Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 14:50, курсовая работа
Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.
Шамалас сметеның ерекшелігі, оны қарастырған жағдайда мердігер өзі шығындарының көлемін оларды аздап көбейту жағына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгіленген бағасын (шамалас сметаны) елеулі өсіру қажет бола қалса, бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Қандай болсада қосымша жұмыстарды орындау керектігі анықталғасын немесе материалдарға үшінші тұлғалардың қызметтерінің бағалары өссе, осындай қажеттілік болуы мүмкін. Бағаын елеулі өсіруге келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлігінің барысын төлеуді талап ете алады. Шартта көрсетілген бағаны (сметаны) өсіру қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мерлдігер жұмысқа шартта белгіленген алғашқы баға бойынша ақытөлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға міндетті.
Мердігерлік шарттың мерзімдері мердігердің және тапсырысшының олардың шарт бойынша міндеттерін атқаруға байланысты қызметінің (іс-әрекеттерінің ) уақыттық өлшемдерін анықтайды. Мысалы, тапсрысшы белгілі мерзімге мердігерге материалдарды және жабдықтарды беруге міндетті. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзімдерінде болады, себебі мердігерлік шарттарының ақырында орындалуы сол мерзімдерге тікелей тәуелді болады. Оның аралығындағы жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бітуі тиіс уақыт кезеңі мердігерлік шартының жалпы мерзімін құрайды. Онымен қатар шарттар жұмыстар орындалуы үшін қарастырылған ақырғы мерзімдер де бекітіледі (ҚР АК 628 бабы 1-тармақ). Жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері – аралық мерзімдер де көзделуі мүмкін.
Аралық мерзімдер екі жақты қызмет атқарады. Бірінші жағынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердігердің қызметінің бірдей етіп бөлінуін қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтамасыз етеді. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін еместігі айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы. Егер мердігерлік шартта мердігер бастапқы мерзімін бұзса, оны орындауға уақытылы кіріспесе де осы нәтиже орын алады.
1.3. Тараптардың құқықтары және міндеттері.
Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсиби субъект болған соң, оның жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді. Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшынң орын алған заңсыз мінез құлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты орындамағаны үшін немес дұрыс орындамағаны үшін мердігерді жауапкершіліктен босататын жағдайларда әсер ететді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен орындауға міндетті. Егер материал оынмен берілсе , ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни олдасапалы орындалуы керек. Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериалық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде тапсырысшының нұсқаулары болаып табылады. Мердігер мемлекеттік стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және нормативті- техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Осындай талптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасйтын мердігерлерге қолданылады (ҚР АК 632-б. 2-т), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті талаптарды орындамаса оның қызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды жасаумен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негізі ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті тлаптар мен салыстырғанда сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшыны оның күделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ материалдармен құралдарды беруге міндетті.
Кейбір жағдайларда, мердігер
жұмысты тапсырысшының
Материалдарды тапсырсшы берген болса, мердігер сол материалдарды сапасына қарай қабылдап алуға міндетті. Мердігер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берілген заттың өзінде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшының берген нұсқауларды және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердігер өзінің кәсіби тәжрибесіне байланысты бағалайды.
Мердігер:
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескерпеген, не ескертуге жауап алу үшін қисынды мерзімінің аяқталуын күтпестен немес жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауны қарамастан жұмысты жалғастырған мердігердің тапсырысшысы оған тиісті талаптар қойған кезде аталған аталған мән- жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердігердің хабарлауына байланысты жауапты қиснды мерзімнің ішінде беруі тиіс.
Егер мердігер белгіленген талптарыд сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшіліктерін тиісті қабылдау кезінде анықтау мүмкін болмаған ретте ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиісті бағаламауда мердігердің кінәсі болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс мердігердің материалынан орындалса, мердігерлік шартында тапсырысшының кепілдігі көбірек болады, себебі материалдардықамтамасыз еткен мердігер олардың сапасы үшін кінәсі барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.
Мердігер тапсырысшысы берген мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттардың тапсырысшысы берген материалдардың өзге мүліктің жабдықтардың сақталмағын үшін мердігер жауапты болады. Бұл жауапкершілік мердігерлік шартының орындауына арналған мүлікке ғана емес мердігердің иелігіне түскен басқа да мүлікке қатысты болады. Мысал қылып мердігерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшін бөлініп берілген бөлмелерді, жөндеу кезінде оны алып кету қажеттілігі болмағн жиһазды және т.б. осындай мүлікті айтуға болады. Осындай мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің өлшемі болып, әдетте орын алатын меншік иесінің өзінің шаруашылық ұқыптылығы келеді, бірақ жұмыстарды орындау үшін арналған жабдықтармен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердігердің кәсіби субъект ретінде қараушылық дәрежесі жоғары болуы керек екенін танимыз. Кез- келген жағдайда, егер мүлік сақтауды қамтамасыз ететін бр-арлық шараларды қолданбаса, мердігер кінәлі болып табылады.
Мердігерде үндемеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК –сында ол болмаған еді. Оны кірістеу мердігердің тиымды шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның қолдануына байланысты үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болады. Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің құнын азайтуда болып келеді. Үнемдеу әдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгізетін мердігердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының салдарынан болады. Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеу (сметаны жасау) кезінде септелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса, мердігер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердігерлік шарты мердігер алған үнемді тараптар арасыда бөлу көзделуі мүмкін (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, апсырысшымен шарт бойынша төленетін бға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келеді. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердігердің қызметін пайдалану үшін, оның тұрақты іскерлік атағы пайда болу үшін, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкін.
Мердігер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын пайдалану немес өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті. Осы міндетті қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келеді. Мердігердің осы міндеті тағы шартты да көрсетілуі тиіс. Кейбір жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерін шартта көрсетілген мақсаттарда пайдалану тиісті ақпаратсыз мүмкін болмаса, онда сондай сипаттағы қпарат мердігердің осы жөніндегі міндеті шартта бекітілмей-ақ берілуге тиіс болады. (ҚР АК 637-б). Осындай ақпараттарда белгілі технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсініктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердігердің ақпарат беру бойынша міндеті мердігерлік нәтижесінің ерекшелігіне, жасалған бұйым арнайы күтімді талап ететініне және т.б. себептерге байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Азаматық кодекс 638- бабы әрбір тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүліктік объектісімен2 сияқты иеленуіне байланысты мүдделердің (құқықтарын) қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. Бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа техникалық шешімдер мен білімдер туралы ақпарат алса, сол ақпараты үшінші тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келісімінсіз бере алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсіптік меншіктің барлық түрлері туралы ақпарат кіре алады). Мердігерлік шарты бойынша жалпы тәртібінде құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың біреуінің коммерциялық құпиясы болып келетін ақпарат та қорғалады. Осыдан ақпаратты (барлық түрлерін) жарияламау міндеті тараптар оны шартта бекіткенше, бекітпегеніне байланысты болып келеді, бірақ ақпараттарды пайдалану тараптары мен тәртібі тараптардың келісімімен анықталады (ҚР АК 638 бап). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келісімімен белгіленеді.
Мердігер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орндау үшін берген құралдарды қайтаруға міндетті. Сол сияқты тапсырысшы мердігер жұмысты орындауға кіріспегені немес тым баяу орындағына немес орындалға жұмыста елеулі және жойылуы мүмкін емес кемшіліктер болғаны себебінен шартты бұзса (одан бас тартса), онда мердігер тапсырысшымен берілген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшін берілген затты немесе өзге мүлікті қайтаруға міндетті. Мүлік тапсырысшы көрсеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкін. Егер мүлікті қайтарып мүмкіндігі жоқ болса, мердігер материалдық құрал- жабдықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүліктің бағасын қайтаруға міндетті (ҚР АК 639 бабы).
Тапсырысшыға мердігерге жәрдемдесу міндеттері жүктеледі. Бұл тапсырысшы мердігермен бірге белгілі бір жұмыстың бөлігін істеу керектігін білдірмейді. Жұмыс мердігердің қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру міндеті болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 629 бабының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердігердің міндетін тиісті орындауға қажетті ұйымдастру шараларын жүзеге асыруы керес, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттеріне байланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектіге жолды тазалауға, тиісті мерзімді, егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелерді (жайларды) беруге міндетті. Мердігерге көмектесу міндеті тапсырысшы оған жұмыстарды орындаудың бұдын бұрын бекітілген тәртібін қайта құруды талап етпеу керек екенін, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергі жасамау керек екенін, керісінше онымен ынтымақтастықта болу керек екенін білдіреді. Тапсырысшы осы міндеттерін орындамаған жағдайда, мердігер зиянды, соның ішінде жұмыстың тоқтап қалуына, жұмысты орындаудың мерзімдерінің өзгеруіне немес юұмыс бағасы көбеюіне байланысты келтірілген шығындарды (қосымша шығындарды) өтеуді талап етуге толық құқылы. Егер мердігерлік шарты бойынша жұмысты орындау тапсырысшының әрекеттерінің (қателіктерінң) мүмкін болмай қалса, мердігер жұмыстың орындалған көлеміне сәйкес келетін мөлшерде жұмыс үшін ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердігер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында жұмысты қабылдау тәртібі реттелген және ол шартта да көрсетілуі мүмкін. Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетілген мерзімде егер сол мерзімдер шартта қарастырылмаса, онда қабылдау қисынды мерзімдерде жүргізіледі. Қабылдауға жұмыс нәтижелерін тексеру кіреді. Егер жаңа зат жасалынса немес бір затты жөндеу, оны жақсарту жүргізілсе қабылдау міндеті затын иелікке алу бойынша іс жүзіндегі әрекеттерді де өз құрамына енгізеді. Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзімін өткізіп алу меншік құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетініне әкеледі. (ҚР АК 630-б. 8-т.). Сілтеме жасалған норманың мәтінінде біздің ойымызша қателік бар, себебі жұмыс нәтижесін қабылдап алу мерзімін өткізіп алу тапсырысшыға меншік құқығы өту сәтін анықтауға байланысты болуы тиіс емес (меншік құқығы онсыз да жалпы тәртіп бойынша тапсырысшыға оған зат берілгеннін өтеді), мерзімді өтікізіп алған несие берушіде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуекелдер) оның қабылдау мерзімін өткізіп алудағы кінәсі болмаса, онда ол мүлікті қабылдауға міндетті болған және оны қабылдаған сәттер арасындағы уақыт ралығындағы мүлікті күтіп ұстау бойынша, шығындарда оған жүктелетіне (ол сол шығындарды өтеге міндетті болатынына) әкеледі.