Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 14:50, курсовая работа

Краткое описание

Мердігерлік шарт түрлерінің ішінде тоқталғым келетіні ғылыми зерттеу тәжірибелік- конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жандандырса демекпін. Өйіткенідамыған мемлекеттердің тәжірибесінда осы шарттың түрі көп қолдынылады (АҚШ, Голландия, Щвеция) бұл шарттың мемлекетіміз үшін әкелетін экономикалық әлеуметтік өнідірістік тиімділігі жоғары.
Мысалға айтатын болсақ ауыл жылы бағдарламасына сәйкес жеке шаруашылық қожалық иелері төлдің жаңа етті сүтті түрлерін өмірге келтіргісі келсе ғылыми зерттеу институтарына тапсырыс беруге болатындығын айтқым келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

дурысМердігерлік шарт -63 бет.doc

— 391.50 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда аталған міндеттерді  орындау үшін жұмысты орындайтын кәсіпорынның қызметі туралы маңдайшасы заңды мекен жайымен атауы, жұмыс  істеу режимі көрсетілген маңдайшасы болуы керек. Жеке кәсіпкер өзінің тіркелген органы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметтің міндетті талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны туралы ақпартты ұсынуға міндетті.

Орындалуға жататын  жұмыс туралы ақпарат оның түрлері, ерекшеліктері бағасы және төлеу нысаны туралы кәсіпорынның тұрақты мекен жайынан тыс, мысалы уақытша мекен жайда, жылмалы пунктілерде, орынға жұмыс істейтін бригадалармен қызмет көрсету жүргізген кезде де ұсынуға тиіс.

Тапсрысты қабылдау жүргізілетін кәсіпорынның бөлмесінде тұнушыға керекті ақпарат көзге көрінетін жерде орналасуға тиіс. Оның тізімі Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесінің 5-пунктінде берілген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрін орындауға лицензия, тұтынушығаұсынатын мердігердің және өзге бұйымдардың (фурнитураны) үлгілері, типтік шарттардың түбіртектердің, жетондардың, қолхаттардың, талондар және мердігер тапсырыст қабылдағанын және тұтынушы жұмыс үшін төлегенін растайтын өзге де құжаттардың үлгілері көрсетілуі тиіс.

Тапсырысшының тұтынушы ретіндегі құқықтары оған оның құқықтары, шарт жағдайлары орндалатын жұмыстарының сипаттамалары туралы толық ақпарат  берумен қатар мердігерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немес  қосуына тиым салу арқылы да қаматмасыз етіледі. Бір жұмысты орындау өзге жұмыстар орындалуының міндеттілігіне әкелемеуі керек. 

Тапсырысшы өзіне жұмыс  нәтижелерін өткізгенге дейін кез  келген уақытта шарттан бас тартуға  құқығы бар. Бас тарту алдын ол орындалған жұмыс үшін мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. Бұл міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзғаны туралы хабарлама алғанға дейін орындалса ғана болып келеді. Тапсырысшы мердігердің мәлімдіме жасау сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті. Ал негізінен тапсырысшының әрқашан шартты біржақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердігердің шартының жағдайлары жарамсыз болып келеді.

Мердігердің негізгі  міндеті шарт талаптарына және міндетті талап етілген стандарттарға сай жұмысты орндау. Кейбір жағдайларда жұмыс мердігердің материалдарымен оырндалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттармен шарт талптарына сәйкестегін қамтамасыз етуге міндетті.

Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде бітіруге тиіс. тапсырысты орындау мерзімі азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеудің жалпы ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Мерзім жұмыстың орындалып біту уақытымен және жұмысты орындауға кірісу уақытымен анықталынады. Егер тұрмысытық мердігердің шартында жұмысты бөліпі- бөліп орындау қасрастырылса онда шартта әр орындалатын бөліктің мерзімдері көрсетілуі тиіс. жедел қызмет көрсету нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргізілуі мүмкін.

Егер тұрмыстық мердігерлік  шарты бойынша жұмыс тапсырысшының  материалынан орындалатын болса, түбіртекте немес шарт жасасу кезінде мердігер тапсырысшыға беретін өзге де құжатта материалдың дәл атауы көлемі (саны), сипаты және тараптардың келісімі бойынша белгіленетін бағасы көрсетілуге тиіс. Түбіртектегі немес сол сияқты өзге де құжаттағы материалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну арқылы кейін сотта дау айтуы мүмкін. Мердігер тапсырысшның берген материлдарының дұрыс пайдалануы мен сақталуына жауап береді. Мердігер тапсырысшы берген материалдың жарамсыз және сапасыз екендігін ескертуі тиіс. Сонымен бірге орындалатын жұмыс нәтижелерінің жарамдылығына беріктігіне қауіп туғызатын мән – жайларды тапсырысшыға ескертуге тиіс.

Тапсырысшы берген материалды мердігер біршама немесе толығынан  жоғалтып алса, (бүлдіріп алса) онда ол сол материалды түрімен сапасы сондай болып келетін өзге материалмен ауыстыруы тиіс. Сонымен бірге тұтынушы шеккен шығындарды өтелуі тиіс болады.Материалдың жекелеп бұзылуы мердігер оған материалдардың бүлінуіне әкелуі мүмкін материалдардың айрықша қасиеттері жағдайында мердігер тұтынушының еркі бойынша ұзатпай шартты жаңартып және қысқа мерзімде сондай материалдан затты дайындауға міндетті.

Тапсырысшыға мердігер материалдардың олардың бүлінуіне  әкелуі мүмкін айрықша қасиеттері туралы ескертсе, онда мердігер материалдың біршама немесе толық бүлінуіне (жойылуына) байланысты жауапкершіліктен басталады (яғни тапсырысшы өз нұсқауын берді деген сөз және осы нұсқауды орындау зиян себебі болды). Ал мердігердің материалдық айрықша қасиеттері туралы білмегені оны жауапгкершіліктен босатпайды.

Мердігер, егер төтенше және бой  бермейтін (дүлей ) күш жағдайлары орын алса, осының себебінен материалдардың бүлінуі, жұмыстың тиісінше орындалмағаны  үшін жауапкершілікті көтермейді.

ҚР АК-де тапсырысшы- тұтынушының  мүддесін қосымша қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды да қарастырады. Мердігер тапсырысшыға дайындалған (қайта өңделген ) немесе орындалған жұмыстың өзге нәтижесін тапсырған кезед тапсырысшыға соларды тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін қажетті талаптарды хабарлауға міндетті. Орындалған жұмыс нәтижесін пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсрысшының өзі немесе өзге тұлғалар қолайсыз салдарында көрсетуі қажет.

Жұмысты орындағаннан кейін немес  тапсрыстан бас тартылған жағдайда, мердігер тұтынушыға жұмсалғананна  қалған материалды сонымен бірге ауыстырылған бөлшектерді сонымен бірге жарыссыз бөлшектерді қайтаруға міндетті. Сол сияқыт олар үшін тапсырысшы төлеген материалдардың жұсалуы туралы есеп беруге міндетті.

Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесін  қабылдауға және орындалған жұмысқа ақы төлеуге міндетті. тұрмыстық мердігрелік шарты бойынша тапсырысшы жұмыс нәтижесін толық көлемде қабылдағаннан кейін ақы төлйді. Тараптардың келісімі бойынша ақы толығынан шарт жасасуы кезінде немесе афанс берілуі арқылы төленуі мүмкін.

Тұрмыстық қызмет көрсетудің ережелерін жұмыстың кейбір түрларіне алдын ала ақы төлеу немесе афанс беру қарастырылған. Жекелеп алғанджа тұтынушының   қатысуымен орындалатын жұмыстарға шартын тұрмыстық мердігерлік шартын жасау сәтінде жұмыстың ақысы толығымен төленеді.

Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киімдерді, тегін және тоқыма бұйымдарды ірі  жөндеу, жаңарту мердігерлік шарттары бойынша, тапсырысшы шартта көрсетілген  мөлшерді афанс төлеуі мүмкін.

Егер тұрмыстық мердігерлік  шарты бойынша, жұмыс мердігердің материалынан орындалтын болса, шартты жасау кезінде тапсырысшы материал үшін толық немесе ішінара тапсырысшы мердігер орындаған жұмыстың нәтижесін алған кезде түпкілікте есеп айырыса отырып, шартта көрсетілген бөлігі үшін ақы төлейді . мердігердің материалына өзге тәртіпте есептесу тараптардың келісімімен қарастырылуы мүмкін. Шартқа сәйкес материалды мердігер кридитке, оның ішінде тапсырысшының материалған ақыны бөліп- бөліп талабымен беруі мүмкін. Мердігер берген материал бағасының шарт жасалғанан кейін өзгеруі қайта есептеуге әкеп соқтырмайды.

Тапсырысша орындалған жұмыс нәтижесін  алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердігер тапсырысшыға жазбаша түрде  ескерте отырып, сол ескертркен күнен  бастап 2ай өткен соң мердігерлік нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердігер өзіне тиісілі барлық төлемді шегеріп, қалғанын тапсырысшының артына нотариустың депозитіне салуға құқылы. Мердігер өзінің таңдауы бойынша мердігерлік нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалуы немесе тапсырысшыдан келтірілген залалды өндіріп алу құқығын пайдалана алады.

Тапсырысшы жауапкершілігінің  көрсетілген жағдайы жалпылама  оның жиі орын алмайтын жауапкершілігінң (көбінесе тұрмыстық мердігерлікі шартында да мердігердің жауапкершілігі кездеседі) бір бөлік жағдайы болып келеді. Тағыда бір жағдайды атап көрсетейік. Егер тапсырысшы, мердігер материалдың жарамсыздығын, сапасыздығын уақытылы ескертіп немесе жұмыс нәтижесінің беріктігіне әсер ететін жағдайларды талап етсе, тапсырысшы ешқандай шара қолданбаса, онда оған жауапкершілік жүктеледі. Бұл жағдайда мердігердің лшарты бұзуғажәне өзіне келген шығындарды өндіріп алуын ақұқығы бар.

Мердігердің жауапкершілігін қарастырайық. Тапсырысшы мердігерді жауапкершілікке  тарта алады, мердігердің жұмыс (оның нәтижесі), мердігердің өзі жөнінде тиісті емес (ақиқатқа сәйкес келмейтін немесе толық емес) ақпарат беруі тапсырысшыға қажетті қасиеттері жоқ жұмыстың орындалуына әкелсе. Сонымен бірге мердігердің жауапкершілігі тапсырысшының өміріне денсаулығына, мүлкіне зиян келтірген жағдайда да туындайды. Соңғы екі жағдайда да шартты бұзып, келтірілген шығынды өндіріп алуға құқықы береді.

Мердігер тұрмыстық мердігерлік  шартының жағдайларының заңнама  талаптарына сәйкес қоланылуы үшінде жауапты болады. Егер де шарт талаптарын қолдану кезінде тұтынушының құқығы шектеліп оған зиян келсе, онда ол толық көлемде өтелуі тиіс. бұған тұтынушының еркін жұмыс түрін таңдау құқығын бұзуда туындаған шығынды да қосамыз.

Егер мердігер тапсырысшысы берген материалдардың жарамсыздығын  сапасыздығын, тапсырысшының жұмысты  орындау тәсілі туралы нұсқауын ескертпесе, орындалатын жұмыс нәтижелерін  жарамдылығына немесе беріктігіне  қауіп туғызатын не оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік бермейтін мердігерге қатысты емес өзге де мән жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға ескертпесе, осыларды белгіленген нысандағы құжатта көрсетпесе мердігер тапсырысты тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік көтереді. Бұл жағдайда азаматтық құқықтағы міндеттемені орындамаудағы кінәліліктің болжамы (презункциясы) қолданылатыны айқын көрінеді.

Орындалған жұмыс нәтижелеріндегі  кемшіліктерді анықтаса тапсырысшы мердігерлік қатнастарды реттейтін  жалпы нормалар қарастырған құқықтарды жүзеге асыра алады. Жұмысты қабылдау кезінде немесе мердігерлік нысанасын пайдалану кезінде кемшіліктерді анықтаса, онда тапсырысшы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 630-бабында қарастырылған жалпы мерзімдер шегінде мердігер талабын жүзеге асыра алады. Егер шартта кепілдік мерзімі қарастырылса, онда талаптар гарантиялық мерзімдер шегінде жүзеге асуы мүмкін. Егер кепілдік мерзімі жалпы заңда көзделген мерзімнен қысқалау болса онда заңда көзделген мерзімдер қолданылады.

Тұрмыстық мердігерлік шарттары бойынша  жұмыстардың кемістіктері тапсырысшының өзінің немесе өзге тұлғалардың өмірі мен денсаулығына қаіп төндіретіндей болса, кемістіктерді тегін (ақысыз) жою туралы талап тапсырысшымен немесе оның құқықтық мирасқорымен егер заңнамалық актілер мен өзге мерзімдер (қызмет ету мерзімдері қарастырылмаса) жұмысты қабылдау болған сәттен үш жыл ішінде жүзеге асыра алады.

Өмір немесе денсаулық үшін қауіпі болуы мүмкін кемістіктерді жою  туралы талап, кемістіктер қанша  табылғанына қарамастан (жұмысты  қабылдау немесе затты пайдалану  кезінде) жүзеге асуы мүмкін. Сонымен бірге, бұл талап кепіл мерзімдер өткен кезде де қойылуы мүмкін.

Тапсырысшы жұмыс нәтижесін  қабылдаған сәтте анықталған кемістіктер  жеті күн ішінде жойылуы тиіс, шарт пен бұдан қысқалау мерзім қарастырылуы мүмкін.

Тапсырысшы тағайындаған немесе тараптарменкелісілген кемшіліктерді жою мерзімі шартта немесе өзге де құжатта бекітіледі мұндай мерзімді бұзғаны үшін мердігер тапсырысшыға тұрақсыздық айыбын төлейді. Жекелеп алғанда біреудің ақшасын пайдаланғаны үшін АҚ-ң 353 бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлейді (себебі мердігердің міндеттемесін ақшаға аударуға (ақшалай бағалауға) болады.

Тұрмыстық мердігерлік шартын тоқтатуға міндеттемені тоқтатудың барлық негіздері қолданылады. Жоғарыда бір тапсырысшының бір жақты тәртіппен шарттан бас тартуын да қарастырған едік. Бұл шарттың ерекшелігі-ол тапсырысшның жеке қажеттері негізінде жасалуы.

Тұрмыстық мердігердігерлік шартының осы ерекшклігін ескерсек неліктен заңнама шарт тоқтатылуының бір негізі ретінде оның бір тарабының қайтыс болуын қарастыратыны екні түсінікті болады. Тұрмыстық мердігерлік шартынан туындайтын міндеттемелер күші қолданылуы сақталуы бойынша жеке міндеттемелер қатарына жатады (ҚР АК 376 б.). Алайда, оның тоқтатылуының салдары қарапайым жеке емес міндеттеме тоқтатылуының салдарына жақын. Сондықтан бір немесе екінші тараптан (тапсырысшының немесе мердігердің) құқықтық мирасқорлардың құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтың шешілуіне әкеледі. Бұндай көз қарас құқықтық мирасқорлардың заңмен қорғалатын мүдделерін және олардың кейбір мүліктік құқықтарын ескеруге байланысты болып келеді.

Шарттың тоқтатылуы салдары  тиісті тараптың құқықтық мирасқоры  мен оның келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша ал олар келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Құрылыс мердігерлігі.

 

Мердігерлік шарттың  қарастырыылып отырған түрі оның құқықтық өзгерістерін бастан өткізген. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы кезеңдерінде құрылыс мердігерлігі сөзсіз мердігерлік шарты болып  қарастырылған3. 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгізілген РСФСР Азаматтық кодекісінің 220-235- баптарында және РСФСР-дың Азаматтық кодексінің 235-бабының 5-қосымша болып табылатын «Мемлекеттік мердігерлік және жеткізілім туралы» Ережелерде мердігерлік жұмыстардың барлық түрлерін реттеу үшін арналған жалпы мәндегі нормалар болған. Көрсетілген соңғы нормативтік актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсіз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердігерлік шарттың бірқатар ерекшеліктері реттелген4.

Информация о работе Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы