Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:05, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 100 бабында, судьялардың өкілеттілігін 10 жыл мерзіммен белгілеген, бірақ бүкіләлемдік практикада судьлардың тәуелсіздігінің негізін қамтамасыз ету судьялық қызметке өмір бойы тағайындалу мерзімімен дәлелденген. Судьялардың тәуелсіздігі өзіндік іс жүргізумен қамтамасыз ету, әділсотты тиімді жүзеге асыру үшін, сот билігін алып жүрудің түп қазығы ретінде судьялық мәртебені бекіту үшін қайта құру қажеттілігі туды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасы құқықтық реформаның мемлекеттік Бағдарламасы» Қаулысы жас мемлекеттің жаңа сот жүйесінің бағыттарын белгілеген тарихи құжат болды десек, артық айтқандық емес. /6/

Содержание

Кіріспе 3

І. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар.

1.1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың ұғымы 6
1.2. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың іс жүргізу
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. 11

ІІ.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың
құқықтық жағдайы .

2.1. Тараптардың түрлері, түсінігі. 14
2.2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 17
2.3. Істегі тиісті тараптар және тиісті емес тарапты ауыстыру. 20
2.4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше талап
қоюшының немесе жауапкердің қатысуы. 22

ІІІ. Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі.

3.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін
үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін
үшінші тұлғалар. 27
3.2. Іске прокурордың қатысуы. 32
3.3. Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін
мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың
және жеке азаматтардың іске қатысуы. 35

Қорытынды. 40

Қолданылған әдебиеттер. 45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык сот ондирисиндеги тараптар.DOC

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе                      3

 

І. Азаматтық  сот өндірісіндегі тараптар.

 

1.1. Азаматтық  сот өндірісіндегі тараптардың  ұғымы                        6

1.2. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың іс жүргізу

       құқық қабілеттілігі мен   әрекет қабілеттілігі.          11 

 

ІІ.Азаматтық  сот өндірісіндегі тараптардың 

     құқықтық жағдайы .

 

2.1. Тараптардың  түрлері, түсінігі.              14

2.2. Тараптардың  іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.         17

2.3. Істегі тиісті  тараптар және тиісті емес тарапты ауыстыру.        20

2.4. Іс жүргізу  құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше  талап 

қоюшының немесе жауапкердің қатысуы.            22                     

 

ІІІ. Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі.

 

3.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін

 үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін

 үшінші тұлғалар.                 27

3.2. Іске прокурордың  қатысуы.              32

3.3. Басқа адамдардың  құқықтарын қорғау үшін 

мемлекеттік басқару  органдарының, кәсіподақтардың 

және жеке азаматтардың іске қатысуы.             35

 

Қорытынды.                  40

 

Қолданылған әдебиеттер.               45

 

Кіріспе

 

Сот билігіне берілген өкілеттік  шеңберінде мемлекет атынан әрекет ету  құқығы берілген. Қандай да азаматтар  тарапынан құқық бұзушылық кез  келген шешімдер мен мемлекеттік органдардың лауазымына қарамай, Конституциямен, заңдармен көзделген құқықтарға, бостандықтарына, заңды мүдделерге нұқсан келтірсе сот арқылы қорғану кепілдігі берілген. Бүгінгі күнде сот жүйесіне Қазақстан халқының сенімі арта түскенін байқаймыз. Бұл – республикада азаматтық іс жүргізу заңдарының жетіле түскенінің айғағы.

Тәуелсіз Қазақстан  Кеңестік дәуір тұсындағы тағдыры  мен тарихына, мемлекеттік институттардың жетістіктері мен дағдарыстарына байыпты  көзқараспен, құрметпен және сыни тұрғыдан қарайтын кезеңге жетті.

    Қазақстанның  мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуында  өткен қоғамдық құрылыстан жаңа  тұрпатты қоғамға өтудің құқық  қорғау органдарының жұмысындағы  күрделіліктер,жоғары кәсіби дәрежеде  құқықтану,жаңа сапалы заңдар  қабылдау және қоғамның одан ары дамуының құқықпен қамтамасыз етілуіне уақтылы қажеттілік туды. Келесі сот реформаларының қажеттілігі Қазақстан  Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға өзінің септігін тигізді.

     Мысалы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 100 бабында, судьялардың өкілеттілігін 10 жыл мерзіммен белгілеген, бірақ бүкіләлемдік практикада судьлардың тәуелсіздігінің негізін қамтамасыз ету судьялық қызметке өмір бойы тағайындалу мерзімімен дәлелденген. Судьялардың тәуелсіздігі өзіндік іс жүргізумен қамтамасыз ету, әділсотты тиімді жүзеге асыру үшін, сот билігін алып жүрудің түп қазығы ретінде судьялық мәртебені бекіту үшін қайта құру қажеттілігі туды.

     Қазақстан  Республикасы Президентінің 1994 жылғы  қабылданған «Қазақстан Республикасы құқықтық реформаның  мемлекеттік Бағдарламасы» Қаулысы жас мемлекеттің жаңа сот жүйесінің бағыттарын белгілеген тарихи құжат болды десек, артық айтқандық емес. /6/

    Реформа сот  жүйесін дамытуды жаңа белестерге  көтеріп, оны одан әрі басымдылықпен дамыту қажеттілігін айқындаған құжат болды .

    Қаулыда Қазақстандағы  сот жүйесін реформалаудың бағыттары  көрсетілді.

  • - сот құрылымы мен сот сот өндірісін қайта ұйымдастыру
  • материалдық құқықты жетілдіру
  • құқық қорғау органдарының құрылымы мен қызметін реформалау

Оның ішінде ішкі істер  органдары, тергеу, анықтау, прокуратура, қауіпсіздік комитеті және әділет органдары, сондай-ақ адвокатура кіреді.

 

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық  деп Ата Заңымызда көрсетілген. Ал, халықтың соттан күтетіні әділдік. Небір қилы тағдырды қозғайтын іске билік айту оңай емес. Кесімді шешім айтып, қаралатын іске, адамның тағдырына немқұрайлы қарауға ешбір судьяның құқығы жоқ. Міне, осы тұрғыдан алғанда судьяның азаматтық істі шешуде атқарар ісі оңай емес екені белгілі.

Бұрынғы кезде  судьялар сайлаушыларға және оны  сайлаған органға есеп беретін, сондықтан  осындай есеп берудің салдарынан судьялардың шынайы тәуелсіздігі қалыптаспаған  болатын. Яғни, соттар жергілікті атқарушы өкілетті органның тар өрісті шеңберінен аса алмайтын. Бірақ, бүгінгі күнде шынайы тәуелсіз сот жүйесі қалыптасты. Осының барлығы Қазақстан Республикасының сот жүйесі қызметін реттеуге мүмкіндік беретін құқықтық кесімдерді одан әрі дамыту мен жетілдірудің кең ауқымды болашағын белгілеуге қажетті жағдайлар тудырды. Елбасының 1994 жылғы "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" қаулысында бұл саладағы негізгі бағыттар көрсетілген. Осы аталған реформаның жалғасы іспеттес "Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында" судьяның азаматтық іс жүргізуде сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы бекіді. Судьялардың сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болуы және тек Конституция мен конституциялық заңдарға бағынатыны, сот төрелігін жүргізу соттың ерекше артықшылығы екендігі сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыратындығы, сот ісін жүргізуді сотта іс қарауда қадағалау функциясын қорғау функциясы мен істі шешу функциясынан бөлек болатындай етіп құратын тараптардың жарыспалығы мен тең құқықтығы, сол секілді Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген, халықаралық құқықтық нормалармен және республиканың азаматтық іс жүргізу заңымен танылған басқа да принциптер негізінде жүзеге асыратыны белгіленді.

Сот билігін  дамытудың аса маңызды бағыты судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайту болып қала береді. Қазіргі кезде судьялардың атқарушы биліктен тәуелсіздігі айқындалып, заңдылық деңгейдегі иммунитеті мәселелері негізінен шешім тапқаны тайға таңба басқандай тұжырымдамада көрсетілді. Бұл жөнінде судьялардың ІІІ съезінде Елбасы "Судьялардың тәуелсіздігі – мақсат емес, олардың азаматтық және кәсіби парыздарын лайықты атқаруының құралы. Кімде-кім мұны түсінбесе, судьяның мәртебелі атағын алып жүруге құқығы жоқ" деп қадап көрсетті.сот жүйесін реформалау судьялардың беделін арттырып, сотты адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепілі етуге, судьялардың, олардың отбасы мүшелерінің құқықтық және әлеуметтік мәселелерін шешудің тиімділігін көрсетті.

Осынау мемлекеттік  бағдарламадан  бастау алған игілікті істер бүгінде жалғасуда. Тәуелсіз республикамызда 2000 жылы Конституциясының "ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заң өмірге келді. Аталмыш заң арқылы сот жүйесіне байланысты, ең алдымен мемлекеттік және құқықтық сипаттағы маңызды міндеттер жүктелетін мемлекеттік билік тармағы қалыптасты. Бұл заң сот жүйесінің алдына сот төрелігі органдарын одан әрі жетілдіру міндетін ұсынды. Республикамыздағы жергілікті соттар биліктің сенімді тірегіне айналды.

Менің дипломдық  бітіру жұмысымның тақырыбы  осы жергілікті соттарда яғни аудандық не қалалық соттарда азаматтық іс бойынша іске қатысушылар құрамын, Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың түрлерін, түсінігін, іс жүргізу өкілеттіктеріне жеке-жеке тоқталып, жалпы негізін қамтығандай болдым. Тақырыптың өзектілігі сол азаматтық іс жүргізу бойынша бұл біздің республикамыздың әдеби заң басылымдарында толық ашылмаған тақырып.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Азаматтық  сот өндірісіндегі тараптар.

 

1.1. Азаматтық  сот өндірісіндегі тараптардың  ұғымы.

 

Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілерінің арасынан алдымен әділсотты жүзеге асыратын сотты, сондай-ақ азаматтық іске қатысатын басқа процесс субъектілерін алып қарауға болады. Азаматтық іс жүргізудің субъектілері болып саналатын тұлғалардың құқықтық жағдайлары әртүрлі. Мысалы, талапкер өзінің бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іс қозғайды, үшінші тұлға іске егер іс қарап біткеннен кейін оған кері талаппен жауап беруге тура келген жағдайда іске қатысады. Сарапшы-эксперт іске сот сараптама тағайындау туралы қорытынды шығарып оны сарапшыға тағайындау туралы ұйғарым шығарылса қатысады. Прокурор азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану туралы істер бойынша заң оған қорытынды беруді міндеттегендіктен қатысады. Куә жол-транспорт оқиғасынан куәлік айғақ беру үшін шақырылады. Жауапкер өзінің кәмелетке толмаған балаларына алимент өндіру жайлы міндеттемесін орындамағаны үшін жауап беру үшін шақырылады.

Осыларға қарап-ақ, барлық субъектіледің мүдделері  әртүрлі екенін көреміз. Осылардың  ішінен заң шығарушы бөлген негізгі іске қатысушыларды шығарамыз. Былай қарасаңыз барлығы іске қатысады: талапкер жауапкермен, куәлар, адвокат және аудармашы. Бірақ іске қатысушы деп арнайы юридикалық маңызы бар заңда қаралған тұлғаларды ғана айтамыз.

Тараптар: дау  нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар, АК-ның 56-57 баптарында көзделген негіздері бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып танылады.1

Сонда "іске қатысушы тұлғаларды" басқа субъектілерден бөліп қарауға не әсер етеді. Бірінші, заңды мүдделіктің болуы. Тараптар мен үшінші тұлғалардың істе материалдық-құқықтық заңды мүдделер болады, яғни істі шешкен кезде бір тарап белгілі материалдық қажеттілікке ие болады дп екінші тарап одан айырылады. Талапкер, жауапкер және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар үшін тікелей мүдде болып саналғандықтан, сот шешімі де олардың құқықтары мен міндеттеріне тікелей әсер етеді. Ал дау нысанасына өз талаптарын мәлімдемейтін  үшінші тұлғалар үшін ол жанама мінездемеге ие, өйткені соттың шешімі оның құқықтары мен міндеттеріне мүддесіне тікелей әсер етпейді, ол тек негізгі талап бойынша шыққан шешімге кері талап тағдырына кері әсер етпеуіне ғана мүдделі.

Прокурор не мемлекеттік  басқару органдары екі тараппен де даулы қатынаста болмағандықтан істе материалдық-құқықтық мүдделері  болмайды. Олардың мүддесі іс бойынша тек юридикалық маңызы бар, бірақ ол материалдық емес, ол прокурордың мүддесі – жалпы мемлекеттік мүдде де, мемлекеттік басқару органдарының мүддесі – қоғамдық мүдде болып саналады да, олар соны қорғайды.

Тағы бір маңызы бар жағдайға назар аудару керек. Дәл іске қатысушы тұлғалар өздерінің әрекеттерімен істі қозғауға ары қарай жүргізуге, яғни кей жағдайларда оны тоқтатуға, шыққан шешімге шағымдануға, жоғары тұрған лауазымды адамға қадағалау тәртібімен протест келтіруге әсер етеді.

АІЖК-нің 44-бабындағы өкілдер  жайлы айтылмайды. Кейбір авторлар бұл дұрыс емес деп санайды, өйткені  сот өкілдері іс жүргізуде өзіндік  жеке роль ойндайды.2

Басқа авторлар, керісінше, сот өкілдерінің заңды мүдделері  жоқ, сондықтан олардың іс жүргізуде жеке өзіндік процессуалдық құқығы жоқ, ол тек өкілеттік берген адамдардың мүдделерін қорғап іске кіріседі. Сондықтан олар іске қатысушылар болып саналмайды дейді.3

Бұл пікірлермен келісу қиынға түседі. Керек десеңіз шарт бойынша  өкілдер яғни (адвокаттар, юрист-консульттар) іс жүргізуде жеке процессуалдық құқықтарға ие. Шынында, іс жүргізуге кірісу үшін олар іске қатысты жүргізуге рұқсат беретін сенімхатты көрсетуі керек. Ондай сенімхатты сотқа көрсете отырып, олар ары қарай өз таңдаулары бойынша істі жүргізеді. Сондықтан оларға барлық іс жүргізу әрекеттерін жүргізу үшін өкілеттілік керекпе? Олар АІЖК-нің 47-бабындағы іске қатысушы тұлғалардың бүкіл құқықтарына ие болып, міндеттер атқарады.

1. Іске қатысушы тұлғалардың  іс материалдарымен танысуға, олардан  үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқау ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өөз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.

2. Іске қатысушы адамдар,  орындалмауы азаматтық сот ісін  жүргізу туралы заңдарда көзделген  салдарды туғызатын жағдайда, өздерінің  іс жүргізу міндеттерін атқарады.

Тек заңда көрсетілген  ерекше жағдайларда ғана ерекше сенімхат алуы керек. өйткені ол істерде талапкердің рұқсатынсыз қатыса алмайды.

1. Сотта іс жүргізуге  арналған өкілеттік өкілге, талап  арызға қол қоюды, істі аралық  сотқа беруді, талап қою талаптары  мен талап қоюды танудан толық  немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіліктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.

2. өкілдің осы аталған іс-әрекеттедің әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

Егер өкілдер азаматтық  іс жүргізудің субъектісі бола алмайды  деген қорытындыға келетін болсақ онда ол ақылға симас еді.

Информация о работе Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі