Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 19:34, дипломная работа

Краткое описание

Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.
Қара және түсті металлургияның көптеген ұқсастықтары бар:
1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.
2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;
3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

17_11.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)

2010 ж. металлургиялық  өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің  өсімі 2000 жылмен салыстырғанда  1,5 еседен кем болмау қажет.  Сонымен бірге еңбек етушілердің айтарлықтай санының босатылуы күтілуде. Эксперттік бағалауларға сәйкес, 2000 жылмен салыстырғанда, 2005 жылғы кезеңге дейін металлургиядағы өнеркәсіптік - өндірістік персонал саны 7%-ке кемиді (100 мың адам), ал 2010 жылға дейінгі кезеңде 25%-ке (350 мың адам, оның 200 мыңы қара, 150 мыңы – түсті металлургияда). Бұл әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді – соңғы 20 жылда дамыған елдердің металлургияда еңбек етушілерінің саны 75%-ға кеміген /14/.

Жалпы алғанда, металлургиялық өнеркәсіптің даму және модернизация перспективалары айтарлықтай мөлшерде металлургиялық компаниялардың өзіндік қаржы көздерін қалыптастыру мен несие тарту мүмкіндіктеріне байланысты болмақ. Бұл, өз кезегінде, инвестициялық, тарифтік, инновациялық және бюджеттік саясат, сыртқы экономикалық қызмет, салық салу, баға бекіту және өзге де көптеген салалардағы заңдарды жетілдірумен байланысты.

Қазіргі кезде металлургиялық кәсіпорындлардың айтарлықтай бөлігі өзінің рентабельділік шегіне жетті. Егер саналы дамытудың оптимизациясына  қатысты түбегейлі шаралар қолданбаған жағдайда металлургиялық өнекәсіпті дамудың негативті сценариі күтіп тұр. Ол дегеніміз 2005 жылға қарай түсті металлургиядағы стагнация мен қара металлургиядағы өндірістің 15-20%-ке құлдырауы /12/.

Металлургиядағы шектеулерді жою мен дамуды белсендіруге байланысты жоғарыда айтылған шараларды ұтымды іске асыру сала жұмысының сапалық көрсеткіштерінің жақсарып, 2010 жылға қарай өндіріс көлемінің 20-30%-ке ұлғаюына әкелуі қажет. Металл өнімдеріне деген сұраныстың динамикасын есепке ала отырып, 2010 ж қара металдардың дайын прокатының өндірісі 2001 жылмен салыстырғанда 18-20%-ға (54-56 млн т. дейін), алюминий және никель өндірісі – 7-9%-ға мыс өндірісі –10-14%-ға ұлғаюы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Ресейдің әлемдік рынокқа енуінің тиімді жолдары.

 

Қазіргі кезде  Ресей Федерациясында алдыңғы орынға ұлттық экономика құрылымындағы  деформацияларды жою, ғылымды көп  қажет ететін өнім мен жоғары деңгейлі өңдеу өнімдерінің өндірісін  өсіру, кеңейтілген өндіріс негізін  құрайтын салалардың дамуы, аса дағдарыстағы аймақтардың экономикалық дамуы және жұмыспен қамтамасыз етілу мен тіршілік етуді қамтамасыз етумен (ең адымен, бұл қиыр солтүстік аудандары) байланысты мәселелер қойылуда.

Ғаламдық рынокқа  ену үшін Ресей жеке бизнеспен  қарым-қатынас жасай отырып, міндеттердің екі негізгі тобын шешуі қажет:

1.Қысқа мерзімді –  жуық айларда, ең кеші 1-2 жылда  табысты дамудың алғы шарттарын  қалыптастыру;

2.Ұзақ мерзімді –  ресейлік экономиканың алуан  түрлілігі мен қолда бар қуатты  жақтарының негізінде экономикалық алға жылжуды қамтамасыз ету.

Қысқа мерзімді шаралар  қатарына ең адымен мыналар жатады:

1.Өзінің әл-ауқаты  мен тіршілігін дәл Ресеймен  байланыстыратын ресейлік инвестар  мен ресейлік жеке бизнес үшін  жағымды жағдай қалыптастыру;

2.Елдің қаржының сыртқа кетуін шектеу мақсатында аса қатаң шаралар қолдану;

3.Спекулянттарды заңдастырылған  дәрежеде ұзақ мерзімді инвесторлардан  изоляция жасау;

4.Ресей тауарларының  импорттық аналогтарының елге  енуін шектеп, кедендік салық  енгізу, ТМД шегінде кедендік  және валюталық интеграцияны күшейту;

5.Мемлекет тарапынан  елдің қаржы ресуртарын бақылау  мен есепке алуға бағытталған  банк жүйесінің реструктуризациясы.

Бұл пункттердің барлығы  Ресей заңдарында қарастырылған  және мемлекеттік әкімшіліктің басты  міндеті осы заңдардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл заңдар мен жағдайлардың барлығы шетелдік инвесторлар үшін де міндетті болуы шарт /16/.

Оның үстіне, Ресейдің қазіргі кездегі әлемдік минералды  – шикізаттық рынокқа енуі минералды  шикізатты өндірудің бәсекелестігінің қамтамасыз етілуін, кездейсоқ және арнайы жасалған демпинг процестеріне, және де пайдалы  қазбалардың  әлемдік бағаларының  ауытқуына төтеп бере алатын қалыптастырушы жүйе құруды талап етеді (1997-1998 ж.ж. 1т. мұнай бағасы 135-140$ -дан 75-80%-ға төмендеген).  

Ресей металлургиялық өнеркәсібінің  дамуындағы айтарлықтай тежеу оның өнімдерінің бәсекелестігінің жеткіліксіз  болуы болып табылады. Бұл Ресейдің металлургиялық өндірісінің технологиялық  деңгейі өнеркәсіптік дамыған елдермен салыстырғанда төмен болуына байланысты. Металлургияда қолданылып жүрген технологиялық схемалардың тек 30%-ы ғана  қазіргі кезгі дүниежүзілік деңгейге сәйкес келеді, ал 28%-ы ескірген болып саналады және модернизацияға ерекше резервтері жоқ. Оның үстіне металлургиялық өнеркәсіптегі негізгі өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің (машина мен құрал-жабдық) орташа тозу деңгейі қазіргі кезде 70% құрайды /14/.

Өндірістердің жеткіліксіз  жоғарғы технологиялық деңгейі  Ресей металлургиясының бірқатар негізгі  техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің дамыған елдер (АҚШ, ЕО, Жапония) металлургиясынан айтарлықтай артта қалуын негіздейді:

1.Болат балқыту мен  алюминий өндірісіндегі орташа  энергия қолдану 20-30% жоғары;

2.Прокат өндірісіндегі  қалдық мөлшері 2 есе жоғары;

3.Еңбектің орташа өнімділігі 2,5-3 есе төмен;

4.Қоршаған ортаға жалпы  жағымсыз әсер 2 есе жоғары.

Отандық металлургияның жеткіліксіз бәсекелестігінің бір  себебі – минералды – шикізаттық базаның күрделі жағдайы. Жалпы , ресейлік металлургияның рудалы –  шикізаттық базасының бәсекелестігі, әлемдік рыногын қалыптастыратын, алдыңғы қатарлы елдерге қарағанда төмен. Бұл өндірілетін минералды шикізаттың көптеген металдар бойынша сапасының төмен болуы, рудалы кен орындарын игерудің күрделі тау-кен-геологиялық және экономико-географиялық жағдайларымен байланысты

Жекелеген стратегиялық металдар бойынша (марганец, хром, титан, цирканий) рудалы база Ресейде жоқ, ал көптеген кен орындарын игеру  көбіне тиімсіз. Боксит, қалайы, вольфрам және сирек металдар бойынша рудалы база жеткіліксіз, Орал мен Батыс Сібірдің қара металлургия кәсіпорындары шикізатпен жеткіліксіз қамтамасыз етілген.

Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, Ресейдің тау-кен  байыту кәсіпорындарына салынатын  салық алдыңғы қатарлы шетелдік өндірушілерге қарағанда 1,5 есе жоғары.

Металлургиялық өнеркәсіптің дамуының (ресурстық қамтамасыз етілу  тұрғысынган) маңызды факторы ретінде 2-ші реттік шикізатты қолдануды  кеңейту – яғни қара және түсті  металдар ломын пайдалануды атауға болады. Металдар өндірісінде лом  қолдану энергетикалық ресурс, шикізат, металдың үнемделуіне, технологиялық агрегаттарды қолданудың тиімділігін жоғарылатуға, қоршаған ортаға зиянды әсерді кемітуге ықпал жасайды. Металлолом қолдану арқылы 1 т. болат балқытуда 180 Квт/сағ. электр энергиясы, 0,8т. көмір, 175м3 табиғи газ үнемделеді /16/.

Қазіргі уақытта Ресейде  айтарлықтай мөлшерде металл қоры шоғырланған, оның жартысына жуығы машина мен  құрал-жабдыққа келеді.

Негізгі өндірістік қордың ескіруі салдарынан қалыптасатын амортизациялық лом көлемі өсуде. Егер, 1970ж 10 жылдан асқан өндірістік құрал-жабдық 30%-н кем болса, 1990ж-42%, 2001ж -80%-н астам болды

Нәтижесінде, Ресейден лом  мен түсті металдар қалдықтарының  экспортты 1995ж 125 мың т. (құны 316 млн. $), 1996 ж-335,5 мың т. (құны 697,3 млн. $), ал 1997 ж. 580 мың т. (құны 1 млрд 82 млн $) құрады. Қара металдар қалдықтары мен ломының экспорты 1997 ж 5134 мың т. (құны 580 млн. 365 мың $) жетті. Кейіннен экспорт төмендеп, 1997 жылдағы 350-400 мың тоннадан 2001 ж 9-5 мың тоннаға жетті.

Оның үстіне эксперттік бағалаулар бойынша мыс қалдықтары мен сынықтарын шетелге салықсыз шығару салдарынан Ресей экономикасына келген зиян 1996 ж –139,1 млн. доллар, ал 1997 ж. – 222,3 млн. доллар болған.

Алайда 2-ші реттік ресурс экспорты әсерінен жоғалымдар көлемі шетелге салықсыз сатудан әлдеқайда жоғары. Екінші реттік зикізатты өнеркәсіптік қолданысқа қосу уақытты, инвестицияны, еңбек шығынын үнемдейді. Осылайша, ресурстардың жекелеген түрлері бойынша металды екінші реттік шикізаттан балқыту процесінің энергия шығыны бірінші реттік шикізат қолдануға қарағанда 10-15 есе төмен. Басқаша айтқанда екінші реттік шикізат – бұл елдің шоғырланып жиналған металл қоры. Сауатты шаруашылық жүргізу мен жедел тәртіпте ол өнеркәсіптік пайдалануға ене алады.

Екінші реттік түсті  металдарды қолданудың шетелдегі көлемдері жайында мынадай болжамдар бар: екінші реттік металды қолданудың өсім қарқындылығы алюминийде –2 есе, мыста -1,6, мырышта 2,27 есеге дейін бірінші реттік шикізатты қолдану қарқындылығынан асып түседі.

Кесте 1

АҚШ –да ХХ ғасырдың 1990-шы жылдары 1 және 2-ші реттік металдарды қолдану арақатынасы.

 

Металл аталуы

Жалпы металл пайдалану  көлеміндегі 2-ші реттік металдар үлесі, %

Алюминий

Мыс

Никель

Титан

Қорғасын

Сурьма

9

25

28

35

50

55


Қазіргі кезде қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын қолдану “қара және түсті металдар сынықтарының қайта өңдеу және іске асыру туралы ережелері” арқылы жүзеге асуда, оған “ Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау туралы”, “Қара және түсті металдар сынықтары мен қалдықтарын пайдалану ережелері” туралы жаңа федерация заңдардың шығуына байлаысты өзгерістер енгізілуде /17/.

Бұл құжаттар осы салада жұмыс істейтін ұйымдарға қатаң талаптар қояды. Мыс пен алюминий сынықтарының сыртқа шығарудағы  бекітілген 50% мөлшеріндегі кедендік салықтар бұл металдарды экспорттаудың экономикалық тиімсіздігіне әсер етті. Нәтижесінде бұл материалдардың экспорты мүлдем тоқтады.

Металлургиялық өнеркәсіп өнімінің бәсекеге төзімділігі көбіне өнім мен монополист салалар қызметінің құнымен анықталады: электр энергиясы, газ өнеркәсібі, темір жол транспорты. Жекелеп айтқанда бұл монополиялардың қызметіне кететін шығын үлесі қара қара металлургия өнімдері бірлігінің орташа құнында 30-35%, түсті металлургияда 15-20% құрайды.

2002 ж басында металургиялық кәсіпорындардың көбіне монополиялар тарифінің өсуі мен әлемдік бағалардың түсуіне байланысты жағдай күрделенеді. Нәтижесінде қара металлургия өнімдерінің шамамен 1/3-ң экспорты тиімсіз болды.

Қазіргі кезде Ресейде металл өнімдерінің жоғарғы технологиялы импорт алмастырғыш шараларын жүзеге асыру қажет. Мұндай жағдайда оң мысал ретінде мемлекеттің Төменгі Тагилдегі қалың беттер мен үлкен диаметрлі трубалар өндірісінің жобасын атауға болады, оның жалпы инвестициялық мөлшері 1 млрд  доллардан астам болады.

Дүние жүзіндегі болаттың аса ірі өндірушілерінің тізімі мен рейтингі  2-кестеде келтірілген. 1990-2001 жж. кезеңде тек Үндістан ғана ондыққа Францияны ығыстыру арқылы ене алды. Сонымен қатар ҚХР, Корея Республикасы, Бразилия болат өндірісін күрт өсіріп, өз рейтингтерін көтерді. Ресей, Украина және Жапония болат өндірісін біршама қысқартып, рейтингтерін төмендетті. ЕО-ң ірі елдерінде болат өндірісі қалыпты жағдайын сақтауда /18/.

Кесте 2.

Болаттың аса ірі  өндіруші елдері.

Елдер

1990

2000

2001

2002

Млн.т.

рейтинг

Млн.т.

рейтинг

Млн.т.

рейтинг

Млн.т.

рейтинг

ҚХР

Жапония

АҚШ

Ресей

Корея Республикасы

Германия

Украина

Бразилия

Үндістан

Италия

Франция

Тайвань ар.

66.3

110.3

89.7

89.6

 

23.1

44.0

52.6

20.6

15.0

25.5

19.0

9.7

4

1

2

3

 

8

6

5

9

12

7

10

19

127.2

106.4

101.8

59.1

 

43.1

46.4

31.8

27.9

26.9

26.8

21.0

16.8

1

2

3

4

 

6

5

7

8

9

10

11

12

148.9

102.9

90.1

59.0

 

43.9

44.8

33.1

26.7

27.3

26.7

19.3

17.2

1

2

3

4

 

6

5

7

9

8

10

11

12

181.5

107.7

92.4

59.8

 

45.4

45.0

34.0

29.6

28.8

26.0 20.5

18.2

1

2

3

4

 

5

6

7

8

9

10

11

12

Информация о работе Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.