Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:05, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 100 бабында, судьялардың өкілеттілігін 10 жыл мерзіммен белгілеген, бірақ бүкіләлемдік практикада судьлардың тәуелсіздігінің негізін қамтамасыз ету судьялық қызметке өмір бойы тағайындалу мерзімімен дәлелденген. Судьялардың тәуелсіздігі өзіндік іс жүргізумен қамтамасыз ету, әділсотты тиімді жүзеге асыру үшін, сот билігін алып жүрудің түп қазығы ретінде судьялық мәртебені бекіту үшін қайта құру қажеттілігі туды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасы құқықтық реформаның мемлекеттік Бағдарламасы» Қаулысы жас мемлекеттің жаңа сот жүйесінің бағыттарын белгілеген тарихи құжат болды десек, артық айтқандық емес. /6/

Содержание

Кіріспе 3

І. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар.

1.1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың ұғымы 6
1.2. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың іс жүргізу
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. 11

ІІ.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың
құқықтық жағдайы .

2.1. Тараптардың түрлері, түсінігі. 14
2.2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 17
2.3. Істегі тиісті тараптар және тиісті емес тарапты ауыстыру. 20
2.4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше талап
қоюшының немесе жауапкердің қатысуы. 22

ІІІ. Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі.

3.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін
үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін
үшінші тұлғалар. 27
3.2. Іске прокурордың қатысуы. 32
3.3. Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін
мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың
және жеке азаматтардың іске қатысуы. 35

Қорытынды. 40

Қолданылған әдебиеттер. 45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык сот ондирисиндеги тараптар.DOC

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Жауапкер даулы  материалдық құқықтық қатынастың обективті  субъектісі ретінде пассивті тарап  деп танылады.

Бұл жердегі  даулы материалдық құқықтық қатынас  – нақты азаматтыө істің объектісі, ал оның субъектісі тараптар болып танылады.

Бұл құқықтық қатынас  барма, жоқпа, оның мазмұны, шын мәнінде  талапкердің құқығы бұзылды ма, бұзылса  қандай шамада, ол үшін жауапкер жауап  беру керек пе, жоқ па бұның бәріне істі мәні бойынша қарап біткеннен  кейінсот жауап береді.

Тек істің қозғау кезінде тараптардың маңызды белгілері анық көрінеді. Олар:

1) тараптардың  атынан іс бойынша процесс  жүреді, ол іс азаматтық іс  деп танылады, өйткені бұның практикалық  маңызы бар. Судья арызды қабылдаудан  бас тарту туралы дәлелді ұйғарым  шығарады, онда, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, талап қоюшының қандай органға жүгінуі жөн екендігін көрсетеді.

Арызды қабылдаудан  бас тарту өтініш берушінің сол  жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі келтіреді.

2) тараптар арасындағы  қатынас талапты қою қорытындысында  ресми даулы мінездемеге ие  болады. Соттың міндеті бұл қатынасты  реттеу болып табылады.

3) тараптар –  даулы материалды-құқықтық қатынастың  субъектілері істе материалдық құқықтық мүддеге ие болады. Сот шешімі олардың материалдық құқығына әсер етеді. Олар бір материалдық игілікке ие болуы немесе одан айырылуы мүмкін.

4) сотпен процессуалдық  іс жүргізу құқықтық қатынастарына  кіре отырып, тараптарда өздерінің  құқықтарын қорғай отырып, өздеріне тиімді жағымды шешім алу үшін және оны жүзеге асыру үшін іс жүргізу қызықшылығынан туады.

5) басты іске  қатысушылар отырып, тараптар сот  шығындарын көтереді.

Жоғарыда көрсетілген  белгілердің құрамы тек қана тараптарға қатысты болғандықтан бұл белгілер оларды басқа іске қатысушылардан ерекшелеп тұрады.7

Тарап ұғымы  талап өндірісі ісінде қолданылады. Ерекше өндірістің, сондай-ақ әкімшілік  құқық бұзушылықтан туындайтын істердің қатысушылары арызданушылар, шағым  берушілер және мүдделі тұлғалар деп аталады. Бұл тұлғалар тараптардың заңда бекітілген жеке құқықтарын ғана пайдалана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Тараптардың  іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

 

АІЖ заңы бойынша  тараптар іс жүргізу құқықтарын тең  пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады. Барлық іс жүргізу құқықтары ҚР Конституциясының сотпен қорғану құқығында негіз болады.

Азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғалуына кепілдік беретін  маңызды демократиялық бастаулар  орнықтырылған. Конституцияның 75-бабында сот билігінің сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық, және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатыны белгіленген.

Республикада  Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың шағымдарын қарау  тәртібі туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күші бар Жарлығының қолданылатынын атап көрсетудің маңызы зор. Осы Жарлықтың 4-бабында өздерінің жоғары органдары жоқ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-әрекеттеріне азаматтардың өтініштері сот тәртібімен шешілетіні белгіленген. Азаматтардың шешу тәртібі әкімшілік-құқық бұзушылық туралы, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық-атқару және өзге заңдармен белгіленген өтініштері, сондай-ақ өтініш айтушының аты-жөндері көрсетілмеген, қолдары қойылмаған, тұратын орындары, қызметі немесе оқуы туралы деректер келтірілмеген беймәлім өтініштер қарауға жатпайды.8

өтініш беруші азамат: шағымды, өтінішті тексеруші адамға өз дәлелдерін жүзбе-жүз баяндауға; қосымша материал ұсынуға; қабылданған шешім туралы ауызша немесе жазбаша нысанда дәлелденген жауап алуға; өтініш бойынша қабылданған шешімге жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға шағымдануға; органдар мен лауазымды адамдардың заңды бұзып қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттеріне заң белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Тараптардың іс жүргізу құқықтары  әртүрлі, қазіргі жағдайда оған жалпы  назар аудару керек.

1) тараптар бәрінен бұрын  іске қатысуға барынша құқық  алған. Олар іс бойынша соттың  барлық мәжілістеріне қатысуға, іс жүргізу әрекеттерін жасауға  қатысады, іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер үзінділер алуға құқығы бар.

2) Тараптар сот құрамын  алдын ала бағалап оларға қарсылық  білдіре алады.

3) тараптар марериалдық  мүдделі тұлғалар бола отырып, өздерінің құқықтары мен мүдделерінің  қорғау көлемін өздері анықтайды. Мысалы талапкер талаптан бас тарта алады, ал жауапкер талапты мойындайды, тараптар арасында бітімгершілік келісімі жасалу мүмкін, талапкер талап қоюдың негіздемесінен нысанасын өзгерте алады.

1. Талап қоюшы талаптың  негіздемесін немесе нысанасын  өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол  беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келіміммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

2. Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.

4) Тараптар сот қорғау  құралдарын іс жэүргізуге кеңінен  қолдана алады. Тараптар дәлелдеме  ұсынуға, оны зерттеуге қатысуға, басқа іске қатысушы тұлғаларға сұрақтар қоюға сондай-ақ куәлар мен экспертке әртүрлі ұсыныстар айтуға, өздерінің болжауларын ұсынуға және қарсы жақтың болжамдарына қарсылық білдіруге құқығы бар. Жауапкер талапты мойындамау арқылы қорғау құралы ретінде талап бере алады.

5) Тараптар шешімнің заңды және негізді екенін тексеруге құқығы бар. олар шешімге апелляциялық сатыда шағым беруге, оның жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды сұрауды, тиісті жоғары тұрған органдарға қадағалау есебінде қарауға ұсыныс жасауға құқығы болады.

Шешімнің соңғы  реттелуі яғни орындалуы тараптарға байланысты. Олар мәжбүлеп орындатуды талап ете алады.

6) тараптар басқа  да бірқатар тұтас процессуалдық  іс жүргізу құқықтарына ие: істі  өзі жеке дара не өкілдер  арқылы жүргізу, талапты қамтамасыз  ету, сот шығындарын өндіруді талап ету, т.б. құқықтарын айтуға болады.

Тараптардың іс жүргізу міндеттері 2 түрге бөлінеді. жалпы және арнайы.

Жалпы міндеттерінің  қатарында ең маңызды орында құқықтарды адал пайдалану міндеті тұр.

Көрінеу теріс  пиғылмен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы әрекет жасаған  тараптан сот екінші тараптың пайдасына  іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. өтемақы мөлшерін нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді.

Тараптар іс жүргізу регламентіне бағыну керек  – іс жүргізу әрекеттерін заң іс бойынша шығындарды өз уақытысында төлеу іс жүргізу құжаттарын заң бекіткен формада тапсыру керек.

Бұл талаптарды орындамаған тарап келесі тиісті іс жүргізу әрекеттерді жасауға  тыйым салады.9

Тараптардың жалпы  міндеті болып саналатын, оның адал болуы іс жүргізу барысында құқықтың мәннен бұрын моральдық мән-мағынаға жатады.

Тараптардың арнайы міндеттері жекелеген іс жүргізу  әрекеттерін жасағанда қажет  болады. Мысалы,

Соттың алдында  іске қатысатын немесе қатыспайтын  тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

Соттың азаматтардан немесе заңды тұлғалардан талап  ететін жазбаша дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі.

Сот жазбаша  дәлелдеме талап ету туралы өтінім берген тұлғаға соңынан сотқа  табыс ету үшін алу құқығын  беретін сұрату бере алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Істегі  тиісті тараптар. Тиісті емес  тараптарды ауыстыру.

 

Сотта қорғану құқығы барлық азаматтарға берілген. Бұл құқық пен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарда пайдаланады. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке ие ұйымдарда осы құқықты пайдаланады. Сондықтан, кез келген құқыққа қабілетті тұлға тараптар ретінде іс жүргізу жағдайына ие бола алады.

Бірақ дегенмен сол ісіне қатысу үшін сол іс бойынша  нақты материалдық-құқықтық мүдде  болу керек. Яғни тікелей заң бойынша  айтқанда тиісті тарап болу керек. Егер виндикациялық талап (қалпына келтіру) меншік иесі немесе заттың заңды иесі арқылы емес оның қызы не ұлы арқылы сол меншік иесінің көзі тірісінде берілсе онда ондай талап тиісті емес талапкермен берілген деп танылады. Сотқа талапты қоя отырып, талапкер өзінің осы іс бойынша тиісті талапкер, ал жауапкердің тиісті жауапкер екенін екеуінің де аты-жөндері мен мекен-жайларын көрсете отырып береді. Талапкер өзіне жауапкерді легимитациялап  алу, яғни заңдастырып алу керек. Легимитация, заңдастыру дауға дұрыс заңды жіктейді. Ол шын мәнінде мүдделі тұлғалардың материалдық қатынасты анықтауда шешім шығаруды қамтамасыз етеді.

Егер талап  прокурор не мемлекеттік басқару  органымен қойылып отырса басқа  тұлғалардың мүдделерін қорғап, оларды талапкер мен жауапкерді легмитрлеп яғни заңдастырып алу керек. АІЖ  тиісті тараптар дегеніміз олардың даулы материалдық құқықтық қатынастың субъектілері болып табылуы жетеді.10

Тиісті тарап  сотпен материалдық құқық нормаларының негізінде анықталады. Сот талапкердің  талап арызды қабылдай отырып, жауапкерге дұрыс қойылып отыр ма соны анықтайды.

Талапты бірнеше  талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы  мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы екнші  тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

Соттың істі дайындау үстінде немесе бірнеше  сатыдағы сотта оны қарау кезінде  талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын  анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі.

Егер талап  қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа  тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот  істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды.

Азаматтық іс жүргізу  заңы тиісті емес талапкер беріп отырған  талаптан немесе талап тиісті емес жауапкерге беріліп отырылған жағдайда арызды қабылдаудан бас тартуға  құқығы жоқ.

Тиісті емес талапкерді тиісті талапкермен ауыстыру үшін тек біреуінің ғана емес екеуінің де келісімі керек, яғни 1ші талапкер істен шығуға, ал 2 талапкер іске кіруге өз еріктері болғанда ғана ауыстыру жүреді.

Егер алдыңғы  талапкер оны басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, ол тұлға дау нысанасына өз талаптарын мәлімдейтін тарап ретінде іске кірісе алады. Ал енді 1-ші талапкер соттан шыуға дайын, бірақ екінші тиісті талапкер іске кіруден бас тартады. Онда істе талапкер жоқ деп танып, сот істі қысқартады.

Ал тиісті емес жауапкерді ауыстыру талапкердің келісімімен  жүзеге асады. Егер талапкер оған келіспесе, тиісті жауапкер 2-ші жауапкер ретінде іске қатыстырылады.

Тиісті тараптарды ауыстыру іс жүргізу барысында өндірісті  тоқтатпай не қысқартпай жүзеге асады. Егер ауыстыру сот мәжілісінің залында  жүзеге асатын болса, іс қарауды кейінге қалдырады, яғни ауыспай тиісті тарап іске кірісіп, өзінің мүдделерін қорғау үшін дайындалуға уақыт береді.

Тиісті тарап  ауысқаннан кейін іс қарау басынан  басталады. Тиісті тарапты ауыстыру тек бірінші инстанцияда жүзеге асады және оны ауыстыру ашық сот мәжілісінде барлық іске қатысушылардың қатысуымен болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Іс  жүргізу құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше талап қоюшының немесе жауапкердің қатысуы.

 

Даулы немесе шешімімен  белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беру, борышты ауыстыру және материалдық құқық қатынастарындағы тұлғалардың басқа да өзгеру жағдайы) сот ол тарапты оның құқық мирасқорлығымен ауыстырады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады.

Құқық мирасқоры  процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры  ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті.

Жоғарыда көрсетілген жалпы құқық қабылдаушылықтан басқа жеке құқық қатынастары бойынша сингулярлық құқық қабылдаушылық болады. Тараптар талап қою құқығына кіргеннен кейін несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысу негіздері мен тәртібі Азаматтық құқық бойынша қаралады.

Информация о работе Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі