Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 14:50, курсовая работа
Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.
Бірақ өндірісте, барлық өндірістік процестердің директивті жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердігерлік- мердігерлік шарттардың жалпы көпшілігінен анық бөлініп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негізгі жүйелік азаматтық – құқықтық актілері (азаматтық негіздері, азаматтық кодекстер) күрделі құрылысқа мердігерлік шартты- мердігерлік шарттың түрі ретінде емес, азаматтық –құқықтың шарттың жеке түрі ретінде қарастырады5.
Қазіргі құрылыс мердігерлігі шартының құқытықұ реттелуі барлық нарықтық заңнамада сияқты экономикалық заңдармен қайшылыққа түспейді. Бірақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегі бір қатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердің жеке құқығының өңдеулері ескерілген, сондықтан құрылыс мердігерлік ерекшеліктері бөлек айқындалуы қажет болп тұр. Қазіргі жағдайда мердігерлік шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы маңызды әсерін тигізеді.
Олар (сол ерекшеліктер)
бірқатар жағдайларда құрылыс
Сол немесе басқа объектісін салу жұмыстардың кешенін жүргізуді талап етеді, олардың әртүрлі өз кезегінде бөлек мердігерлік шартының нысанасы және осыданда құрылыс мердігерліктің ерекшелігі көрінеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 651 бабына сәйкес құрылыс мердігерлігі шарты кәсіпорынды үйді (оның ішінде тұрғын үйді), ғимаратты немесе өзге де объектіні салуға немесе қайта жаңартуға жасалады. Кейбір жағдайларда құрылыс мердігерлігі нысанасы болып үйлер (ғимараттар) кешенін құрайтын кәсіпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келеді. Құрылыс мердігерлігі шеңберінде монтаждау, іске қосу жөнге келтіру және салынып жатқан объектімен байланысты өзге де жұмыстар орындалады. Құрылыс мердігерлігінң ережелері, егер шартта өзгеше көзделмесе үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеу кезінде де қолданылады.
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттеледі.
Көрсетілген шарттың субъектілік құрамының ерекшелітері бар, яғни шартта әрқашан мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субъектілері әртүрлі лициензияланатын құрылыстық жұмыстрды жүргізу үшін рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкелер қатысады.
Кейбір жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келеді. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша жұмыс азаматтың (тапсырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қавжеттерін қанағаттандыру үшін орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиісінше тұрмыстық мердігерлік шарт бойынша тапсырысшының құқықтары ережелер қолданылады.
Құрылыс мердігерлігі шарты нысанасының ерекшеліктері және осы мердігерлік шартымен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың жиынтығы осы мердігерлік түрдің мазмұнының ерекшеліктеріне міндетті түрде белгі қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттеліуіне бағытталған нормалармен анықталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 32- тарауның §3 «Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері»).
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Объектінің салынуы, саланатын жер учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес салынатын объектінің болашақ иесі жер учаскесін бөліп алуы керек ол құрылыс салу үшін жер учскесін шартта көрсетілген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге міндетті.
Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және құрылыс үшін керекті дайындық жұмыстарын кіріс жолдарын тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі мүмкін. Бірақ, бұл жағдайда, мердігерлік шарт тапсырма шартының элементтері мен күрделінеді немес мердігер жеке тапсырма шартының негізінде мұндай қызметті орындайды.
Шартта құрылыс ұйымы өз күшімен тұрғын үйді, ғимаратты салатындығы қарастырылуы мүмкін. Мұндай шарт құрылысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелеріне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объекті тапсырылады. Мұндай шартта сатып алу – сату шартының тиісті мазмұны басым болады, мердігерлік (құрылыс мердігерлік) туралы нормалар тек керекті мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелді мердігердің көтеретіндігі көзделеді. Егер өзгешелік шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға, тапсырысшыға жұмыстың нәтижесін тапсырғанға және жұмысқа ақы төлеуге дейін салынып жатқан объектінің иесі мердігер болып саналады. Құрылыстың материалдық жағынан қамтамасыз етілуін жартылай немесе толғынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердігерлік шартында қарастырылуы мүмкін. Материалдық жағынан қамтамасыз ету құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты ағымды қаржыландыру және т.б. көзделуі мүмкін. Тапсырысшының бұл міндеттері шартта атлуы қажет. Заңнамамен (ҚР АК 659 бабымен) материалдық жағынан қамтамасыз етуге байланысты тапсырысшы міндеттерінің ең аз мөлшері анықталған, олар тапсырысшның құрлыс мердігерлігі шартындағ қосымша деп аталады. Тапсырысшы құрылыс мердігерлігі деп аталады. Тапсырысшы құрылыс мердігерлігі шартындағы қосымша міндеттері деп аталады. Тапсырысшы құрылыс мердігерлігі шартында көзделген жағдайлар мен тәртіпте мердігерге шартында көзделген жағдайлар мен тәртіпте мердігерге жұмыстарды жүргізу үшін қажетті үйлер мен ғимараттар беруге, мердігердің мекен- жайына жүктердің тасымалдауын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау су және бу желілерін уақытша жүргізуге, басқа да қызметтер көрсетуге міндетті. олар үшін ақы шарттың өзінде көзделген талаптар бойынша төленеді.
Тапсырысшы құрылыс мердігерлік шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына, олардың орындалу мерзімінің (кестесінің) сақталуына, мердігер берген материалдардың сапасына, сондай- ақ тапсырысшының материалдарын мердігердің дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға құқылы, бұл орайды ол мердігердің жедел шаруашылық қызметіне араласпайды. Егер орындалып жатқан жұмысты бақылау мен қадағалау кезінде шарт талаптарын, жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді тапсырысшы анықтаса, онда ол туралы дереу мердігерге мәлімдеуге міндетті. Егер мұндай мәлімдемені тапсырысшысы жасамаса, онда ол кейін өзі анықтаған кемшіліктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көзделген мөлшерде заң актілерінде немес шартта белгіленген мерзімде және тәртіппен төлеуге міндетті. Егер заң актілеріне немесе шартта тиістіт нұсқаулар болмаса, онда ақы төлеу мердігерлік шарт бойынша ақы төлеу туралы жалпы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Толық аяқталатын құрылыс кезінде шартта көрсетілген баға, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, тапсырысшы объектіні қабылдап алған соң толық көлемінде төленеді.
Құрылыс мердігерлігі шарты
бойынша ақы төлеуге байланысты
міндеттеме, шарттағы тарптардың арасында
тәуекелді бөлумен тығыз
Егер мердігер қарсылас тарап тұрмыстық тапсырысшы болса, онда оған мұндай тәуекелді жүктеу орын алмау қажет, соған сәйкес, мердігерлік пәні кездейсоқ бұзылғанда немесе жойылғанда ол осыған байланысты жұмысты төлеуге міндетті емес.
Кейбір жағдайларда тараптарға қатысы жоқ себептермен шарт бойынша жұмыстардың тоқтатылуын талап етеді. Мысалы, құрылыс объектісін салу үшін жер учаскесінің жарамдылығы туралы ғылыми дәлелденген қорытынды жасау қажет, құрылыс жүріп жатқан учаскеде жол салу жөнінде сұрақөтар шешіліп жатуы мүмкін және т.б. Егер ұқсас себептердің күшімен, құрылыс мердігерлік шарты бойынша жұмыс тоқтатылып, құрылыс объектісі консевацияланса, тапсырысшы мердігерге консервацияланған кезге дейін толық орындалған жұмыс көлемінде ақы төлеуге, сондай-ақ жұмыстың тотатылуы мен құрылыстың консерциялау қажеттігінен туған шығындарды өтеуге міндетті.
Құрылыс мердігерлік шарты бойынша, бір немес өзге саладағы міндетті талаптарған сәйкес келуі тиіс күрделі жұмыстар жүргізілуіне байланысты, мердігер жұмысты өзінің қамқорылығымен орындауымен бірге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргізуге міндетті.
«Қазақстан Республикасында
архитектуралық, қала құрылыс қызметі
туралы» Қазақстын
Құрылыс мердігерлігі шарты (субъективтік құқықтық қатынас) үшін ең маңыздысы құрылыс жоба – жобалау сметалық құжаттама. Онымен орындалатын жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштері ғана анықталып қоймайды. Жұмыстардың көлемі, мазмұны олардың құнына тығыз байланыстырылады. Жобалау сметалық құжаттама негізінде болашақта жұмыстарды қаржыландыру бойынша құрылыс мердігерлік шарттарының құқықтары мен міндеттері анықталады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 654-бабының 2- тармағында көрсетілгендей, жобалау –сметалық құжаттама тапсырысшысымен жасалады. Жобалау- сметалық және басқа техникалық құжаттама, ол алғашқы рет шетел тілінде дайындалса мердігерге мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылып беріледі. Өлшем бірліктері заңнама актілерінде белгіленген метрикалық жүйеге сәйкес болуы тиіс. Құрылыс мердігерлігі шартында заңнама талаптарына сәйкес дайындалатын жобалау- сметалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны айқындалуға тиіс, сондай-ақ тараптардың қайсысы және қандай мерзімде тиісті құжаттаманы беру керек екені көзделуге тиіс.
Құрылыс жүргізу барысында жобалау- сметалық құжаттамада есептелінбеген жұмыстарды және осыған байланысты қосымша жұмыстар жүргізу мен қүұрылыстың смтталық құнын өсіру қажеттігін анықтыған мердігер тапсырысшыға бұл туралы хабарлауға міндетті. Мердігер өз хабарламасына тапсырысшыдан он күн ішінде жауап алмаған жағдайда тиісті жұмысты тоқтата алады. Бос тұрыстан келтірілген залалдар тапсырысшының есебіне жатқызылады. Заңнама актілерімен немесе шартпен жұмыстардың бағасы болашақта өтетіні туралы мердігерлдің хабарламасына жауап беру үшін өзгеше мерзім көзделуі мүмкін.
Егер мердігер жұмыстың бағасның өсуі мүмкіндігі туралы тапсырысшыға хабарлау жөніндегі өзінің міндеттемесін орындамаса, егер тапсырысшының мүдделері үшін шұғыл іс- қимыл жасау қажеттігін, атап айтқанда, жұмыстың іркілуі салынып жатқан объектінің қирауына немес бүлінуіне әкеп соқтычратынына байланысты шұғыл іс- әрекеттің қажеттігін дәлелдей алмаса, тапсырысшыдан қосымша жұмысты орындағаны үшін ақы және осыдан туған залалдардың орынын толтыруды талап құқығынан айрылады.
Тапсырысшы қосымша жұмысқа және оған ақы төлеуге келісім берген кезде, жұмыс мердігердің кәсіби қызмет аясына кірмейтін не мердігерге байланыссыз себептермен орындалмайтын болған жағдайларда ғана мердігердің аталған жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.
Тапсырысшы жобалау- сметалық құжаттамаға мердігер үшін қосымша шығындарға не (немесе) жұмыстың орындалу мерзімін ұзартуға байланысы жоқ өзгерістер енгізуді талап етуге құқылы.
Мердігер үшін қосымша шығындарды керек ететін жобалау сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тараптардың келісілген қосымша сметасының негізінде тапсырысшының есебінен жүзеге асырылады. Егер мердігерге байланыссыз себептермен жұмыс құны сметадан кемінде он пайызға асып кетсе, ол сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы.
Жобалау – сметалық құжаттамалардағы, мұндай құжаттама өзінің тапсырыс бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мердігер жобалау- сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды (керекті) шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.
Жұмыстың бағасының кездейсоқ өсуінің тәуекелін мердігерге жатқызады. Мердігердің тәуекелін сақтандыру шартпен қарастырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, мердігер мен сақтандыруға байлансыты шегілген шығындар орындалған жұмыстарға сияқыны анықтағанда ескерілетін құрылыс бойынша шығындарға жатқызылады. Шарттар тәуекелді сақтандыру жөніндегі сұрақты шешудің басқа да жолдары қарастырылуы мүмкін (бұл мердігердің ғана емес, тапсырысшының тәуекелдеріне де қатысты).
Міндетіне құрылыстың материалды
қамтамасыз ету кіретін мердігер
өзі берген материалдарды (бөлшектерді,
конструкцияларды) немес жабдықтарды
орындалатын жұмыстардың