Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:05, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 100 бабында, судьялардың өкілеттілігін 10 жыл мерзіммен белгілеген, бірақ бүкіләлемдік практикада судьлардың тәуелсіздігінің негізін қамтамасыз ету судьялық қызметке өмір бойы тағайындалу мерзімімен дәлелденген. Судьялардың тәуелсіздігі өзіндік іс жүргізумен қамтамасыз ету, әділсотты тиімді жүзеге асыру үшін, сот билігін алып жүрудің түп қазығы ретінде судьялық мәртебені бекіту үшін қайта құру қажеттілігі туды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасы құқықтық реформаның мемлекеттік Бағдарламасы» Қаулысы жас мемлекеттің жаңа сот жүйесінің бағыттарын белгілеген тарихи құжат болды десек, артық айтқандық емес. /6/

Содержание

Кіріспе 3

І. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар.

1.1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың ұғымы 6
1.2. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың іс жүргізу
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. 11

ІІ.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың
құқықтық жағдайы .

2.1. Тараптардың түрлері, түсінігі. 14
2.2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 17
2.3. Істегі тиісті тараптар және тиісті емес тарапты ауыстыру. 20
2.4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше талап
қоюшының немесе жауапкердің қатысуы. 22

ІІІ. Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі.

3.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін
үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін
үшінші тұлғалар. 27
3.2. Іске прокурордың қатысуы. 32
3.3. Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін
мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың
және жеке азаматтардың іске қатысуы. 35

Қорытынды. 40

Қолданылған әдебиеттер. 45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык сот ондирисиндеги тараптар.DOC

— 237.50 Кб (Скачать документ)

2) басқа мүдделі  тұлғалармен бірге процестің  кез келген сатысында іске  кірісе алады.

Азаматтық іс бойынша  прокурордың жағдайы азаматтық  іс жүргізу құқығы ғылымында тартысты мәселе болып саналады. Бір авторлар процесте прокурор тарап ретінде қатысады, сондықтан тарап деп саналады, - дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3. Басқа  адамдардың құқықтарын қорғау  үшін мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың және жеке азаматтардың  іске қатысуы.

 

Басқа тұлғалардың  құқықтарын қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну.

1. Заңмен көзделген  жағдайларда мемлекеттік органдар  және жергілікті өзін- өзі басқару  органдары, ұйымдар немесе жекелеген  азаматтар олардың өтінуімен  басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын  және заңмен қорғалатын мүдделерін, солл сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып сотқа жүгіне алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін.18

2. Бөгде мүдделерді  қорғау үшін талап қойған адамдар, бітімгершілік келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімдеген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалырады.

1. Заңмен көзделген  жағдайларда мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін өз бастамашылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамшылығы бойынша, іске қатысушы тұлғалардың бастамшылығы бойынша, сондай-ақ соттың бастамшылығы бойынша процеске қатыса алады.

2. Заңда көрсетілген органдар өз өкілдері арқылы АІЖК 47 бабында көзделген іске қатысушы адамдардың барлық құқықтарын пайдаланады.

1. Құқықтары  мен заңды мүдделері бұзылған  заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай  кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асыратын азаматтар осы құқықтарды бұзушымен дауды тікелей реттеу мақсатында оған жазбаша талаппен жүгінеді.

2. Талапта:

  1. талапты мәлімдеушінің, талап қойылатын заңды тұлғаның толық атауы мен почта реквизиттері, талапты қоюдың күні мен оның нөмірі;
  2. негізінде талап мәлімдеген мән-жайлар және заңдарға сілтеме жасай отырып осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
  3. мәлімдеушінің талаптары, талап сомасы және оның есебі, банк реквизиттері;
  4. талапқа қоса берілетін құжаттардың, сондай-ақ басқа да дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.

3. Мәлімдеушінің талаптарын растайтын құжаттар түпнұсқаларға немесе олар екінші тарапта болмаған жағдайда куәландырылған көшірмелерге қоса тіркеледі. Екінші тарапта бар құжаттар талапта бұл туралы айтыла отырып қоса тіркелмеуі мүмкін.

4. Талаптар тапсырыстық  немесе бағалы хатпен, телеграф немесе факс арқылы немесе оның жөнелтілген күнімен тиісінше берілуін қамтамасыз ететін байланыстың басқа да құралдарын пайдалана отырып жіберіледі не қолхатпен тапсырылады.

1. Егер шартта  өзге мерзімдер ескертілмесе, талап  оны алған күннен бастап екі апта мерзімде қаралуға жатады. Талапты қарау кезінде заңды тұлғалар, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар қажет болған жағдайда есептерді салыстыруға немесе дауды сотқа дейін ретке келтіру мақсатында өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

2. Талапқа жауапта:

  1. талапты мәлімдеушінің және жауап жіберілетін заңды тұлғаның толық атауы, почта реквизиттері, жауап берілген талаптың күні мен нөмірі;
  2. талапты толық немесе ішінара таныған жағдайда – танылған сома, осы соманы аударуға төлемдік тапсырманың нөмірі мен күні, не талапты қанағаттандыру мерзімі және, егерол ақшалай бағалауға жатпаса, әдісі;
  3. талап толық немесе ішінара қабылданған жағдайда – талаптың қабылданбауын негіздейтін тиісті нормативтік актілер мен құжаттарға сілтеме жасай отырып, қабылдамау себептері;
  4. жауапқа қоса тіркелген құжаттар мен өзге де дәлелдемелердің тізбесі көрсетіледі.

3. Талап толық  немесе ішінара қабылданған жағдайда, мәлімдеушіге талаппен бірге  алынған құжаттар қайтарылуға,  сондай-ақ егер олар талапты мәлімдеушіде болмаса, талаптың қабылдануын негіздейтін құжаттар жіберілуге тиіс.

4. Жауап тапсырыстық  немесе бағалы хатпен, оны жөнелтілгенін  тіркеуді қамтамасыз ететін байланыстың  басқа да құралдарымен жіберіледі.

5. Ақшалай бағалауға  жататын талапты толық немесе ішінара қанағаттандырған жағдайда талапқа қайтарылған жауапқа қызмет көрсететін банкке оның орындалуы не орындауға тапсырма қоса тіркеледі. Егер талапты тану туралы жауапта танылған соманың аударылуы туралы хабарланбаса, талапты мәлімдеушінің жауапты алғаннан кейін жиырма күн өткен соң банкке борышкер таныған соманы даусыз тәртіпте есептен шығару туралы инкассалық өкім қоюға құқығы бар. өкімге борышкердің жауабы қоса тіркеледі, ал онда танылған соманың мөлшері көрсетілмесе, өкімге талаптың көшірмесі  де қоса тіркеледі.

1. Заңды тұлғаның, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын азаматтың  келісімі болмаған жағдайда мемлекеттік  органның, жергілікті өзін-өзі басқару  органының және олардың лауазымды  адамдарының актілерімен бірге  оның заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасайтын осы органға (лауазымдық адамға) актінің нөмірі мен күні, оның қысқаша мазмұны, сондай-ақ ол бойынша мәлімдеуші актімен келіспейтін негіздемелер мен себептер көрсетіле отырып, талап жіберіледі. Екі апта мерзімде жауап ала алмаған жағдайда немесе теріс жауап алған жағдайда мәлімдеуші осы актіні толық немесе ішінара жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.19

2. Бағыныштылық  тәртібімен әрекеттеріне алдын  ала шағым беру тәртібі заңдармен  белгіленген салық органдарының, өзге де органдардың актілеріне дауласқан жағдайда актіні дауға салу туралы талап та жоғары тұрған органға жіберіледі. Талапқа дәлелдемелер мен мәлімдеуші сілтеме жасайтын материалдар қоса тіркелуге тиіс. Талапты қараудың тәртібі мен мерзімдері АІЖК-нің 137-бабымен белгіленген.

3. Заңдармен  белгіленген, дауды реттеудің  сотқа дейінгі тәртібін сақтау  міндетті болып табылмайтын жағдайларда  мәлімдеуші өзінің бұзылған құқығын  қорғау үшін тікелей сотқа  жүгінуге құқылы. Бұл жерде сөз  тек іске талап қойып кіретін прокурорлар жайында болып отыр. Осы көзқарасты бекіткен бірқатар авторлар талап қойып отырған прокурорды тек тарап есебінде іс жүргізу мағынасында санау керек.

Іс қозғауға қатысқан прокурор талап арызды жалпы  негіздерде береді. Прокурор заңмен бекітілген сотқа жүгіну формасын сақтау керек. Бірақта бұл жерде прокурор үшін бірқатар ерекшеліктер бар яғни прокурор ешқашан мемлекеттік баж төлемейді. Прокурор басқа адамдардың құқығын қорғау үшін іске кіріскенде арнайы өкілеттілік талап етілмейді. 

 Азаматтық  процеске мемлекеттік органдарының  жергілікті атқару органдарының  және жекелеген азаматтардың  және жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының қатысуы.

2 нысанада қатысуы.

  1. Осы ұйымның азаматтық іс қозғауы.
  2. Басқа біреулердің арасындағы басталған іске осы ұйымның қорытынды беру үшін қатысуы.

Мемлекеттік органдардың  және басқа да аталған тұлғалардың  азаматтық процеске қатысуы АІЖК-ң 56-57 бабына сәйкес реттеледі. Осы ұйымның  бірінші нысанында іске қатысуы., яғни азаматтық іс қозғауы талап  арыз негізінде жүзеге асырылады. Талап арыздың мазмұны АІЖ кодексінің 150 бабына сәйкес жазылуы керек. Бұл ұйымдардың азаматтық іс жүргізуге қатысуы нысанада қатысса да жеке субъектілікмүддесінің жоқ болуымен ерекшеленеді. АІЖК-ң 56 бабына сәйкес заңда көзделген жағдайда делінуі прокурордың іске қатысуынан ерекшеленеді. Прокурор әртүрлі істер бойынша азаматтық сот өндірісінің барлық сатысында қатысуға құқылы десек, ал мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар, ұйымдар немесе жеке азаматтар тек қана заңмен көзделген жағдайда ғана қатысады. Мемлекеттік орган және басқа да 56 бапта аталған тұлғалардың 1-ші нысанында іске қатысуы осы аталған тұлғалардың барлығына берілген. Ал қорытынды беру үшін іс бойынша тек қана 1-ші мемлекеттік органдар, 2-ші жергілікті өзін-өзі басқару органдары ғана қатыса алады.

Неке және отбасы заңы бойынша мемлекеттік органдар және басқа да аталған тұлғалар некені жарамсыз деп тану, егер неке кәмелетке  толмаған тұлғамен тіркелген болса, және ол үшін арнайы рұқсат болмаса, ата-ананың құқықтарынан айыру туралы істер кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру істері бала асырап алу істері бойынша асырап алуды жою туралы. Азаматты әрекет қабілеттігі жоқдеп тану немесе шектелген деп тану істері бойынша АІЖК-ң 302 бабының, 2-тармаңына сәйкес отбасы мүшелері, жақын туытары қамқоршы және қорғаншы оршгандары, емдеу мекемелері қозғай алады. 1-ші тармағы бойынша осы тұлғалар шектеулі деп тану үшін де іс қозғай алады. АІЖ-де белгілі бір тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін сотқа жолданумен қатар анықталмаған бірнеше тұлғаның немесе бір тұлғаның құқығын қорғау үшін сотқа жолдануға құқылы. 56 бапта аталған тұлғаның азаматтық процесте қатысушылардың ерекшелігі олар тек қана азаматтық іс жүргізудіңқозғалуына, дамуына, аяқталуына бағытталған әрекеттер жасауға құқылы, бірақ билеу әрекетін пайдалана алмайды, өйткені бұл тұлғалар заңның материалдық объектімен билей алмайды және даулы субъективтік құқыққа ие емес. Талапкер болып бұл жерде кімнің мүддесіне іс қозғалып отырса соны атаймыз. 56 бапта аталған тұлғалардың азаматтық процесте талаптан бас тартулары талапкерді егер де ол келіспесе істі қысқартуға күштемейді. АІЖ кодексінде де бұл тұлғаларға қарсы талап қойылмайды, олар сот шығындарын өтемейді және бейбіт келісімдік келе алмайды.20

Бұл тұлғаларға шешімнің заңды күшіне енуінің материалдық құқық салдары әрекет етпейді. Жоғарыда айтылып кеткендей іс бойынша қорытынды беру үшін мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қатысады. Бұл органдар қорытынды беруді өз белсенділігімен немесе соттың инициативасымен береді. Мемлекеттік органдардың беретін қорытындылары 2 бөлімнен тұрады.

1. Мемлекеттік  оргадардың қызметкерлері мен  арнайы білімдері негізінде жиналған  мән-жайлар жөніндегі мәліметтер. Ол жазбаша құжат ретінде тапсырылады.

2. Осы оганның іс бойынша жеке пікірлерін көрсетуі, яғни қаралып отырған даудың құқықтық сипаты, дәлелдемелерді бағалауы және дауды шешудегі өздерінің жолдарын ұсынуы. Бұл қорытынды, сот үшін міндетті емес, бірақ судья өз шешімінде қорытындыны неліктен қолданбағаны жөнінде дәлелді жауап бойынша мемлекеттік органдарының қатысуы міндетті болып, ал бұл тұлғалар қатыспаса немесе құрытынды бермесе шешім заңсыз және негізсіз деп табылып жоюға жатады. Бұл органдарға өкілетті өкілдер қатысады және олардың берген қорытындысы сарапшының қорытындысына құқықтық баға берумен ерекшеленеді. Сарапшының қорытындысында іс бойынша жиналған дәлелдемелер бойынша құқықтық баға берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе енді азаматтық іс жүргізудің арнайы субъектісі соттардың мәртебесі жайлы айтып өтпесек болмайды. өйткені сотсыз тек тараптармен азаматтық іс қозғалмайды.

Азаматтық іс жүргізу  кодексі мен басқа да кодекстердің баптарында тиісінше өзгерістер енгізіліп  келеді. Бұдан кодекстің кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл орайда, нормативтік қаулының жобасында сотқа берілетін талап-арыздар төлемі, соның ішінде тараптардың мүліктік жағдайын ескере отырып мұрсат беру, мемлекеттік баж төлеуді кейінге қалдыру немесе оны төлеуден босату мәселелері бойынша түсініктемелер берілген.

АІЖК апелляциялық тәртіппен істердің қаралуын реттейтін, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша  заң күшіне енген сот актілерін  қайта қарау өлшемдеріне, басқа  да бірқатар маңызды мәселелерге  түсініктемелер беріледі.

Сондай-ақ сот  жүйесі үшін маңызды құжат соттардың  беделін көтеруге арналған бағдарлама болып отыр. Бағдарлама Президент  әкімшілігінің тапсырмасы бойынша  дайындалған.

Бағдарлама  жобасын дайындаудағы бірінші мақсат – адам құқығын қорғаудағы сот беделін арттыру болуда. Сондай-ақ, сот жүйесінің халық үшін және бұқаралық ақпарат құралдары үшін хариялылығын да мақсат етеді. Бағдарламада соттардың материалдық жағдайы да қамтылған. Сот беделін нығайтуға арналған бағдарлама белгілі бір кезеңге көрсетілмеген. Себебі, сот беделін арттыруды күнделікті іске айнылдыру көзделіп отыр.

Ендігі кезекте  сот саласындағы қызметкерлердің  материалдық жағдайын көтеру керек. Айталық, аудандық сот судьяларының жалақысы шамамен жиырма мың теңге  болса, сот мәжілісі хатшылары бес-сегіз мың теңгенің айналасында ғана алады. мұндай қаражатқа қарап отырған судьядан барлық жағдайда дербестікті күтудің өзі күмән тудырады. Яғни, бұл соттардың тәуелсіздігі мәселесіне көлеңкесін түсіретін қосымша жәйт. Сонымен қатар, бүгінде соттар мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерден айырылып отыр. Бұған қоса соттар заң бойынша 63 жасқа келгенде зейнеткерлік демалысқа шығады. Енді салыстырмалы түрде қарастырып көрелік. Мәселен, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері денсаулығына байланысты қызметінен босаса, олар зейнеткерлік жасқа келген, келмегеніне қарамастан зейнетақымен қамтамасыз етіледі. Судьялар үшін мұндай жағдай қарастырылмаған. Яғни, олар денсаулығының нашарлағанына қарамастан зейнеткерлік жасқа жеткенше жұмыс істеуге мәжбүр. Ал, белгілі бір себептермен қызметінен кетеді екен, онда зейнетақы не басқадай табыс көзі жоқ судьяға жұмыс іздеуге тура келеді. Бұл, меніңше судьялардың тәуелсіздігі принципіне кереғар, қала берді соттардың мәртебесіне нұқсан келтіретін жәйт.

Қоғамда болып жатқан барлық даулы жағдайларды соттар шешеді, небір қанды қасап, жантүршілегрлік қылмыстарға соттар нүкте қояды. Тиісінше, судьяларға қызмет бабымен бірнеше адамның қанын жүктеген қанішермен де, небір тонауларды жүзеге асырған баукеспе ұрымен де жүздесуге тура келеді. Ал, істің шешімі бойынша жеңуші және жеңілуші тарап болатындықтан, билік бір тараптың көңілінен шыққанымен, екнші жақтың ашу-ызасын тудыруы мүмкін. Мұндайда ұтылған тараптың өз кегін билік шығарған судьядан немесе оның отбасынан қайтармасына кім кепіл. Ал, судьяның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе, болмаса күзет қызметі, өкінішке орай бізде жоқтың қасы.

Алайда, судьяның жұмысындағы қауіп-қатердің жоғарылығын  ескергендіктен болашақта бұл мәселенің  шешімін табу орынды болар еді. Ал, Ресейде судьяға іс қараған кезде арнайы күзет беріледі. Итальяндық судьяларды қай жерде болмасын арнайы күзетшілер алып жүреді.

Сот қызметінің қауіпсіздігін нығайтуға орынды қадам жасадық. Бірақ, бұл қызметке "сот приставтары" деп атау бергенмен, тиісті өкілеттіктерден қалыс қалдыруымызға не себеп? Бұған келтіретін дәйектер көп-ақ. Айталық, сот приставтарының қазіргі жалақылары мардымсыз, сот ғимаратындағы тыныштықты құрғақ сесімен күзетіп тұрғаны болмаса, қатерлі жағдайда қорғанатын қаруы да жоқ. Сырттан келген адам оның кім екендігін білмей де қалады. өйткені, онда арнайы форма жоқ. Мәселен, қоғамдық тәртіпті күзететін полиция қызметкерлері өз мінлетін атқару кезінде жарақаттанса оған мемлекет тарапынан зейнетақы төленеді, жеңілдіктер жасалады. Ал, сот приставтарында мұндай құқық жоқ. Сонда сырттан қауіп төнген жағдайда қолында қаруы жоқ пристав қара күшіне сеніп төбелесуі керек пе деген сауал туындайды. Ал, Ресейдегі жағдай мүлдем басқаша. Онда сот приставтары сот орындаушыларының қызметін атқарады және жалақылары да жоғары әрі формамен, қарумен қамтылған.

Информация о работе Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі