Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 14:50, курсовая работа

Краткое описание

Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дурысМердігерлік шарт -63 бет.doc

— 391.50 Кб (Скачать документ)


                                            КІРІСПЕ

 

1999 жылыдың 1 шілдесінде  Қазақстан Республиксының Азаматтық  кодексінің ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде  Қазақстан Республикасының азаматтық  кодексі нарықтық қайта құру  жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі болып табылады. Осы тұста кеңінен қолданылып жүрген азаматтық заңмен реттелетін шарттың бірі бұл мердігерлік шарт.

Мердігерлік шарт ұғымына келетін болсақ. Мердігіерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.

Мердігерлік шартты консенсуалды ақылы және өзара  шарт. Азаматтық заңнамада мердігерлік  шарт қатынастарының түрлері де өз орнын тапқан. Мердігерлік шарттың  түрлеріне тоқталатын болсақ: 1) тұрмыстық  мердігерлік, 2) құрылыс мердігерлігі,  3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, 4) ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.

Мердігерлік шарттың ұғымы мен түрлеріне  тоқталғанан кейін оның басқа  да шарттардан ерекшеліктерін оның ішінде сатып алу- сату айырбас мүлікті жалға беру шарттарынан салыстырмалы түрде айырмашылқтарын жазып ашып көрсету.

Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.

Мысалға айтатын  болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.

Жалпы дипломдық  жұмысым кіріспеден 2 тараудан қорытындыдан тұрады. Әрбір тараудағы сұрақтарды теориялық және тәжірибелік материалдарды пайдалану арқасында мазмұнын толық ашуға тырыстым.

 

 

 

 

 

 

 

 

І Тарау.  Мердігерлік  шартының жалпы сипаттамасы

1.1. Мердігерлік  шарты ұғымы

 

Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.

Экономикалық тұрғыда  мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі  мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастардың мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижелермен қатар белгілі қызметтің өзіде (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет теп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шартарында тараптардың өзге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызметте реттеледі.

Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі  жалпы түрде реттеледі, өйіткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шартты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу – сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу- сату және еңбек қатынастарынан айруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.

Мердігіерлік  шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты  атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.

Мердігерлік шартты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты  орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді. Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы мүмкін, мысалы, суретке түсіру шарттары «тез» фотосуреттер дайындауымен байланысты медігерлік осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша қысқалығы болады, және осы медігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының себептенуші негізінде болуы мүмкін.

Медігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Республикасның Азаматтың кодексінде (616-683-б) ұстанылып  келеді. Одан басқа Қазақстан Республикасыда халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан  Республикасыныңм мемлекеттік комитетінің 22.09.1996 ж. №9-7 қаулысымен бекітілген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5 үкімімен бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлігінің 30.06.1994 ж. №7-5 Қаулысымен бекітілген, бас мердігіерлердің ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының ережелері күшін жойды.

Азаматтық заңнамада  мердігерлік қатынастарының түрлерінің ең маңызы және ерекше белгілері барлары  реттелген. Мердігерлік шартының түрлі  сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4) ғылыми- зерттеу, тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік. Оларға азаматтық кодексетгі мердігерлік қатынастарды реттеуге арналған тарауында жеке парагрофтар арналған. Мердігерлік шартының жекеленген түрлеріне егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің бұл түрлері туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы ережелерде (нормалар) қолданылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Мердігерлік шартының субъектілері мен объектілері.

 

Мердігерлік шартның  тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.

Тапсырысшы – екінші тарапқа- мердігерге шарт бойынша келсілген  белгілі – бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретінде азаматтық- құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің 18.01.1998ж. №123 бұйрығымен бекітілген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру және өткізу тәртібінің ережелері.

Мердігер – шарт бойынша  белгілі бір жұмысты орындауға  міндеттенетін тұлға, көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немес жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара алады. Кейбір жайғдайларда, «Лиензиялау туралы» 17.04.1995 ж. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау – іздестіру, құрылыс – монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.

Кейбір жұмыстарды орындау  үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет. Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.

Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа тұлғаларды тартқан тұлағ абс мердігер деп аталады (ҚР АК 119-б. 1-т). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға тапсырысшының келісімінң керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшының алдында мердігерлік шартын толығынан орындалуына жауапты болады.

Бас мердігердің келісімімен  тапсырысшы жекеленген жұмыстарды орындауға  үшінші тұлғалармен шарт жасаауға құқылы. Мердігерлердің келісімі барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың іс- әрекеттероін үйлестіру қажет болғасын талап етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтарымен мүдделері тікелей немес жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға тапсырысшының алдында іс жүзінде ортақ ( немесе үлесті) борышкерлер болып келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттеріне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесіде байланысты болады. Құқытық мағанада әрине олар бөлек бір –біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың субъектілері, үйіткені олардыің әрқайсысын бөлек (дербес) мердігерлік шарттары жасалады.

Тапсырысшы ең басында  бірнеше тұлғалармен бір шарт жасау мүмкін осы жағдайда көптіліг орын алған міндеттемелік құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287 бабының 1 тармағы), сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен бірнеше боыршкер тапсырысшының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (ҚР АК 287 бабы, 2 тармағы).

Бірнеше мердігерлер  өзара қосымша (акцессорлық) келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз жұмыстарды орндау тәртібінде түсінішпеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Басқа жағынан акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді шешуге көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот тәжрибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір жұмысты орындауға келіскен соң пайда болған дау орнын алады. Алғашқы (негізгі) шартты жасасқан соң мерлігірелер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы мердігерлердің біреунің қызметінен бас тартқан бірақ сол мердігер басқа мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сілтенген.

Келтірілген мысалды  талдай отырп бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келісімге  негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде тоқтатылғасын  негізді деп тануға болады1. Қосымша мердігерлер өзара келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз. Мердігерлік шартымен нысанасы- бұл мердігер мен орындаған жұмыстың нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін белгілі заттармен, матералдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін табады.

Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың тиісті халін қалпына  келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты кейбір өзге жұмыстарда мыаслы, көгал алаңдарды қию, киімдерді  химиялық тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп ұстауға бағытталған.

Мердігерлік жұмыстар кезінде  мердігерлік қызметінің өзі де реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігерлер  мердігерлік жұмыстарды өзі орындауға  міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердігер жұмысты орындау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкін және т.б. бұзушылықтарға жол беруі мүмкін. Мердігер бұзушылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін. Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.

Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі  болуы мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді. Бағаны есептеу үшін, тараптарға келтірілген шығындар ескерілуі қажет. Егер, шарт негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзі бірнеше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтыса және т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл мердігерлік шарты бойынша орындалатын ьарлық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.

Мердігер жұмыстың және материалдардың құндары жөнінде  біліктілеу болған соң смета көбінесе онымен дайындалады. Сонымен қатар, тапсырысшының өзінің де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердігермен жасаған смета, тапсырысшымен бекітіледі және шарттың ажырамас бөлігіне айналады. Өз кезегінде тапсырысшы дайындаған смета мердігердің келісімін талап етеді. Жалпы смета жөнінде келісуде оны шартты жасасу тәртібімен салыстырған ешқандай жаңалық жоқ.

Смета шамалас және тұрақты  болуы мүмкін. Мердігер тұрақты сметаны  көбейтуді талап ете алмайды, ал тапсырысша оның азайтылуын талап  ете алмайды. Тұрақты сметаны  біржақты өзгертуді құқық шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немес бұл үшін қажетті шығындарды анықтау мүмкін болмасады пайда болмайды. Шарт жасасқаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдармен жабдықтардың сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едеуір өскен кезде мердігердің белгіленген бағаны (сметаны) көбейтуді талап ету құқығына иеленеді. Егер тапсырысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердігердің шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.

Информация о работе Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы