Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 14:50, курсовая работа

Краткое описание

Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дурысМердігерлік шарт -63 бет.doc

— 391.50 Кб (Скачать документ)

Тапсырысшы мердігерге шарт бойынша төлеуге міндетті. тапсырысшының орындалмаған жұмысы үшін ақы төлеу міндеті мердігерлік шартынң жалпы наормаларына сәйкес орындалады. Шарт талаптарына сәйкес, ол белгіленген бағаны барлық аяқталғаннан кейін толығымен немесе жұмыстардың бөлек кезеңдері аяқталғаннан кейін бөлшектеп төлеуге міндетті. барлық жұмыс көлеміне немес жекелеген кезеңдеріне алдын ала ақы төлеу де жоққа шығарылмайды.

Мердігердің құқықтары  мен міндеттері. Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға берілген бастапқы деректерге сәйкес орындау. Әрине, мердігер бұл жұмыстарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. мердігер дайын жобалау- сметалық құжаттаманы тапсырысшымен келістіруі қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау- сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергілікті басқару органдарымен келістіруде қатысуы крек. Бұл міндетті мердігерге жүктеудің өз себебі бар, мердігер маман болған соң оған жобалау- сметалық құжаттаманы құзыретті мемлекеттік органдармен жергілікті өзін- өзі басқару органдарымен келістіру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негіздігін көрсету жеңілдеу болады. Мердігердің мемлекеттік органдармен жобалау- сметалық құжаттама туралы келісіуіне қатысуы белгілі бір дәрежеде жобалау жұмыстарының тиісті орындалғанына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіншілік беріледі.

Кейбір жағдайларда  бір мердігерге жобалау және іздестіру  жұмыстарын бірге жүргізуге тапсырылады. Бұл мердігерге іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жинақталған  мәліметтерді құпия түрде сақтауға мүмкіншілік береді. Осымен қатар іздестіру жұмыстарының нәтижелерін пайдаланып мердігер жобалауды тұралау және азырақ еңбектеніп жасайалады.

Жобалау және іздестіру  жұмыстарының нәтижелерін беру мердігердің  бір тұтас (бөлінбейтін) міндеті  болып келмегенімен міндеттеменің мәнісінен олардың бірге орындалып, олардың нәтижелерінің бірлігінің тиімділігі көрініс табады, өйіткені бұл жұмыстар (олардың нәтижелері) өзара тығз байланысты. Сондықтан, егер шартта басқаша көзделмесе, мердідгер тапсырысшыға дайын жобалау- сметалық құжаттаманы және іздестіру жұмыстарының нәтижелерін бірге беруге міндетті.

Мердігер тапсырысшының  келісімінсіз жобалау- сметалық құжаттаманы  үшінші тұлғаларға бермеуі керек.

Мердігерден орындалатын  жұмыстың сапасының кепілдіктері мердігерлік туралы жалпы ережелерге сәйкес белгіленеді. (ҚР АК 630-633-б). Жабалау және іздестіру жұмыстарының өзгешілігі, олардың кемшіліктері жобаны іске асырғанда, іздестіру жұмыстарының деректерін пайдалану кезінде ғана табылуы мүмкін. Немесе сараптама (маман қорытындысы) қажет болады. Бірақ сараптама негізсіз тағайындалмайтыны түсінікті. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігерге мерлігерліктің бұл түрі бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзімі жобаларды жүзеге асыру, іздесдестіру жұмыстарының мәліметтерін пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекітілуі керек.

ҚР АК-ның «Мердігерлік кепілдіктері» деп аталатын арнайы нормасы  бар (617 б), оның мазмұны өте  тар, ол әрине тапсырысшының құқықтарының кепілдіктерінің бәрін қамти  алмайды.

Аталған нормада жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерліктің өзгешелігі тікелей ескеріледі. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған мердігерлік шарты бойынша тапсырысшыға мердігер әзірлеген жобалау- сметалық құжаттаманың негізінде оның жұмысты орындауына үшінші штұлғалардың бөгет жасау немес шектеу қою құқығының жоқтығына кепілдік беруге міндетті.

Мердігер тапсырысшыдан  оның заңда немес шартта көзделген  барлық міндеттерін орындауды талап  етуге құқылы.

Тараптардың жауапкершілігі. Тапсырысшының жауапкершілігі жалпы тәртіп бойынша белгіленеді. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлікті реттейтін нормаларда жобалау – сметалық құжаттаманың кемшіліктері үшін мердігердің жауапкершілігі бөлек қарастырылған. Мердігер жобалау және іздестіру жұмыстарның кез келген кемшіліктері үшін жауапты болады. Одан басқа, мердігер құрылысты салу барысынан кейін, сондай-ақ орындалған жобалау- сметалық құжаттама және іздестіру жұмыстарының деректерінің негізінде салынған объектіні пайдалану барысында анықталған кемшіліктерді қоса алғанда, жобалау- сметалық құжаттамының және іздестіру жұмыстарының кемшіліктері үшін жауапкершілікті көтереді.

Жобалау- сметалық құжаттамада  немесе іздестіру жұмыстарының нәтижесінде  кемшіліктер анықталған жағдайда мердігер тапсырысшының талабы бойынша жобалау- сметалық құжаттаманы тегін қайта жасауға және тиісінше қосымша іздестіру жұмыстарын жүргізуге, сондай –ақ, егер заңнама актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, тапсырысшыға келтіліген залалды өтеуге міндетті болады.

Осы шарттың жауапкершілігің ерекшелігі, мердігер үшінші тұлғаның алдында да ол жобалау – сметалық құжаттаманы дайындау жөнінде немес іздестіру жұмыстарды өткізуіне тапсырысшы болмаса да, бірақ оған жобалау- сметалық құжаттаманың, іздесдестеру жұмыстарының мәліметтерінің кемшіліктерімен залал келтірілсе жауапқа тартылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4.Ғылыми-зерттеу,  тәжірибие конструкторлық және  

     технологиялық жұмыстардың мердігерлік  шарты

 

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) шығармашылық, интеллектуалдық қызмет нәтижелерін мүліктік игіліктерге жатқызады. Осыған байланысты, біз қарастырайын деп жатқан мердігерлік шарттарының маңызы мен ролі өсе түсті. Ғылыми – зерттеу, тәжірибие- конструкторлық және технологиялық мердігерлік шартты дамыту болашақ қоғамдағы ғылымның дамуына бақытталған саясаттың ағымында болып келеді. Осыны Қазақстан Республикасының 03.07.2002 жылы қабылданған «Инновациялық қызмет туралы» Заңы дәлелдейді.

Бұл заң айтылған мердігерлік  шарттың ролін көтерілуіне ықпалын  тигізеді. Болашақта ғылым едеуір бөлігінде жасалған шарттар мен қаржыландырылатын қолданбалы зерттеуге және де нарықта бәсекелестікке түсе алатын интеллектуалдық меншік объектілеріне жататын зерттеу нәтижелерін сатуға сүйенетін болады. Кейбір жағдайларда мердігерлік шарт бойынша түбірлі (фундаменталды) зерттеулерде жүргізілуі мүмкін, бірақ әрине мұндай зерттеулердің көлемі (салыстырылмалы үлесі) қолданбалы зерттеулерге қарағанда едеуір болады.

Қазіргі кезде мердігерлік  шартын қоладну арқылы ғылымды қаржыландыру толық іске асып жатқан жоқ,  өйіткені экономикалық ақиқат әліде ескі технологияны қолдануды мүмкін етеп отыр. Импорт орын ауыстыру тетігі толық көлемде іске асып отырған жоқ және мемлекеттік деңгейде ғылымға қолдау жетпейді.

Міндеттемелік құқық  құралдарын толық көлемде пайдаланып бұл шарт нысаны олар үшін ғылыми- зерттеушілік қызмет (тіршілік) пайда табудың негізігі көзі болып келетін ғылым адамдарының ұйымдардың қызметін тиісті реттеуге мүмкіншілік береді. Басқа шарттарда сияқты бұл шарта да тараптардың мүдделері ескерілуі мүмкін.

Ғылыми- зерттеу, тәжірибе – конструкторлық және технологиялық жұмыстарында мердігерлік шартты экономикалық қатынастарды біржақты реттеуден сақтайды. Бұл шарт өнідірістік салалардың қызметін оның неше түрлі қасиеттерін қаматамасыз ететін субъектілерлің қызметімен байланыстырады. Тағы да бұл шарт шығармашылық – ( ғылыми ) қызметтің интеллектуалдық меншік объектіні өңделіп (оны жасау жұмыстары аяқталғанға дейінгі қызметті) ол құқыпен қорғалатындай болғанға дейінгі кезеңдерін (тұстарын) реттеуге мүмкіншілік береді. Кейбір жағдайларда қымбат тұратын зерттеулерді қаржыландырады. Сонымен қатар мердігерлік шарты мердігердің шығармашылық (ғылыми- зерттеу) қызметінің нәтижесі болып келетін объектіге құқықтардың ауысуын да қамтамасыз ете алады. Осы бөлігінде ғылыми- зерттеу, тәжірибе – конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты лицензиялық шертпен тығыз байланыста болады. Ғылыми- зерттеу, тәжірибе- конструкторлық және технологиялық жұмыстар бір- біріне толығынан тепе тең емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32 тарауының § 5 бір- бірімен тығыз байланысты, бірақ кейбір айырмашылықтары бар қатынастарды реттейді.

Бұл айырмашылықтар жасалған интеллектуалдық қызмет объектілерінің интеллектуалдық меншік құқығының  әртүрлі қорғау нормаларын жатуына байланысты. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижесі- бұл авторлық құқық объектісі. Сондықтан ғылыми – зерттеулер жүргізу шартты көбінесе фундаменталды зерттеулерді немесе қандай да болсын бір өндірушіге жаңа технология енгізу, өндірісті қайта жабдықтау, өндірісте және материалдар, құбылыстарды пайдалану туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін зерттеулерді жүзеге асыру үшін қолданған жөн. Ғылыми- зерттеу жұмыстары негізгі экономиалық әсері кейінірек шығуы мүмкін, ол мердігер берген ұсыныстарын ( оның ойларын, шешімдерін) тәжірибеде қолдануға байланысты болып келеді. Ғылыми- зерттеу жұмыстарына шартының нысанасы болып белгілі тақырып, мәселе, мәселелер топтары бойынша аяқталған ғылыми жұмыс немесе оданда әрі зерттеулер үшін аралық буын бола алтын ғылыми зерттеудің бөлігі келуі мүмкін.

Тәжірибе- конструкторлық және технологиялық жұмыс нәтижесі өнеркәсіптік меншік объектісі, өндіріс  аймағында маңызы бар ашылмаған  ақпараттар ретінде қорғалатын объектілер болады. Өз кезінде бұл өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықтарды тіркеуге байланысты тараптардың шарттағы құқықтары мен міндеттерінің болуына әсер етеді. Қандай өнеркәсіптік меншік объектісі пайда болағанына қарап шарт нәтижесін пайдалану тәртібі, мердігер тарабының сияқы алуға құқығы және басқа талаптар әртүрлі (өзгеше) болып келеді.

Екі шартқа ды ортақ болып  табылатын нәрсе бар. Мердігердің  қызметіне оның аралық кезеңдеріне, мердігердің бір немес өзге интеллектуалдық  менішк объектісін өңдеуші ретінде  құқықтық жағдайына бұл екі шарттарда  да интеллектуалдық меншік құқығының жалпы ережелері тарайды.

Ғылыми- зерттеу жұмыстарына  жасалған шарт бойынша мердігер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген  ғылыми зерттеулерді жүргізуге міндетті. Тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге тиісті.

Мердігер тәжірибе- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік  шарты бойынша жаңа ұйымның үлесін, оның конструктолық құжаттамасын, жаңа технология жасауға немес үлесін дайындауға міндеттелінеді. Тапсырысшы ғылыми – зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша әрекеттерді жасау қажет. Екі жағдайда да мердігермен (атқарушымен) жасалған шарт зерттеу жүргізудің, үлгілерді әзірлеумен жасаудың бүкіл циклын, сондай-ақ олардың жекеленген элементерінде қамтуы мүмкін.

Жобалау және іздестіру  жұмыстарын жүргізу шартарынан айырмашылығы ғылыми- зерттеу, тәжірибе- конструктолық  және технологиялық жұмыстарға мердігерлік  шарттарында бірқатар жағдайларда  мердігерлер болып кәсіпкерлер  қатыспайды. Мердігерлер боллып көбінесе жеке зерттеушілер, ғылыми ұйымдар, жоғарғы оқу оырндары шартқа қатысады (осылар коммерциялық емес ұйымдар). Ғылыми зерттеу құрылымдары коммерциялық ұйымдар құрамында болуы мүмкін. Тапсырысшылар болып жеке тұлғалар мемлекеттік немес жеке меншік нысанында негізделген заңды тұлағлар келеді.

Ғылыми – зерттеу  жұмыстарын мердігердің (атқарушының) өзінің ғана жүргізуін талап етеді. Бұл мердігермен жұмысты орындау  міндеті жеке сипаттама екенін білдіреді. Шартта көрсетілген жағдайға немесе жұмыс барысында тапсырысшының келісімімен мердігерлер үшінші тұлғаларды шартты орындауға тартуға құқылы. Тәжірибе – конструкторлық және тезнологиялық жұмыстар жүргізуге мердігерлік шарттарында басты мердігерлік жүйесі жалпы ережелер бойынша жүзеге асады. Егер өзгеше шартпен қарастырылмаса, мердігер жұмысты орындауға қосалқы мердігерлерді тартуға құқылы.

Тараптардың құқықтары  мен міндеттері. Бұл мердігерлік тараптардың кейбір ерекшелігі бар құқықтары мен міндеттерін қрастырады. Ғылыми- зерттеу немес тәжірибе – конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шарты бойынша тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге тиіс. Тапсырысшының осы міндетінің ерекшелігі бар, себебі ол мердігермен жасаллатын жұмыстың тақырыптары (көрсеткіштері) жөнінде келісуі тиіс. Бұның да себебі бар, тапсырысшы зерттеудің таңдалған бағытының өзектілігін, оның нәтижесінің маңыздылығын барлауда қиындық шегуі мүмкін. Тапсырысшы жұмыс үшін керекті мәліметтерді мердігерге беріп отыруы керек. Олардың құрамында таратылуға жатппайтын (конфидинциалды) мәліметте болуы мүмкін. Ал жұмыс біткен соң тапсырысшы оны қабылдап алуы және ақы төлеуі қажет. (ҚР АК 678 б. 1, 3 тармақтары). Жұмыс нәтижесін қабылдау, оған ақы төлеу тәртібі шартпен анықталады немесе мердігерлік шартына қатысты жалпы ережелермен айқындалады немесе мердігерлік шартына қатысты жалпы ережелермен айқындалады. Шартта жұмыстың бөлек кезеңдерін қабылдау және олар үшін ақы төлеу немес ақы төлеудің өзге бір тәсілі қарастырылуы мүмкін.

Егер ғылыми- зерттеу  өндірісі кезінде қажетті нәтижеге жету мердігердің (атқарушының) өзіне байлансыт емес мән жайлар бойынша мүмкін болмаса, онда тапсырысшы осы мән жайлар анықталған уақытқа дейінгі жасалған жұмыс нәтижелеріне ақы төлеуі керек. Бұл ақының шекті мөлшері шартта көрсетілуі мүмкін. Сол кезде тапсырысшы шартта көрсетілген жұмыстың бір бөлігі үшін қарастырылған ақыдан асатын соманы төлеуге міндетті болмайды. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижеге жету мүмкінсіздігін мердігерлік шарттарындағы тәуекелдердің үлесуі ретінде бағалауға болады. Ал, тәжірибе конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік шартында тапсырысшы үшін тәуеклділік деңғгейі біршама төмен болады. Егер тәжрибе конструктолық және технологиялық жұмыстарды орындау барысында жұмысты ақырына дейін жеткізу мердігерге байланысты емес мән- жайлар негізінде мүмкін болмаса, тапсырысшы мердігердің шығындарын ғана өтеуі керек.

Ғылыми- зерттеу, тәжірибе конструктолық және технологиалық  жұмыстарына мердігерлік шарты  бойынша тапсырысшы өзіне берілген жұмыс нәтижесін, шартта көзделген негізедермен шектерде ғана қолдануға құқылы.

Мердігер жұмыстарды тапсырышымен келісілген бағдарламаға (техника- экономикалық көрсеткіштерге) сәйкес орындауға және нәтижесін  тапсрысшыға шартта көрсетілген  мерзімде беруге міндетті. Ол сонымен  қатар, интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғау бойынша талаптарды да орындауға міндетті. Жалпы алғанда, интеллектуалдық (өнеркәсіптік) меншік объектісіне құқық белгіленге дейін тапсырысшы ол туралы жарияламауы керек. Ерекшелік, тек интелектуалдық меншік объектісін көрмеге қою үшін жасалады және осы үшін шартта тиісті жағдай болуы керек, оол өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықтарды рәсімдеу (патенттеу туралы өтініш) көрме болғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Мердігер өз күшімен және есебінен өзінің кінәсі бойынша технмкалық құжаттаманың қателіктерін жоюға міндетті, егер олар тапсырысшының техникалық тапсырмасында немес шартта белгіленген техникалық экономикаылық көрсеткіштерден ауытқуға әкелуі мүмкін болса.

Информация о работе Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы