Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:05, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 100 бабында, судьялардың өкілеттілігін 10 жыл мерзіммен белгілеген, бірақ бүкіләлемдік практикада судьлардың тәуелсіздігінің негізін қамтамасыз ету судьялық қызметке өмір бойы тағайындалу мерзімімен дәлелденген. Судьялардың тәуелсіздігі өзіндік іс жүргізумен қамтамасыз ету, әділсотты тиімді жүзеге асыру үшін, сот билігін алып жүрудің түп қазығы ретінде судьялық мәртебені бекіту үшін қайта құру қажеттілігі туды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасы құқықтық реформаның мемлекеттік Бағдарламасы» Қаулысы жас мемлекеттің жаңа сот жүйесінің бағыттарын белгілеген тарихи құжат болды десек, артық айтқандық емес. /6/

Содержание

Кіріспе 3

І. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар.

1.1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың ұғымы 6
1.2. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың іс жүргізу
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. 11

ІІ.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың
құқықтық жағдайы .

2.1. Тараптардың түрлері, түсінігі. 14
2.2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 17
2.3. Істегі тиісті тараптар және тиісті емес тарапты ауыстыру. 20
2.4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше талап
қоюшының немесе жауапкердің қатысуы. 22

ІІІ. Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі.

3.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін
үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін
үшінші тұлғалар. 27
3.2. Іске прокурордың қатысуы. 32
3.3. Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін
мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың
және жеке азаматтардың іске қатысуы. 35

Қорытынды. 40

Қолданылған әдебиеттер. 45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык сот ондирисиндеги тараптар.DOC

— 237.50 Кб (Скачать документ)

Міндеттеме  негізінде несие берушіге тиесілі  құқықтың (талап етудің) ол мәміле (талап  етуді беру) бойынша басқа адамға берілуі; немесе ол құқық заң құжатының  негізінде басқа адамға ауыстырылуы  мүмкін.11

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы жөніндегі ережелер регресті талаптарға қолданылмайды.

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң  құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.

Егер несие  беруші құқықтарының басқа адамға ауысқаны жөнінде борышқорға жазбаша түрде хабарланбаса, жаңа несие беруші осыдан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттемені орындағаны тиісті несие берушіге орындағаны болып табылады.

Міндеттеменің жекелеген түрлері бойынша талап ету құқығын берудің ерекшеліктері заң актілерінде белгіленуі мүмкін.

Несие берушінің  жеке басымен тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніндегі  және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру  жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді.

Егер заң  құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықты, соның ішінде алынбаған сыйақыға (мүддеге) құқықты талап етуге байланысты құқықтар ауысады.

Борышқор талаптардың  осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы. Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куәландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті.

Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезінде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы.

Міндеттеме  жөніндегі несие берушінің құқықтары  заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:

  1. несие берушінің құқықтарындағы әмбебеп құқықты мирасқорлық нәтижесінде;
  2. заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;
  3. міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушысы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтижесінде.
  4. Сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;
  5. Заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.

Несие берушінің  талап етуді басқа адамға беруіне  жол беріледі, себебі ол заң құжаттарына  немесе шартқа қайшы келмейді. Егер несие берушінің жеке басының  борышқор үшін елеулі маңызы болса, борышқордың келісімінсіз міндеттеме жөніндегі талап етуді беруге жол берілмейді.

Жазбаша (жай немесе нотариалды) түрде жасалған мәмілеге негізделген  талап етуді беру тиісті жазбаша  түрде жасалуға тиіс. Мемлекеттік  тіркеуді талап ететін мәміле бойынша  талап етуді беру осы мәмілені тіркеу белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс. Ордерлі бағалы қағаз бойынша талап етуді беру осы бағалы қағаздағы индоссамент арқылы жасалады.12

Талап етуді берген бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің  алдында оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін жауап береді, бірақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшін бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында борышқор үшін кепіл болуды өзіне алғаннан басқа жағдайда жауап бермейді.

Борышқордың өз борышын басқа  адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Жаң борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы. Борышты аудару нысанына тиісінше ережелер қолданылады. Міндеттеменің жекелеген түрлері бойынша қарызды аудару ерекшеліктері заң актілерінде белгіленуі мүмкін.

Жоғарыда көрсетілгендей кез келген іс жүргізу мирасқорлығы тек материалдық құқықтық қатынас  болғанда көшетінін байқадық. Егер де материалдық құқықтық қатынас жеке адамның өмірімен твғвз байланыста болса мұндай жағдайда құқық қабылдаушылық, яғни құқық мирасқорлығы жүрмеуі мүмкін. Мысалы: алимент өндіру, жұмысқа қайтадан орналасу, бірге тұруға мүмкін болмаған жағдайда үйден шығару жағдайларында материалдық құқық қабылданып алынбайды және іс жүргізу құқық мирасқорлығы ауыспайды.

Сондай-ақ кей жағдайда материалдық  құқық қабылдаушылық автоматты  түрде іс жүргізу мирасқорлығын  тудырмайды. Құқық мирасқорының іске кірісуде өз еркі қаралады. Ал іске жауапкердің  құық мирасқорын кіргізу, талапкер мен басқа іске қатысушылардың еркіне байланысты, істен шығып қалған яғни қайтыс болған азаматтың, не таратылып кеткен ұйымның орнына құқық қабылдаушылық қалай болады. Сол мүдделі тұлғалардан арыз түскеннен бастап, іс қайтадан жандандырылады. Бұл тараптардың іс жүргізудегі диспозитивтік қағидасына сәйкес болады.

Іске құқық мирасқорының қабылдау келесідей тәртіппен өтеді.

1) іс бойынша материалдық  құқықта құқық қабылдаушылық  табылған жағдайда құқық мирасқоры  іске кіріскенше іс тоқтатыла тұрады.

2) ал жекелеген сингулярлық  құқық қабылдаушылықта іске құқық  мирасқоры істі тоқтатпай-ақ кірісе  алады.

3) құқық мирасқоры өзі  іске кірісу үшін рұқсат беретін  құжаттарын көрсетеді. (яғни мұрагерлікке  құқық беретін куәлік, заңды тұлғаның  таратылғаны жайлы құжат, бағалы қағаздар бойынша берілетін құқық).

4) егер материалдық құқықта  бірнеше тұлға болса, әрқайсысы  өзінің тілегі бойынша іске  кіріседі. Бір құқық мирасқорының  кіргені басқа құқық мирасқорларының  құқығына әсер ете алмайды.  Сот тек басқа іске қатысушыларды істі жандандырылғанын хабарлайды.

5) құқық мирасқорлық істің  кез келген сатысында жүзеге  асады.

6) құқық мирасқоры үшін  процеске кіргенге дейін жасалған  барлық әрекеттер құқық мирасқоры  ауыстырған тұлғаға қаншалықты  міндетті болса, сондай шамада міндетті.

Мысалы: құқық мирасқоры  алдындағы даулы іс жүргізу құқықтың объектісін өзгерте алмайды, мысалы, талаптан бас тарта алмайды. Бітімгершілік  келісімге келе алмайды, егер олар сотпен бекітілсе, сондай-ақ алдыңғы құқық  өткізуші кезінде дәлелденген дәлелдемелерді қайта тексеруге құқығы жоқ.

7) іс жүргізу құқық  мирасқорында тиісті тарапты  ауыстырған кездегідей іс жүргізу  қайтадан басынан басталмайды.  Жалпы құқық мирасқорлығы сот  өндірісінің тоқтаған сатысынан  кіреді, ал егер сингулярлық құқық  мирасқорлығында кіріскен сатысында яғни құқық мирасқорлығы ауысқан сатыдан басталады.

Сондықтан құқық мирасқорлығы іс жүргізудегі тараптарды ауыстырудағы ерекше жағдай болып саналады.

Тиісті емес тарапты ауыстырудан  құқық мирасқорлығының бірнеше  ерекше сәттерімен өзгешеленеді.

  1. құқық мирасқорлығы істің кез келген сатысында, керек десеңіз орындау сатысында ауысуы мүмкін, ал тиісті емес тараптарды ауыстыру тек соттың І-ші инстанциясында ғана жүзеге асады.
  2. Құқық мирасқорлығы қай сатыдан қабылданды, сол сатыда іс арық қарай жалғасын табады. Ал тиісті емес тарапты ауыстырғанда іс қарау басынан қайта басталады.
  3. Құқық мирасқорлығы ауыстырған тұлғадан құқық мирасқорына оның барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері өтеді. Ал тиісті емес тарап ауысқанда оның құқықтары мен міндеттері тиісті тарапқа өтпейді, жойылады. Яғни ол даулы материалдық құқықтың субъектісі болған емес.
  4. Құқық мирасқорлығында құқық мирасқоры, құқықты берушімен бірге өмірі қатыспайды, ал тиісті емес тарапты ауыстырғанда тиісті тараппен бірге тиісті емес тарапта бірге қатыса беруіне болады.

Кейбір жағдайларда  даулы материалдық құқықтық қатынас  көп субъектілі болуы мүмкін. Сонда талапкер жағында да жауапкер жағында да бірнеше іске қатысушылар болады.

Мысалы: 3 адамнан  тұратын ағаш шеберлерінің бригадасы  азамат Б-ның тұрғын үйін салуға кеткен еңбектері үшін шарт бойынша келісілген еңбек ақыларын ала алмады. 3 адам, яғни үш талапкер талапты жалғыз азамат Б-ға қояды.

Азаматтар А  мен Б азамат К-ге денесіне жарақат  салып, қортындысында мүгедек болып  қалды. Денсаулығына келген зияннан  азамат К мүліктік зиян шекті. Сондықтан  ол денсаулығына келген шығынның орнын толтыру үшін А менБ-ға жауапкер ретінде талап қойды.

Сондай-ақ заң  бойынша талап бірнеше тұлға  қатысып даулы құқық қатынасты  шешетін болса, онда олар іске бірге  қатысушылық деп танылады. Бір  іске бірнеше талапты қосып қарау  құқықты қорғау процесін жеделдетеді. Бірге қатысу бір істің аясында барлық дәлелдеу материалдары, сот оларды 1 құрамда қарайды, объективті шындықты қамтамасыз етеді. Және комплексті даулы сұрақтарды бірден шешеді.

Бірігіп қатысушылық  көп субъектілігіне байланысты міндетті және қосымша яғни факультативті қатысу деп 2-ге бөлінеді. Олардың барлығы тең құқықтарға ие болып бірдей міндеттер атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Үшінші тұлғалар түсінігі, түрлері.

 

3.1. Дау  нысанасына дербес талаптарын  мәлімдейтін үшінші тұлғалар  және дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

 

АІЖК бойынша  талапкермен, жауапкермен бірге  іске тараптар есебінде 3-тұлғалар қатысады. Іске үшінші тұлғалардың қатысуы  іс бойынша шешім процессуалдық  құқыққа ие емес тұлғалардың құқықтары  мен мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. 3-тұлға ешқашан істі өздері қозғамайды және алғашқы талапкер мен жауапкер арасында туындайтын даулы материалдық құқықтық қатынастың формасын құрмайды.13

Азамат А-ның  қайтыс болғаннан кейін артынан  үйі мен бақа мүліктері қалды. үйде А-ның өзі тұрған, оның бір бөлмесін кухнясымен феранданы қосып азамат Б-ға жазбаша шартпен жалға 1992 жылдан 1996 жылдың май айына дейін. Үйді босатуға қарсылық білдірген соң қайтыс болған марқұмның баласы А, азамат Б-ға талап қояды. Ал іске азаматша С-қатысқысы келеді, өйткені марқұм үйді бүкіл құрылысымен оған мұраға қалдырған.

Азамат Б  өзінің үйінің ауласына машинасын қойған. Таңертең арнайы мусор шығаратын  машина оның машинасын қағып кетіп  есігі мен жанына үлкен нұқсан келтірген. Рульде шофер Ф-болған.

Жұмысшы Ғ-ны еңбек заңының 35 бабы 4п. Касіподақтың келісімінсіз санкция жіберген. Ғ-ны заңсыз жұмыстан босатып жіберген деп таныған сот оны бұрынғы жұмысына қайта алып отырып,оның бос жүрген күндеріне 15000 еңбек ақы өндірген. Іске Ғ-ны жұмыстан заңсыз шығарып , бұйрық шығарған кіспорынның директоры тартылды. Онығ кінәсынан кәсіпорынға 15000 теңге матреиалдық зиян келді.

өсиет бойынша мұрагер С, шофер Ф, екінші мысалдағы, ал үшіншіде дирекор Д үшінші тұлғалар есебінде іске қатысып солардың құқықтық жағдайын өз мойындарына алу керек.

Олар басталып кеткен процеске қатысады. Бірақ ол процесс олардың басамасымен  басталған жоқ. Бірақ іс бойынша  олар материалдық құқықтық мүддеге  ие болады, өйткені іс бойынша шешім  олардың құқықтары мен мүдделеріне  нұқсан келтіруі мүмкін. Үшінші тұлғалар іске кірісе отырып, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бірақ олардың құқықтары мен міндеттерін тараптардың құқықтары мен міндеттерімен сәйкес келмейді.

Сонымен, басталып кеткен іске өздерінің субъективті  құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кірісетін тараптарды үшінші тұлғалар деп атаймыз.

1) үшінші тұлғалардың  іске қатысуы бір іске барлық  дәлелдеу материалдарын біріктіруге,  яғни үшінші тұлға да өзінің  болжауларын тиісті фактілік  негіздерімен дәлелдеуі мүмкін.

2) Іске үшінші тұлғалардың қатысуы істегі барлық жағдайды жан-жақты зерттеп қарма-қайшы шешім шығаруға жол бермейді.

3) олардың іске  қатысуы іске қатысушылардың  бұзылған құқықтары мен мүдделерін  қорғау сұрақтарының тез шешілуін  қамтамасыз етіп, сот уақытын  үнемдейді.

Үшінші тұлғалардың  іске мүдделігі әр алуан болады. Оның бірі дау нысанасына өз талабын  мойындайтын үшінші тұлғалар және дау  нысанасына өз талабын мойындамайтын  үшінші тұлғалар.

Заңда бұлар  екі түрі яғни екі формасымен бекітілген.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады. Талапкермен қозғалған іске бәрінен бұрын жауапкер тартылады. Бірақ дау пәні басқа тұлғаның құқықтары мен мүдделері болса оны ол сол тұлға қорғауға шығады. Осылай үшінші тұлға шығады.

Мысалы талапкер С мен жауапкер Б-ның арасында сот дауы "Ауди" автокөлігінің  сатып алу-сату шарты бойынша меншік құқығына кім ие екенін қарайды. Бұл дауды басқа Д-деген азамат біледі де сотқа, бұл дау нысаны болған "Ауди" көлігі, өзінің бұрынжоғалып кеткен көлігі деп естептеп іске қатысады. Бірақ талапкер оның талабымен басталып кеткен  іске ол дау нысанасына өз талабын мәлімдейтін үшінші тұлға ретінде қатысады. Нақты жағдайда бұл тұлға автокөлікке меншік құқығын тануды талап етеді.

Бірақ дау пәні барлық кезде тек мүлік бола бермейді. Тараптар арасында тұрғын үй құқығына дау болуы, шығармашылық және авторлық құқыққа дау болуы т. б. с. нәрселерге дау болуы мүмкін.

Сондықтан даулы  құқықтық қатынастың дау нысанына бірінші  тұлға байланысты болғандықтан, ол да АІЖ құқығы бойынша іске қатысушылар  да танылады. 

Информация о работе Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі