Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 14:50, курсовая работа
Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.
Мердігер құрылыс барысында
тапсырысшыдан алған
Жұмысты тиісті дәрежеде орындамаған мердігер оның орындалуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сілтеме жасауға құқылы емес. Бірақ бұған тапсырысшыға мұндай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру міндеті заңнама актілерінде немес шартта жүктелген жағдайлар жатпайды.
Мердігерше қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі міндеттер жүктеледі. Егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қөауіпсіз жүргізу туралы тараптар үшін міндетті тараптарды бұзуға тура келсе, мердігердің жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырысшы берген матермалдарды (бөлшектерді, конструкцияларды) және жабдықтарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ. Мердігердің көрсетілген міндеті қошаған орта залал келтіретін және айналадағылар үшін қауіпсіз емес жұмысты орындағанда басқа да іс- әрекеттерді жасаудан бас тартуын талап етеді.
Мердігер жұмыстың сапалы орындалуына жауап береді. Ол шартта, жобада және тараптар үшін міндетті құрылыс нормаларында қарастырылған талаптардан ауытқулар үшін, сондай-ақ құрылыс объектісінің жобалық- сметалық құжаттамда көрсетілген көрсеткіштеріне, оның ішінде кәсіпорынның өндірістік қуаты сияқты көрсеткіштерге жете алмағандығы үшін тапсырысшының алдында жауапты болады. Үйді немесе ғимаратты қайта жаңғырту кезінде (жаңартқанда, қайта салғанда, қалпына келтіргенде және т.б.) мердігер үйдің, ғимараттың немесе оның бөлігінің беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін төмендеткені немесе жойғаны үшін жауапты болады.
Мердігер жұмысты орындап біткеннен кейін шарт тараптарының әрқайсысына жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабалдауға байланысыт белгілі құқықтармен міндеттері жүктеледі. Мердігер тапсырысшыға шартпен қарастырылған жұмысты тапсыруға дайындығы жөнінде тиісті түрде хабарлауы керек. Хабарды алған тапсырысшы қабылдауға (объектіні) дереу кірісуге міндетті. кейбір жағдайларда хабарлама жұмыстың бір кезеңінің бітуін көрсетеді, ал тапсырысшы шартқа байлансыт жұмыстың орындалуының аралық кезеңінің нәтижесін қабылдауға міндетті болады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдауды өз себебінен ұйымдастыруды және жүзеге асырады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда жұмыс нәтижесін қабылдауға мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін- өзі басқару органдарының өкілдері қатысуға тиіс.
Жұмыстың жекелеген кезеңдерін алдын- ала қабылдаған тапсырысшы мердігердің қатысынсыз жойылу немесе бүлінуді мойынына алады, бұл тәртіп шартта жұмысты мердігердің тәуекелімен орындау көзделген жағдайларға таралады.
Жұмыс нәтижелерін тапсыру және қабылдауды рәсімделеудің арнайы тәртібі қарастырылады. Ол үшін екі тараптармен қол қойылатын акт рәсімделеді. Егер қабылдауда мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін- өзі басқару орагндарының өкілдері қатысуға міндетті болса, онда қабылдау актілеріне осы тұлғалар да қол қоюы керек. Тараптардың біреуі актіге қол қоюдан бас тартса, бұл туралы белгі жасалады, ал екінші тарап актіге қол қояды.
Тараптардың ішіндегі біреуінің актіге қол қоюдан бас тартқан жұмыстарды аяқтаудың заңды рәсімделуін шындап қиындатады. Дау болған жағдайда шарттың тек бір тарабы қол қойған қабылдау актісін сот жарамды деп тануы қажет. Сонымен қатар, мұндай қабылдау актісіне қол қоюдан бастарту себептері сотпен негізсіз болып танылған жағдайда ғана қабылдау актісі жарамды болып табылуы мүмкін. Егер қабылдау актісі жарамды деп танылмаса, құрылыс мердігерлік шартындағы тараптардың бір немесе өзге құқықтары мен міндеттерін ( олардың жағдайын) анықтау жөніндегі соттың істі қарауы алда тұрады.
Заң актілерінде немеше шартта көзделген немесе бұл құрылыс мердігерлігі шарты бойынша орындалатын жұмыстың сипатынан туындайтын жағдайларда, оның нәтижелерін қабылдау алдында алдын-ала жүргізу орын алуы тиіс. Мұндай жағдайларда жұмыс нәтижелерін қабылдау алдын- ала жасалған сынақтың нәтижелері оң болағн кеде ғана жүзеге асырылады.
Тапсырысшы шартта көрсетілген мақсат үшін жұмыс нәтижелерін пайдалана алмайтындай кемшіліктер анықталған жағдайда және оларды мердігер, тапсырысшы немесе үшінші тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерін қаблдаудан бас тартуға құқылы.
Кемшіліктер анықталған жағдайларда олар жөнінде актіде көрсетілуге тиіс. Кейбір жағдайларда, егер олар заң актілерінде көздесе, салынған объектілерді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс, салынған объектілерді мемлекеттік қабылдаудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеуі қажет және онымен мемлекеттік органдардың аралық қабылдауларға қатысу мүмкіндігі айқындалуы керек.
Құрылыс мердігерлігі шартымен әдетте орындалған жұмыс нәтижелері сапасының кепілдіктері қарастырылады. Мердігер, егер өзгешілік шарпен ұқарастырылмаса, бүкіл кепілдік мерзімі ішінде құрылыс объектісінің жобалық- сметалық құжаттамысында көрсетілген көрсеткіштерге ие болуына және объектіні пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді. Егер заңнама актілерімен немесе шартпен кепілдік мерзімі көзделмесе, АК 665- бабының 1- тармағына сәйкес, кепілдік мерзімі тапсырысшы объектіні қабылдаған күнен бастап он жылды құрайды.
Кепілдік мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер үшін, егер кемшіліктер объектінің немесе оның бөліктерінің қалыпты тозуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзі немес ол тартқан үшінші тұлғалар жасаған пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың дұрыс болмауныңы салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, мердігер жауапты болады.
Мердігер жауап беретін кемшіліктердің (ақаулардың немесе шала істелген жұмыстың) салдарынан объектінің пайдалану мүмкін болмайтын барлық уақытқа кепілдік мерзімінің ағымы тоқтатыла тұрады.
Мердігерді жауапкершілікке нақты тарту мүмкіншілігіне ие болу үшін тапсырысшы анықталған кемшіліктер туралы олар кепілдік мерзімінің шегінде анықталса қисынды мерзімде хабарлауы керек.
Құрылыс мердігерлігі шартында кепілдік мерзімі анықталғанға дейін сметада көрсетіліп, шартта көзделген жұмыс бағасының бір бөлігін тапсырушының ұстап қалу құқығы қарастырылуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда шартпен тапсырысшының талап етуі бойынша және тапсырысшының есебінен мердігер жауапты болмайтын кемшіліктерді (ақаулар мен шала істелген жұмыстарды) мердігердің жою міндеті көзделуі мүмкін. Кемшіліктер шарттың нысанасымен байланысты болмаған немесе жұмыстар өзіне қатысы жоқ себептермен мердігермен орындалуы мүмкін болмайтын жағдайларда мердігер кемшіліктерді жоюдан бас тартуға құқылы.
2.3. Жобалау және іздестіру жұмыстарында мердігерлік шарт.
Мердігерлік шарттың бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұимыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргізілетін құжаттар өңделуін қарастырады.Әдетте, жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдау қажет болса жүргізіледі. Сонымен бірге, құрылыс объектісінің өзі де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргізілуі тиіс емес (басқаларға ұқсамайтын болуы тиіс) ғимарат (құрылыс) олардың кешені болып келуі мүмкін.
Алдағы жұмыс көлемі үлкен болып құрылыс арнайы мақсатқа жоспарлануы мүмкін. Сондықтан жобалаудың алдағы шығынды бағалау, болашақ құрылыстың экономикалық тиымдылығын көтеру үшін маңызды болып табылады. Іздестіру жұмыстары салынған ғимартатты болашақта пайдаланудың жолдарын құрылыс салу орнын, құрылыс тәсілдерін және т.б. анықтауға мүмкіншілік береді. Бірқатар жағдайларда, жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарттары бойынша тапсырысшы болып құрылыс ұйымдары қатысады. Олар құрылыс мердігерлік шарты бойынша мердігерлік құрылыс қызметінің белсенді жүзеге асыруды, жаңа шешімдер (инновацияларды) ұсынуды, мемлекеттік орагндар немесе жеке тапсырысшылар ұйымдастыратын тендерге әлеуметтік- мәдени, өндірістік тұрғын үй ғимараттарын салуды болжаулары мүмкін.
Жобалау және іздестіру
жұмыстарына мердігерлік
Мердігердің жұмысы шығармашылық тұрғыда да болып келеді және жобалау жұмыстарының нәтижесінде тапсырысшының ынтасына сәйкес құжаттама өңделуі еместігі немесе іздестіру жұмыстарының бір кезеңінде болжанған құрылысты жүзеге асыру мүмкін еместігі анықталуы мүмкін. Осындай сипаттағы ақпаратта жобалау немес іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының нәтижесі болып келеді және сондықтан мердігердің тиісті шығындары өтелуі тиіс.
Тапсырысшы қажетті шараларды қолдаған күнде (қолданса) жобалау және іздестіру шартының нәтижесі ҚР АК-сының «Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы» деп аталтын 55- тарауының нормаларына сәйкес қорғалуы мүмкін.
Жобалау және
іздестіру жұмыстарына
Оның ерекшеліктерін реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32-тарауы § 4 нормаларымен жүзеге асырылады, жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартына мердігерлік шартының жалпы нормалары да қолданылады.
Аталған мердігерлік
түрі де субъектілік құрамының
Жобалау және іздестіру
жұмыстарына мердігерлік
Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тапсырысшы мердігерге шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызмет көрсетіп тұруы керек. Мысалы, көлік бөлініп берілуі, бір немес өзге қажетті мәліметтер өз уақытылы берілуі материалдар сатып алынуы, оларға кірудің арнайы (ерекше) тәртібі бекітілген аумақтарға кіруге (олардан өтеуге) рұқсат алынуы мүмкін т.б. Басқаша айтқанда, жалпы мердігерлік шарттары бойынша да сияқты бұл мердігерлік шартты бойынша да тапсырысшының және мердігердің ынтымақтастығы орын алуы тиіс. жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартның басқанын айырмашылығы, тапсырысшының көмегі тапсырманы тиісті орындау үшін қажетті болуы немес көмек көрсетпеуі мердігерге елеулі қиындықтар туғызуы мүмкін, содық тан тапсырысшының ынтықмастастық бойынша міндеті тікелей шартта көрсетіледі. Осының жеке мысалы ретінде, тапсырысшының мердігермен бірге жобалау – сметалық құжаттамны жергілікті өзін -өзі басқарудың органдармен немесе мемлекеттік өкілетті органдармен келісьіруде қатысу міндетін айтуға болады. Бұл міндетті заңмен бекітуде тапсырысшының мүддесін ескеру айқын сезіледі. Ол тапсырманы тиісті орындауда мүдделі, сондықтан өзінің нұсқауларын жүзеге асыруға бақылаушы орагндар жағынан қандай да бір кедергілер болып тұрса ол мердігерге сол кедергілерден құтылуға көмектесуі керек. Сондай- ақ өзін келешекте жобалау- сметалық құжаттамаларды мердігерден алған соң олар мемлекеттің сертификаттау, архитектуралық бақылау органдарның және т.б. талаптарына сәйкес келемеуі салдарнан жарамсыз болып шығуы қаупінен сақтандыру керек. Ал тапсырысшы жеткілікті қожайын сезімін, қамқорлықты иеленбесе, (қам етпесе) онда болашақта ол едеуір мүлікті және рухани қолайсыз зардаптарға тап болуы мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасй бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырмасын, алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлар өзгеруіне сәйкес өзгеріп тұруға құқылы. Бұл түсінікті, себебі алғашқы кезде тапсырысшы өзінің беріп отырған мәліметінің бір немес өзге жағдайда қандай мәні болатынын білмеуі де мүмкін. Сондықтан, біздің ойымызша, мердігер тапсырысшыға оның ұсынған мәліметтері аяқты мақсыттарға жетуге (жобасы жасалған оюъектінің көрсеткіштеріне) қалай әсер ететінін көрсетіп тұруы керек. Мердігерга қатысты емес жобалау және іздесдестіру жұмыстарының өзгертілуіне байланысты тапсырысшы мердігердің қосымша шығындарын өтеуге міндетті.
Шарт, бойынша жоғарыда көрсетілгендей жобалау және іздестіру жұмыстарының түпкі нәтижесіне екі тарапта да құқықтар пайды болады. Тапсырысшы да жобалау- сметалық құжаттамаларды және іздестіру жұмыстарының нәтижесін пайдалануға шектеулі құқықтарға иеленеді (осы шектеу іздестіру жұмыстарының нәтижесі үшін тек заңнаманы кеңейтіп талқылау нәтижесінде анықталуы мүмкін, ол негізінен АК –те тек жобалау сметалық құжаттаман пайдалану шектеулері жөнінде айтылған). Сондықтан тапсырысшы осы шарттар нәтижежесін тек шарттың өзінде анықталған мақсаттарда ғана қолдануға құқылы, мысалы, белгілі бір елде мекенде бірқатар ғимараттарды салу үшін осындай шектеуге жол берілу жобалаушының құқықтық мүддесінен туындайды, себебі жобалау жәнеіздестіру жұмыстарының нәтижесін шектеусіз пайдалану, мердігердің өз қызметін нарықта одан әрі өткізу мүмкіншілігін де шектейді. Одан басқа тапсырысшынң өзге (әрбір) аймақтардың ауа райы жағдайларының ерекшеліктерін ескермей ғимараттарды ойламастан саоа бергені жобалаушының, іздестірушінің жұмысының нәтижелері жөнінде теріс пікір қалыптастырады (қалыптастыруы мүмкін) және сол арқылы аталған тұлғалардың іскерлік беделіне нұқсан келуі мүмкін. Жобалау- сметалық құжаттамаларда интеллектуалдық меншік объектілеріне жататын және мердігерге тиісілі болатын бөлек мәліметтер болуы мүмкін, аол мәліметтер мердігердің келісімінсіз таратылмауы тиіс болады. Осының салдарынан тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуге және онда сақталатын мәліметтерді мердігердің келісімінсіз жария етпеуге міндетті.