Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.
КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
Сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны сот әділдігі болғандықтан, мемлекеттік қызметтің бұл түрі соттың мәжілістерінде істерді заңмен бекітілген сот өндірісі нысандарында қарап шешуін көзделді. Осыған байланысты, Конституциялық заңның ережесіне сәйкес, ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Мұнымен қоймай, сот ісін қарау тәртібі мен қаралуға тиісті өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды деп шек қояды.
Осыған байланысты Конституциялық заңның талабы бойынша, республикада қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға рұқсат етілмейді.
Тұлғаны қылмысқа байланысты кінәлі немесе кінәлі емес деп тану және осының негізінде оған қатысты айыптау немесе ақтау үкімін шығару; қаралған талап арызға қатысты шешім қабылдау соттың ғана құқығы.
Тек сот қана сот істеріне байланысты жаза тағайындай алады және басқа мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Сот қаулыларын тек қана жоғарғы сатыдағы сот сатылары апелляциялық және қадағалау тәртіптерінде тексеріп, бұза алады немесе тиісті өзгерістер енгізу құқығын пайдаланады.
Сот әділдігін тек қана тәуелсіз судья (сот) жүзеге асыра алады деп ара қатынасы қарастырылып отырған принциптерді тығыз байланыстыруымызға болады.
Мұның өзі сот әділдігін (билігін) тек соттың жүзеге асыру принципі арқылы, сот билігін мемлекеттік механизмде заң шығарушы және атқарушы биліктермен қатар дербес, әсер ете алатын күші бар билік тармағы ретінде орнықтырады
Соттың құзыреті мемлекет пен қоғамда пайда болатын барлық қатынастарға қатысты. Бұл дегеніміз, құқық нормаларымен реттелетін барлық қоғамдық қатынастар, дау пайда болса, соттың қарауына өте алады.
Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе ҚР АІЖК-де көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс
Заңдылықты іске асырудың мақсаты конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, меншік түріне тәуелсіз, мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы.
Конституцияның 79-бабы мен Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес, республика соттары тұрақты судьялардан тұрады. 1995 жылы алғаш рет, Қазақстан заңында кеңес құқығының дәстүрлі тұрғыда судьяларды белгілі мерзімге сайлау принципінен ауытқу процесі жүргізіліп, судьялардың ауыстырылмайтындығы, яғни олардың өкілеттіктерін ешқандай мерзіммен Шектемеу принципі енгізілген болатын.
Мұнымен қатар, заң соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қызмет мерзімін 5 жылға шектейді. Алайда, осы мерзім аяқталған соң, олар мүлде өкілеттігін тоқтатады деген сөз емес. Егер, олар бұрынғы қызметтеріне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиісінше, қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиісті соттың судьясы өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.
Судьялардың ауыстырылмайтындығы принципіне сәйкес, олар заңмен белгіленген тәртіпте өкілеттіктеріне ие болған соң, сол заң белгілеген негіздер мен тәртіптерсіз судьяны ешкім де қызметтен босата және ауыстыра алмайды. Өкілеттіктерін тоқтата тұру мәселесі заңның шеңберінде (негіздері мен тәртіптерін ескеріп) істелінуі керек.
Мұнымен қатар, заңмен судьяны қызметінен босату және оның өкілеттігін тоқтату мәселелері қарастырылған, мына келесідегі негіздерге байланысты:
1) орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;
2) медициналық қорытындыға
сәйкес кәсіптік міндеттерін
одан әрі атқаруға кедергі
болатын денсаулық жағдайы
3) судьяны іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;
4) осы судьяға айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғанда;
6) судья қайтыс болған
немесе соттың оны қайтыс
7) судья басқа лауазымға
тағайындалған, сайланған және ол
басқа жұмысқа ауысқан
8) соттың таратылуын
немесе өкілеттік мерзімінің
өтуіне байланысты, егер судья
басқа соттағы бос қызмет
Судьяны қызметінен босату және өкілеттігін тоқтатудың басқа да негіздері мен тәртібі Конституциялық заңның 34-бабында қарастырылған.
Бұдан тыс, судья қызметінен, орнынан түсуі арқылы да кете алады.
Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі.
ҚР АІЖК-нің 13 бабына сәйкес, азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.
Келтірілген ережелер теңдік принципінің тағы бір жағын білдіреді: шексіз, барлық тұлғаларға тең құқықтар мен міндеттер стандарттарын қолдану қажет. Бұл дегеніміз әрбір азамат өзге азаматтармен бірге мемлекет
немесе басқа тұлғалар жағынан қысым көрмей барлық конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қолдануы мүмкін және құқылы.4
Сонымен бірге барлық азаматтар заң алдында тең. Ол дегеніміз, заңды бұзбау, заңды өз мүддесіне қарай қолдану, және заңды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік барлық азаматтарға қатысты. Бұл ережеден тұлғаның әлеуметтік деңгейі, сінірген еңбегі т.с.с. бойынша жеңілдік болуы мүмкін емес.
Заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы да орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына және басқа да мән-жайлары себепті кемсітілмеуге тиіс.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары ҚР Конституциясында, АІЖК-де, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.
Заң алдындағы теңдік азаматтық іс жүргізу құқық қатынастыры субъектілеріне қатысты бірдей қолданылатын құқықтың біртұтастығын білдіреді.
Сот алдындағы теңдік сот ісін жүргізуде сот алдында тараптар ретінде қатысатын азаматтардың, сот отырысында өздерінің мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін тең іс жүргізу құқықтарының болуын, және оларға әрекеттері үшін бірдей жауапкершілікке тартылу міндетінің болуын қамтамасыз етуі қажет. Сот көрсетілген заң ережелерін бұлжытпай орындауы керек.
Сонымен, бұл принцип тек азаматтардың құқықтары мен міндеттерін ғана емес, соттың да міндеттерін белгілейді. Сот алдындағы теңдік құқықтың заңдылық принципін толықтырады.
Сотта істі қараудың жариялылығы.
Бұл принцип АІЖК-нің 19 бабында белгіленген, оның мазмұны болып мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 179-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайда заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады.
Сотта істі қарау жариялылығы принципі, егер азаматтар іске қатысушы тұлғалар немесе куәгер болып, соған байланысты сот отырысы залынан тыс жерде болмаса, өзге он алты жасқа жетпеген азаматтарға қатысты емес.
Сот істі соттың жабық отырысында қарау туралы дәлелді ұйғарым шығарады.
Жабық сот отырысында істі қарау азаматтық сот ісін жүргізудің барлық ережелері сақтала отырып және іске қатысатын қоғамдық өкілдерінің, ал керек жағдайда куәлардың, сарапшылардың, мамандардың және аудармашылардың қатысуымен өткізіледі. Бала асырап алу туралы шешімнен басқа шешімдер тек жариялы түрде шығарылады.
Азаматтардың жеке хат алысуы және жеке телеграф байланысы ашық сот отырысында арасында осы хат алысу мен телеграф байланысы болған адамдардың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін. Бұлай болмаған жағдайда бұл адамдардың жеке хат алысуы мен жеке телеграф байланысы жабық сот отырысында жария етіліп, зерттеледі. Аталған ережелер фото және кино құжаттарын, дыбыс және бейне жазбаларды, сондай-ақ техникалық құралдардың көмегімен алынған жеке сипаттағы мәліметтер бар хабарларды зерттеген кезде де қолданылады.
Іске қатысушы адамдар мен ашық сот отырысына қатысушы азаматтардың сотта істі қарау барысын залда отырған орындарынан жазып алуға немесе дыбыс жазуды пайдаланып жазып алуға құқығы бар. Сотта істі қарау барысында киноға және суретке түсіру, бейнетаспаға жазу, тікелей радио және телехабар жүргізу соттың іске қатысушы адамдардың пікірін ескере отырып берген рұқсаты бойынша ғана мүмкін болады. Бұл іс-әрекет сот отырысының қалыпты жүруіне бөгет жасамауға тиіс және оның уақытын сот шектеуі мүмкін.
Жариялылық принципі сотқа тәрбиелік жұмысты атқаруға мүмкіндік береді. Бұл принцип азаматтық сот ісін жүргізудің ең маңызды мәселелерінің бірін – заңдылықты күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтарды заңды орындау мен құрметтеу рухында тәрбиелеу шараларын жүзеге асыруға көмектеседі.
Тіл принципі.
Мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін басты және өзекті мәселелердің бірі - мемлекеттік тілдің тәуелсіздігінде. Яғни, мемлекеттік тілдің мәртебесіне лайық еркін және кең тарапты қолданылуында. Олай болса, сот өндірісіндегі тіл принципіне тоқталсақ, бұны осылайша және ұлттық тіл принципі деп те атайды. Одан мағынасы мен бастысы бұл принциптің мақсаты өзгермейді.
Республиканың көп ұлтты факторы АІЖК-де де ескерілген. Бұл заңның 14-бабына лайық, азаматтық сот өндірісінде мемлекеттік тіл және онымен қатар орыс немесе басқа тілдер де қолданылады.
Іс бойынша сот өндірісінің тілін қылмыстық процесті жүргізуші орган аныктайды және бұл туралы қаулысын шығарады.
Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе ол тілді жетік білмейтін, сол іске қатысушы адамдарға өзінің ана тілінде немесе өздері білетін тілде арыз айтуға, жауаптар мен түсініктер беруге, тілек қоюға, шағым беруге, іс материалдарымен танысуға және сотта сөйлеуге, сондай-ақ АІЖК-і бекіткен тәртіпке сәйкес тілмаштың қызметін ақысыз пайдалануға құқылы екендіктері түсіндіріліп, қамтамасыз етіледі.
Баста айтылып кеткендей, тілдің тәуелсіздігі мемлекеттің тәуелсіздігі, мемлекеттік тілді қолданушы соттың (нақты судьяның) тәуелсіздігі бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар болуға тиісті. Сондай-ақ, демократиялық, көпұлтты мемлекеттің саясаты, құрамындағы басқа ұлт тілдерінің де жетіліп дамуына мүмкіндік туғызуы, бұл принциптің мазмұнын көркейте түседі.
Сот жүргізілетін тілді біледі деп, сол тілді құр түсінетіндерді емес, еркін сөйлей алатындарды айтады. Сот құрамындағылардың немесе сот процесіне қатысушылардың біреуінің аудармашының міндетін атқаруына болмайды. Аудармашы адам істің шешімдеріне мүдделі емес, сот құрамы мен сот процесіне қатысы жоқ азамат болуға тиіс.
Қаралып отырған принциптің мазмұны мынадай қағидалардан тұрады: а) сот ісін көпшілік болып табылатын ұлттың тілінде жүргізу; ә) халық көпшілігінің тілін білмейтін іске қатысушыларды іс материалдарымен аудармашы арқылы толық таныстыру және сот ісін сол жерде жүргізу; б) мұндай адамдардың барлық сот істеріне аудармашының көмегімен қатысуы; в) олардың сотта ана тілінде сөйлеу мүмкіндігін беру.
Осылайша, бұл принциптің орасан зор саяси және тәжірибелік маңызы бар. Тіл принципі сотталушының барлық қорғану амал-тәсілдерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұнымен қоймай, процеске қатысушыларға және сот залында отырған жұртшылыққа зор тәрбиелік ықпал жасайды.
Объективтік шындық.
Азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында бұл принциптің мазмұны, заңдылықты іске асыратын орган ретінде сотқа қойылатын келесі шарт болып табылады: азаматтық-құқықтық және өзге азаматтық дауларды шын болған жайттарға толық сәйкес шешу, субъективтік құқықтар мен міндеттер жайлы дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін, осы жайттарға құқықтық баға беру(жіктеу жасау). Сотпен азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болу негіздерін дұрыс түсіну заңдылықтың аса маңызды шарты, сонымен бірге сот ісін жүргізудегі дәләлдеу қызметінің мақсаты болып табылады. Қарастырылатын принципке сәйкес, сот шешімі, іске қатысты жайттардың толық, жан-жақты, дұрыс заңи мәні фактілердің айнасы болуы керек, және талап бойынша іс жүргізуге қатысты тараптардың субъективтік құқықтары мен міндеттері жайлы дұрыс ой түйініне ие болуы қажет. Сонымен сот шешімі іс жайттарына сәйкес, заңды және негізді болуы керек.
Бұл принципті бұзу шығарылған сот актісінің негізсіз болатындығынан, сот шешімінің күшін жоюға әкеп соғады. 5
2.2. Функционалды принциптер
Заңдылық принципі. Республикадағы соттардың қызметі заңдылық принципінің талаптарына сай жүзеге асырылуы қажет.
Заңдылық принципі, жалпықұқықтық, әмбебап ереже ретінде Конституция мен оған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің қатаң және міндетті турде орындалуы мен сақталуын талап етеді. Мұндай талап заңды орындаушы тұлғалардың (мемлекеттік орган болсын, лауазымды, заңды немесе жеке тұлға болсын) күллісіне қатысты қойылады.6
Сот әділдігінің заңдылығы принципінің ерекшелігі мынадай: соттардың ұйымдастырылуы мен қызметі ең алдымен Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде және заң шығарушы органы - Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңдардың, яғни актілердің негізінде жүзеге асырылады. Заңға сәйкес актілер сот саласында заңдарда көзделген шекте қолданылады. Осы арқылы сот әділдігінің заңдылығы принципі конституциялық режим мен заңның үстемдігін нығайтуға жәрдемдеседі.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман