен серіктестікке кіре алады;

5.Қатысушыны хабар-ошарсыз кетті, әрекет қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану. Осы аталған жағдайлар болса және құрылтай құжаттары немесе қатысушылар келісімімен өзгеше көзделмесе, толық серіктестік таратылады.

Қатысушының толық серiктестiктiң жеке борыштары бойынша өз үлесiн өндiрiп алуға өтiнiш жасауына борыштарды өтеу үшiн оның басқа мүлiктерi жеткiлiксiз болған жағдайда ғана жол берiледi. Мұндай қатысушының несие берушiлерi толық серiктестiктен серiктестiк мүлкiнен ақы өндiрiп алу мақсатымен борышқордың жарғылық капиталдағы үлесiне сәйкес мүлiктiң бiр бөлiгiн бөлiп берудi талап етуге құқылы.

Толық серіктестіктің қатысушылары үшін заңшығарушы серіктестіктен еркін шығу құқығын сақтап қалады. Ол үшін қатысушыға жалпы ереже бойынша алты ай мерзімнен кешіктірмей мәлімдеме жасауы жеткілікті. Серіктестіктен шығу кезінде қатысушы жарғылық капиталдағы үлесіне тең мүлік бөлігі құнын алуға құқылы.

Қатысушылар қалатын қатысушылардың бiрауыздан қабылдаған шешiмi бойынша және оған дәлелдi себептер болған жағдайда, атап айтқанда, оның өз мiндеттерiн орындамауы немесе iс жүргiзу қабiлетсiздiгi байқалған жағдайда серiктестiктен сот тәртiбiмен шығарылуы мүмкін. Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық және сенім серіктестігінен басқа, шаруашылық серіктестікті бір тұлға құра алады, ол оның жалғыз қатысушысы болады. Толық серіктестік қатысушыларының саны мен мәртебесі туралы сұрақ ерекше талқылауды талап етеді. Олар тек жеке тұлғалар бола алады, және Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Осылайша, ол бір уақытта сенім серіктестігінің толық қатысушысы бола алмайды. Сонымен қатар қатысушылар санының жоғарғы шегі шектелмеген.

Толық серіктестіктегі тұлғалық элементтің маңызды болу фактісі «Шаруашылық серіктестіктер туралы» заңымен регламенттелетін үлестен айыру рәсімімен дәлелденеді. Осыған байланысты толық серіктестіктің ерекшелігі төмендігіден тұрады: жарлық мағынасына да сәйкес, үлестен айыру кез келген нысанда және кімнің пайдасына берілетініне қарамастан, қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, әрекет қабілетсіз деп мойындалған немесе хабар-ошарсыз жоғалған, не қатысушы әрекеттілігінен шектелген қатысушы қамқоршысының серіктестік қызметіне қатысуына барлық қатысушылардың келісімі талап етіледі. Барлық қатысушылардың келісімінсіз серіктестікке жаңа қатысушыларды қабылдауа да мүмкін емес.

Толық серіктестік серiктестiкте жалғыз қатысушы қалып, ол алты ай iшiнде серiктестiктi қайта құрмаса немесе жаңа қатысушылар қабылдамаған жағдайда да таратылады. Толық серiктестiкке қатысушының қалған қатысушылардың келiсiмiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi жақтардың мүдделерi үшiн серiктестiк қызметi мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасасуға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушылардан не серiктестiкке келтiрiлген залалдың орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiктiң органдары барлық қатысушыларға олардың талап етуi бойынша өз қызметi туралы толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi.

Өкiлеттiгi болмаса да ортақ мүдделер үшiн әрекет жасаған қатысушы, оның әрекеттерiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер өз әрекеттерiнiң арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығындардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдеген жағдайда серiктестiктен өзi жасаған шығындардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Қатысушы серіктестік пен оның қатысушыларына зиян келтіретіндей өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, басқа қатысушылар зиянды өтеттіруге құқылы, ал елеулі залал келтірсе – сот тәртібімен серіктестіктен шығарып жіберуге құқылы.

Германиядағы толық серіктестіктің қатысушылары ретінде жеке және заңды тұлғалар да шыға алады. Францияда алайда, егер заңды тұлға толық серіктестіктің мүшесі болса, оның басқарушылары өздері басқаратын заңды тұлғаның ортақ жауапкершілікте болатын толық серіктестіктермен бірдей жағдайлар мен міндеттерге ие болып, сондай жауапкершілікте болады [36,125]. Өз уақытында революция алдындағы цивилист А.П. Башилов толық серіктестік мүшелерін былай анықтады: «Толық серіктестіктердің әрқайсысы келісім шарттарымен байланысты болуына қарамастан, сауда-құқықтық қатынастардың жеке субъектісі болып табылады, иесі ретінде әрекет етеді, сондықтан да сенімхатты қажет етпейді». Басқа тұлғалардың қатысуы серіктестіктің қалған барлық қатысушыларының келісіміне тәуелді. Серіктестік қызметінің басты мақсаты табыс келтіру болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін серіктестік келесідей заңмен тыйым салынбаған негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады. Серіктестік лицензия негізінде тізімі заңнамалық актілермен айқындалатын жеке қызмет түрлерімен айналыса алады [37,205].

Толық серіктестік – толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік. Толық серіктестіктің жарғылық капиталы: Толық серіктестіктің қатысушылары айлық есептік көрсеткіш жиырма бес мөлшерінен кем болмауы керек.

Толық серіктестікті басқару: Толық серіктестіктің жоғарғы органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серіктестікті басқару толық серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзіреттері құрылтай құжаттарымен анықталады. Толық серіктестіктің борыштары бойынша қатысушылардың міндеттері: Егер толық серіктестік тартатылған жағдайда оның барлық борыштарын өтеу үшін нақтылы мүлкі жетпейтін болса, серіктестік борыштары үшін жетіспейтін бөлігі жөнінен оған қатысушылар ортақ жауапкершілікті өздерінің заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алатын барлық мүлкімен өз мойнына алады [38,68].

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шаруашылық снеріктестіктердің құқықтық жағдайы