Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_5091.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

Берілген апелляциялық шағым не наразылық бойынша сот істегі бар материалдар және тараптар берген қосымша дәлелдемелер бойынша істің бекітілген мән-жайын, материалдық құқықтың қолданылуын, сонымен қатар соттың бірінші инстанцияда істі шешуді іс жүргізу заңдардың қолданылуын тексереді.

Кассациялық инстанцияда бірінші инстанциядағы сот шешімдері мен қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Кей жағдайларда сот шешімдері толығымен объективті түрде тексеріледі.24

Сот шешіміне кассациялық шағым беру құқығы іс барысындағы мүдделі тұлғаларға берілген. Азаматтық сот өндірісінде мұндай тұлғалар іске қатысушылар деп аталады. Осы тұлғалар тізімін В.Г. Тихин төмендегідей тізіп көрсетеді. Бұл тұлғаларға: тараптар мен үшінші тұлғалар; арызданушылар мен мүдделі тұлғалар; әкімшілік қатынастан, ерекше өндіріс істерінен туындайтын істерге қатысушы мемлекеттік басқару органдары, мемлекеттік кәсіпорындар мен басқа да қоғамдық ұйымдарды кіргізеді.25 Бұл жерде В.Г. Тихин атаған тұлғалардың шағым беруге құқықтары бар және осы ғалым шағым берушілер тізімін дұрыс көрсеткен.

Апелляциялық, касациялық шағым беруде бірлесіп қатысушылар мен үшінші тұлғалар шағым беруші тұлғаның шағымына қосылуға құқықлы. Бұл тұлғалар шағымға қосылу үшін жазбаша арыз беруі керек (АІЖК 339 б.). Шағымға қосылу туралы арыз беруде мемлекеттік баж төленбейді.

Апелляциялық, кассацияциялық өндірісте апелляциялық, кассациялық шағымды сот қабылдаудан бас тартумен немесе прокурор өз наразылығын қайтарып алумен іс қысқаруы мүмкін (АІЖК 347 б.). Сонымен қатар шағым, наразылық тікелей берілген уақытта да сотпен қайтарылады. Егер іске қатысушылардың шағымдары мен прокурор наразылықтары заңға қайшы келсе немесе басқа тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, онда шағымды не наразылықты қабылдамауға құқылы (АІЖК 347 б.).

Сонымен қатар іске қатысушы тұлғалар соттың бірінші инстанциясындағыдай апелляциялық, кассациялық инстанцияда да шағымнан бас тарта алады (АІЖК 342 б.). Іске қатысушы тұлғалардың осындай ойлары сотқа жолдаған арыздарында көрсетілуі тиіс.

Тараптар бітімгершілік келісімге келгенде немесе талапкер талаптан бас тартқан жағдайда апелляциялық, кассациялық инстанциядағы соттар өндірісті тоқтадады.

Сонымен қатар АІЖК-нің 344 бабына сәйкес сот ұйғарымы істің ары қарай жылжуына бөгет болатын жағдайда бірінші, апелляциялық, кассациялық сот ұйғарымына іске қатысушы тұлғалар жеке шағым беруі немесе проукрор жеке наразылық келтіруі мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспаған тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса, олар да сот ұйғарымына жеке шағым беруге құқылы.

Қазақ ССР АІЖК-нің 316 бабында сот ұйғарымына шағым сот шешіміне берілген шағым мен наразылықтан бөлек беріле алмайды делінген. Ал қазіргі АІЖК-нің нормалары бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдар беріле береді.

Сот ұйғарымдарына шағымдану туралы В.Г Тихин мынадай пікір айтқан «Сот ұйғарымына оның маңыздылығы мен құқықтық салдарының сипатына байланысты шағымдану немесе наразылық келтіру тәртібі әр түрлі: бір шағымдар шешімінен бөлек беріледі және бөлек наразылық келтіріледі; ал біреулері тек сот шешімдеріне шағымдану және наразылық келтіруде тексеру объектісі болып табылады». Бұл ғалымның пікірі дұрыс. Оған дәлел ретінде төмендегі шағымдарды атап өтуге болады.

Шешімнен жеке шағымдалатын немесе жеке наразылық келтірілетін ұйғарымдарға: істің жылжуына бөгет жасайтын ұйғарым; апелляциялық, кассациялық шағымды және іс қозғау туралы арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым; қарсы талапты қараусыз қалдыру туралы ұйғарымды жатқызуға болады.

Міне, сонымен апелляциялық, кассациялық инстанцияда көрініс табатын диспозитивтік принципқа тән әрекеттерге, жоғарыда айтылған, сонымен қатар соттың бірінші инстанциясындағы іске қатысушылардың әрекеттерін айтып өттік. Осы әрекеттерден диспозитивтік принциптар анық көрініс табады.

Қадағалау сатысы азаматтық іс жүргізудің міндетті емес сатысы болып табылады. АІЖК-нің 385 бабына сәйкес қадағалау тәртібімен шағым беру құқығы апелляциялық, кассациялық шағым беруге құқылы іске қатысушы тұлғаларға берілген. Ал қадағалау тәртібімен наразылық келтіру құқығы прокурорға берілген. Бұл құқықтар талап қою құқығы сияқты мүдделі тұлғалардың қадағалау тәртібімен сотқа шағымдану тәртібіне мүмкіндік береді.

Қазақ ССР АІЖК-не сәйкес қадағалау тәртібімен шағым, наразылық келтіру тек прокурорға ғана берілген. Ал қазіргі АІЖК-нің ерекшелігі, прокуромен қатар шағым беруге қатысушы тұлғалар да құқылы.

Оқулықтарда қадағалау сатысы туралы мынадай пікірлер айтылған. Қадағалау сатысында диспозитивтік принцип шектеулер арқылы әрекет етеді. Іске қатысушылар қадағалау тәртібімен іс қозғауға әсер ете алмайды. Бірақ егер кассациялық өндіріс қозғалса, онда диспозитивтік принципқа сәйкес тараптар өз әрекеттерімен іс жүргізудің ары қарай дамуына әсерін тигізе алады. Нақтылап айтқанда талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісімге келу жүзеге асады.

Ал келесі бір ғалым мынадай пікір айтқан. «Заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қадағалау тәртібімен прокурордың, сот төрағасы мен оның орынбасарыларының наразылықтары бойынша қарайды. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне наразылық келтіруге құқылы тұлғалардың шеңберін заңмен  шектеп көрсету, бұл шектеулі тәртіп ретінде сипатталатын қадағалау тәртібімен істі қайта қараудың ерекшелігінің бірі болып табылады».26

Осы аталған ғалымдардың пікірі кезінде дұрыс көзқарас ретінде көрініс тапқан. Ал қазіргі кездегі тәртіпке сәйкес бұл пікірлер қарама-қайшы келеді. Қазіргі АІЖК-сі бойынша іске қатысушы тұлғалар қадағалау тәртібімен өздері шағым беруге құқылы, сонымен қатар осы тұлғалар қадағалау тәртібімен іс қозғау туралы өтініштерін прокурорға беруі мүмкін. Ал бұрынғы тәртіп бойынша мүдделі тұлғалар тек прокурор наразылығы арқылы ғана қадағалау тәртібімен істі қозғата алатын еді.

Сонымен қатар қадағалау тәртібімен сот істі қозғаған кезде, істі қарау шегінен шығуға құқылы.27 Яғни шешімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігін тексере келе қажет деген жағдайда шешімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді (АІЖК 397 б.). Бұл әрекет мүдделі тұлғалардың құқығын қорғауда едәуір әсерін тигізеді. Сондай-ақ іске қатысушы тұлғалар сот ұйғарымына шағым немесе наразылық келтіре алады. Бұл жеке шағымдар мен наразылықтарды сот шешімінен жеке бере-келтіре алады (АІЖК 402 б.). Қадағалау тәртібіндегі іске қатысушылар құқықтары жоғарыдағыдай болады.

Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот  шешімдерін, қаулыларын қайта қарау кезінде де диспозитивтік принцип көрініс табады. Шешімдерді, қаулыларды жаңадан анықталған мән-жәйлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысушы тұлғалар немесе прокурор береді (АІЖК 406 б.). Осы айтылған нормаларды қарастыра келсек, сотқа жолданған іске қатысушы тұлғалар берген арыздарынан бас тартуға, сондай-ақ осы арыз негізін өзгерту мүмкіндігінен айырылмайды.

Істің ерекшеліктеріне байланысты арызданушы өзіне белгілі болмаған және белгілі бола алмаған мән-жайларға сүиене отырып арызбен жолдануға, өзінің талабының негізін өзгертуге құқылы. Мысалы, арызданушы өзгертуді сұрап отырған шешімді, қаулыны шығаруға себеп болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын не қаулысын немесе басқа органдар шешімін өзгертуді, жоюды сұрауы, өтінуі мүмкін. Бірақ жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот қаулыларын қайта қарау негіздерінің тізімі нақты белгіленгендіктен, қойылған талап негізін өзгерту тек заңда көрсетілген шектерде ғана мүмкін болады, жүзеге асады.

Сонымен қатар осы әрекеттер заңға қайшвы келсе немесе басқа тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, соттың жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы арызды қабылдауға құқығы жоқ.

Жаңадан анықталған мән-жайлар – істі шешу кезінде болған заңды фактілер. Сот қаулылары шыққанна кейін туындаған мән-жайлар, жаңадан анықталған мән-жайларға жатпайды. Жаңадан анықталған мән-жайлар осы факті туралы хабарлаған тұлғаға байланысты іс қарап жатқан кезде белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар. Бұл жағдайдың сотқа да белгілі болмауы қажет. Сонымен, жаңадан анықталған мән-жайлар іс үшін маңызды болуы керек. Егер осы мән-жайлар соттың қаулы шығару кезінде

Осы аталған ғалымдардың пікірі кезінде дұрыс көзқарас ретінде көрініс тапқан. Ал қазіргі кездегі тәртіпке сәйкес бұл пікірлер қарама-қайшы келеді. Қазіргі АІЖК-сі бойынша іске қатысушы тұлғалар қадағалау тәртібімен өздері шағым беруге құқылы, сонымен қатар осы тұлғалар қадағалау тәртібімен іс қозғау туралы өтініштерін прокурорға беруі мүмкін. Ал бұрынғы тәртіп бойынша мүдделі тұлғалар тек прокурор наразылығы арқылы ғана қадағалау тәртібімен істі қозғата алатын еді.

Сонымен қатар қадағалау тәртібімен сот істі қозғаған кезде, істі қарау шегінен шығуға құқылы. Яғни шешімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігін тексере келе қажет деген жағдайда шешімнің, қаулының заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді (АІЖК 397 б.). Бұл әрекет мүдделі тұлғалардың құқығын қорғауда едәуір әсерін тигізеді. Сондай-ақ іске қатысушы тұлғалар сот ұйғарымына шағым немесе наразылық келтіре алады. Бұл жеке шағымдар мен наразылықтарды сот шешімінен жеке бере-келтіре алады (АІЖК 402 б.). Қадағалау тәртібіндегі іске қатысушылар құқықтары жоғарыдағыдай болады.

Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот  шешімдерін, қаулыларын қайта қарау кезінде де диспозитивтік принцип көрініс табады. Шешімдерді, қаулыларды жаңадан анықталған мән-жәйлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысушы тұлғалар немесе прокурор береді (АІЖК 406 б.). Осы айтылған нормаларды қарастыра келсек, сотқа жолданған іске қатысушы тұлғалар берген арыздарынан бас тартуға, сондай-ақ осы арыз негізін өзгерту мүмкіндігінен айырылмайды.

Істің ерекшеліктеріне байланысты арызданушы өзіне белгілі болмаған және белгілі бола алмаған мән-жайларға сүиене отырып арызбен жолдануға, өзінің талабының негізін өзгертуге құқылы. Мысалы, арызданушы өзгертуді сұрап отырған шешімді, қаулыны шығаруға себеп болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын не қаулысын немесе басқа органдар шешімін өзгертуді, жоюды сұрауы, өтінуі мүмкін. Бірақ жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот қаулыларын қайта қарау негіздерінің тізімі нақты белгіленгендіктен, қойылған талап негізін өзгерту тек заңда көрсетілген шектерде ғана мүмкін болады, жүзеге асады.

Сонымен қатар осы әрекеттер заңға қайшвы келсе немесе басқа тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзса, соттың жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау туралы арызды қабылдауға құқығы жоқ.

Жаңадан анықталған мән-жайлар – істі шешу кезінде болған заңды фактілер. Сот қаулылары шыққанна кейін туындаған мән-жайлар, жаңадан анықталған мән-жайларға жатпайды. Жаңадан анықталған мән-жайлар осы факті туралы хабарлаған тұлғаға байланысты іс қарап жатқан кезде белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар. Бұл жағдайдың сотқа да белгілі болмауы қажет. Сонымен, жаңадан анықталған мән-жайлар іс үшін маңызды болуы керек. Егер осы мән-жайлар соттың қаулы шығару кезінде белгілі болғанда, онда сот басқа қаулы шығаруы керек.

Азаматтық іс жүргізудің соңғы сатысы – орындау өндірісі диспозитивтік принциптың әрекет етуіне толығымен бағынады.28 Жалпы ережеге байланысты атқару қағазы өндіріп алушыға беріледі. Өндіріп алушы заңда көрсетілген атқару мерзімі ішінде орындай өндірісінен бас тартуға құқылы. Сондай-ақ орындау өндірісіне қатысушы тұлғалардың құқықтары толығымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (28 бап) көрсетілген. Сонымен қатар өндіріп алушы борышқормен бітімгершілік келісімге келе алады. Өндіріп алушының өз еркімен жүзеге асыратын осы әрекеттері орындау өндірісін қысқартуға негіз болып табылады.

Оқұлықтарда, ғылыми әдебиеттерде орындау өндірісі ескі кодекстерге сүйене отырып жазылған. Мысалы А.Т Боннер өз жұмысында орындау сатысына мынадай сипататма берген. «Өндіріп алудан бас тартқанда және өндіріп алушы мен борышқор арасында бітімгершілік келісім жасалғанда, кодексте көрсетілген жалпы ережелер қолданылады. Орындау өндірісін қысқарту және өндіріп алушыға атқару қағазын қайтарып беру туралы мәселені халық соты қарайды. Осыған сәйкес шығарған сот ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін» 29.

Диспозитивтік принципқа сәйкес жауапкер, яғни борышқор өз тарапынан сот шешімін ерікті түрде орындауға құқылы және осы әрекеттер арқылы орындау өндірісінің жалғасуын тоқтатады.

Атқару өндірісінде диспозитивтік принциптың көрініс табуының тағы бір жағдайы, бұл заңмен көрсетілген жағдайларда тыйым салу әрекеттері. Бұл жерде сот орындаушысы атқару құжаттарының орындалуын қаматамасыз ету шараларын жүзеге асырады, яғни борышқор мүлкіне тыйым салады немесе борышқорға белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруына тыйым салады.

Сондай-ақ атқару өндірісінің қатысушы тұлғалары өз өтініштері бойынша атқару әрекеттерін кейінге қалдыруға құқылы. Тағы бір айта кететін жағдай, атқару қағазы берілген талапкер - өндіріп алушы болып табылады. Ал атқару қағазы бойынша белгілі бір міндеттерді орындаушы жауапкер – борышқор болып табылады.

Сонымен атқару өндірісі диспозитивтік принципына толық бағынады және мұндағы көп жағдайда сот орындаушысының көмегімен жүзеге асады.30

Тараптардың айтысуы.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес, тараптардың айтысуын тек қана демократиялық негіз емес, сонымен бірге іс бойынша шешімнің әділетті болуынын кепілі. Соттаға бүкіл дәлелдеу ісі тараптардың қатынастарын қарама-қарсылық анықтайтын, айтысу принципімен құрылады.

Соттың негізгі бастаулары Конституцияда бекітілген соң, айтысу принципі конституциялық статусқа ие болды.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман