Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 19:34, дипломная работа
Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.
Қара және түсті металлургияның көптеген ұқсастықтары бар:
1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.
2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;
3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.
“Эксперт РА” рейтингтік агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген.
Тарауда жасалған талдау қалыптасқан жағдайда ресейлік металлургиялық кәсіпорындардың қызмет нәтижелері негізінен сыртқы факторлар әсерімен анықталады: доллар курсы, отын-энергетикалық кешен мен темір жол транспорты өнімі мен қызметінің баға өзгерісі, әлемдік металл өнімі рыногының конъюктурасы. Дәл осы факторлар әсерінен 2001-2002 жж. сала кәсіпорындарының экономикалық және қаржы көрсеткіштері айтарлықтай төмендеді.
Сала кәсіпорындарында өндіріс эффективтілігін жоғарылату резервтері жеткіліксіз пайдаланылады-еңбек өнімділігінің өсім қарқындылығы төмен, өнімнің материалдық қажеттілігі төмендемей отыр.
Сала кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру қажет. Олардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
-табиғи монополиялардың тарифтік саясатын аса тиімді реттеуді қамтамасыз ету;
-металл өнімдерінің
негізсіз импортынан ішкі
-сыртқы рыноктарды
ресейлік өндірушілерді
Қорытынды
Халықаралық еңбек бөлінісінің қазіргі қалыптасқан жағдайында Ресейдің аса маңызды салалық мамандануының бірі-ұлттық металлургиялық өнеркәсіп.
Ресейдің металлургиялық кешен құрамына тек қара және түсті металлургия ғана емес, өндірістік процестің өзара байланысты салалары мен стадияларының тұтастығы – минералды шикізат өндіруден дайын өнім шығаруға дейін –кіреді. Ресейдегі қара металлургия өндірісі негізінен үш аса маңызды металлургиялық база кәсіпорындарында орналасқан: Орал, Орталық және Сібір.
Ресей металлургиясының өнімдері дүниежүзілік метал өндірісі мен саудасында айтарлықтай үлес алады: 2001 ж. Ресейде 59 млн тонна болат өндірілген, ол әлемдік өндірістің 7% -ы (4 орын). Оның ішінде қара металдар прокатының өндіріс көлемінің 55%-ы экспортталды, ол 26 млн тонна немесе әлемдік сауданың 10% болып табылады (1-ші орын). Ресейдің түсті металдардың негізгі 6 түрінің дүниежүзілік өндірістегі үлесі ( алюминий, никель, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы) 8,5% болып табылады. Экспортқа негізгі түсті металдардың жалпы ұлттық өндірісінің 80%-ы кетеді, сирек металдардың 70%-ы кетеді. Қара металлургияның ресейлік экспортында шикізат пен жартылай фабрикаттар (руда, лом, кокс, шойын, құймалар т.б.) 60%-н құрайды.
Жалпы алғанда, металлургиялық өнеркәсіптің даму және модернизация перспективалары айтарлықтай мөлшерде металлургиялық компаниялардың өзіндік қаржы көздерін қалыптастыру мен несие тарту мүмкіндіктеріне байланысты болмақ. Бұл, өз кезегінде, инвестициялық, тарифтік, инновациялық және бюджеттік саясат, сыртқы экономикалық қызмет, салық салу, баға бекіту және өзге де көптеген салалардағы заңдарды жетілдірумен байланысты.
Қазіргі кезде металлургиялық кәсіпорындлардың айтарлықтай бөлігі өзінің рентабельділік шегіне жетті. Егер саналы дамытудың оптимизациясына қатысты түбегейлі шаралар қолданбаған жағдайда металлургиялық өнекәсіпті дамудың негативті сценариі күтіп тұр.
Ресей металлургиялық өнеркәсібінің дамуындағы айтарлықтай тежеу оның өнімдерінің бәсекелестігінің жеткіліксіз болуы болып табылады. Бұл Ресейдің металлургиялық өндірісінің технологиялық деңгейі өнеркәсіптік дамыған елдермен салыстырғанда төмен болуына байланысты. Металлургияда қолданылып жүрген технологиялық схемалардың тек 30%-ы ғана қазіргі кезгі дүниежүзілік деңгейге сәйкес келеді, ал 28%-ы ескірген болып саналады және модернизацияға ерекше резервтері жоқ. Оның үстіне металлургиялық өнеркәсіптегі негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің (машина мен құрал-жабдық) орташа тозу деңгейі қазіргі кезде 70% құрайды.
Өндірістердің жеткіліксіз жоғарғы технологиялық деңгейі Ресей металлургиясының бірқатар негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің дамыған елдер (АҚШ, ЕО, Жапония) металлургиясынан айтарлықтай артта қалуын негіздейді:
Металл өнімдері рыногының даму перспективалары мен отандық металлургияның бәсекелестігіне әсер ететін факторлар металлургия өнеркәсібінің 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын анықтайды. Ресейдің металлургия өнеркәсібінің алдағы уақытта, дамуының басты мақсаты ішкі және сыртқы рынокқа талап етілетін номенклатура сапасы мен көлемі жағынан бәсекеге төзімді өнім жеткізу.
Бұл мақсатқа жетудің негізгі жолы–барлық өндірістік қайта өңдеулерде түрлі инновацияларды кең көлемде және жылдам ендіру. Инновациялық – инвестициялық іс-әрекетті күшейту Ресейлік металлургиялық кәсіпорындардың дамуын тежейтін жағымсыз факторлардың әсерін әлсіретіп, өндірістік потенциалдың түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
І Тарау. Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама………
1.1 Металлургиялық
өнеркәсіптің Ресей
1.2 Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының
негізгі бағыттары………………………………………………………
1.3 Ресейдің әлемдік рынокқа енуінің тиімді жолдары………………….….
ІІ-Тарау. Ресейдің қара металлургиясының даму ерекшеліктері …….
2.1 ТМД елдерінде қара
металлургия мен болат
даму тенденциялары……………………………………………
шолу……………………………………………………………………
өзгеру тенденциялары…………………………
Қорытынды ………………………………………………………….….
Әдебиеттер тізімі…………………………………
Информация о работе Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.