Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_5091.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

Кейбір авторлар, азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерін, азаматтық іс жүргізуге негізделген, жалпы басқарушылық нормалары деп түсінеді. Бұнда, принциптер жалпы мазмұны бар, құқық нормалары секілді қаралады.

Өзгелердің пікірінше азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері – ол оның түп тамыры. Кейбір ғалымдар, құқық принциптерін, іс жүргізуді реттеу құралдарын және нысандарын анықтайтын, теориялық ережелер деп санайды. Енді біреулер, азаматтық іс жүргізу принциптерін, азаматтық істерде заңдылықты қамтамасыз ететін, осы саланың нормаларымен бекітілген, идеялар, ережелер жиынтығы деп түсінеді.

Латын тілінен аударылғанда «принцип» сөзі «негіз», «бастау» дегенді білдіреді. Бұл терминнің анықтауында(түрлі авторлар пікірінше) рационалдылық бар. Бірақ, бұлардың әрқайсысы осы уникалды құқықтық құбылыстың мәнін дәл ашпайды. Құқықтық ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып айтсақ, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәні келесіде.

Сот пен заңдылық туралы идеялар бола тұра, принциптер құқық саласына дейін пайда болған. Кейін, құқықтық реттуді жүйелендіру мақсатымен құқық нормалары біріктірілген соң, өмірдің концентрацияланған айна көрінісі болады; қоғамның құқықтық түсінігінде орын алады, жалпы құқықтай өзгеріске ұшырамайтындықтан, азаматтық іс жүргізудің даму болашағын анықтайды.

Сонымен, азаматтық іс жүргізу принциптері деп, азаматтық іс жүргіудің сипаттамасын, қолдану тәртібі мен даму перспективаларын анықтайтын, азаматтық іс жүргізу құқығында бекітіліп, осыған байланысты оның сапалық ерекшеліктері мен негізгі ережелері болатын, сот және заңдылық жайлы идеялар мен ойларды айтамыз.

Принциптердің мәні ең алдымен, олардың нормативтік шығармашылыққа әсер етуі. Заң шығарушылық органдары заң нормаларына қандай да болсын өзгеріс енгізгенде, сол жаңа өзгерістер осы заманның құқық принциптеріне қайшы болмауы тиіс. Құқық қолдану сферасында принциптердің маңызы зор: олар азаматтық сот ісін жүргізу негізін, азаматтық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз етуде, сот пен іске қатысушы тұлғалардың әрекет нысандары мен әдістерін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу принциптерін бұзу, бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюға әкеп соғады [4, 93-94].

Н.Б. Зейдердің 1962 жылы ұсынған «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы» туралы идеясы, азаматтық іс жүргізу құқығында осы кезге дейін даулы [5, 86]. Осы идея оппоненттерінің ойларының жалпы мәні келесіде:

1) құқықтық реттеудін  жалпы пәні мен әдісін белгілеу  мүмкін емес;

2) принциптер құқықтық  реттеудін жалпы пәні мен әдісіне  негізделетіндіктен, азаматтық құқықтарды қорғаудың барлық нысандары үшін приниптер жүйесін құру мүмкін емес;

3) іс жүргізу нысаны, тек заңдылықты жүзеге асыру  әрекетіне ғана тән; өзге қорғану  нысандары заңшығарулық іс жүргізу  негізінде жүзеге асырылады;

4) субъективті азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарының әрекетін реттейтін(әрбір құқық саласына тән) нормаларды кодификациялау мүмкін емес, азаматтық іс жүргізу нормаларын, өзге азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау нысандарына қолдану одан да қиын.

Н.Б. Зейдердің идясын қолдамаушылық қазір де бар, өйткені «азаматтық іс жүргізу құқығында барлық құқық қорғау нысандарын «бір шатыр» астына біріктіру теориялық жағынан қате және практикалық жағынын перспективсіз болады».

Азаматтық іс жүргузі құқығы өзінің ерекше болуына қарамастан, «функцияларының дұрыс атқарылуы мен күштеп жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін» мүліктік(жалпы алғанда азаматтық) құқықпен тығыз байланысты.

Азаматтық іс жүргізу құқығын жалпы құзыретті соттармен байланыстыра отыра, «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының» қарсыластары, азаматтық құқықты қорғаудың өзге нысандарында пайда болатын қатынастарды, реттейтін нормаларда іс жүргізу сипаты орын алатындығын мойындайды. Бұл дегеніміз, ондай қатынастар жай іс жүргізу емес, азаматтық іс жүргізу қатынастары болып табылады. Өйткені, келе-келе соңында, олар азаматтық құқықтың нормаларының санкциясын қолдануды мақсат етеді.

Сондықтан, азаматтық іс жүргізу пәніне тек жалпы құзыретті соттардың, заңдылықты қамтамасыз ету нәтижесінде пайда болатын қатынастар ғана емес, субъективті құқықтар мен мүдделер бұзылған жағдайда, пайда болатын құқық қорғау қатынастары жатады [6, 76-77].

Құқықтық реттеу пәні бұртұтас екенін мойындағасын, әрбір құқық саласы реттеу пәні ғана емес, әдісімен де ерекшеленетіндіктен, реттеу әдісін де айқындауымыз керек.

Мемлекет қоғамдық қатынастарды реттей отырып, қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерін дұрыс бағытта ұстау үшін, өзінің күшіне сүйеніп, кейбір әрекеттерді шектейді, кейбір әрекеттерді рұқсат етеді, ал кейбір әрекеттердің тәртібін белгілейді. Іс жүргізу салаларында «шектеу әдісін», «рұқсат ету әдісін» немесе «тәртіп белгілеу әдісінің» үшеуінің біреуін де қолдануға болмайды.

Құқық қорғау нысанына тәуелсіз, азаматтық іс жүргізу нормаларының басым бөлігі «жол беру әдісі» бойынша құрылған. Бұл субъективті құқық немесе заңды мүдде бұзылуына байланысты, қорғанысқа жүгінуді реттейтін нормаларына да, осы құқық пен мүддені қорғау кезінде іс жүргізу құқықтары мен міндеттерді анықтайтын және шыққан актілерді қайта қарау тәртібін белгілейтін нормаларына да, және қабылданған қаулылардың атқарылуына байланысты нормаларына да қатысты. Бірақ қорғанудың қандай да болсын нысанында, азаматтық-құқықтық дауды шешетін құзыретті орган әрекет ететіндіктен, және осы органның әрекеті іс жүргізу қызметі кезінде іске қатысушыларға қатысты императивтік сипатта болғандықтан, азаматтық іс жүргізу нормаларың басым бөлігі «шектеу әдісі» бойынша болмаса да,  «тәртібін белгілеу әдісі» бойынша императивтік болып табылады. Бұл жайт, бүкіл азаматтық іс жүргізу нормалары «диспозитивтің-императивтік әдіс» бойынша құрылғандарын білдіреді [7, 25-33].

Осыдан шығатыны барлық құқық қорғану нысандарында, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде пәні мен әдісі бір, сондықтан субъективті азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғаумен байланысты, жеке құқық іс жүргізу салаларының болуы мүмкін емес, ал тек қана барлық қорғану нысандарын қамтитын, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы бар.

Біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығына кіре тұра, қорғану нысандарының әрқайсысы өзінің пәні мен әдісімен ерекшеленеді, олай болмаса осы нысандардың болуы мәнсіз болар еді. Жалпы түрде қорғану пәні дегеніміз - бұзылған немесе даулы азаматтық құқықтар мен мүдделер. Мемлекеттің даму жолындағы деңгейлерде өтетін өзгерістерге тәуелді, азаматтық-құқықтық қатынастар кең спектрлі болғандықтан, қорғану пәні де кең. Азаматтық-құқықтық дауларды шешетін органның ведомстволық бағыныстылығын қорғану пәнінің осы ерекшелігі анықтайды.

Мемлекет өз алдына қоятын саяси, әлеуметтік, рухани немесе өзге мақсаттарына байланысты, заң шығарушы қолданатын төрт қорғану әдісі бар: «заңдылық әдісі», «арбитраж әдісі», «әкімшілік әдіс» және «қоғамдық әсер әдісі». Бұзылған азаматтық құқықты қорғау мемлекет атынан(сот жүйесі барлық құқықтық мемлекеттерде биліктің үшінші тармағын құрайды), азаматтық іс жүргізу қатал регламентациаланған заңға сәйкес азаматтық-құқықтық дауды қарастыру мен шешу тәртібі бойынша, тәуелсіз құзыретті органмен жүзеге асырылатын, субъективті құқық пен мүдделердің қорғалуының жоғарғы кепілін беретін, ең әмбебпа әдіс -  «заңдылық әдісі».

«Арбитраж әдісі» бойынша, бұзылған құқық, құзыретті  органның бақылауымен, даулы жақтардың заңға негізделген келісімге жету әдісімен іске асырылады. Бұл әдіс үштілік соттар негізінде қолданады.

«Әкімшілік әдіс» бойынша, заңнамалық қызмет, олардың жалпы өкіліттілігінің бөлігін құрайтын, атқарушы органдардың билік уәкілетін қолданумен жүзеге асырылады. Бұл әдіс, қабылданған өтініштер даусыз болған жағдайында, немесе мемлекетпен азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын саналы түрде шектеу жағдайында қолданады.

Соңғы әдіс, «қоғамдық әсер әдісі» мемлекетпен берілген, заң шеңберінде әрекет ететін, қоғамдық белдеуге негізделеді.

Әрбір қорғану нысанының пәні мен қорғану әдісі әртүрлі болғандықтан, оларды бір азаматтық іс жүргізу шеңберінде біріктіру мүмкін емес. Н.Б.Зейдер: «… соттың, арбитраж органдарының, кәсіпқорғау ұйымдарының әрекеттері бір мақсат үшін қызмет етеді және пәндері бір – құқық туралы дауды шешу және бұзылған немесе даулы құқықты қорғау. Бұл түрлі органдардың құқық туралы дауды шешу және бұзылған немесе даулы құқықты қорғау қызметін кеңес азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы түсінігінде біріктіруге негіз болады» деп жазғанда осындай қате жіберді [5, 36-37]. Әрбір құқық қорғау нысандарында құралатын қоғамдық қатынастарды реттеуде пән мен әдістердің ұқсастығы, осы барлық нысандарды «өз шатыры» астында біріктіретін, «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы» түсінігінің пайда болуына негіз болған [8, 9-10].

Заң ғылымында, құқықтық принцип термині астында, әдетте, құқық нормасында(нормаларында) бекітіліп, түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін, сол қоғамдық құрылыммен анықталатын бас идеяны айтады. Азаматтық-азаматтық іс жүргізу әдебиеттерінде принциптерге арналған жұмыстар көп. Оларда, тек принциптер мен олардың жүйелерінің мазмұны ашылып қана қоймай, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу принциптерінің әртүрлі классификациялары беріледі. Ол классификациялар жөнінде дискуссияға қатыспай, біздің ойымызша, заңи өкілетті органның табиғатын, құрылымын және өкілеттілігін анықтайтын ұйымдастырушы принциптер, және бұзылған азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау бойынша құзыретті органның және субъектілердің азаматтық іс жүргізу әрекеттерімен байланысты іс жүргузу принциптері бар деп санаймыз.

Принциптердің бірінші тобы, ұйымдастырушы-құқықтық нормаларының негізі ретінде, мемлекеттік және әкімшілік құқықтардың бөлінбес бөлігі, сондықтан олар азаматтық іс жүргізу құқығына тікелей қатысты емес.

Азаматтық іс жүргізу құқығының базисі, іс жүргізу нормаларының негізінде жататын, іс жүргізу принциптерінен құралады, осыған байланысты «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының» принциптері, оның реттеу пәні мен әдісінің шеңберінен тыс деп айта алмаймыз. Қарама-қарсы, іс жүргізу принциптері, біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы саласының құқықтық реттеу пәні және әдісімен тығыз байланысты.

Азаматтық іс жүргізу ғылымынды қарама-қайшы екі ағым бар: бір жақтан «іс жүргізу нысаны» мен «заңшығарушылық іс жүргізу» түсініктерінің арасындағы анық шекараның болуы, екінші жақтан «іс жүргізу нысаны» мен «заңшығарушылық іс жүргізу» терминдерінің шекарасы сәл ғана бар деуге болады, ол іс жүргізу нысанына әмбебап сипат беру.

Расында да, егер азаматтық іс жүргізу, жер іс жүргізу, арбитраждық іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізу, заң шығармашылық іс, шешімдер қабылдау ісі т.с.с. болғандықтан, осылардың қайсысы «іс жүргізу нысаны», қайсысы «заңшығармашылық іс жүргізу» деген сұрақ туындайды? Айтылып кеткен әрбір әрекет, ережелер мен әрекеттер тобынан құрылып, сәйкес ұйымның мемлекетпен анықталған өкілеттілігі шегінде, қандай да бір құқықтық мақсатқа жетуді көздейді. Бұл мағынада «іс жүргізу нысаны», мен «заңшығармашылық іс жүргізу» мағыналары бір-біріне жақын.

Бірақ «іс жүргізу нысанына» жүйелік, іс жүргізу заңымен белгіленген, іс жүргізу ережелері мен әрекеттерінің қатал тәртібі, бұл дегеніміз, қандай да әрекет оған дейінгі ережемен бекітілген әрекетсіз жасалуы мүмкін емес, сонымен бірге әрбір осындай әрекет айқындалған құқықтық нысанмен(іс жүргізу құжатымен) белгіленеді де, бекітіледі.

«Заңшығармашылық іс жүргізу» құқықтық нысанмен белгіленген және бекітілген іс жүргізу ережелері мен әрекеттерінің қатал тәртібін білдірмейді. «Заңшығармашылық іс жүргізудің» ережелері мен әрекеттер тәртібі, әдетте, тек заңмен ғана емес, сонымен бірге нормативтік актілермен де реттеледі.

Түйіндеп айтқанда, «іс жүргізу нысаны» құқық қолданушы органдардың заңи қызметтерімен тығыз байланысты болса, «заңшығарушылық іс жүргізу» құқықты іске асырумен, және қоғамдық немесе мемлекеттік органның заң шығармашылық әрекеттерімен байланысты болады.

Айтылғанға негізделе отырып, біздің ойымызша, әрбір құқық қорғау нысандарында қорғанудың пәні мен әдістерінің ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғаудың қандай да болсын нысаны, заңшығарушылық іс жүргізу емес, іс жүргізу нысанын болады.

Сонымен бірге, бүкіл құқық саласы бір құқықтық актіде кодификациялануы керек дегенді айтпаймыз. Әрине, заңдылықты іске асыратын жалпы құзыретті соттардың қызметін реттейтін ҚР АІЖК нормаларын, азаматтық-құқықтық дауларды шешетін өзге құзыретті органдарға қолдануға болмайды. Бірақ біздің ойымызша В.Н. Щеглов, азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының(оның түсінігінше азаматтық іс жүргізудің ғана емес,) алдында сот, абритраж(арбитраж соты) және басқа нысандардың қызметтерін реттейтін нормаларды идентификациялау мәселесі тұр дегені даусыз.

Осыған байланысты, менің пікірімше, субъективті құқықтар мен мүдделерді қорғаудың іс жүргізу нысандарына тән барлық қасиеттерді «бір шатыр» астына біріктіретін, кодификацияланған акт, Қазақстан Республикисы азаматтық іс жүргізу заңнамасының Негізін қалау қажет және дұрыс шешім болар еді.

Қорытындылап айтсақ, мемлекеттің үштілік соттар туралы заңнаманы қабылдауы, «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығының» қарсыластарына қарсы жақсы факт болды, олар  «үштілік сот туралы заңнама – азаматтық іс жүргізу құқығының бөлінбес бөлігі және оның құрамына кіру керек, өйткені оларда Конституциямен және іс жүргізу кодекстерінде бекітілген, тек қорғау әдісі ғана емес(басқару сферасы мен азаматтық құқық қатынастар нәтижесінде пайда болатын даулар), сонымен бірге қорғау органы, ұйымдастыру мен қызмет принциптері ұқсас» деген оймен келісті.

Сонда Н.Б. Зейдердің «біртұтас азаматтық іс жүргізу құқығы» туралы ойы тек мағыналы ғана емес, іс жүзінде болашағы да бар теория [5, 19-20]. Тек азаматтық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімін құрастыру қажет. Жалпы бөлімге, біздің ойымызша, келесі бөлімшелер кіру керек: «Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі, пәні және әдісі», «Азаматтық іс жүргізу нормалары мен қайнар көздері», «Азаматтық іс жүргізу қатынастары және олардың субъектілері», «Құқық қорғаудың іс жүргізу нысандары мен құралдары». Ерекше бөлімінде заңи өкілетті органдармен(жалпы сот, үштілік сот, әкімшілік органдары) азаматтық құқықтар мен мүдделерді қорғау қызметінің іс жүргізу мәселелерін қарастыру қажет.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман