Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_5091.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

Талапкер талаптан бас тартуға құқылы. Талаптан бас тарту туралы арыз сот отырысының хатамассына енуі керек. Талапкердің талаптан бас тарту еркін іс жүргізууалдық құжаттарға дұрыс енгізу және дұрыс көрініс табуына іс жүргізууалдық заң ерекше көңіл бөледі (АІЖК 193 б.). Талапкердің талаптан бас тартуын соттың қабылдауы іс бойынша өндірістің тоқтатуына және сол талапты жауапкерге қайта талап қою арқылы сотқа жолдану мүмкіндігінен айыруға әкеліп соғады. Талаптан бас тартпастан бұрын сот талапкерге мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіру керек. Осы көрсетілген талаптарды сақтамау заңның бұзылуы болып табылады және іс барысындағы мүдделі тұлғалардың құқықтарына едәуір нұқсан келтіреді. Талапкер талаптан бас тартқан кезде сот бұл әрекеттің заңға қайшы келмеуін және басқа біреудің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауын тексереді. Бірақ сонда да сот тәжірибесінде талап бас тартумен байланысты соттың істі қысқартуы заңға қайшы келген жағдайлар да кездеседі.20 Мысалы, әкелікті анықтау және алимент өндірііп алу туралы талапты қарау кезінде жауапкердің тұрғылықты жері туралы мәліметтердің жоқтығына байланысты талапкер талаптан бас тартып, сот өндірісті қысқартты. Осы айтылған жағдайда талаптан бас тарту заңға қайшы келген және талапкер мен оның баласының мүддесі өрескел бұзылған. Бұл жерде АІЖК-нің 135 бабына сәйкес алимент өндірііп алу туралы істер бойынша жауапкердің тұрғылықты жері белгісіз болғанда, сот ішкі істер органдары арқылы жауапкерге іздеу салуға міндетті.

Сонымен қатар талапкер азамат болып табылса, онда оның талаптан бас тартуы барлық уақытта істің нақты жағдайына сай келуін талап етпейді. Талапкер талапты қозғаумен байланысты материалдық құқықтар мен іс жүргізулік өкілеттіктерді еркін пайдалана алады. Мысалы, талапкер қарызды өтеу туралы талаптан бас тартып, жауапкерді кешіре алады.

Бұл айтылған билік ету сипатындағы әрекеттерді заңды тұлғалардың қолдануына болмайды деген пікірлер де бар. Заңды тұлғалардың талаптан бас тартуы істің жағдайына және заңға сәйкес келуі керек. Жауапкер қарызын (борышын) ерікті түрде өтегеннен кейін ғана талапкердің (заңды тұлға) талаптан бас тартуына болады.

Бұл жерде айтылған пікірді дұрыс деуге болады. Өйткені заңды тұғаның мүддесі, ондағы қызмет ететін азаматтардың мүдделерінің жыйынтығы. Сондықтан заңды тұлға өкілі талаптан бас тартар алдында заңды тұлғаның басқа мүшелермен келісуі керек.

Жауапкердің диспозитивтік принциптан туындайтын ең басты құқығы, бұл талапты мойындауы. Талапты мойындау жауапкердің билік ету сипатындағы өкілеттігі екенін кету керек. Жауапкер талапты мойындай отырып талапкер көрсеткен істегі мән-жайлармен келіседі. Бұл әрекеттерді жасау міндетті болып табылмайды. Кейбір жағдайларда талапты мойындау жауапкердің талапкер позициясына көнуімен, жауапкердің іс жүргізуді жалғастыруға ерік, тілегінің болмауымен байланысты. Егер талапты мойындау заңға қайшы келмесе және басқа тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбаса, онда соттың жауапкердің талапты мойындаудағы еркімен келіспеуге құқығы жоқ (АІЖК 193 б., 2 п.).

Диспозитивтік принципқа сәйкес жауапкер соттың шешімі шыққанға дейін талапкерге қарсы талап қоя алады (АІЖК 156 б.). Сот істі қарауға дайындау кезінде, сот мәжілісінде жауапкерге қарсы талап қою құқығын түсіндіру керек (АІЖК 170 б.). Соттың осы заңда көрсетілген талаптарды орындамауы жауапкердің мүддесіне едәуір нұқсан келтіреді.

Жауапкер өзіне қойылған талапқа қарсы талап, яғни талапкерге өзінің талабын қоя алады. Бұл талап азаматтық іс жүргізуде қарсы талап түрінде жарияланады. Қарсы талапты кейбір ғалымдар төмендегідей түсіндіреді.

Қарсы талап – бұл талапкерге қойылған жауапкердің талабы. Бірақ бұл талап жауапкерге қойылған талаппен нақты түрде байланысты болуы керек. Бұл өте дұрыс айтылған пікір.

АІЖК-нің сәйкес тараптар істі бітімгершілік келісіммен аяқтай алады. Бітімгершілік келісім туралы ғалымдар мынадай пікір айтады.

Бітімгершілік келісім – істі сотта қарау барысындағы соттың бақылауымен тараптардың жаңа субъективтік құқықтар мен міндеттерді жүктеу арқылы өзара келісуі. Бітімгершілік келісім -–туындаған материалдық-құқықтық дауды екі жаққа да тиімді жағдайда реттеу мен сотта қозғалған істі аяқтауға байланысты тараптардың билік ету сипатындағы әрекеттері. Осы түсініктерді қарастыра келе айтатынымыз, бітімгершілік келісімнің ең басты белгісі – іс барысында соттың бақылауымен тараптардың екі жаққа да тиімді ортақ келісімге келуі. 21

Сонымен қатар бітімгершілік келісімге қойылатын талап, болашақта осы іс бойынша тараптар арасында қарама-қайшылықтар туындамауы керек және бітімгершілік келісімнің нәтижесінде бекітілген шарттарды орындауы. Осы мәселеге байланысты сот тәжірибесінде мұндай талаптар барлық уақытта сақтала бермейді. Мысалы, К-ның жұмысқа орналастыру туралы талап арызы бойынша істі қарау барысында сот екі жақ та қол қойған біржақты екі «бітімгершілік келісімді» іске бекіткен. Біріншісінің негізінде талапкердің барлық талабын қанағаттандыру жатыр, ал екіншісінде жауапкер мәжбүрлі демалыста болған уақыты үшін К-ға айлық төлеуге және жумыстан шығару туралы құжаттарды өзгертуге міндетінде. Сот бұл қарама қайшылыктарды жоюға тырысады, яғни бітімгершілік келісім салдарын түсіндірмеген. Оны сот отырысы хаттамасына еңгізбеген.

Міне осындай жағдайларға байланысты бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымдарын жою негіздері болып соттың бітімгершілік келісімнен туатын салдарды дұрыс түсіндірмеуі, сонымен қатар бітімгершілік келісім шарттары тараптардың біреуінің мүддесіне нұқсан келтірмеуін түсіндірмеуі болып саналады. Бітімгершілік келісімді сот бекіткен кезде, бітімгершілік келісімнің заңға қайшы келмеуін және басқа тұлғаның мұддесін және құқықтарын бұзбауын тексереді.

Бітімгершілік келісімді бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы ұйғарымды бітімгершілік келісімнің заңдылығын тексергеннен кейін судья кеңесу бөлмесінде шығарады. Егер бітімгершілік келісім заңға қайшы келсе немесе осындай келісім нәтижесінде басқа тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылса, онда соттың бітімгершілік келісімді бекітуге құқығы жоқ. Мысалы, бітімгершілік келісімнің шарттары азаматтың еңбек құқықтарын бұзса немесе еңбек қатынастары кезінде келген зиян бойынша тұлғаны материалдық жауапкершіліктен босатса, онда бітімгершілік келісімді бекітуге жол берілмейді. Сонымен қатар тараптар бітімгершілік келісімге келу арқылы еңбек қатынастары кезінде өтелетін зиян мөлшерін, сондай-ақ заңда бекітілсе алимент мөлшерін өзгертуге құқықтары жоқ.

Сонымен, соттың ұйғарымымен бекітілген бітімгершілік келісімнің шарты оны орындау кезінде түсінбеушілік немесе дау туындамауы үшін анық және нақты болуы керек.

Диспозитивтік принцип азаматтық іс бойынша соттың бірінші инстанциясында іске қатысушы тұлғалардың басқа да өкілеттіктерінен көрініс табады. Соның бірі, мүдделі тұлға дау пәніне дербес талап қою арқылы іске қатыса алды. Осы жағдайда сәйкес сот аталған тұлғаны жүріп жатқан іс туралы хабардар ету керек. Ал іске қатысу туралы мәселені мүдделі тұлға өзі шешеді (АІЖК 57 б.).

Дау пәніне дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлға өз талабы бойынша жауапкерді өзі анықтайды. Дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар іске шешім шыққанша қатыса алады және іске қатысқанда талапкердің құқықтары мен міндеттеріне ие болады. Үшінші тұлғаның дербес талабын А.А. Мельников былай түсіндіреді. Үшінші тұлғаның дербес талабы – алғашқы тараптардың дауласып жатқан әрекеттеріне немесе мүліктеріне өз құқығын білдіруі.22 Бұл ғалымның пікірі дұрыс. Бұл пікірді дұрыс деп айтатын себебіміз, дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлға тараптардың дауласып отырған әрекеттеріне мүдделі болады.

Осы жерде туындайтын сұрақ, басталған іс жүргізуке қатысатын үшінші тұлғаның өз құқығын білдіруінің белгілері неде?

Үшінші тұлғаның дербес талабының өз негізі мен пәні болады. Осыған байланысты, талапкер мен дербес талап қоятын үшінші тұлғаның әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар екі тұлғаның да талаптарының негізі мен пәні бірдей болуы мүмкін. Осы айтылған мәселені В.А. Мусин төмендегідей түсіндіреді.

Тиісті емес жақты ауыстыруда талапкер істен шығуға қарсы болса, тиісті жақ (тиісті талапкер) іске дербес талап қоятын ұшінші тұлға ретінде қатыса алады. Бұл жерде екі талапкердің де талаптары бірдей, яғни талап негізі және пәні біреу болады.

Сонымен қатар, талапкер секілді үшінші тұлға да талаптан бас тарта алады, бітімгершілік келісімге келуге, талап негізін және пәнін өзгертуге, талап көлемін ұлғайтуға не кемітуге, сот шешіміне шағымдануға құқылы. Тағы бір ескере кететін жағдай, талапкер мен дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғаның іс жүргізууалдық жағдайлары бірдей деп айтуға да болмайды. Бұл мәселе туралы В.А. Мусин мынадай пікір айтқан.

Үшінші тұлға басқа іске қатысушылармен ерекше қатынаста болады. Егер үшінші жақ екі тараппен де даулы қатынаста болса, онда үшінші тұлғаның талап-арызы бойывнша жауапкер ретінде талапкер де жауапкер де танылады. Сонымен қатар үшінші тұлға дау бойынша тек талапкерге ғана талап қоюы мүмкін.

Азаматтық іске дербес талаппен үшінші тұлға қатысқан кезде, сот алғашқы талапкер талабымен бірге үшінші тұлғаның талабын бірге қарауы керек. Сот өз шешімін осы екі талапқа байланысты шығарады.

Диспозитивтік принцип негізінде азаматтық іс жүргізуде талап қоюшы тараптар мен жауапкер жағынан іс жүргізу құқық мирасқорлығымен ауысуы мүмкін. Құқық мирасқорлығының ауысуы АІЖК-нің 54 бабында  көрсетілген. Бұл жерде тараптар ретінде қатысушы жеке тұлғалар қайтыс болса, талап беру, борышкер ауысса және заңды тұлғалар қайта құрылғанда құқық мирасқорлығымен ауысу жүзеге асырылады.

Материалдық құқық мирасқорлығы міндетті түрде іс жүргізуде құқықтық мирасқорлықты тудырмайды. Іс жүргізулік құқық мирасқорлығында талапкердің құқықтық мирасқоры іске қатысу мәселесін өз еркімен шешеді. Ал жауапкердің құқықтық мирасқорын іске қатыстыру талапкердің немесе басқа іске қатысушы тұлғаның еркіне байланысты болады. Азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға тараған кезде іс тоқтатылады. Ал осы тұлғалардың құқықтық мираскорлары анықталған кезде, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша тоқтатылған іс қайта жаңғырады. Бұл жерде тараптардың іс жүргізу құқықтарының диспозитивтік сипаты көрініс табады.

Даулы материалдық құқық қатынаста орын алатын талаптарды немесе үшінші тұлғаларды ауыстыру құқық қабылдаушылық нәтижесінде туындайды. Бұл пікірді Ресей ғалымы М.К. Треушников айтқан. Осы пікірдің жалғасы ретінде ол былай дейді: «Іс жүргізулік құқық қабылдаушылық негізі материалдық құқық қабылдаушылық негізімен біртектес болады. Егер материалдық құқыққатынастағы құқық қабылдаушылықта бір тұлғаның құқықтары мен міндеттері екінші тұлғаға ауысса, онда іс жүргізулік құқық қабылдаушылықта да мұндай әрекеттің болуы мүмкін».23 Бұл ғалымның пікірі орынды. АІЖК-сі бойынша да құқық мирасқорлығы құқықтың ауысуымен қатар болады және осы құқық мирасқорлығы іс жүргізудің кез келген сатысында болуы мүмкін.

Соттың бірінші инстанциясында диспозитивтік принцип басқа да  өндірістерде көрініс табады. Бұл өндірістерге ерекше өндірісті, ерекше талап өндірісін жатқызуға болады. Осы өндірістердегі кейбір істер туралы осы тақырыптың басында айтып кеткен болатынбыз. Бұл өндірістерде де  тараптардың құқықтары (диспозитивтік принципқа байланысты) жоғарыдағыдай болып келеді.

Осы жерде тағы бір айта кететін мәселе, АІЖК-нің 185 бабына сәйкес сот мәжілісі басталғанда, судья іске қатысушы тұлғаларға (соның ішінде талапкер мен жауапкерге) іс жүргізудегі құқықтары мен  міндеттерін, сондай-ақ осы дау бойынша аралық сотқа жүгіну құқықтарын түсіндіру керек.

Сонымен қатар, диспозитивтік принципқа сәйкес іске қатысушы тұлғалар соттан іс бойынша өндірісті тоқтата тұруын сұрауы мүмкін. Бұндай өтініш бойынша немесе заңда көрсетілген жағдайларда соттың өз бастамасы бойынша істің тоқтатылуы мүмкін.

Сондай-ақ тараптар арасында бірлесіп қатысушылық та болады (АІЖК 50 б.). Іске қатысушылар бірлесіп талап қоя алады және бірлесіп жауапкер бола алады. Бұл жерде қатысушылар басқа қатысушылардан дербес болады. Сонымен қатар бірлесіп қатысушы талапкерлер араларындағы  бір талапкерге сенім білдіріп, іс жүргізуді тапсырулары мүмкін. Ал бірлесіп қатысушы жауапкерлер қойылған талапқа барлығы бірдей жауап береді.

Осы аталған әрекеттерден де диспозитивтік принцип көрініс табады…

Апелляциялық, кассациялық инстанцияларда да диспозитивтік принцип толық көлемде көрініс табады. Осы инстанцияларда істің жүргізілуі АІЖК-нің 3-ші бөліміндегі нормалармен реттеледі. АІЖК-нің 332 бабы бойынша сот шешімдеріне апелляциялық, кассациялық шағым беру және наразылық келтіру құқығы іске қатысушы тұлғаларға және прокурорға берілген. Азаматтық іс жүргізуде апелляциялық шағым беру тараптар мен іске қатысушы тұлғаларға берілсе, ал наразылық келтіру іске қатысқанына қарамастан прокурорға және оның орынбасарларына берілген. Заңда көрсетілген жағдайларда сот ұйғарымдарына іске қатысушы тұлғалар жеке шағым береді, ал прокурор жеке наразылық келтіреді. Басқа сөзбен айтқанда, іске қатысушы тұлғалар апелляциялық, кассациялық инстанцияда іс қозғау туралы мәселені өздері шешеді. Апелляциялық, кассациялық тәртіппен шағым берілмесе не наразылық келтірілмесе, сот бұл сатыларда істі қарай алмайды.

Апелляциялық, кассациялық өндірісті қозғаған тұлға шешімнің дұрыс еместігін неде екенін көрсетеді және апелляциялық, кассациялық сотқа өз өтінішін білдіреді (АІЖК 335 б.). Нақтылай айтсақ, апелляциялық және кассациялық соттан іске қатысушы тұлғалар бірінші инстанцидағы соттың қаулыларын өзгертуді және сот шешімдерін бұзуды, сонымен қатар осы іс бойынша жаңа шешім шығарып беруді сұрауы мүмкін. Шағым беруші тұлға осы уақытта шағымның мөлшерін, көлемін анықтайды.

Апелляциялық сатыда заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тараптар болып табылатын мүліктік дауларды қарау кезінде шығарылған аудандық және оған теңестірілген соттар шешіміне апелляциялық тәртіппен, құны бес мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жағдайда облыстық және оған теңестірілген соттарға берілген шағымдар мен келтірілген наразылықтар бойынша істер қаралады (АІЖК 335 б.). АІЖК-нің 334 бабына сәйкес шағымдармен, наразылықтармен іске қатысушылар шешім шығарылған сот арқылы ғана апелляциялық, кассациялық инстанцияға жолдануға құқықлы.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман