Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 19:34, дипломная работа

Краткое описание

Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.
Қара және түсті металлургияның көптеген ұқсастықтары бар:
1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.
2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;
3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

17_11.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)

ХХғ. 90-шы жылдарының басында дүние жүзінің ең ірі 20 металлургиялық компанияларының қатарына 3 ресейлік-Магнитогорск(11.9 млн.т.)-5 орын, Череповецк (9.9 млн.т.)-11 орын, Новолипецк (7.2 млн.т.)-19 орын және 1 украиндық Кривой Рог (8.2 млн.т.) –16 орын -комбинаты кірген. 1995ж. аса ірі компаниялар қатарында тек Череповецк қана қалды.

Қазіргі кезде дүние жүзіндегі  ең ірі металлургиялық компания 2002ж. ақпанында Usinor және Arbed компанияларының бірігуінен кейін пайда болған Arselor тобы болып табылады. Бірігу кезеңіне дейін Usinor Fater (1997ж.),  Magona and Arvedi (1998ж.) Cockeri (1999ж.) фирмаларын, ал Arbed-Sidmar and Stahiwerke Bremen (1995ж.)және Aceralia (1997ж.) фирмаларын сатьып алған болатын. Қазіргі кезде Arselor компаниясының болат балқыту қуаттылығы шамамен 46 млн.т. құрайды.

 Ресейдің 2010 жылға дейінгі металлургиялық өнекәсібін дамыту мен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолындағы негізгі бағыттарын жүзеге асыру саланың кәсіпорындарының іс-әрекетіне байланысты мемлекеттік шаралардың тиімділігіне тікелей байланысты.

1.Сыртқы рынокта металл өнімдері экспортын қолдау мен ресейлік өндірушілерді қорғау мақсатында орындалуы қажет шаралар:

а) сыртқы рыноктың конъютурасының өзгерістерін ескере отырып металл өнімдеріне экспорттық салықтарды бекіту (атап айтқанда Лондондық металдар биржасындағы бағамдарға сәйкес қара металдардың экспорттық салықтарын жойып, түсті металдардың экспорттық салықтарын дифференциялау);

б) Ресейдің БСҰ-на енуіне дейін – ресейлік металл өнімдерінің сыртқы рынокқа қысым көрсетпеу жағдайында енуін қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді жүргізуді белсендіру (ең алдымен, АҚШ, ЕО, Қытай рыноктарына), атап айтқанда ресейлік металл өнімдерін экспорттау  мәселесінде антидемпинг, компенсациялық және қорғаныс зерттеулерін жүргізгенде Ресейді нарықтық экономикадағы ел статусын бекіту жөнінде;

2. Ішкі рынокта ресейлік металл өнімдерін өндірушілерді қорғау мақсатында орындалуы қажет шаралар:

а) Металл өнімдерін негізсіз импорт жасау көлемін қысқарту үшін антидемпингтік, компенсациялық және қорғаныс зерттеулері шегінде тарифтік және тарифтік емес шараларды қолдану  тәжірибесін кеңейту және осы шараларды нарықтық конъюктура өзгерістерімен сәйкес қолдануды шұғылдандыру;

б) Ресейдің БСҰ-на енуінен кейін – байланыстыру деңгейін жоғарылату,  имплементациондық кезең ұзақтығын 5-7 жылға дейін ұлғайту арқылы (тат баспайтын болат прокаттары, болат трубалар, рельстер және бекітпе өнімдер), әсіресе, металл өнімдерінің аса сезімтал түрлерін қорғауды қамтамасыз ету сияқты отандық металл өнімдерін өндірушілердің қызығушылықтарын ескеру;

в) Темір жол транспорты, электр энергиясы және газ саласындағы модернизациялық бағдарламалардың қалыптасуында, сонымен қатар, экономиканың өзге салаларында үкіметтің қатысуы арқылы жобаларды іске асыруда металл өнімдерін сатып алуға ашық тендерлер өткізу арқылы отандық кәсіпорындардың металл өнімдерін өткізуге тапсырыс алуға теңдей жағдай жасау;

г) Ресейлік кәсіпорындардың осы жобаларды жүзеге асырудағы мердігерлік жұмыстарға қатысуының заңда қарастырылған үлесін қамтамасыз ету үшін нормативті – құқықтық базаның қалыптасуын аяқтау.

3. Металлургиялық өнеркәсіптің дамудың инновациялық жолына өтуін қамтамасыз ету үшін қажет:

а) Ресейлік металлургияның бәсекеге төзімділігін артыру мақсатында «Өндірістік технологиялар» және «Жаңа материалдар және химиялық технологиялар» бағытының шегінде федералды деңгейдегі «Металлургиялық өндірістер үшін технологиялық алмастыру модульдері» және «Арнайы қасиеттері бар металдар мен құймалар» сияқты технологияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік маңыздағы аса маңызды инновациялық жобаларда бюджеттік қаржылауды нақтылау;

б) Металлургия саласында алдыңғы қатарлы мемлекеттік ғылыми орталықтар базасында, академиялық және білім беру институттарын жұмылдыра отырып, «Ғылым мен жоғары технологиялардың федералды орталығын» құру, оған тау-кен және металлургия техникасы мен технологиясының мемлекеттік аудиті мен сертификаттау жүктеледі. Сонымен бірге ғылыми-техникалық және инвестициялық жобалардың импорттық құрал жабдықты сатып алу  тиімділігінің мемлекеттік экспертизасын жүргізу;

в) Ресейде шығарылмайтын металлургиялық өнеркәсіпке арналған импортталатын технологиялық құрал-жабдыққа салық салуды жою;

г) Ресурс  үнемдеуші және табиғатты қорғау технологоияларды арттыру, атап айтқанда 10.01.2002 ж. (ст 23) №7Ф3 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Федералды заңына сәйкес аса тәуір металлургиялық технологиялар көрсеткішінің негізінде металлургиялық кәсіпорындар үшін қоршаған ортаны ластаушы зиянды қалдықтарға прогрессивті технологиялық нормативтерді өңдеу мен бекіту арқылы;

д) 10.01.2002ж. (ст. 14) №7-ФЗ «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Федералды заңда қарастырылған экологиялық жағдайдың айтарлықтай жақсаруын қамтамасыз ететін аса тәуір технологияларды (оттегі – конверторлы және электр пештері) ендіру арқылы, салық және өзге жеңілдіктер жасау арқылы мартендік болат өндірісіндегі аса тиімсіз өндірістік қуаттылықтарды қысқарту шараларын жүзеге асыру;

е) Металл өнімдерінің нақты түрлерінің өндіріс ерекшеліктерін ескеретін және халықаралық сатандарттар мен талаптарға регламенттерді жасап шығару арқылы металлургиядағы техникалық реттеуді жетілдіру.

4. Металлургияның кен-шикізаттық базасының дамуын қолдау мақсатында қажет:

а) Пайдалы қазбаның сапасына, өндірудің тау-кен геологиялық және экономикалық – географиялық жағдайларына байланысты пайдалы қазбаны өндіруде салықтың дифференциалды бағамдарын бекітуде жер қойнауын пайдалану саласындағы салықтық заңдарды жетілдіру;

б) Кенді өндіруде қуаттылықты қолдау мақсатында кен орындарының жаңа участоктарын барлау мен игеруге қаржы бөлетін кәсіпорындарды белсендіру;

в) Тау-кен байыту кәсіпорындары үшін ерекше орны бар жоюға болмайтын обьектілерге (үйінді, қалдық сақтау қоймалары, табиғат қорғау обьектілері т.б.) салынатын салықты салық салу базасынан қысқарту саласында салықтық заңдарды оптимизациялау;

г) Шикізаттың дефицит түрлері бойынша кен базаларын құру (Mn, Cr, Ti, Zn).

5. Монополист – салалардың өнімі мен қызметіне баға мен тарифтерді қолай лы ету мақсатында және металлургиялы өнеркәсіп кәсіпорындарында  өндіріс  өсімін  қамтамасыз  ету  мақсатында – қажет:

а) Монополиялардың  өнімі  мен  қызметінің  аса  ірі  тұтынушысы болып табылатын металлургиялық кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің жоспарлау кезеңін кеңейту мақсатында біртұтас әдістеме негізінде  монополиялардың  қысқа  мерзімді  перспективада  (3-4 жыл) өнім мен  қызметке  баға  мен  тарифтердің  өсу  шегін  орнату.

б) Өнімдерінің  бәсекеге  қабілеттілігін  есепке  алу негізінде өнімдердің өзіндік құнында монополистер үлесінің айтарлықтай болуы жағдайында  металлургия өнеркәсібінің салалары үшін монополия тарифтерін дифференциациялау, атап айтқанда, Қиыр Шығысқа металл өнімдерін  жеткізу  үшін экономикалық ақталған темір жол тарифтерін бекіту.

6. Қара  және  түсті металдар  ломы  мен  қалдықтарын жинау мен қайта өңдеуде ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында – қажет:

а) металл ломы мен қалдықтарын айналымға аса толық жұмылдыру мен лом рыногын реттеу мақсатында  қара және түсті металдар ломын даярлау өңдеу мен өткізуді жүзеге асыруды лицензиялау құралдарын кеңінен пайдалану, атап айтқанда лицензиаттарға қатысты техникалық және өзге де талаптардың қатаңдануын көздейтін лицезиялау туралы жаңа ережелерді қарастыру;

б) «Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі мен Ресей Федерациясының Қылмыстық – процессуалды кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Федералды заңдарын қабылдау арқылы қара және түсті металл ломы мен қалдықтарын қолдануда ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту;

в) Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын қолдануда ережелерді сақтауды үнемі бақылауды ұйымдастыру;

в) Қара және түсті металл сынықтарын даярлау, өңдеу және қолданудың көлемін мемлекеттік федералды статистикалық бақылауды енгізу.

7. Әлеуметтік саясат саласында босатылған жұмысшыларды еңбекпен қамтуды мемлекеттік және аймақтық қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, қайта даярлауды ұйымдастыру, зейнеткерлікке ерте шығуды қамтамасыз ету қажет.

ІІ  Тарау  Ресейдің қара металлургиясының даму ерекшеліктері 

 

2.1 ТМД  елдерінде қара металлургия мен  болат рыногының даму тенденциялары.

 

ТМД елдерінің  қара металлургиясы дәстүрлі түрде  өндірістің жоғары дәрежелі шоғырлануымен сипатталады. Осы жағдай белгілі бір дәрежеде ТМД елдеріндегі өнім өндірісінің құрылымын негіздеді.

ТМД елдеріндегі  қара металлургияның негізгі өнімдерінің  өндіріс көлемінің сипаттамасы 3 кестеде келтірілген.

Болат өндірісі ТМД-ң  8 елінде жүзеге асуда.  Бұл өндірістің даму көлемі жайында болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші бойынша сипаттама беруге болады. 1990 ж. ТМД елдері бойынша орта есеппен бұл көрсеткіш жалпы дүниежүзілік көрсеткіштен 3,6 есе жоғары болған. Оның үстіне жекелеген республикаларда бұл көрсеткіш 20 есе айырмашылықта болды. Өзбекстандағы 49 кг/ад. көрсеткішінен Украинадағы 1015 кг/ад. көрсеткішіне  дейін. Адам басына шаққанда болат балқыту деңгейі бойынша 1990 ж. Украина Жапонияны да басып озған  (893 кг/ад).

1998 жылға қарай  ТМД елдеріндегі адам басына  шаққандағы болат балқытудың  орташа деңгейі 2 еседей қысқарды, соның ішінде Ресей мен Украинада  2 және 2,1 есе, ал Белоруссия мен  Молдовада 1990-1998 жж. адам  басына  шаққандағы болат балқыту айтарлықтай өсті.

1998 жылдан кейін  ТМД-ң барлық елдерінде  (Азербайжан  мен Грузиядан басқа) болат  өндірісінің абсолютті өндірісі  мен  адам   басына шаққандағы  көрсеткіші өсті /17/.

Жалпы, 2000-2001 жж. ТМД елдеріндегі болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші 1990 жылмен салыстырғанда  шамамен 1,4 есе қысқарғанымен жалпы дүниежүзілік көрсеткіштен 2,5 есе жоғары болды. Ресей мен Украинада орташа болат балқыту  1990 жылмен салыстырғанда 1,5 есе төмендеді. Ал жалпы дүниежүзілік көрсеткішпен салыстырғанда Ресей мен Украина көрсеткіштері 2,7 және 4,5 есе жоғары болды.

Кесте 4

Болат балқытудың адам басына шаққандағы  көрсеткіші, кг/адам

Елдер

жылдар

1990

1992

1995

1996

1998

2000

2001

Дүние жүзі

ТМД бойынша

Соның ішінде:

Ресей

Украина

Қазақстан

Беларусь

Грузия

Әзірбайжан

Молдова

Өзбекстан

150

547

 

604

1015

403

108

239

99

162

49

136

443

 

452

802

343

107

97

52

142

30

136

296

 

348

431

188

72

15

3

152

16

134

290

 

333

435

202

86

15

2

149

19

141

281

 

299

484

207

139

11

1

201

15

150

375

 

406

642

297

150

0

0

249

16

148

380

 

405

675

312

149

0

0

267

17


 

Украинада тек  болаттың ғана емес, сонымен қатар  қара металлургия өнімдерінің барлық маңызды түрлерінің жоғары өндіріс  деңгейі байқалады.

Тауарлы темір  рудасының өндірісі 1990 ж. тек үш республикада ғана жүзеге асты (кесте 1), оның ішінде Украина үлесіне өндіріс қуатының 48 %-ы, бүкіл одақтық өндірістің 44 %-ы келді.

Марганец рудаларын  өндіру жөнінен өндірістік қуаттылық  ТМД-да екі республикада шоғырланды - Украина (75 %) және Грузия (24 %) . Тауарлы марганец рудасының өндірісі мынадай түрде болды: Украина (83,3 %), Грузия (14,7 %), Қазақстан (2 %) /18/.

1990ж. хром  рудасы ТМД бойынша 2 кәсіпорында  өндірілді: Дон ТБК (Қазақстан)  және Саран руда басқармасы (Ресей)  – 96 және 4 % сәйкес. Ресей хромы  төмен сапамен  сипатталады  және көбіне  отқа төзімділік өндірісінде қолданылады. Қазақстан үлесіне ТМД-ның хром қорының 90 % келеді.

Кокс өндірісі 1990 ж. домналық өндірісі бар республикаларда ғана жүзеге асты. Оның ішінде Ресей мен  Украинаға кокс пен шойын өндірісінің 95% келеді. Электроферроқорытпаларда 4 республикада өндірілді. Аса кең қолданылатын марганец қорытпалары жалпы өндіріс көлемінен 73.6%-Украина, 26.4%-Грузияда өндірілді. Төмен және орташа көміртекті ферромарганецтің (Fe Mn 80 %) 97 %-ы Зестафон (Грузия) ферроқорытпа зауытында өндірілді.

Ферросицилий тек Ресей, Украина , Қазақстанда ғана өндірілді. Оның аса ірі өндірушісі (жалпы өндіріс көлемінің 36 % ) Қазақстан болды (Ермак ферроқорытпа зауыты).

Тек Ресейде ғана ферротитан, силикокальций, феррованнадий, ферровольфрам, ферромолибден және өзге де ферроқорытпалары өндірілді. ТМД-ның әрбір елінде, Ресей мен Украинаны қоспағанда, болат құймаларының өндірісі жалғыз металлургиялық кәсіпорында жүзеге асады. Қазақстан (Қарағанды комбинаты) мен Грузияда (Рустав зауыты) бұл толық циклды кәсіпорындар, ал өзге елдерде – қайта өңдеу зауыттары. Соңғы жылдары Рустав зауытының домналық  және мартен пештері жұмыс істемейді /19/.

Беларусь және  Молдованың  металлургиялық зауыттарында – 100 %, ал Өзбек металлургиялық зауытында 70 % болат, үздіксіз құйма машиналарымен жабдықталған қазіргі кезгі электроболат балқыту цехтарында балқытылады. Рустав және Әзірбайжан зауыттарында болат балқыту сыйымдылығы аз мартен пештерінде жүзеге асты. 1990 ж. болат пен прокаттың жалпы өндірісінің 92 %-ы Ресей мен Украинада өндірілді. Болат трубаларының өндірісі ТМД-ның 5 республикасында жүзеге асты, Ресей мен Украина үлесіне жалпы көлемінің  94,4 %-ы келді. Ресейдің дайын прокат пен болат трубаларын өндірудегі үлесінің қара металлургияның шикізаттық салаларына қарағанда жоғары болуына қарамастан, елде жекелеген өнім түрлерінің өндірісінің жетіспеушілігі сезілуде. Бұрын олардың өндірісі жалпы республикалық мамандауға сәйкес украиндық кәсіпорындарда жүзеге асқан. ТМД елдеріндегі қара металлургияның маңызды даму тенденцияларына төмендегілер жатады:

Информация о работе Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.