Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 19:34, дипломная работа
Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.
Қара және түсті металлургияның көптеген ұқсастықтары бар:
1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.
2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;
3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.
Кесте 15
Ресейден шойын экспорты.
Экспортер-кәсіпорындар |
Ж ы л д а р | |||
2000 |
2001 | |||
мың т. |
% |
мың т. |
% | |
“Тулачермет”“Свободный Сокол” Новолипецк комбинаты Кузнецк комбинаты Косогор металлургия зауыты Чусовск металлургия зауыты |
2000 115 458 81 408 177 |
95,0 35,4 5,9 3,1 77,9 24,5 |
2100 529 415 381 350 160 |
90,0 91,2 5,6 13,8 87,0 23,5 |
Прокаттың негізгі экспортерлары Ресейдің тоғыз аса ірі кәсіпорындары болып табылады – олардың үлесіне экспорттың жалпы көлемінің 90 %-тан астамы келеді /кесте 16/. Ал ірі үш комбинаттың үлесіне - Магнитогорск, “Северсталь” және Новолипецк – 2001 ж. ресейлік прокат экспортының 52 %-ы келген. Экспорт Түркия (15 %), Қытай (11 %), Египет (9 %), Тайвань (8 %), АҚШ-на (7 %) бағытталған. ТМД-ның ешбір елі Ресейден ірі импорттаушы қатарына кірмейді /25/.
Кесте 16
Ресейден дайын прокат-
Экспортер -кәсіпорындар |
Ж ы л д а р | |||
2000 |
2001 | |||
мың т. |
% |
мың т. |
% | |
Новолипецк комбинаты Магнитогорск комбинаты «Северсталь» Нижнетагиль комюинаты Батыс-Сібір комбинаты Кузнецк комбинаты Оскольск электрометаллургия комбинаты «Мечел» «Носта» |
5445 5355 4324 2653 2392 1378
1280 984 786 |
72,4 61,0 52,2 78,7 53,4 50,7
72,3 36,5 35,3 |
5035 4522 36,74 2605 2611 1494
1401 1225 938 |
68,7 49,6 46,0 71,8 56,4 56,9
74,3 43,2 48,2 |
Сұрыптық прокат экспорты негізінен 2001 ж. Иран (17 %), Қазақстан (18 %), Қытай (8 %), Беларусь (7 %), Украина (7 %) және АҚШ-на (7 %) бағытталды. Беттік прокат экспорты негізінен 2001 ж. Малайзия (14 %), Қытай (10 %), Түркия (7 %), АҚШ (7 %), Италия (6 %), Корея республикасы (6 %), Иран (5 %) және Беларуське (5 %) бағытталды. Прокаттың аса ірі экспортерлары елдегі Новолипецк металлургия комбинаты мен Батыс – Сібір металлургия комбинаты. Нарықтық экономикаға өту (1992 ж) кезеңіне қарай бұл кәсіпорындардағы прокат өндірісінде экспорт үлесі аса жоғары болмады. 1992-1996 жж. кезеңінде екі кәсіпорында да прокат экспортының көлемі 5-6 есе ұлғайды. Сонымен қатар оның жалпы өндіріс көлеміндегі үлес салмағы күрт өсті. Кейіннен (1997-1998 жж.) ресейлік металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі салдарынан экспорт көлемі біршама кеміді. 1999-2001 ж. отандық металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылап экспорт көлемі ұлғайды. Тек екі ғана кәсіпорын-комбинаттарда (Магнитогорск және “Северсталь”) беттік және сұрыптық прокаттың үлесі 2001 ж. бүкіл прокат экспортының көлемінде 77-84 % құрады. Беттік прокат экспортының 95 %-ы шамасында отандық үш ірі кәсіпорындар үлесіне келді. Сұрыптық прокаттың аса ірі экспортеры (бүкіл экспорт көлемінің 25 %) 2001 ж. Батыс-Сібір комбинаты болды. Болат құбырларының экспорты жөніндегі мәліметтер 17-кестеде келтірілген. Трубалардың жалпы өндірісінде экспорттың үлес салмағы отандық ірі кәсіпорындарда онша үлкен емес (Северстальдан өзгелері), алайда олардың өсу тенденциясын байқауға болады. 2001 ж. трубалардың негізгі импортерлары Қазақстан (25 %), Беларусь (13 %), Германия (9 %) және Италия (6 %) болды.
Трубалардың ірі экспортерлары қатарына, сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан кіреді. Бұл елдердің әрқайсысына экспорт көлемінің шамамен 5 %-ы келген /26/.
Жалпы талдау нәтижесі 1999-2002 жж. кезеңінде ТМД елдерінде қара металлургия өнімдерінің өндіріс көлемінің өскенін көрсетеді. Осылайша, болат құбырлар, дайын прокат, болаттың өндіріс көлемдері 52; 40 және 37 %-ға өскен. Алайда бұл аралықты 2 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде (1999-2000 жж.) ТМД елдеріндегі болат өндірісі көлемінің өсім қарқындылығы жалпы дүниежүзілікке қарағанда жоғары болған (3 еседен астам). Екінші кезеңде (2001-2002 жж.) ТМД елдеріндегі болат өндірісі көлемінің өсім қарқындылығы жалпы дүниежүзілікке қарағанда төмен болды (2 еседей). ТМД елдеріндегі қара металлургияның өсім қарқындылығының баяулауы Ресей мен жалпы ТМД-ғы өнеркәсіптік өндіріс қарқындылығының төмендеуінен болды.
Кесте 17
Ресейден болат трубаларының экспорты.
Экспортер-кәсіпорындар |
Ж ы л д а р | |||
2000 |
2001 | |||
мың т. |
% |
мың т. |
% | |
Челябинск ТПЗ Волга құбыр Таганрог металлургия зауыты Синар құбыр Первоуральск НТЗ “Северсталь” Выксунск металлургия зауыты Северск құбыр |
88 79 66 33 54 80 29 22 |
14,0 19,3 14,3 7,0 8,7 47,9 3,8 4,5 |
105 89 83 79 67 65 32 21 |
15,3 17,3 16,5 14,7 10,6 38,9 3,9 4,3 |
Ресей мен Украинаның металлургиялық кәсіпорындарында өндірістің техникалық деңгейін жоғарылатуға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде. Алайда инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі салдарынан оның жүзеге асу қарқындылығы аса жоғары болмай отыр.
Дүниежүзілік болат рыногында ТМД-ның, соның ішінде Ресейдің металлургиялық кәсіпорындары түрлі тарифтік және тарифтік емес шектеулерге ұшырауда. Бұл жағдай және сонымен бірге көптеген жағдайда өнімнің аса жоғары сапалы болмауы, экспорт құрылымының қанағаттанарлықсыз болуына әкеліп соқты.
2000-2002 жж. Ресейден ТМД
елдеріне бағытталған қара
2.3 Ресейдің
қара металлургиясының
Көптеген жылдар бойы авторлар Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденцияларын қарастырды. Бұл зерттеулердің негізгі мазмұны төмендегідей болды:
1. Жекелеген факторлардың жағымсыз әсерін жою немесе орнын толтыру шараларын құру мақсатында қара металлургияның техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын зерттеу мен факторлық талдау;
2. Саланың реструктуризациясы бағдарламасына ұсыныстар құру мақсатында, атап айтқанда, шектен тыс және тиімсіз өндірістік қуаттылықтарды жою мақсатында, металлургиялық кәсіпорындардың түрлі топтарының техникалық – экономикалық денгейін бағалау;
3. Отандық металл өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін
Төменде Седых А.М., Юзов О.В., Афонин С.З. сияқты авторлардың зерттеулерінің негізгі нәтижелері келтірілген.
Өнім өндірісінің көлеміндегі өзгеріс сипаты турғысынан Ресейдің қара металлургиясының бүкіл постсоветтік даму кезеңін ірі үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1992-1998 ж ж.) ішкі металл қолданудың күрт төмендеуімен (4 есе) сипатталады. Осы уақытта металл прокатының сыртқы саудасында айтарлықтай жақсару байқалды. Осылайша, егер 1991 ж. сыртқы сауданың теріс сальдосы 1,6 млн.т. құраса, 1998 ж.сыртқы сауданың оң сольдосы 20 млн.т. асқан. Осыған байланысты бірінші кезеңде дайын прокат өндірісіндегі көлемнің төмендеуі 38 % қана құрады /кесте 18/.
Айта кететін жағдай, бұрынгы КСРО – да болат өндірісінің максималды көлемі (163 млн.т) 1988ж. Тіркелген болатын. 1989 жылдан бастап өндіріс көлемінің кемуі орын алды – үш жыл ішінде (1989-1991ж) ол 30,2 млн.т немесе 18,5% - ға кеміген. Сала көлемінің кемуі ары қарай экстенсивті даму мүмкіндігінің жоқтығына негізделді. 90- шы жылдардың басындағы отандық қара металлургия еңбектің төмен өнімділігі, өндірістің материал мен энергияны көп қажет етуімен, тиімсіз технологиялық және өндірістік құрылыммен сипатталады.
Нарықтық реформалардың басталуынан кейін (1992) ТМД елдері, соның ішінде Ресейдің халық шаруашылығында, атап айтқанда қара металлургиясында жинақталған келіспеушіліктер мен қарама – қайшылықтар аса айқын белгі бере бастады. Осы жағдайлар және бұрын қалыптасқан шаруашылық байланыстардың жойылуы өндіріс көлемінің қулдырау қарқындылығының жылдамдауына әкеліп соқты.
Екінші кезеңде (1999-2000 жж.) параллелді түрде екі процесс дамыды: 1) шамамен 1,5 есе ішкі металл тутынудың күрт жоғарылауы (импортты алмастыруды іске асыруға байланысты); 2) прокаттың сыртқы саудасында оң сальдоның шамамен 25%-ға жоғарылауы. Осыған байланысты аталған екі жылда дайын прокат өндірісінің көлемі шамамен 37%-ға өсті.
Үшінші кезеңде (2001-2002ж.ж.) жағдай біршама өзгерді. Рубль девальвациясы эффектінің біртіндеп кемуі мен дүниежүзілік рыноктың жағымсыз конъюктурасына байланысты прокат экспорты көлемінің өсуі мен прокаттың сыртқы саудасыедағы оң сальдоның өсім қарқындылығы айтарлықтай төмендеді. Сонымен бірге бір үақытта ішкі металл тутыну өсімінің қарқындылығы айтарлықтай (3 еседен астам) баяулады /кесте18/ Осыған байланысты 2001 – 2002 жж. дайын прокат өндірісінің көлеміндегі орташа жылдық өсім қарқындылығы шамамен жылына 2,0% ға кеміді.
Ресейдегі дайын прокат тұтынушы мен өндірісінің балансы.
Көрсеткіштер |
Жылдар | |||||
1991 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 | |
Тұтыну |
56,7 |
15,0 |
15,6 |
21,5 |
24,2 |
22,4 |
Экспорт |
12,4 |
21,8 |
26,6 |
27,0 |
24,9 |
27,6 |
Сыртқы сауда сальдосы |
14,0 |
1,6 |
1,3 |
1,8 |
2,0 |
1,3 |
(+; -) |
-1,6 |
+20,2 |
+25,3 |
+25,2 |
+22,9 |
+26,3 |
өндіріс |
55,1 |
35,2 |
40,9 |
46,7 |
47,1 |
48,7 |
Өндірістегі экспорт үлесі,% |
22,5 |
61,9 |
64,9 |
57,8 |
52,9 |
56,7 |
Тұтынудағы импорт үлесі,% |
24,7 |
10,7 |
8,2 |
8,4 |
8,3 |
5,8 |
Ерекше көзге түсетін жағдай екінші кезеңде отандық металлургияда өндіріс көлемінің өсім қарқындылығы жалпы өнеркәсіпке қарағанда 1,8 есе жоғары болған, ал дүниежүзілік қара металлургияға қарағанда 3,5 есе жоғары болған. Ал үшінші кезеңде жағдай түбегейлі өзгерді - отандық қара металлургияның өсім қарқындылығы жалпы өнеркәсіп пен дүниежүзілік қара металлургиядан төмен.
Бірінші кезеңде нарықтық
Екінші кезеңде рубльдің
2001-2002 жж. металл өнімдері өндірісінің көлеміндегі өсім қарқындылығының күрт баяулауы жағдайында металлургиялық кәсіпорындар қызметінің экономикалық көрсеткіштерінің нашарлауы орын алды.
Жалпы 1991-2002 ж.ж. кезеңде елдегі дайын прокат тұтыну 2,5 есе кеміді. Алайда өнімнің бұл түрінің өндіріс көлемі тек 12% ғана кеміді /кесте 18/. Бұл көрсеткіштердің мұндай ара-қатынасы сыртқы сауда сальдосының күрт өзгеруімен негізделген. Алайда ішкі металл тұтынудың кемуін металл өнімдері экспортының ұлғайуы есебінен орнын толтыру мүмкіндіктері іс жүзінде сарқылған-дығын анализ көрсетіп отыр. Сондықтан қара металлургия дамуының аса маңызды стратегияларына ішкі рынокта отандық метал өнімдеріне сұранысты дамыту мен дүниежүзілік рынокта ресейлік метал өндірушілердің позицияларын сақтау. Жоғарыда айтылған қара металлургия дамуының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін өнім өндірісіне кететін шығынды кемітумен соның негізінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды болып табылады /27/.
Айта кететін жай 1992 жыл сала кәсіпорындарының еркін баға бекіту жағдайында жұмыс жасап, өткізушілер мен тұтынушыларды өз бетінше іздеу, дүниежүзілік рынокта бәсекелестікке белсенді қатысуының алғашқы жылы болды. Алғашқы кезеңде кәсіпорындардың сыртқы экономикалық іс-әрекетке қатысуы аса қолайлы жағдайларда жүзеге асты – 1992ж басында металл өнімдеріне ішкі рыноктағы бағалар дүниежүзілік бағалардың 20% дан кем құрады. Алайда, бәрімізге белгілі, бәсекелестік ( әсіресе дүниежүзілік рынокта) мол қаржы салымдары мен өндірістік аппараттың жаңаруы мен жетілдірілуін талап етеді. Ресейлік қара металлургияда мүлдем өзгеше жағдай қалыптасты- РФ ӨнеркҒылМин-ң және Экономика Институтының мәліметтері бойынша инвестицияның орташа жылдық көлемі келесі мәліметтермен сипатталады (%): 1991-100; 1992-88; 1993-67; 1994-45; 1995-48; 1996-35; 1997-34; 1998-34; 1999-38; 2000-58; 2001-65; 2002-56.
Информация о работе Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.