Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Января 2013 в 19:34, дипломная работа

Краткое описание

Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.
Қара және түсті металлургияның көптеген ұқсастықтары бар:
1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.
2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;
3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

17_11.doc

— 494.00 Кб (Скачать документ)

Ресей шойынның нетто-экспортеры болып табылады. 1998 ж. кейінгі кезеңде  шойын экспортының абсолютті және салыстырмалы көлемдері ұлғайды. Бүкіл кезең бойында ТМД шойынның нетто-экспортеры болды. 2001 ж. Ресей мен Украина  шамамен 6 млн. т. шойын экспорттады (түгелімен дерлік алыс шет ел мемлекеттеріне). Бұл бүкіл өндіріс көлемінің 8,5 %-н құрады.

1990 ж. Украина ТМД елдері  арасында шойынның ең ірі нетто-экспортеры болды. Бұл елде экспортталатын  шойын үлесі өндірістің 19  %-н құрады. Алайда 2001 ж. қарай экспортталатын шойын үлесі 7  %-ке дейін төмендеді. Сондықтан шойын тұтынудың  төмендеу қарқындылығы Украинада өндіріс көлемінің төмендеуіне қарағанда төмен.

Ресейде жағдай Украинадан өзгеше. Егер 1990 ж. шойынның нетто-экспорты  тек 1,5 млн. т. құраса, 2001 ж. ол 3,6 млн. т. дейін ұлғайды, ал экспортталатын шойын үлесі өндіріс көлемінде 4,7-ден 8,0  %-ға өсті. Осыған байланысты Ресейдегі шойынды өндіру мен тұтыну көлемі  қарастырылып отырған кезеңде 1,3 және 1,4 есе төмендеді.

ТМД-ның домналық өндіріс  жоқ елдерінің барлығы шойынның нетто-импортеры болып табылады. Алайда импорт пен шойын тұтынудың  көлемдері бұл елдерде аса аз.  Ресейдегі электроферроқорытпа өндірісі мен тұтыну балансы төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте 9

Ресейдегі электроқорытпа өндірісі, экспорт, импорт және тұтынылуы, мың т.

 

Көрсеткіштер

Ж  ы  л  д  а  р

1990

1994

1995

1998

1999

2000

2001

Өндіріс

Экспорт

Импорт

Тұтыну

1588

-

-

-

765

548

608

825

876

494

608

990

699

335

294

658

868

402

244

710

966

398

390

958

942

372

372

942


 

Ресей 1990-1997 жж. кезеңі бойында  электроферроқорытпалардың аса  ірі нетто-импортеры болды. Бірақ  тұтынудың төмендеу барысында импорт көлемі  жүйелі түрде қысқара отырып, 1998 ж. Ресей нетто-экспортерлар қатарына қосылды. 2000-2001 жж. ферроқорытпалардың экспорты мен импорты  іс жүзінде теңесті. 2001 ж. Ресей, негізінен,  ферросицилий (экспорттың 57,2 %-ы) мен феррохром (32,2 %-ы), сонымен бірге ферротитан, ферросиликотитан және феррованадий (5,3 %-ы)  экспорттады. Ал сол жылы Ресей негізінен ферросиликомарганец (импорттың 50,7 %-ы)  және ферромарганец (37,3 %-ы) импорттады /23/.

1990-2001 жж. кезеңінде электроферроқорытпалардың аса ірі нетто-экспортеры Украина болды. 2001 ж. қарай экспортталушы электроферроқорытпа  үлесі бүкіл өндіріс көлемінің  шамамен 70 %-н құрады.  Сонымен қатар ферроқорытпалардың нетто-экспортерларына  Қазақстан мен Грузия жатады. Электроферроқорытпалардың импортерларына Беларусь, Әзірбайжан, Молдава, Өзбекстан жатады. Бүкіл кезең бойында ТМД жалпы электроферроқорытпалардың нетто-экспортеры болды. Ресейдегі кокс өндірісі мен  тұтыну балансы  төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте 10

Ресейдегі кокс өндірісі, экспорт, импорт және тұтыну, млн. т.

 

Көрсеткіштер

Ж  ы  л  д  а  р

1990

1994

1995

1998

1999

2000

2001

Өндіріс

Экспорт

Импорт

Тұтыну

39,2

-

-

-

25,4

1,4

0,2

24,2

27,7

1,2

0,3

26,8

23,6

1,3

0,1

22,4

28,1

2,3

0,1

25,9

30,0

1,5

0,2

28,7

29,9

2,1

0,1

27,9


 

Ресей де, Украина да  кокстың нетто-экспортеры болып  табылады.   2001 ж. Ресей өндірілген кокстың 70 %-н экспорттады. ТМД-нан алыс шетелге экспортталатын кокстың жалпы көлемінің 70 %-ы Ресей үлесіне тиеді. Ресейдің 1990-2001 жж. кезеңінде кокс тұтынуы шамамен 1,3 есе төмендеді.

Кокстың нетто-импортеры  Қазақстан болып табылады, мұнда  кокс импортының көлемі оның тұтыну көлемінің 20 %-н құрайды. Қазақстанға кокс негізінен  Ресейден импортталады.

Ресейдегі темір рудасының  өндіріс пен тұтыну балансы  төмендегі кестеде көрсетілген.

Кесте 11

Ресейдегі тауарлық темір  рудасының  өндірісі, экспорты, импорты  және тұтынылуы, млн.т.

 

Көрсеткіштер

Ж  ы  л  д  а  р

1990

1994

1995

1998

1999

2000

2001

Өндіріс

Экспорт

Импорт

Тұтыну

106,8

-

-

-

73,3

10,9

5,7

68,1

78,3

13,9

10,7

75,1

72,3

13,8

6,6

65,1

82,3

10,8

3,3

74,8

86,8

19,2

9,2

76,8

82,8

14,0

8,8

77,6


 

Қарастырылып отырған  кезеңде Ресей - темір рудасының  нетто-экспортеры болды. Сонымен бірге  ТМД елдерінен  темір рудасының  импорт көлемі зор.  Алыс шетел мемлекеттерінен импорт іс жүзінде болған жоқ. ТМД-ның қазіргі кезде тауарлы  темір рудасын өндіретін елдерінің барлығы  нетто-экспортерлар болып табылады. Олардың ішінде ең ірілері  Украина мен Ресей.  Украинада экспортталатын руда үлесі өндіріс көлемінің 30 %-н алады /24/.

ТМД елдері арасында қара металлургия  өнімдерінің саудасы  саласында  дәстүрлі тығыз байланыс болған. Бірақ уақыт өте келе алыс шетелге экспортталатын  қара металлургия  өнімдерінің  үлесі айтарлықтай  өсті. Әсіресе бұл  кокс, прокат және  болат трубаларына қатысты.

Қарастырылып отырған  кезеңде ТМД елдеріне ресейлік экспорт 4,6 есе кеміп, алыс шетелге экспорт 6 еседен астам өсті. Украинада да осындай жағдайды көруге болады –  ТМД елдеріне экспорт 7 есе кеміп, алыс шетелге сондай деңгейде өсті.

ТМД шегінде тауарлы  темір рудасы  Ресейден тек Украинаға  экспортталады. Бұл елде темір рудасының  Ресейден келіп түсуі тұтынудың 20 %-н құрайды. Кокс Ресейден негізінен  Қазақстанға экспортталады (бүкіл  экспорттың 56 %-ы) . Ресейдің  шойыны ТМД-ның барлық елдеріне  дерлік экспортталады. Шойынның басты импортерлары – Беларусь және Украина -  олардың үлесіне жалпы шойын экспортының 90 %-ы келеді.  Прокаттың аса ірі импортерлары Беларусь, Қазақстан, Украина болып табылады. Беларуське  экспорт 2001 ж. 65 %-і  беттік прокаттан тұрған. Қазақстан мен Украинаға экспорттың 80-85 %-ы сұрыптық прокаттан тұрады. ТМД-ның өзге елдеріне де, Молдовадан басқа, сұрыптық прокат экспортталыды. 1999-2001 жж. прокат экспорты ТМД елдеріне 2,2 есе ұлғайды /22/.

Жалпы атап өтуге болатын нәрсе – ресейлік металлургиялық компаниялар үшін ТМД елдерінің рыноктары аса зор маңызға ие.

Ресейден трубаның ірі  импортерлары  Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Түркіменстан. Ал жалпы Ресейдің  қара металлургия өнімдерінің ірі  импортерларына Украина, Қазақстан, Беларусь және Өзбекстан жатады.

2001 ж. темір  рудасы, кокс, шойын, лом, ферроқорытпа  және прокатты Ресей түгелдей  дерлік ТМД елдерінен импортталған (90% астам). ТМД елдерінен  импорттың  ең төмен  үлесі болат трубаларында  тіркелді (70 %).

Кокс бойынша 1999 ж. дейін  ТМД елдерінен импорт үлесінің  төмендеуі байқалды. 2000-2001 жж. ТМД  елдерінің үлесі күрт өсті.

Темір рудасы Ресейге  негізінен Қазақстаннан импортталады. Осылайша, 1995-1998 жж. ТМД-нан импортталатын  кокс, шойын, ферроқорытпа, болат құйма, сұрыптық және беттік прокаттың 75-100 %-ы Украинадан әкелінетін. Ресейдің ТМД елдерімен болған қара металлургия өнімдерінің саудасындағы теріс сальдо ферроқорытпа, болат құбырлары мен дайын прокат, темір рудасының импорт көлемінің  экспорт көлемінен жүйелі түрде асып отыруынан болды.

ТМД елдерінен болған саудадағы оң сальдо тек кокс, металлолом, ал 1999-2001 жж. шойын бойынша болды. 2001 ж. қарастырылып отырған  кезеңде  алғаш рет дайын прокат бойынша  оң сальдо тіркелген /кесте 12/.

 

Кесте 12

Ресейдің ТМД елдерімен  қара металлургия өнімдері саудасының көлеміндегі қатынасы, млн. долл.

 

Көрсеткіштер

Ж  ы  л  д  а  р

1994

1995

1998

1999

2000

2001

Барлығы

Соның ішінде:

Темір рудасы

Кокс

Шойын

Ферроқорытпа

Металлолом

Болат құймалары

Дайын прокат

Болат құбырлар

-368,3

 

-141,9

+56,1

-3,8

-199,4

+20,9

-4,1

-20,5

-70,1

-1103,6

 

-273,1

+39,5

-16,8

-246,6

-23,7

+1,0

-311,3

-257,3

-424,9

 

-126,4

+39,9

-0,5

-125,9

+73,0

+3,3

-26,1

-317,9

-272,5

 

-126,4

+35,9

+2,1

-102,3

+47,9

-2,1

-34,6

-95,2

-441,3

 

-101,7

+34,0

-3,3

-151,4

+76,3

-1,2

-110,3

-128,1

-168,5

 

-155,0

+67,8

+27,7

-122,6

+43,4

-1,5

+1,4

-22,0


    

 

 

 

 

    1.   Қара металлургия өнімдерінің негізгі экспортер – кәсіпорындарына шолу.

 

Темір рудалы шикізаттың  экспортымен негізінен Орталық және Солтүстік – Батыс аймақтардың тау-кен байыту комбинаттары айналысады /кесте 13/. Кестеде көрсетілген 5 аса ірі экспортерлар үлесіне 2001 ж.  ресейлік экспорттың  100 %-ке жуығы келген. 2001 ж. экспорт көлемі негізінен Стойленск тау-кен байыту комбинатының руданы өткізуі есебінен өсті. Темір кенді шикізаттың экспорты, негізінен Украинаға - 54 % және Шығыс Европа (Словакия, Чехия, Венгрия, Польша) елдеріне – 37  % - бағытталған.

Кесте 13

Ресейден темір рудалары мен концентраттардың экспортерлар бойынша көрсеткіштері.

 

Экспортер-кәсіпорындар

Ж  ы  л  д  а  р

2000

2001

мың т.

%

мың т.

%

Стойленск Т-кБК

Лебединск Т-кБК

Карелия окатышы

Михайловск Т-кБК

Ковдор Т-кБК

4550

8868

2705

2923

223

37,5

48,8

38,3

16,7

6,9

9833

8920

2303

1835

330

81,2

50,4

33,1

13,5

9,5


Кокс импортымен Ресейде негізінен арнайы маманданған  кәсіпорындар айналысады – олардың  үлесіне 2001 ж. экспорттың 70 %-ы келсе, оның ішінде  “Алтай - кокс” үлесіне  экспорттың 57 % келген /кесте 14/. Кокс экспорты 2001 ж. негізінен Қазақстанға – 30 %, Германияға – 29 %, Украинаға – 16 % жөнелтілді.

Кесте 14

Ресейден кокс экспорты.

Экспортер-кәсіпорындар

 

Ж  ы  л  д  а  р

2000

2001

мың т.

%

мың т.

%

“Алтай - кокс” 

Магнитогорск комбинаты 

Мәскеу кокс-газ зауыты

“Северсталь”

“Кокс” (Кемерово қ)

780

280

83

75

139

27,4

5,6

7,9

1,8

9,1

1155

274

131

129

98

42,3

5,7

16,2

3,2

5,7


 

Ресейлік шойын  экспортының  шамамен 60 %-н “Тулачермет” ААҚ жүзеге асырады /кесте 15/. Шойын  экспорты 2001 ж. негізінен Германияға – 36 %, Данияға – 21 %, Италияға – 12 %, АҚШ-на – 7 % бағыттайды. ТМД елдерінен ресейлік шойынның импортерларының алғашқы ондығына тек Беларусь пен Украина кіреді.

Информация о работе Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама.