Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 14:50, курсовая работа

Краткое описание

Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дурысМердігерлік шарт -63 бет.doc

— 391.50 Кб (Скачать документ)

Тапсырысшы жұмысты  нашарлатқан шарттан ауытқуларды  немесе жұмыстағы өзге кемістіктерді  анықтаса, онда ол бұл туралы дереу мердігерге хабарлауы тиіс. болашақта тапсырыс беруші қабылдау сәтінде анықталған кемістіктерді жою туралы талап қоймақ болса, онда кемістіктер қабылдауды куәландыратын актіде немес өзге құжаттарда көрсетілсе ғана, ол соларға сілтеме жасай алады. Осы қойылатын талапты ескерсек, бюіз мердігерлік жөніндегі нормалар мердігердік шартының нысанасын қабылдау бойынша сатып алу- сату шартына (оның нормаларына қарағанда) қатаңдау талаптар бекітетінін айта аламыз.

Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесін тексеріссіз қабылдаса, онда ол қабылдаудың кәдімгі болып келетін тәсілдерін қолданғанда анықталуы мүмкін болған кемістіктерге (айқын кемістіктерге) сілтеме жасау құқығынан айырылады. Егер тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қарап қабылдағаннан кейін қарапайымы қарағанда көрінбейтіндей кемістіктерді (жасырын кемшіліктерді) сол сияқты оларды мердігер қасақана жасырған кемістіктерді анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердігерге қисынды мерзімде хабарлауға міндетті. Тапсрсшы мердігерге оның орындаған жұмысының кемшіліктері туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі кемшіліктер табылғанан, яғни жұмыс нәтижесі қабылдағаннан кейін бір жылды құрайды. Мердігерге ғимараттардың, құрылыстардың кемістіктері туралы немесе мердігер қасақана жасырған кемістіктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзімі үш жылды құрайды. Көрсетілген мерзімдерді кепілдік мерзімдері ретіндебағалауға болады. Аталған мерзімдер заң актілерімен немесе шарттармен ұзартылуы мүмкін. Сапа кепілдігі, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесінің барлық құрамаларына тарайды. (ҚР АК 633 бабы 2-тармағы). Егер мердігерлік шартында бұл өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тапсырысшы жұмыс нәтижелерін қабылдағаннан кейін бастап немес тапсырысшы оларды қабылдауы керек сәттен кейін бастап есептеледі.

Егер тапсырысшы мен мердігер арасында жасалған жұмыс кемшіліктері немес оның себептері туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы бойынша сараптама жүргізілуі мүмкін. Сараптау шығындарын мердігер өтейді. Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немес мердігердің жасаған іс- әрекеттерінің және табылған кемшіліктердің өзара байланысы жоқ деп тапса мердігер осы шығындардан босатылады. (ҚР АК 630 бабы 6-тармағы). Бұл жағдайларда шығындарды кім сараптау жүргізуді қаласа, сол өтейді. Егер сараптауды тараптар келісімімен жүргізсе, онда екі жақ тең шығынды өтейді.

Жасалған жұмысқа ақы  төлеу міндеті – тапсырысшының  негізігі міндеті. Бұл міндет жалпы  тәртіп бойынша мердігер жасаған  жұмысты толығнан тапсырған соң  орындалуы тиіс. шартта алдын- ала  жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс кезеңдерінде ақы төлеу міндеті қарастырылуы мүмкін. Ақы төлену үшін жұмыс уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталса, оған алдын алу құқығы алдын ала төлеу тараптар келісіміне бұрын кірсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала төлеуге келіссе пайда болады. Афанс төлемін жасау немес кепіл пұл беру осылар шарттарда немес заңнамада қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Афанс төлемінің кепіл пұлдың мөлшеріде шарттармен немесе заңнамамен анықталады.

Мердігерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетімен қорғау құқығы беріледі. (ҚР АК 9-бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып келеді (ҚР АК 624 бабы).

Тапсырысшы белгіленген  бағаны немесе шартпен белгіленген  өзге сомманы төлеу міндетін орындамаса, мердігер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесін) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиісілі құрал – жабдықтарын да, жұмысты орындау үшін берілген пайдаланылмаған материалдар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүліктерін тапсырысшы керекті ақша сумасын төлегенше бермеуге құқылы. Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге асырыла береді.

Бұндай жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшығада сондай құқық  беріледі, ол мердігерге тиісілі сиақы  мөдшерінен өз уақыты анықталған кемшіліктерді  жоюға арналған шығындарды өтеу үшін ұстап қалуға құқылы.

Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесін қабылдауды жалтарып, жұмыс үшін төленбесе мердігер жұмыс  нәтижесін өз бетімен сатуға (өткізуге) құқылы болады. Бұл тапсырысшы жұмысын  қабылдау уақыты өтіп кетокеннен кейін  бір айдан соң және тапсырысшыға екі рет ескертілгеннен кейін жүзеге асады. Мердігер жасалған жұмыс нәтижелері егер шартта басқаша қарастырылмаса сатады, өзіне тиісілі ақысын алып қалғанын егер шартпен өзгешелік көзделмесе тапсырысшы депозитіне салады.

Мердігерлік шарты бойынша тараптарда тиісті көлемде тәуекелдер болып келеді. Егер шертта немес заң актілерінде өзгеше көзделмесе мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелін шарт бойынша келісілген жұмысты тапсырудың мерзімі келгенше мердігер көтереді. Егер мердігерлік заты тапсырылғанға дейін кездейсоқ жойылса немес жұмысты аяқтау мүмкіндігі болмаса, онда тараптар кінәсі болмаса, медігердің жасалған жұмысқа ақы төлеуді талп етуге құқығы болмайды. Яғни жұмыстар орындалмауның тәуекелі барлық жағдайда мердігерге жүктеледі. Затты қабылдауды немесе берудің мерзімін өткізу алу болса егер шартта немесе заңда басқаша көзделмесе тәуекел мерзімді өткізіп алған тарапта болады. Сондықтан тапсырысшы затты қабылдаудың мерзімін өткізіп алса мердігер сияқы алу құқығын сақтайды.

Мердігерлік шарттағы траптардың арасындағы тәуекелдердің қайта бөлінуіне әкелетін жағдайлардан тараптардың біреуінің кінәлі іс - әрекеттері болатын жағдайларды айыра білу қажет. Мысалы тапсырысшының кінәсі болуы мүмкін. Егер мердігерлік затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкінсіздігі тапсырысшы берген материалдың сапасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердігер алдын ала ескерсе, онда мердігер орындалған жұмыс үшін ақы алу құқықығын сақтап қала береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4. Мердігерлік  шарты бойынша жауапкершілік

 

Мердігерлік шарты бойынша  жауапкершілік өзінің міндеттерін  орындамаған немесе тиісіті орындамаған  шартт тараптарының біріуінің кінәлі жүріс тұрысының салдары болып келеді. Егер мердігерлік шартынүдағы міндеттемелердің кәсіпкерлік сипаты болса немесе осы шартта арнайы көзделсе, тарап шарт бойынша міндеттемісн тиісілі орындамауы үшін оған кінәсіз жаупкершілік жүктеледі. Жауапкершіліктің жмөлшері Азаматтық заңнамамен немесе шартпен белгіленеді, әдетте зиянды өтеу міндеті атқарады. Көбінесе, залал егер жұмысты мердігер жұмысты нашарлататын ауытқулар мен немесе оны шартт көзделген не шартта тиісті ережелер болмаған кезедегі- әдеттегі пайдалану үшін оларды жарамсыз ететін өзге де кемшіліктермен орындаса тапсырысшыға келтіріледі.

Осыған қарай, Азаматтық  кодексте жұмысты сапасыз орындауы үшін мердігердің жауапкершілігі көзделген (635 б). оның нормалары мердігер –  бұзушыға жаупкершілік туралы жалпы  нормалармен жүктелетін қолайсыз нәтижелермен бірге тапсырысшыға өзінің құқытарын арнайы тәртіпте қалпына келтіру мүмкіншілігін береді. Тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердігерден:

  1. қисынды мерзімде жұмыстың кемшіліктерін өтемсіз жоюды;
  2. жүмыс үшін белгіленген бағаны тиісті мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.

Осымен бірге тапсырысшы кемшіліктердің өзінің қаражаттарымен мысалы, басқа мердігерді жалдау жолымен  жоюы мүмкін. Бұл үшін мердігерлік  шартында тапсырысшының жұмыстың кемшілігін өз іс әрекеттерімен жою құқығы көзделуі керек.

Мердігер өзі жауап  беретін жұмыстың кемшіліктерін  жоюдың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзімін өткізіп алу арқылы келтірген  зиянды өтей отырып, жұмысты тегін  қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс сипаты бойынша  ондай қайтарып беру мүмкін болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесін мердігерге қайтарып беруге міндетті.

Сонымен қатар, егер жұмыста  шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшіліктері елеулі болғанда және жоюға келмейтін болса  не анықталған кемшіліктер тапсырысшы белгілеген қисынды мерзімде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.

Кейбір жағдайларда, жұмысты  орындау жоғарлаған қауіп-қатермен (тәуекелмен) байланысты болса, шартта белгілі бір кемшіліктері үшін мердігерді жауаптылықтан босату көзделуі мүмкін.

Шартты бұзғаны үшін мердігерді жауапкершілікке тартудың тәжірибелік мүмкіншілігі талап  қою мерзімін сақтауға байланысты болып  келеді. Мердігерлік шарттан талаптарға талап қоюдың жалпы – үш жылдық мерзімдері тарайды.

Мердігерлік шарт бойынша  орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған кемшіліктер  туралы талап бойынша талап қою  мерзімі, олартуралы тиісті мерзім шегінде  тапсырысшы мердігерге хабарлаған болса, кемістіктер анықталған күннен өз ағымын бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Тарау. Мердігерлік  шартының жекелеген түрлері.

2.1. Тұрмыстық  мердігерлік.

 

 Бұл шарт мердігердің  тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы  қатнастарды реттейді. Ол арқылы  азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мердігерлік шарты бойнша олардың нәтижесі зат болып келмейтін жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаштарздар, моншалар, шеберханалар, және т.б. қызмет көрсетуі осы сипатта болады. Тұрмыстық мердігерлік қатнасында бөлшектеп сатып алу-сату шартына секілді бір тарабы болып тұтынушы қатысады.

Тұрмыстық мердігерлік  Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің 640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік қатнастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғынларға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен бөлігі оны тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатнастарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар Азаматтық кодекстің өзінде де бар.

Тұрмыстық мердігерлік  шарты бойынша, кәсінкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырысы бойнша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі-бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін  қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді.

Тұрмыстық мердігерлік  шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.

Тұрмыстық мердігерлік  шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша  егер заң актілеріне немесе шартта, оның ішінде формуляр ережелерінде  тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбірек немесе шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжаттар берген кезден бастап тиісті нысанда жасалған болып септеледі.

Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе бекітілген нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегі және аты оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылдаған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырыс қабылдаған және өткізген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы мен тұтынушының материялдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы және саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген заттың зауыттың нөмірі және өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік аяқтарға сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

Жоғырыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердігерлік  шартының міндетті талабы (елеулі жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегі нормаларға сәйкес жасалатын мердігерлік шартында да сияқты елеулі жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау мерзімдері туралы жағдайлар жатады.

Тұрмыстық мердігерлік  шарттары ауызша нысанда да жасалуы  мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затт дайындауға тапсырыс, тұтынушының немес мердігердің эскизі бойынша немес үлгілері бойынша қабылданады. Оның қолымен (қол ққоюмен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бір уақытылы мердігермен келісу нәтижесінде үлгілерден және (немес) жұмыс орындау (зат жасау) технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай ауытқулар тұтынушының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және оның мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірмеуі тиіс.

Тапсырыс рәсімделген  құжат немесе шарттың талабы тұтынушының  құқығын шектейтін болса, ол ҚазақҚСР-ң  «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңына сәйкес жарамсыз деп  есептеледі. Тұрмыстық мердігерлік  шартында жұмыстың бағасы тараптардың  келісімімен белгіленеді, бірақ ол мердігер жариалаған прейскурантта көрсетілгеннен жоғары болмауы керек. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 644 бабаына сәйкес мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға деін тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті және сенімді ақпарат беруге, сонай ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартта және орындалатын жұмысқа қатысты басқа да мәлліметтерді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсырысшыға мердігер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиіс.

Информация о работе Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы