Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_5091.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

Бұл принцип төмендегілерді сипаттайды:

1) сот әділдігін Конституция  мен Конституциялық заңда көрсетілген  тәртіпте құрылатын және өкілеттік  алатын соттар ғана жүзеге  асыра алады.

2) сот әділдігін іске асыру барысында судьялар (соттар) тәуелсіз және тек қана Конституция мен заңдарға ғана бағынады.

3) соттар сот әділдігін  іске асыру барысында азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын  және заңды мүдделерін, сондай-ақ  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиісті.

4) соттар Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық  актілердің және Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттарының орындалуын  қамтамасыз етуге міндетті.

5) сот әділдігін іске  асыру барысында судья (сот) сот істерін жүргізу тәртібін бекітетін іс жүргізу туралы заңдардың талаптарын мүлтіксіз сақтауға тиіс.

Заңдылық принципі соттардан іс бойынша шығарылған әрбір үкімде немесе шешімде нақты заңға (материалдық құқық нормасына) сілтеме жасалып, соттың осы іс бойынша дәл осы құқық нормасын қолданғаны неліктен екені негізделуін талап етеді.

Бұл принцип өзінің мазмұнымен-ақ соттардың іс жүргізу заңдарының іс жүргізу тәртібін қылмыстық және азаматтық заңдарға сәйкес реттейтін нормаларын мүлтіксіз сақтауды талап етеді.

Заңдылық принципі сот әділдігі саласында заңмен орнықтырылатын кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Мысалы, сот қаулыларын заңсыз, негізсіз деп есептеумен, оларды шағымдау құқығымен; сот қадағалауымен; материалдық және процессуалдық заңдардың нормаларын бұзу арқылы қабылданған шешімдерді міндетті түрде бұзып, күшін жоюымен, т.б.

Заңдылық принципы «қазақстан республикасыны құқығының барлық салаларына тән» салааралық принцип болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығының принципі бола тұра, оның мақсаты, соттар және іске қатысушылар, азаматтың іс жүргізудің, АІЖК-нің 5-ші бабында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін, өз қызметтерін материалдық және іс жүргізу нормаларына қатал сәйкес жүргізу қажет. А.Т. Боннер бұл ойды өз зерттеулерінде келтіріп, ол осы принципті байқамайтын өзге ғалымдарды, азаматтық істерді қарастыратын және шешетін соттардың осы принципке сәкес келмейтін қызметін сынға алады. Оның жұмыстарында біз, біртұтас азаматтық іс жүргізудің принциптерін қамтитын, объективті, азаматтық іс жүргізудің міндеттеріне сәйкес негізделген көзқарасты кездестіреміз.

АІЖК-нің 2 бабына сәйкес жалпы құзыреттілігі бар соттарда іс жүргізу тәртібі ҚР Конституциясымен, АІЖК-мен, және Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларымен реттеледі. ҚР Конституциясының және мемлекеттік заңдардың жоғарғы заңи күшке ие екені даусыз, бірақ осы заңдардың нормаларында, олар, өзге мемлекеттік зандардан басым күшке ие екендігі айтылған. Осындай басымдылық өзге зандармен(ҚР АК, ҚР КК) де белгіленген.

Бұндай бірдей күші бар заңдардың бірінің нормаларының екіншісінің алдындағы басымдылығын заң шығарушы үшін кеңес секілді болады.7

Егер заң актілерінде немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен парасаттылық өлшемдерін негізге ала отырып шешуге міндетті.

Диспозитивтік.

Негізінен «dіsposіtіo» сөзі латын тілінен аударғанда «орналасу» деген ұғымды білдіреді.

Диспозитивтік принцип ерекше белгілері бойынша азаматтық іс жүргізуді қылмыстық іс жүргізуден ерекшелендіреді. Диспозитивтік принцип азаматтық іс жүргізудің ерекше бір принципы болып табылады. Бұл принцип істің жылжуын, олардың бір сатыдан екінші сатыға өтуін анықтайды, яғни азаматтық іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және іс жүргізулік билік етуден көрініс табады. Диспозитивтік принципқа сәйкес азаматтық істі қозғау, талап пәні мен негізін анықтау, сот шешіміне шағымдану, шешімді орындауға жолдану талапкердің еркінде. Бітімгершілік келісімге келу екі жақтың, ал талапты мойындау жауапкердің еркіне байланысты.

Нақтық азаматтық істегі диспозитивтілік азаматтық сот өндірісінен бастап орындау өндірісіне дейін орын алады. Азаматтық іс жүргізу саласандағы диспозитивтілік азаматтық материалдық құқыққатынасқа тән диспозитивтік бастаманың жалғасы және нәтижесі болып табылады. Диспозитивтік бастамасы сот өндірісінің барлығына – нақты іс қоғаудан орындау өндірісіне дейін таралып, әрекет етеді.

Негізінен диспозитивтік принципқа ғалымдар әртүрлі түсініктер береді. Олардың берген мағынасы да әртүрлі. Осы авторлардың біреуінің пікірлеріне тоқталсақ, оларды төмендегідей көрсетіп кетуге болады. Ю.С. Осиповтың пікірі бойынша, диспозитивтік принципы соттың, прокурордың және басқа да құзіретті органдардың көмегі арқылы іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және іс жүргізу құқықтарын пайдалану құқығы мен бостандықтары. Ол осы анықтамада диспозитивтік принциптың екі негізгі және бір-бірімен байланысты кезеңін анықтайды.8

Біріншіден, бұл жерде азаматтық сот өндірісінің бастамасы бекітілген және екіншісі, осының нәтижесінде іс барысындағы мүдделі тұлғалардың бастамашылығының ара қатынасы анықталады.

Келесі бір автордың пікірі бойынша диспозитивтік принципы – азаматтық сот өндірісіндегі процестің бастамасы мен жылжу механизмін анықтайтын нормативтік-жетекші ереже. Мүдделі тұлғалар азаматтық істі қозғап, іс барысында оның ары қарай жылжуына, өзгеруіне, сатыдан сатыға өтуіне және істің тоқтауына әсерін тигізеді. Диспозитивтік принципы азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларын қамтиды және тек қадағалау өндірісінде ғана шектеулер арқылы көрініс табады.

Міне, осы екі ғалымның берген түсініктері екі түрлі мағынаны көрсетіп тұр. Осы айтылған пікірлерге сәйкес азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік бастамаға келесідей сипаттама беріп өтуге болады.

Азаматтық іс жүргізу құқығындағы диспозитивтік принципының көрініс табуы мен дамуы болып табылады. Осы айтылғанға байланысты Азаматтық кодекстің 8-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтарды, соның ішінде оларды қорғау құқығын өз еріктері бойынша пайдаланады. Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау Конституцияда көрсетілген.

АІЖК-нің 8-бабына әрбір мүдделі тұдға өзінің бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жолдану құқығы көрсетілген. Азаматтық іс жүргізу заңы азаматтық субъективтік құқықтарды сотпен қорғауды жүзеге асыру мақсатында әрбір субъектіге іс жүргізуде еркін пайдаланатын нақты іс жүргізу әрекеттер мен құқықтарды ұсынады.

Азматтық іс жүргізу құқығында осы кезге дейін диспозитивтік принцип түсінігі мен мәні, осы принципының әрекет өтуі, таралатын субъектілері және бұл принциптың азаматтық сот өндерісінің жеке сатыларында көрініс табуы туралы ғалымдарда ортақ пікір жоқ деп айтуға болады. Былай айтуымыздың себебі ретінде, алдында айтып өткен ғалымдардың пікірін қаратыруға болады. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша диспозитивтік принципы азаматтық сот өндірісінің жылжымалы бастамасы болып табылады.9 Нақтылай айтсақ, азаматтық іс жүргізудегі бастама іске қатысушы тұлғалардың құқықтарымен айқындалады.

Диспозитивтік принципқа дұрыс пікір берген ғалымдардың бірі М.С. Шакарянның пікірін айта кетуге де болады. Диспозитивтік принцип – азаматтық сот өндірісінің ерекше принциптарының бірі. Бұл принцип азаматтық іс жүргізутің жылжу механизмдерін анықтайды. Ол даулы азаматтық құқық қатынастағы субъектілердің дербес жағдайынан көрініс табады. Даулы азаматтық іс жүргізутің негізгі жылжымалы бастамасы болып іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығы болып табылады.

Осы айтылған мәселеге байланысты тағы бір айта кететін жағдай бар. Кейде қоғам, мемлекет, сонымен қатар азаматтар құқықтарын қорғауды жүзеге асыру белгілі бір себептерге байланысты мұмкін болмай қалады. Бұндай жағдайда азаматтық іс прокурордың, мемлекет басқару органдарының арызымен қозғалады. Кейбір сирек кездесетін жағдайларда қоғамдық және басқа да ұйымдар мен азаматтар заңмен өкілеттік берілген жағдайларда басқа тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғау үшін сотқа жолдана алады.

Осы диспозитивтік принцип таралатын субъектілердің ішінен үшінші тұлғаларды да қарастырып көрейік. Біз білетіндей, даудың пәніне дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар бар. Олардың іс жүргізу жағдайы талапкердің іс жүргізу жағдайына жақын, бірақ олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, осы тұлға іс жүргізу кезінде екі тарапқа да (талапкер мен жауапкерге) талап қоя алады (АІЖК 52 б.). Сонымен  қатар даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар да бар. Олар нақты заңда көрсетілген іс жүргізулік құқықтар мен  міндеттерге ие (АІЖК 53 б.). Дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар диспозитивтік принциптың әрекет ету аясына еніп кетеді. Ал дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар іс жүргізудің жеке сатыларында істің жылжуына әсерін тигізуі мүмкін. Осы айтылған мәселелерді қорыта келе, диспозитивтік принцип бойынша азаматтық іс жүргізуде іс жүргізулік және материалдық құқықтарды пайдалану еркі тараптармен қатар үшінші  тұлғаларға да берілген деп айтуға да болады.

Сонымен жоғарыдағыларға байланысты айтатын болсақ, диспозитивтік принцип дегеніміз тараптар басқа да іске қатысушы тұлғалардың өздерінің материалдық және іс жүргізулік құқықтарын өз еркімен пайдалануы. Әрбір мүдделі түлға өзінің құқығын бұзылды деп есептесе, онда сотқа жолдана отырып қорғау сұрауға құқылы. Бұл жерде мүдделі тұлға ретінде алдымен өз атынан өзінің субъективтік құқықтарын немесе заңды мүдделерін қорғайтын адамды түсіну керек.

Сондай-ақ оқулықтарда диспозитивтік принципы азаматтық іс қозғау тәртібін, сотпен қорғалуға жататын құқық көлемін анықтауды, іс жүргізудің сатыдан сатыға өтуін, іс жүргізудің аяқталуын реттейді делінген. Осы жерде тағы бір айта кететін жағдай, осы ғалым іс жүргізудің туындауын, дамуын және аяқталуын соттың, прокурордың және басқа да  ұйымдардың көмегімен тараптардың материалдық іс жүргізулік құқықтарын жүзеге асыру еркімен байланыстырады.

Бұл жерде осы ғалымның тараптардың өздеріне тиесілі материалдық және іс жүргізулік еркін өз еркімен пайдалана алады деп дұрыс көрсеткен. Ал соттың тараптарға құқықтарын түсіндіруі, прокурордың кей жағдайларда азаматтардың арызы бойынша істі қозғау, олардың белсенді көмегі деп айтуға жеткіліксіз болып табылады.

Осы диспозитивтік принципының пәні тараптардың азаматтық іс жүргізуде өздерінің мтаериалдық құқықтарын қолдану және осы құқықтарды қорғауда іс жүргізу құралдарды толық қолдану еркіндігін сипаттайды.

Диспозитивтік принципы азаматтық іс жүргізудің басқа принциптары – заңдылық, теңдік, объективтік шындық және бәсекелестік принциптарымен тығыз байланыста әрекет етеді. Сонымен қатар заң оқулықтарында диспозитивтік принципы азаматтық іс  жүргізу кезіндегі субъектінің мүліктік және мүліктік емес қатынастардағы дербестігі деп көрсеткен. Бүл жерде диспозитивтілік азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықтағы жеке бастама принципына сай келеді деп түсіндірген.

Ал Ресей ғалымы М.Г. Авдюков диспозитивтік принциптың азаматтық сот өндірісінде көрініс табатын үш үш жағдайын көрсеткен:

а) іс жүргізу мүдделі тұлғаның бастамасымен туындайды;

б) даудың пәнін мүдделі тұлғамен анықталады;

в) іске қатысушылар іс жүргізуті дамыту және аяқтау үшін өздеріне тиесілі іс жүргізулік құқықтарды еркін пайдаланады10.

Бұл жерде ғалымның пікірін дұрыс деп айтуға болады. Өйткені мүдделі тұлға істі қозғау немесе қозғамау туралы мәселені өз еркімен шешеді. Мүдделі тұлға өз бастамасымен істі қозғаған кезде қойған талаптың пәнін және негізін жеке өзі анықтайды. Ал тараптар іс жүргізуді бір нәтижеге жеткізу үшін өздеріне берілген іс жүргізу құқықтарын еркін пайдаланады.

Сонымен қатар азаматтық іс жүргізудегі жеке құқықтардың диспозитивтік сипаты келесідей реттерде көрініс табады:

Біріншіден, тек құқығы иеленушінің өзі ғана бұзылған құқығын орнына келтіру үшін сотқа жолдану не жолданбауын өзі дербес шешеді. Осыған байланысты, егер мүдделі тұлға өз құқықтарын қорғауды талап етпесе, онда сот өз бастамасы бойынша азаматтық істі қозғай алмайды. Сол  себептен азаматтық істі қозғау үшін арыз-талап берілуі қажет. Бүл жерде рим заңгерлерінің «талапкерсіз судья жоқ» деген сөзін айтуға болады. Сонымен қатар басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін үшін прокурорға, мемлекеттік басқару орындарына және басқа да тұлғаларға сотқа жолдану құқығы берілген. Бірақ көбінесе азаматтық істер мүдделі тұлғаның өзімен қозғалады, яғни мүдделі тұлға талап қою арқылы істі қозғауға септігін тигізеді. Осы мүдделі тұлғалардың өз талабымен іс жүргізуін және прокурор мен басқа да тұлғалардың бастамасымен іс жүргізуді салыстырып қарасақ, бірінші айтылған тұлғаның әрекетінде диспозитивтік бастама, әрекет неғұрлым көп. Сонымен қатар ешкімді де өз еркіне қарсы талап қоюға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Егер прокурор, мемлекеттік басқару органдары басқа біреудің еркінсіз оның мүддесін қорғау үшін сотта іс қозғаса, онда бұл істерді сот қысқартып, тоқтатып тастайды. Бұл жерде әрекет қабілетсіз деп тану туралы, психиатриялық мекемелерге мәжбүрлеп орналастыру туралы істерді қоспау керек.

Екіншіден, құқықты иеленуші талап негізін және пәнін, берілген талап мөлшерін өзі анықтайды. Талапкер талап негізін және пәнін өзгертуге, қойылған талап мөлшерін ұлғайтуға немесе кемітуге құқылы. Бірақ бұл жерде тараптар өз құқықтарын пайдаланған кезде екінші жақтың құқықтарына нұқсан келтірмеуі керек. Егер іс жүргізу барысында тұлғаға істің перспективасының аяқталуына байланысты талабын өзгертуге жол берілсе, онда екінші жақтың құқықтарына нұқсан келеді. Осыдан туындайтын нәтиже теңдік принципы бұзылып, талапкер басымдыққа ие болады.

Үшіншіден, егер азаматтық құқықты иеленуші іс жүргізуге дейін құқықты еркін пайдалана алса, онда бұл мүмкіндік іс жүргізу кезінде де сақталуы керек. Осыған байланысты талапкер талаптан бас тартуы, жауапкер талапты мойындауы, екі тарап істі бітімгершілік келісіммен аяқтауы мүмкін. Тағы бір айта кететін жағдай, сот іс жүргізуке қатысушылардың материалдық және іс жүргізулік құқықтарды жүзеге асырудағы әрекеттері заңға қайшы келмеуіне және басқа біреудің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауына бақылауды жүзеге асырады. Жауапкердің талапты мойындауы, тараптардың бітімгершілік келісімге келуі заңға қайшы келгенде және басқа біреудің құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірсе, онда сот тараптардың бұндай әрекеттерін қолдамайды. Яғни талапты мойындау, талаптан бас тарту немесе бітімгершілік келісімді қабылдап, бекітпейді. Бұндай жағдайда сот дәлелді ұйғарым шақырады және бас тартудың негіздері мен себептерін көрсетеді.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман