Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа
Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.
КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
Еліміздің Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына республикада қолданатын құқық дәрежесінің берілуі заңгер ғалымдар мен тәжірибе саласындағы заңгерлер арасында пікір таластарын туғызады.
Классикалық түсінік бойынша Жоғарғы Сот норма шығармашылықпен айналыспайды.
Сот жүйесін демократияландыруды одан әрі тереңдетуді көздеп жасаған мемлекет саясатын, оның шараларын құрметтеуге тұрады.
Атап айтқанда, 2000 жылдың 1-қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған "Сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы өз атауына сәйкес болды десек тура айтқан боламыз.
Жарлықтың басты мақсаты сот билігін атқарушы биліктен тәуелсіз деңгейге шығару болғандықтан, ол іс жүзіне асып, біздің сот жүйеміз Әділет министрлігі мен оның жергілікті органдарынан еншісін алып, өздерін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз ету мәселелерін Жоғарғы Соттың жанынан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетпен, оның жергілікті әкімшілеріне табыс етті.
Президенттің 2000 жылғы 12-қазандағы Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы сот әкімшілігі туралы Ережеге" сәйкес, бұл комитеттің Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органы ретіндегі мәртебесі бар.
Осылайша, сот билігін атқарушы биліктің "қарамағынан шығару" процесі іске асырылды.
Дегенмен, өкініштісі аудандық, оларға теңестірілген соттардың судьяларына өкілеттік беру үшін, оларды Ел басшысының алдында әлі де Әділет Министрінің ұсынуы "қажеттілігінің" қалдырылғаны екі билікті ажыратуға байланысты шаралардың (саясаттың) толық іске аспағанын көрсетеді.
Бұл тұрғыда мемлекет тарапынан, әсіресе Елбасының бастамасымен қарастырылып отырған шараларды атап өту өте қажет. Өйткені, еліміз тәуелсіздікке ие болған 10 жыл уақыт ішінде бүкіл мемлекеттілікті, соның ішінде сот билігін қалыптастыру мен дамытудың рөлі орасан зор екендігінде дау жоқ.
2001 ж. 6 маусым күні Астанада
болып өткен Қазақстан
"Бірінші - сот сатылары
арасында соттылықты шектеу
Екінші - сот қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты түбегейлі жақсарту қажет.
Үшінші - Конституцияда көзделген сот әділдігін алқа заседательдерінің қатысуымен атқару принципін іс жүзіне асыру.
Төртінші - мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысы жалғастырылсын.
Бесінші - дауларды шешудің баламалы әдістерін, мәселен, төрелік соттарды ендіру мүмкіндігін зерттеу қажет.
Алтыншы - тергеу әрекеттерін сот бақылауы институтын пайдаланудың шетелдік тәжірибесін зерттеу керек. Батыста ол кең таралған. Ресейде де осы жолмен жүруге әзірленіп жатқан сыңайлы. Біз басқалардың істегендерін көзсіз көшіріп ала бермеуіміз керек. Алайда, біздің сот-құқық жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, назар аударуға тұратын нәрселерді пайдаланған жөн.
Жетінші - сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін жасау шаралары қолданылсын. Бұл ретте сот әділдігінің біздің қоғамның ең лайықты мүшелері ғана атқаруы үшін судьялардың адамгершілік және этикалық болмысына деген талаптарды күшейту қажет.
Сегізінші - соттардың жұмысын халық үшін барынша ашық және ұғынықты ету керек. Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысы түбегейлі өзгертуді талап етеді"40.
Осы міндеттерді шешу азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қорғау, ел Конституциясы мен заңдарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі өзінің конституциялық функциясын толыққанды жүзеге асыруға қажетті тәуелсіз сот жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Осылардың қатарына, 2000 ж. 1-қыркүйек күні қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын, 2000 ж. 12-қазаң күнгі "Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің қызметін қамтамасыз ету шаралары туралы" Жарлығын, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" 2000 ж. 25 желтоқсан күнгі Конституциялық заңын, т.б. енгізуге болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Соттың (судьяның) тәуелсіздігі және оның процессуалдық қызметке қатысушы ретіндегі алатын орнының проблемасы заңгер ғалымдардың көпшілігінің назарын аударып келген мәселе. Бұл тақырыпқа (толық, ішінара, жанама) келесіде аталатын ғалымдар өз жұмыстарында зерттеген. Мысалы, А.Бойков, В.П.Божьев, КАБегалиев, У.Жекебаев, С.З.Зиманов, З.Ж.Кенжалиев, В.А.Лиманский, М.С.Нәрікбаев, Б.М. Нұрғалиев, А.С.Нұралиева, И.И.Рогов, С.С.Сартаев, М.С.Строгович, М.С. Сапарғалиев, Г.Ж.Сүлейменова, С.А.Табанов, С.Т.Тыныбеков, К.Х.Халиқов, тағы басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Осы аттары аталған ғалымдардың еңбектері дипломдық жұмысқа елеулі теориялық база болды.
Қорытынды
Жүргізілген зерттеу нәтижесін былай түйіндеуге болады:
Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері қоғамның дамуына байланысты, саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің сұранысын қамтамасыз ету үшін, болашақта, азаматтардың, ұйымдардың субъективтік құқықтарын және мемлекеттік мүдделерді қорғау кепілдігін қамтамасыз ету үшін, заңдылық пен әділеттікті қамтамасыз етуді күшейту мақсатымен, сот қызметін жаңа деңгейге көтеру қажеттілігін ескере отырып дамиды және жаңа қасиеттерге ие болады. Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде, азаматтық іс жүргізу құқығының демократизм принциптерінің әрекет етуі және толық жүзеге асырылуының заңнамалық дамуы мен орындалуы, құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамның бөлінбес бөлігі ретінде, заңдылықтың күшеюінің маңызды кепілі болып табылады.
Сонымен азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәні болып, оларда құқықтың және оның ең маңызды институттарының демократиялық белгілері мен жалпы бағытының айнасы көрінетіндігі, осыған байланысты олар осы құқық саласының түбірін, жалпы түрде оның және дербес институттарының қоғамдық сипатын түсінуге мүмкіндік бередіндігінде.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері секілді үлкен тақырыпты қарастып, принциптер азаматтық іс жүргізудің негізі болатындығын және осы заман құқық ғылымы облыстарының дамуы мен құрастырылуы осы принциптердің негізінде өтетіндігін айтуға болады. Принциптердің әрқайсысы дербес рөл атқарады, құқық облысын, дербес бөлім мен дербес іс жүргізу институтын сипаттайды, бірақ олардың арасында азаматтық сот ісін жүргізудің біртектес мақсаты мен мәселелерін сипаттайтын тығыз байланыс бар. Әрбір принцип, жүйенің өзге принциптерінен тыс болуы мүмкін емес, олар тек бірге әрекет етеді, дербес принциптердің мазмұны өзге принциптердің мазмұны ескеріле отырып ашылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу деңгейі сотпен істе азаматтық және материалдық нормаларды қолдану дұрыстығына тікелей тәуелді, ол үшін олардың мазмұнын, құқық жүйесіндегі орнын, олардың өзге заңи принциптермен байланысын толық түсіну қажет.
Осы жұмыста мен әрбір принциптің мазмұнын ашуға, олардың өзара байланысын және қазіргі өмірдегі рөлін көрсетуге тырыстым.
Принциптер азаматтық іс жүргізу құқығын дұрыс түсінуге және оның нормаларын дұрыс қолдануға оң әсерін тигізеді, заңнамалық практиканың, оларға мәні бойынша сәйкес келетін құқықтық нормаларды дайындаудың, жасау мен қабылдаудың және дамуының негізі болады. Азаматтық заңдылықты жүзеге асыруға мүмкін болатын, құқықтық, демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды құру үшін және азаматтық іс жүргізуді әрі қарай дамыту үшін принциптерді зерттеу өте маңызды.
Прокурор немесе мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінгенде, ал сол адам әрекетке қабілетті бола тұра, бұзылған бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатымен сотқа жүгінгісі келмейтін кезде, қоғамның азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысу принципі мен диспозитивтік принциптерінің арақатынасы даулы болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізуінің деңгейі соттармен істе диспозитивтік принципті дұрыс қолдануына байланысты, ол үшін оның мәнін, құқық жүйесіндегі орнын және маңызын түсіну қажет.
Диспозитивтік принципті зерттеу азаматтық іс жүргізудің алға қарай дамуы үшін және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құру үшін өте маңызды, өйткені онсыз азаматтық-құқықтық әділдік толық жүзеге асуы мүмкін емес.
Әдебиеттер тізімі
1Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық, I, II том. Алматы. 2001
2 Тертышников В.И. Гражданский процесс: Курс лекций. – Х.: «Консум», 2001.
3 Қазақстан Республикасының Конституциясы. — Алматы: "Жеті Жарғы", 1998. - 98 бет.
4 Тертышников В.И. Гражданский процесс (курс лекций.) – Харьков., 2003.
5 Шакарян М.С. Гражданский процесс, М., 2003ж.
6 Тархов В.А. Гражданское правоотношение. Уфа. 2003ж.
7 Тертышников В.И. Гражданский процесс (курс лекций). — X., 2003.
8 Осипов Ю.С. Гражданский процесс (курс лекций). — X., 1998.
9 Шакарян М.С. Гражданский процесс, М., 2003ж.
10 Авдюков М.Г. Гражданское правоотношение. Уфа. 2003.
11 Эрделевский А.М. Компенсация морального вреда. - М.: Юрист, 2002
12 Бұйрық арқылы іс жүргізуді қозғау. Жұмабекова Г. Алматы. 2005 ж.
13 Азаматтық істер бойынша сот ісін жұргізудегі прокурордың талабы. Заң және Заман 4, 2000 ж.
14 Чечот Д.М. Субъективное право и формы его защиты. Л„ 2000.
15 Боннер А.Т. Принцип диспозитивности гражданского процессуального права, М., 2005ж
16
Азаматтық іс жүргізу бойынша сырттай
іс жүргізу институты. «Заң». 31-32 беттер
12, 2005 ж.
17 Гражданский процесс: Учебное пособие. / Под ред. Рябова Е.В.. – Х.: «Одиссей», 2003.
18 Жуйков В.М. Проблемы гражданского процессуального права. М, 2001. 7-9 беттер.
19 Боннер А.Т. Принцип диспозитивности гражданского процессуального права, М., 2005ж.
20 Жуйков В.М. Проблемы гражданского процессуального права. - М., 2001. - 286 бет.
21 Гражданский процесс: Учебник/ Под ред. В.А, Мусина, НА. Чечиной, Д.М. Чечота. М, 2000. 33-35 беттер.
22 Мельников А.А. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. М„ 2001.
23 Гражданский процесс: Учебник/ Под ред. М.К Треушникова. М, 2000. 8-9, 42-45 беттер;
24 Гражданское право. Учебник. Часть I. / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого.- М.: “Проспект”, 2002.
25 Гражданский процесс: Учебник/ Под ред.. Тихина В.Г М, 2000.
26 Афанасьев С. Ф. Проблема истины в гражданском судопроизводстве. Саратов, 2000.
27 Прокурордың басты сот талқылауына қатысуы. Тураби. 2000 ж.
28 Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. Учебник. Баймолдина З.Х. Алматы. 2001.
29 Боннер А.Т. Принцип диспозитивности гражданского процессуального права, М., 2005ж.
30
Атқарушылық іс жүргізу мен сот орындаушылары:
олардың мәртебесін көтеру - бүгінгі күннің
талабы. Жабаев Д. Қазақстан Заңдары 9,
1999 ж.
31 Боннер А.Т. Принцип диспозитивности гражданского процессуального права, М., 2005ж.
32 Жуйков В.М. Проблемы гражданского процессуального права. - М., 2001. - 286 бет.
33 Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. М„ 2002.
34 Тертышников В.И. Гражданский процесс (курс лекций). — X., 2003.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман