Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.
КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
Сонымен бірге бұл азаматтық-азаматтық іс жүргізу құқығының келесі принциптерінен өз айнасын табады:
1) Азаматтық іс жүргізу
құқығының демократиялылығы
2) Азаматтық іс жүргізу
құқығының гуманизмі келесіде: а)
іске қатысушылар мәдениет
3) Заңдылық принципы «қазақстан республикасыны құқығының барлық салаларына тән» салааралық принцип болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығының принципі бола тұра, оның мақсаты, соттар және іске қатысушылар, азаматтың іс жүргізудің, АІЖК-нің 5-ші бабында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін, өз қызметтерін материалдық және іс жүргізу нормаларына қатал сәйкес жүргізу қажет. А.Т. Боннер бұл ойды өз зерттеулерінде келтіріп, ол осы принципті байқамайтын өзге ғалымдарды, азаматтық істерді қарастыратын және шешетін соттардың осы принципке сәкес келмейтін қызметін сынға алады. Оның жұмыстарында біз, біртұтас азаматтық іс жүргізудің принциптерін қамтитын, объективті, азаматтық іс жүргізудің міндеттеріне сәйкес негізделген көзқарасты кездестіреміз.
АІЖК-нің 2 бабына сәйкес жалпы құзыреттілігі бар соттарда іс жүргізу тәртібі ҚР Конституциясымен, АІЖК-мен, және Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларымен реттеледі. ҚР Конституциясының және мемлекеттік заңдардың жоғарғы заңи күшке ие екені даусыз, бірақ осы заңдардың нормаларында, олар, өзге мемлекеттік зандардан басым күшке ие екендігі айтылған. Осындай басымдылық өзге зандармен(ҚР АК, ҚР КК) де белгіленген.
Бұндай бірдей күші бар заңдардың бірінің нормаларының екіншісінің алдындағы басымдылығын заң шығарушы үшін кеңес секілді болады.34
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес, тараптардың айтысуын тек қана демократиялық негіз емес, сонымен бірге іс бойынша шешімнің әділетті болуынын кепілі. Соттаға бүкіл дәлелдеу ісі тараптардың қатынастарын қарама-қарсылық анықтайтын, айтысу принципімен құрылады.
Принциптердің демократизмі сонда, олар құқық нормаларында бекітіліп, азаматтардың сот пен заң алдында теңдік негізінде заңдылықтың тек соттпен іске асырылуын, азаматтық істерді судьялардың жеке дара немесе алқалы түрде қарастырылуын, судьялардың тәуелсіздігі және тек заңға бағынуын, сот отырысының жариялылығын, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін сипаттайды. Іске қатысушылардың кең және реалды іс жүргізу құқықтары және олардың іске асу кепілі, сот ісінің түсініктілігі, әрбір мүдделі тұлғаға өз құқығын сотқа жүгіну арқылы жүзеге асыруға және сот қорғанысын пайдалану мүмкіндігін Қазақстан Республикасының Конституциясы қамтамасыз етеді.
3.2. Азаматтық іс жүргізу
Жаңа іс жүргізу заңдары адамның құқығы мен бостандығын қорғау туралы тиісті халқаралық актілерді ескере отырып, адам құқықтарын қорғау саласындағы органдардың назарын процесстің жарыспалығы, жеке тұлғаға қол сұғылмайтындығы, оның ар-ожданы мен қадыр-қасиетін құрметтеу, кәсіби заңгерлік жәрдем көрсету және сот ісін жүргізудің кез келген сатысында қорғау құқығына, сондай-ақ істі жүргізуді тым формалды түрге айналдырмай сот әділдігінің тиімділігін арттыруға аудару керек.
«Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасында» іс жүргізу туралы мынадай мәселе қарастырылған.
«Түбірлі өзгерістер азаматтық сот ісін жүргізуге де қатысты болуы тиіс. «Бүкілодақтықң меншікті қорғау тетігі рөлін атқаруды доғарып, ол азаматтық дауда тең құқықты жақтарға мемлекет тарапынан қызмет көрсету құралына айналуы тиіс. Азаматтық іс жүргізу азаматтардың ар-ожданы мен намысын қорғаудың, еңбек дауы мен өзге де таластарды шешудің, моральдық және материалдық зиянның орнын толдырудың, азаматтық-құқықтық қатынастардың күллі субъектілерінің құқықтары заңды мүдделерін қамтамсыз етудің тиімді тетігіне айналуы керек. Сот шешімдерін орындату үшін мемлекеттік тұрғыдан мәжбүр етудің күші пайдаланылуы тиіс».
Азаматтық іс жүргізуді судья қарастырады, судья мемлекеттік биліктің заңдылықты жүзеге асыратың өкілі ретінде болады, және ол сот отырысында жоғарғы кәсіби заңгер болып табылады. Осыған байланысты, азаматтық іс жүргізу құқығының мәселелері мен даму перспективасы судьялар тәуелсіздігі деңгейіне тікелей тәуелді деп санаймын. Сондықтан, егер біз азаматтық іс жүргізудің деңгейін көтергіміз келсе, ең басты сот жүйесін және судьялардың тәуелсіздігі мәселесіне назар аударуымыз керек.
Осы айтылған мәселелердің негізінде сот жүйесін реформалау судьялардың әлеуметтік беделін арттырып, сотты және адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепілгері ету, қоғамдағы жанжалдардың заңды әрі әділетті түрде тоқталуына жәрдемдесу мәселелерін шешуге тиіс.35
Осы мәселеге байланысты тағы бір айт кететін жағдай бар. Көптеген ғалымдар (М.Г. Авдюков, А.Т. Боннер, А.А. Мельников) тараптардың жоғарыдағы айтылған әрекеттерді жүзеге асырғанда, әрекеттермен (диспозитивтік қағида) соттың белсенділігі қағидасы тығыз байланысты деп көрсеткен. Олардың ойларынша, диспозитивтік қағидаға сәйкес тараптар өәрекеттерін соттың араласуымен жүзеге асырады. Сот тараптардың әрекеттеріне кей жағдайларда ғана араласа алады. Нақтылап айтсақ, сот заңды бұзушылықтың болмауын немесе басқаның құқықғына нұқсан келмеуін бақылайды және тараптарға сот ісін жүргізудегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
Сонымен қорыта келе мынадай тұжырым жасауға болады. Егер мүдделі тұлға өз құқығын сот арқылы қорғау туралы мәселені шешуде еркіндікке ие болса, онда осы құқықтарды қорғаудағы процессуалдық әрекеттерді пайдалануда да ерікті болуы керек.
Сот тәжірибесінде өкінішке орай заңда жоқ негіздер бойынша арызды қабылдамау жағдай сирек емес. Талап арызды заңсыз қабылдамау диспозитивтік қағиданың бұзылуына алып келеді. 36
Соттар республикалық органдардың - парламенттің, Президенттің, үкіметтің, министрліктер мен комитеттердің, т.б. актілерін өздері бұза алмайды. Сондықтан оларды конституциялық емес деп тану үшін Конституциялық Кеңеске жүгініп, оларға қатысты конституциялық бақылауды ішінара атқарады. Жоғарыда айтылғандай, конституциялық бақылау жүргізу үшін бастамашы рөлін атқарады. Ал, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің әрекеттері мен нормативтік актілерін сот тәртібімен өздері бұза(әрине күшін жоя) отырып, оларға қатысты конституциялық бақылауды тікелей және толығымен атқарады. Айта кетерлік жағдай, соттар мемлекеттік органдардың конституциялық құзыреттіктерінің бұзылуы жайындағы дауларды қарамайды. Сондай-ақ, соттың конституциялық бақылауы республиканың халықаралық шарттарына да қатысты жүргізілмейді. Бұл Конституциялық Кеңестің құзыреті және ол осы мүмкіндігін халықаралық шарттар ратификациядан өткенге дейін пайдалануы керек.
Сот билігі мен атқарушы биліктің байланысы бүдан ілгері атқарушы биліктің органы Әділет министрлігінің қарамағында соттарды ұйымдастыру, құқықтық, материалдық-техникалық, кадрлық қамтамасыз ету мәселелерінің болуымен соттың оған тәуелді жағдайы көрсетілді.
Заңдарды ресми және сот түсіндіруі екеуінің заң шығарушы және сот билігі араларындағы тежемелік элементі ретінде көрсетілді.
Құқықтық мемлекетті орныктыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы норма болып саналуға тиісті екендігі көрсетілді.
Судьяларға (әсіресе, жергілікті соттардың), өкілеттік беру тәртібін Конституцияның демократиялық ұйғарымымен сәйкестендіру мақсаты алға қойылып, осыған байланысты олардың жалпыға бірдей сайлау жолымен өкілеттігін алу мүмкіндігі қарастырылса, халык билігі институтын шын мәнінде нығайтып, көркейтетіндігі сипатталды. 37
Судьяларға (әсіресе, жергілікті соттардың), өкілеттік беру тәртібін Конституцияның демократиялық ұйғарымымен сәйкестендіру мақсаты алға қойылып, осыған байланысты олардың жалпыға бірдей сайлау жолымен өкілеттігін алу мүмкіндігі қарастырылса, халык билігі институтын шын мәнінде нығайтып, көркейтетіндігі сипатталды.
Заңдарды ресми және сот түсіндіруі екеуінің заң шығарушы және сот билігі араларындағы тежемелік элементі ретінде көрсетілді.
Құқықтық мемлекетті орныктыруға бет алған қоғамның негізгі көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талап ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы норма болып саналуға тиісті екендігі көрсетілді.
Президент пен сот билігінің ара қатынасы жөніндегі мәселелерді жекелей және жинастырып қарастыратын болсақ мынадай қорытындыға келуге болады:
1. Сот билігін қалыптастырудың көптеген мәселелерін Президент ұйымдастырады. Әсіресе, судьяларға (жергілікті соттардың) өкілеттік беру, оларды материалдық-техникалық жағынан қамсыздандыру, т.б. айтуға болады. Алайда, сот әділдігін жүзеге асыру мәселелеріне ол араласпауға тиіс. Олай болмаса судьяның тәуелсіздігі принципі камтамасыз етілуі мүмкін емес. Бұл мәселені билікті қалыптастырудың демократиялық ұйғарымына сәйкестендіру қажет-ақ. Яғни, халықтың билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыратыны жөніндегі конституциялық ережеге лайық етуді айтамыз. Сондықтан, сот жүйесіндегі барлық судьялардың, әсіресе жергілікті соттар судьяларының өкілеттіктерін оларды қызметтеріне тікелей сайлау жолымен алғаны жөн болар еді деп есептейміз.
2. Сот билігінің Президент
билігіне кері әсерінің
Соттар заң шығармайды. Мұнымен олар биліктің заң шығарушы тармағынан ерекшеленеді. Бірақ, олардың қызметі заңға бағынышты. Демек, сот Конституция мен заңдардың талаптарына бағынуға міндетті.38
Тіпті, сот жүйесі мен сот ісін жүргізу туралы әртүрлі құқық салалары жөніндегі заң негіздерін белгілеу заң шығарушы билік - Республика Парламентінің қарауына жатады. Ол сот жүйесі туралы заңдарды, іс жүргізу кодекстері мен басқа да кодекстерді, елдің құқық қорғау органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметі жөнінде өзге де заңдар қабылдайды.39 Ал, оларды басшылыққа алу, дәлме-дәл орындау сот үшін міндет етіп қойылады. Сот билігінің ұйымдасуы мен қызметін заң белгілейді. Конституцияның 75-бабына сәйкес, заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және республиканың жергілікті соттары республиканың соттары болып табылады. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы немесе төтенше соттарды құруға жол берілмейді.
Заң шығарушы билік Жоғарғы Соттың судьялар корпусын құруға тікелей қатысады. Тіпті, осы мәселені шешеді десек артық айтылған болмайды. Яғни, оларды Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен қызметіне Сенат сайлайды, қажетті жағдайда, заңда көрсетілген негіздер мен тәртіпте қызметінен босатады. Заң шығарушы билік пен сот билігінің арасындағы осы байланыс, яғни, Жоғарғы Сот судьяларының корпусын Парламент Сенатының сайлауы сот жүйесінің ең жоғарғы органының тәуелсіздігінің нышаны деуге нақты негіз бола алады.
Өз кезегіңде сот билігі мен заң шығарушы биліктің арасында мына мәселелерге байланысты тежемелік әрі тепе-тендік жүйесі іске асырылады.
1. Сот заңдарды дәл, бұлжытпай
орындап қана қоймай, олардың
Конституцияға, жалпыға бірдей міндетті
принциптер мен халықаралық
Алайда, жоғарыда айтылып кеткендей, сот билігінің конституциялық бақылау функциясы өзіне лайық деңгейде жетілдірілмеген. Айтайын дегеніміз, Жоғарғы Сотқа Конституцияға қайшы немесе оған сәйкес емес заң мен нормативтік актіні конституциялық емес деп тану өкілеттігі берілсе, сот билігі тарапынан заң шығарушы және атқарушы биліктеріне бақылау жасау құзыретін қарастырған болар еді.
Ұсынысты толығырақ көрсететін болсақ, конституциялық бақылау өкілетігін тиімді атқарған (1992-1995 жж.) Конституциялық сот өндірісін қайтадан жаңғырту мүмкіндігі жасалса тіпті жақсы болар еді. Олай болмаған күнде, Конституциялық Кеңестің орнына мұндай бақылауды еліміздің Жоғарғы Сотына тапсырған жөн.
Сот билігінің заң шығару процесіне тікелей қатысы жоқ. Бұл мәселе Конституцияның 61-бабынан айқындалады. Оған сәйкес, заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасына Республика Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу өкілеттігі берілген (Конституциялық Заңның 20-бабы). Демек, сот билігі атынан елдің Жоғарғы Сотының Төрағасы заң шығару процесіне араласуының өзі бір жетістік.
Конституцияның 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ, республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман