Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 19:34, дипломная работа
Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.
Қара және түсті металлургияның көптеген ұқсастықтары бар:
1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.
2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;
3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.
Атап айтсақ, Орал металлургиялық базасы өзіндік темір рудаларын, Курск магнит аномалиясының (КМА) рудаларын, Қазақстанның Қостанай тобының кен орындарының рудаларын (Соколов-Сарыбай т.б) пайдаланады. Көмір Кузнецк және Қарағанды алаптарынан жеткізіледі.
Қара металлургияның орталық базасы Абакан, Ангар-Илим кен орындарының, КМА ,Кола түбегінің темір рудаларын, Кузбасс көмірін пайдаланады.
Қара металлургияның қиын балқитын металдары (марганец, хром, титан, никель, кобальт, вольфрам, молибден, ванадий, тантал және ниобий) қара металдар экономикасымен тығыз байланысты сала болып табылады.
Ресейдің түсті металлургиясы жақын орналасқан кен орындарының түсті металдарын (мыс, қорғасын, мырыш, қалайы және алюминий) пайдалануға негізделген, яғни шикізат көздеріне бейім. Алайда бұл барлық түсті металдарға байланысты емес. Мысалы, алюминий өндірісі арзан энергия көздеріне (Красноярск, Братск алюминий зауыттары) бейім орналасады /9/.
Ресей металлургиясының өнімдері дүниежүзілік метал өндірісі мен саудасында айтарлықтай үлес алады: 2001 жылы. Ресейде 59 млн тонна болат өндірілген, ол әлемдік өндірістің 7% -ы (4 орын). Оның ішінде қара металдар прокатының өндіріс көлемінің 55%-ы экспортталды, ол 26 млн тонна немесе әлемдік сауданың 10% болып табылады (1-ші орын). Ресейдің түсті металдардың негізгі 6 түрінің дүниежүзілік өндірістегі үлесі ( алюминий, никель, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы) 8,5% болып табылады. Экспортқа негізгі түсті металдардың жалпы ұлттық өндірісінің 80%-ы кетеді, сирек металдардың 70%-ы кетеді.
Қара металлургияның ресейлік экспортында шикізат пен жартылай фабрикаттар (руда, лом, кокс, шойын, құймалар т.б.) 60%-н құрайды. Түсті металлургия экспортында 80%-алғашқы негізгі металдарға келсе тек 10%-қана аса жоғары қайта өңдеудегі өнімге сәйкес келеді.
Осы фактор әсерінің нәтижесінде
соңғы метал өнімін (труба мен
прекат) өндіру қуаттылығының деңгейі
төменгі қайта өңдеудегі метал
өнімдерінің деңге.йімен
Сонымен қатар төменгі сатылы қайта өңдеудегі метал өнімдерінің рыногында ресейлік кәсіпорындар өзге елдер тарапынан қысым сезінуде. (Ең алдымен Қытай, Үндістан, Бразилия т.б.). Өндірістік шығынның аз болуы мен жоғары сапалы рудалы базаға ие бұл елдер ұлттық металлургиялық өнеркәсіп құру мақсатында зор шетелдік инвестицияны жұмылдыра білді.
1.2 Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары.
1999-2001 жылдардағы кезеңде
өндірістің біршама
Негізгі түсті металдарға деген сұраныс 1999 –2001 жж. жылына 15-25% қарқындылықпен ұлғайды. Түсті металдардың негізгі бөлігі ішкі рынокта транпорттық машина жасауда тұтынылады (түрлі металдардың 30-дан 50%-дейін) және одан кейінгі де үлестің ұлғаюы құрылыста қолдану (10-15%-дан 20-40%-ға дейін ) мен қорғаныс өнеркәсібі есебінен болуы мүмкін /9/.
Сыртқы рыноктардағы шектеулерді ескерсек, Ресей металлургиясының 2010 жылға дейін даму перспективасы, ең алдымен оның өніміне деген сұраныстың ішкі рынокта ұлғаюымен байланысты болмақ. Бүгінгі таңда Ресей қара металдар өнімдерінің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша негізгі өнеркәсіптік дамыған елдерден артта келеді, яғни 2001 жылы бұл көрсеткіш 154 кг/ад құраған. Ал Жапония, АҚШ, Европада – 350-550кг/ад.
Алайда ішкі метал
тұтынудың өсім қарқындылығы баяулауда:
2002 жылдағы жалпы Ресей экономикас
Алдағы 10 жылда өнім бөлісу
жөніндегі келісім
Ішкі метал рыногын жандандырудың маңызды факторы экономиканың барлық салаларында негізгі қорды жаңарту қажеттілігі мен металл тұтынатын базалық салаларда машина жасау, құрылыс және ОЭК-өндіріс пен инвестицияны дамыту болып табылады.
Қазіргі кезде қара металлургия өнімдерінің тұтынышылары төмендегілер болып табылады:
1.Машина жасау кәсіпорындары –11 млн. тонна (соның ішінде автомобиль жасау – 2 млн т.);
2.Капиталды құрылыс –3,5 млн. т;
3.ОЭК кәсіпорындары – 3млн. т;
4.Темір жол транспорты – 1,6 млн. т.
Макрокөрсеткіштердің болжамдары Ресей экономикасының жекелеген салаларының даму стратегияларымен сәйкес қара металл өнімдерінің ішкі рыногы сыйымдылығының 2005 жылы 26,5 млн.тонна, 2010 жылы 32-33 млн. тоннаға дейін кеңеюі күтілуде. Сонымен, металл тұтыну өсімі 2001 жылмен салыстырғанда 20 % және 45 % құрайды /10/.
Қара металдардың дайын
прокаттарын тұтынудың
Осылайша, титан өндірісінің
энергияны аса көп қажет
Түсті металға деген сұраныс, ең алдымен, әсіресе алюминий және мыс прокатындағы төртінші қайта өңдеу өніміне қажеттіліктің өсімімен (2000 жыл деңгейіне қарағанда 2010 жылы 70-80% -ке) салыстырып қарағанда титан және латун прокатында 60-70-ке, анықталады. Бұл негізгі түсті металға деген сұраныстың 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 55-60 % -ке дейін өсуіне әкеліп соғады.
Металлургияның дамуы үшін мемлекеттің металды көп қажет ететін салаларды дамыту мақсатында тиімді жағдай қалыптастыру есебінен ішкі металл тұтынуды белсендірудің маңызы зор. Атап айтқанда 2010 жылға қарай болжанған автомобиль өндірісін екі есе ұлғайту металл прокатын тұтынуды жылына 2 млн. тоннаға ұлғайтуы қажет, коммуналды шаруашылық пен ОЭК салаларында тозған құбырларды алмастыру 1,5 млн.тоннаға, лизингті ұлғайту есебімен ауыл шаруашылық техникасының өндірісін ұлғайту –1 млн.тоннаға. Қорғаныс тапсырысы да металл тұтынуды айтарлықтай өсіруі қажет /11/.
2010 жылға дейінгі кезеңде
ресейлік металлургия
Аса күрделі проблемаға дүниежүзілік болат рыногындағы жағдайдың күрт нашарлауын жатқызуға болады. Соңғы жылдары ресейлік металлургия сыртқы рыноктарда қара металдар өнімін өткізуге байланысты қиыншылықтарға тап болуда. Бұл ресейдің металлургиялық кәсіпорындарына 50 астам сауда шектеулерінің қойылуына байланысты болды. Яғни АҚШ-пен «Болат туралы келісімнің» және ЕО-мен «Болат өнімдеріне квота туралы келісімнің» мүмкіндіктері айтарлықтай шектелуде.
Бұл жағдай дүниежүзілік
қара металдар рыногының дамуындағы
негативті тенденциялармен
АҚШ–да 2000-2001 жж. аралығында ірі болат құю компанияларының 14 банкротқа ұшырауы тіркелген. Өз өндірушілерін қорғау мен әлуметтік қиыншылықтарды төмендету мақсатында АҚШ үкіметі 2002 жылдың 6-шы наурызында метал өнімдерінің 14 категориясы бойынша арнайы қорғаныс шараларын енгізіп, дүниежүзілік рыноктың шамамен 15%-ын жапты.
Бұл шараларды енгізу болат рыногындағы «домино» эффектіне әкеліп соқты: қосымша қорғаныс шараларын енгізу туралы 2002 жылдың наурыз-сәуірінде ЕО, Қытай, Канада, Малайзия және т.б. бірқатар елдер жариялады. Нәтижесінде 2002 жылдың мамырында дүниежүзілік болат рыногының ≈ 60%-і жабылды.
Дүниежүзілік қара металдар
рыногындағы жағдайдың дамуы
жуық перспективада және 2010 жылға
дейінгі кезеңде ірі
Дүниежүзілік қара металдар рыногында 2002 жылдың басындағы дағдарыс ресейлік кәсіпорындар-қара металдар экспортерларының жағдайын нашарлатып жіберді. 2002 жылдың І-кварталының нәтижелері бойынша қара металдардың экспорттық тауарларының (жартылай фабрикаттар мен сұрыптық прокат) жартысына жуығы рентабельсіз болды, ал екінші жартысы рентабельдік шегіне жуықтады.
Мұндай жағдайларда дүниежүзілік рынок конъютурасының нашарлауына шұғыл түрде жауап қайтару қажет, яғни қара металдарға экспорттық салықты салмаған жөн.
Түсті металдардың да дүниежүзілік рыноктары қара металдар рыногы сияқты циклдық ауытқуларға ұшырауда. 1998-2001 жж. кезеңінде дүниежүзілік бағалардың ауытқулары: алюминий бойынша 20-40%, мыста –15-30% никельде –1,5-2 есе болды. Нарық конъюктурасының өзгеруінде салықтың оперативті түзетулерін қамтамасыз ету үшін Лондонның металдар биржасында баға белгілеуге байланысты түсті металдардың экспорттық салығының дифференциясын белгілеу қажет.
Дүниежүзілік түсті металдар рыногында да, 2002 ж. жағдай жағымсыз болды – түсті металдар бағасының деңгейі соңғы 5 жылдағы орташа бағадан төмен болып шықты. Соған қарамастан ресейлік және халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша дүниежүзілік түсті металдар рыногы 2001 жылдың 2-ші жартысында ең төменгі деңгейге жетті, ал 2002 ж нарықтық конъюктура айтарлықтай нашарлады /12/.
Жалпы алғанда, дүниежүзілік түсті металдар рыногында бүкіл 2010 жылға дейінгі кезеңде сұраныстың күшеюі күтілуде, бұл түсті металдардың қара металдарды ығыстырумен байланысты болады. Оптимистік болжамдар бойынша алюминий мен мысты әлемдік масштабта тұтыну орташа жылдық қарқындылығы 2,5-2,7% - пен, мырыш пен рафинирленген қорғасынның тұтынылуы 1,7-2% - пен өседі деп күтілуде
Отандық өндірушілерді қорғау мақсатында ресейлік металл өнімдерінің сыртқы рынокқа енуінің кемсітпеу жағдайын қамтамасыз ету туралы келіссөздер процесін белсендіру қажет (Ең алдымен АҚШ, ЕО және Қытай рыноктарына). Алайда ұзақ мерзімдік перспективада ресейлік металл өнімдерінің экспорт көлемінің жоғары деңгейін сақтау және әлемдік шаруашылыққа аса терең интеграциялануы үшін отандық өнімдердің бәсекеге төзімділігін жоғарылатуға қол жеткізу керек.
Металл өнімдері рыногының
даму перспективалары мен отандық
металлургияның бәсекелестігіне әсер
ететін факторлар металлургия
Бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы–барлық өндірістік қайта өңдеулерде түрлі инновацияларды кең көлемде және жылдам ендіру. Инновациялық – инвестициялық іс-әрекетті күшейту отандық металлургиялық кәсіпорындардың дамуын тежейтін жағымсыз факторлардың әсерін әлсіретіп, өндірістік потенциалдың түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ресейдің металл тұтынушы
салаларының сұраныстарына
1. Штамталудың жоғарғы
категориялы мырышталған
2. Диаметрі 1420 мм изоляциялық қаптамасы бар беріктігі жоғары трубалар;
3. Жүрдек қозғалысқа арналған темір жол рельстері;
4. Автомобиль жасауда
қолданылатын беріктігі жоғары
бекіту детальдарын көлемді
5. Үздіксіз құйма негізіндегі мыс трубалары;
6. Қалыңдығы 0,05 мм латун ленталары;
7. Қалыңдығы 0,18-0,2 мм алюминий ленталары;
8. Түрлі қорғаныс және
декоративті өңделген алюминий
құрылыс профильдері мен
9. Оксидті – жартылай өткізгіш конденсаторлар үшін ниобий және тантал ұнтақтарын;
10. Микроэлектроника талабына сәйкес құрамындағы қоспалардың шектеулі болу шартымен металдық ниобий, тантал, титан және олардың бұйымдары;
11. Сирек металдар негізінде люминифорлар;
12. Әлемдік деңгейге
сәйкес келетін параметрлері
бар галлий арсенидінің
13. Кокс негізіндегі графиттерден кем түспейтін эксплуатациялық сипат деңгейіндегі орташа – және ұсақ бөлшекті графит;
14. Жоғары модульді көміртегі талшықтары;
15. Арнайы техника қажеттіліктері
үшін ұнтақ материалдарының
2010 жылға қарай болаттың конверттердегі өндіріс үлесі --68%, ал электр пештерінде -28% құрау керек. Қара металлургия кәсіпорындарындағы мартендік өндіріс іс жүзінде жойылады, алайда ол өзге салалардың маманданбаған кәсіпорындарында сақталуы мүмкін /13/.
Ауыр металдар өндірісінде аса кең көлемде автогенді процестерді ендіру қажет. Автогенді процестерді қолдану арқылы өндірілген мыс үлесі 80-85% ке, никель үлесі 65-70% ке дейін ұлғаюы тиіс. Алюминий өндірісінде алдын-ала күйдірілген анодтармен жетілдірілген электролизерларда және «құрғақ» және «жартылай құрғақ» анод технологиясы бойынша алынған металл үлесін 75-80%-ке жеткізіп, құйма – прокат өндірісі мен шығарылатын өнім сортаментін кеңейту қажет. Түсті металлургияда өндіріске төменгі сапалы өнеркәсіп өнімдерін қолдануға және шикізатты кешенді қолдануға мүмкіндік беретін экологиялық таза гидрометаллургиялық процестерді кеңінен қолдану қажет.
Информация о работе Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.