Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 19:05, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатқа жету үшін келесі сұрақтарды қарастырамыз:
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің тарихын зерттеу;
- азаматтық іс жүргізу принциптерінің жүйесін қарастыру;
толық анализ жасап, азаматтық іс жүргізу принциптерінің мәселелері мен болашағын анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ: ТАРИХ ПЕН БІЗДІҢ ЗАМАН 5
1.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ РИМ ҚҰҚЫҒЫНДА ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ 5
1.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ 8
2. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕР ЖҮЙЕСІ 16
2.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ПРИНЦИПТЕР 16
2.2. ФУНКЦИОНАЛДЫ ПРИНЦИПТЕР 24
3. ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ (МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ) 55
3.1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 55
3.2. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_5091.doc

— 427.50 Кб (Скачать документ)

Талапкер талаптың кез-келген элементін өзгерткенде, іс жүргізу барысындағы талаптың екінші талапқа ауысуын білдіреді. Бірақ жаңа талап алғашқы талаптан барлық пунктері бойынша ерекшеленбейді. Оның алғашқы талаппен байланысы, талап негізі мен пәнінің элементтерінің барлығының бірдей өзгермеуімен байланысты. Бір уақытта талап негізін және пәнін өзгерту қате болып табылады.

Бұл жерде М.Г. Авдюковтың пікірі дұрыс айтылған. Талапке талап негізін немесе пәнін өзгертуге құқылы (АІЖК, 49 б.). Ал талаптың негізін және пәнін бір уақытта өзгерту кезінде, бұл әрекеттер мүлдем жаңа талаптың туындауына әкеліп соғады.

Талапкермен көрсетілмеген негіздер бойынша талапты қарауға немесе талапкер жарияламаған талаптарды қанағаттандыруға соттың құқығы жоқ. Бұл туралы ғалымдар пікірі әр түрлі. Е.В. Рябованың көзқарасы бойынша, сот талап негізін талапкерден тәуелсіз екі жағдайда өзгерте алады: біріншісі, талапкермен көрсетілген фактілер бойынша талап қанағаттандыруға жатпаса, ал екіншісі, егер іс материалдарындағы көрсетілген фактілі мәліметтер талапкер талабын негіздей алмаса.

Бұл жерде Е.В. Рябова осы айтылған екі жағдайды соттардың белсенділігі принципына сүйеніп айтып отыр.17 Диспозитивтік принципқа сәйкес, мүдделі тұлғалар өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жолданғанда, іс жүргізу кезінде іс жүргізутің өзгеруіне себеп болатын әрекеттер жасауға тек мүдделі тұлғалар ғана құқылы. Осыған байланысты аталған ғалымның пікірі дұрыс емес. Бұл жағдайда жоғарыдағы қателіктерді орнына келтіру үшін сот мүдделі тұлғаға заңда көрсетілген құқықтарын түсіндіру керек.

Сонымен қатар жауапкердің талапты мойындауы немесе талаптардың іс бойынша бітімгершілік келісімге келуі туралы сөз қозғап өтуге болады. Жауапкер талапты мойындауда және талапкер талабына қарсылық білдіруде ерікті. Жауапкер талапты толығымен немесе бір бөлігін ғана мойындауға құқылы. Сонымен қатар жауапкер талапкердің талабын мойындамай, қайта талапкерге қарсы талап қоя алады. Тағыр бір айта кететін жағдай, талаптар іс бойынша бітімгершілік келісімге келуге құқылы. Бірақ бітімгершілік келісімге келу, талапкердің талаптан бас тартуы, жауапкердің талапты мойындауы заңға қайшы келсе немесе басқа түлғаның құқықтары мен мүдделерін бұзса, сот талапкердің талаптан бас тартуын, жауапкердің талаптарды мойындауын қабылдамайды, бітімгершілік бітімді бекітпейді (АІЖК 42 б.). Диспозитивтік принципке сәйкес іске қатысушы тұлғалар апелляциялық, кассациялық шағым беруге құқылы, бұл жерде бірінші инстанциядағы сот шешімінің дұрыс емес деп тапқан жерін талапкер көрсетуге ерікті. Олар шағым пәнін өздері жеке дара анықтайды.

Сонымен жоғарыдағылардың негізінде келесідей қорытынды жасауға болады. Талапкердің талап қою, талап негізі мен пәнін өзгерту, талап көлемін ұлғайту немесе кеміту, жауапкердің талапты мойындау, қарсы талап қою, талаптың бітімгершілік келісімге келуі және талаптың шағым беру құқығынан диспозитивтік принцип көрініс табады. Бұл жерде диспозитивтік принцип басқа принциплармен байланыста әрекет жасайды.

Диспозитивтік принциптың заңдылық принципымен байланысын талапкердің талаптан бас тарту, жауапкердің талапты мойындау және талаптардың бітімгершілік келісімге келуінен көрініс табады. Бұл жерде осы әрекеттер заңға қайшы келмеген, және басқаның мүддесін, құқықтарын бұзбаған жағдайда ғана түсінік керек.

Ал талаптардың теңдігі принципымен диспозитивтік принцип талапкердің талап қоюы, талап негізін және пәнін өзгертуі, жауапкердің қарсы талап қоюы құқықтарын жүзеге асыру кезінде байланыста болады. Жалпы диспозитивтік принцип мазмұнына жоғарыдағыдай сипаттама беруге болады.

Соттың бірінші инстанциясы азаматтық іс жүргізу сатыларының негізгізгісі болып табылады. АІЖК-нің 2 бөліміндегі нормалар осы сатыдағы, яғни соттың бірінші инстанциясында азаматтық іс жүргізуді реттейді. Бұл нормалар кодекстің басқа тарауларына қарағанда неғұрлым көп (АІЖК 139-331 б.). Бірінші инстанцияда іс жүргізудің азаматтық іс жүргізудің басқа сатыларынан ерекшелігі, бұл сатыда барлық азаматтық істер қаралады. Ал диспозитивтік принципқа келсек, бұл принцип азаматтық іс жүргізу сатысы соттың бірінші инстанциясы, яғни 2 бөлімінде көптеген нормалардан көрініс табады.

АІЖК-нің 8, 55, 56 баптарының негізінде жеке адамдардың өз  құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін жолдаған талап немесе прокурордың және басқа да заңда көрсетілген тұлғалардың өзгенің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында берген талап арыздары бойынша сот азаматтық істерді қарауға кіріседі.

Заң негізінен азаматтық істі мүдделі тұлғаның талап арызымен қозғауды бірінші кезекке қояды. Себебі, азаматтық іс тек мүдделі тұлғамен ғана қозғалады. Ал прокурор немесе басқа да тұлғалармен қозғалған, қозғалатын азаматтық іс мүдделі тұлға талап арызымен қозғалатын азаматтық іспен салыстырғанда біршама ғана.

Осы жерде тағы бір айта кететін мәселе – талапқа құқық және талап қою. Қазақстандық ғалым З.К. Абдуллина осы екі мәселеге төмендегідей көзқарас білдірген. Талапқа құқық - азаматтық (материалдық) құқық категориясы болып табылады. Бұл құқықты тұлғаның пайдалана алатыны не алмайтыны туралы мәселені сот нәтижесінде сотқа берілген дәлелдемелерді зерттеуде және жауапкер қарсылығы мен талапкер талабын негіздейтін фактілердің барын не жоғын айқындаған кезде сотпен анықталады. Осыған байланысты сот егер қойылған талапқа талапкер құқылы деп қорытынды жасаса, талапты қанағаттандыру туралы шешім шығарады.

Талап қою – талапкермен іс қозғау мақсатындағы жасайтын іс жүргізу әрекеті. Талап қоюға азаматтық іс қозғау және оны өз өндірісіне алу туралы әрекеті сәйкес келуі керек.

Басқа тұлғаның құқығы мен заңды мүддесін кәсіподақ, ұйым, мекемелер және басқа азаматтардың сотпен қорғауға жолданудың маңызы үлкен емес. Бұл айтылған мәселелерге себептер бар. Көрсетілген субъектілердің сотқа жолдану ниетін жүзеге асыру заңмен көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін болады. АІЖК-де басқаның мүддесін және құқығын қорғау үшін сотқа жолданудың, басқаның мүддесі үшін іс қозғаудың жағдайлары көрсетілген. АІЖК-нің 272 бабы бойынша сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жолдануға құқылы. АІЖК-нің 302, 309 баптары бойынша азаматтың әрекет қабілеттігін шектеу немесе әрекет қабілетсіз деп тану туралы, азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша прокурор, мекеме, қорғаншы және қамқоршы органдар, психиатриялық мекеменің лауазымды тұлғалары және жеке азаматтар арыз беруге құқылы және осы тұлғалардың бастамашылығымен іс қозғалады. Сонымен азаматтық істі іске мүдделі тұлғалардың бастамасымен қозғау дұрыс ереже болып табылады.

Азаматтық іс қозғау кезінде соттың заңда көрсетілген негіздер бойынша азаматтық істегі талапты қабылдаудан бас тарту құқығы бар. Талап-арызды қабылдаудан бас тарту негіздері АІЖК-нің 153 бабында көрсетілген. Сол негіздердің бірін алып қарастырайық. Егер іс ведомстволық бағыныштылықтағы соттың қарауына жатпаса, онда судья талап, арызды қабылдаудан бас тартады. Кейбір жағдайларда заңда істі сотта қарау үшін белгілі бір шарттар қойылған нормалар кездеседі. Мысалы, «Неке және отбасы туралың заңға сәйкес күйеуі әйелінің жүкті кезінде және туылған бала бір жасқа толмайынша ажырасу туралы істі әйелінің келісімінсіз қозғай алмайды. Бұл ережені дұрыс ереже деп санауға болады. Өйткені ана мен баланың денсаулығын, құқығын қорғау мақсатында заң осы ережені бекіткен. Бірақ заңның мақсаты мен бұл ережені тәжірибеде қолдану - әр түрлі нәрсе. Бұл жерде ана мен баланың денсаулығын сақтау мақсатында әйелдің еркіне қарсы ажырасу туралы іс қозғаудан арылту жеткіліксіз болып табылады.18 Сонымен қатар бұл жерде ең бастысы – ерінің және басқа да жақын адамдарының ана мен балаға деген отбасындағы көзқарастары, қатынастары қандай екенін білу. Егер заңда тыйым салу көрсетілмесе, онда сот аталған жағдайда отбасын бекіту және жұбайлар арасындағы конфликтіні жою үшін шаралар қолдануға тырысады.

Сот тәжірибесінде өкінішке орай заңда жоқ негіздер бойынша арызды қабылдамау жағдай сирек емес. Талап арызды заңсыз қабылдамау диспозитивтік принциптың бұзылуына алып келеді. Соттың талап, арызды АІЖК 153 бабындағы негіздер бойынша қабылдаудан бас тарта алады және бас тарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Сот үйғарымына мүдделі тұлғалар жеке шағым бере алады.

Сотқа жолдана отырып мүдделі тұлға талап негізін және нысанын өзгерте алады. Сонымен қатар қойылған талап мөлшерін ұлғайтуға не кемітуге немесе талаптан бас тартуға құқылы. Жауапкер талапты мойындауға құқылы. Сондай-ақ тараптар бітімгершілік келісімге келіп, істі аяқтай алады. Осы аталған әрекеттер заңға қайшы келгенде немесе басқа тұлғаның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзған жағдайда сот бұл әрекеттерді қабылдаудан, бекітуден бас тарта алады.

Осы аталған өкілеттіктер азаматтық істің қозғалуына, жылжуына, өзгеруіне және аяқталуына едәуір әсер етуге көмектесетін диспозитивтік принциптан туындайтын билік ету сипатындағы маңызды әрекеттер болып табылады. Көрсетілген нормалар бойынша процестің жылжуы кезінде іске қатысушылардың белсенділігі мен бастамашылығынан диспозитивтік принцип көрініс табады.

Талап пәнін және негізін өзгерту қажеттілігі талаптың тиісті элементтерін алғашқы құрастыруда жіберілген қателіктер мен турасыздығынан туындайды. Азаматтық іс жүргізу талапкердің талап негізін және пәнін өзгерткеннен кейін де жалғаса береді. Мысал келтіре кетсек, Д. М-ка бірге тұру мүмкінсіздігіне байланысты үйді босатуы туралы талап қояды. Істі қарау барысында М-ты үйден шығару туралы шешім шығаруға жеткілікті негіздер болмады. Сонымен қатар сот мәжілісінде Д.-мен М. Арасында тұрғын үйді жалдау шарты жасалмағаны, Д. М-тан үйде тұрғаны үшін ақы алмағаны анықталды. Басқа сөзбен айтқанда М. Жалдаушы емес, уақытша тұрғын екені анықталды (ТҮҚ ту-ы Заң 26 б.). Осы бапта көрсетілген нормаларға сәйкес уақытша тұрғындар жалға берушінің немесе оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің талап етуі бойынша тұрғын үйді міндетті түрде босатуы керек. Уақытша тұрғындар тұрғын үйді босатудан бас тартқан жағдайда ,жалға беруші немесе оның отбасы мүшелері сот тәртібімен басқа тұрғын үй берместен уақытша тұрғынды үйден шығаруға құқылы. Осы дау бойынша  сот істі қарауды кейінге қалдырып, талапкер талап негізін өзгертуін түсіндірді. Талап негізі өзгертілгеннен кейін істі қарастырылып уақытша тұрғын М-ты тұрғын үйден шығару туралы шешім шығарумен аяқталады.

Кейбір жағдайларда талап элементі өзгерту сотқа жолдану кезінде болмаған жаңа мән-жайлар бойынша да өзгертілуі мүмкін.Мысалы, С.өзінің қайтыс болған ағасы М-ның жұбайын мұраға құқылы емес деп тану туралы сотқа талап қойған. Істі қарау кезінде М-мен жұбайы арасындағы некенің заңсыз екені анықталады. Бірақ жұбайы нотариустан мұраға құқығы туралы куәлік алып үлгерген. Осыған байланысты С.өзінің талабын өзгертіп, М-ның жұбайының алған мұраға туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы талап қойған. Осыған айтылған жағдайлар мен мысалдарды Ресей ғалымы А.Т.Боннер өз оқулығында дұрыс көрсетіп өткен.19

АІЖК-нің 42 бабында талапкердің талап негізін және нысанын өзгерту құқығы айтылған. Осы жерде айт акететін жағдай, талап негізін және нысанын бір уақытта өзгерту мүмкін емес. Бірақ құқықтық қатынастың туындауы, өзгеруі және тоқтауы заңды фактілердің әртүрлі жиынтықтарын қарастырғандықтан талап негізін не пәнін өзгерту талап пәнінің немесе негізінің өзгеру қажеттілігіне әкеліп соқтырады.

Осы айтылған жағдайларға байланысты бір уақытта талап негізінің және пәнінің өзгеруіне қарамастан талапкердің сотқа жолдануына себеп болған қозғарасы өзгермесе, онда мұнадай өзгеріс құқыққа сай болып танылады. Ал талап негізін және пәнін өзгерту нәтижесінде басқаның мүддесін қорғау туралы мәселе қозғалса, бұл өзгерісті жаңа талап беру деп түсіну керек. Жоғарыда көрсетілген мысалдарда талаптың негізін өзгерту талап пәнінің бір уақытта өзгеруі мүмкін болғанымен, тұлғаның сотпен қорғану пәні болып табылатын мүддесі өзгермеген.

АІЖК-нің 51-52 бабына сәйкес тиісті емес жақтарды ауыстыру кезінде де диспозитивтік бастама көрініс табады. Мұндай ауыстыруды анықтайтын жалпы ережеге сәйкес тиісті емес жақтарды тиісті жақтарға ауыстыру тек талапкердің келісімімен ғана бекітіледі. Талапкердің келісімінсіз сот тиісті емес жақты іс жүргізутен шектеуге құқылы емес. Бірақ сот іске тиісті емес жақты екінші жауапкер ретінде қатыстыра алады немесе дау пәніне дербес талап қоятын үшінші тұлға ретінде іске қатысуға құқылы талапкерді жүріп жатқан іс жүргізу туралы хабардар ете алады.

АІЖК-нің 150 бабына сәйкес талап арызда талапкер талабын негіздейтін мән-жайларды көрсетуі керек, сонымен талап негізін талапкер ғана анықтайды. Сондай-ақ АІЖК-нің 219 бабына сәйкес істің анықталған мән-жайларына байланысты, егер осы мән-жайлар қоюшының құқықтарын, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғау үшін қажет деп тапса, сот талап қоюшы мәлімдеген талаптың шегінен шығуы мүмкін.

Соттың талап шегінен шығуы туралы әдебиеттерде әртүрлі түсіндірмелер берілген бір заңгерлердің пікірі бойынша, сот талапкер шегінен шығу ғана емес, сонымен қатар талапкер сол бір мүддені қолдайтын болса сот талап пәнінен бас тартуға құқылы. Ал екінші заңгердің пікірі бойынша сот тек талап арыз шегінен ғана шыға алады, яғни берілген нормаларды ғана түсіндіреді. Осы айтылған көзқарастардың соңғысы негізді әрі дұрыс болып табылады.

Ендігі кезекте қарастыратын мәселеміз: талапкердің талап көлемін ұлғайтуы немесе кемітуі. Диспозитивтік принципқа сәйкес талап-арыз көлемін ұлғайтуға не кемітуге құқылы. Қажет жағдайларда сот заңның тиісті ережелерін түсіндіре отырып талапкерге талап көлемін өзгертуге көмек беруі керек. Тағы бір айта кететін жағдай, талап көлемін өзгерту әрқашанда арифметкалық жолмен жүзеге аса бермейді. Талап көлемі басқа да жолдармен өзгеруі мүмкін. Мысалы, өндірілетін сома көлемін ұлғайту не кеміту сияқты, талапта көрсетілген жауапкер орындайтын міндеттерді ұлғайтуы не кемітіп көрсетуі мүмкін.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу принциптері: тарих пен біздің заман