Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:05, курсовая работа

Краткое описание

Мысалы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 100 бабында, судьялардың өкілеттілігін 10 жыл мерзіммен белгілеген, бірақ бүкіләлемдік практикада судьлардың тәуелсіздігінің негізін қамтамасыз ету судьялық қызметке өмір бойы тағайындалу мерзімімен дәлелденген. Судьялардың тәуелсіздігі өзіндік іс жүргізумен қамтамасыз ету, әділсотты тиімді жүзеге асыру үшін, сот билігін алып жүрудің түп қазығы ретінде судьялық мәртебені бекіту үшін қайта құру қажеттілігі туды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасы құқықтық реформаның мемлекеттік Бағдарламасы» Қаулысы жас мемлекеттің жаңа сот жүйесінің бағыттарын белгілеген тарихи құжат болды десек, артық айтқандық емес. /6/

Содержание

Кіріспе 3

І. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар.

1.1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың ұғымы 6
1.2. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың іс жүргізу
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. 11

ІІ.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың
құқықтық жағдайы .

2.1. Тараптардың түрлері, түсінігі. 14
2.2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 17
2.3. Істегі тиісті тараптар және тиісті емес тарапты ауыстыру. 20
2.4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше талап
қоюшының немесе жауапкердің қатысуы. 22

ІІІ. Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі.

3.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін
үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін
үшінші тұлғалар. 27
3.2. Іске прокурордың қатысуы. 32
3.3. Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін
мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың
және жеке азаматтардың іске қатысуы. 35

Қорытынды. 40

Қолданылған әдебиеттер. 45

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтык сот ондирисиндеги тараптар.DOC

— 237.50 Кб (Скачать документ)

 Даудың нысанасына  дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады. Бұл дегеніміз үшінші тұлға өзінің іске кірісуін талап арыз беру жолымен бекітеді. Ол барлық талаптарға сай болу керек. Яғни талап арызға мемлекеттік баж төленуі керек. үшінші тұлғалардың іске жіберілуіне рұқсат берген сот ал жайлы ұйғарым шығару керек.

Жеке талап  қойып іске кіріскен үшінші тұлға талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады. өйткені, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол  беріледі. Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келіміммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

Соттың өз бастамасы  бойынша талап қою нысанасын  немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы  келсе немесе басқа біреулердің  құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді. Бұған қарап, үшінші тұлғаның жағдайы талапкердің іс жүргізу жағдайымен бірге деп санамау керек. "Үшінші тұлға" термині бұл жағдайда "таза техникалық маңызға ие, бұл жайлы кейде әдебиеттерде айтылып қалады".14

Сонымен қатар  үшінші тұлға тараптармен арнайы қатынаста болады. өтйкені ол талапкерге де, бірігіп қатысушыларға да тән емес. өйткені үшінші тұлға талапты екі тұлғаға қойса, ол үшін жауапкер, талапкерде жауапкерде болады. Әдебиеттерде бұл көбіне осылай айтылады. өйткені үшінші тұлға бірінші тарапқа талап қоймайды. Ол әрқашан екі тарапқа бірден талап қояды деп жатады. Бірақ бұл қате пікір. Кей жағдайларда үшінші тұлға талабын тек талапкерге қоюы мүмкін, жауапкерге тиіспей. Мысалы: жауапкерді үйден шығару мүддесі қаралып жатқан талапқа үшінші тұлға жауапкерге емес талапкерге талап қояды.

Дау нысанасына өз талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар іске өз бастамасымен қатысуы. Кей жағдайларда сот оған өзінің мүддесіне нұқсан келген іс қаралып жатқанын хабардар етуі керек. үшінші тұлға істі дайындау сатысында, не істі қарау сатысында басталып кеткен процестің кез келген сатысында, яғни шешім шыққанға дейін іске кірісе алады.

Үшінші тұлғаның ісі бойынша шешім шығып қойса, ол онда өз мүдделерін қорғау үшін дербес талап қойып іс қозғай алады.

үшінші тұлғаның іске кірісуі бойынша сот 2 талапты  қарау керек. 1) алғашқы талапкер мен 2) үшінші тұлғаның дербес талабы бойынша. Осыған орай соттың шешімінде көрсетілуі керек.

3. Дау нысанына  өз дербес талаптарды мәлімдемейтін  үшінші тұлғалар.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады. Олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін. Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды монйыдау не бітімгершілік кеісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады.

Мысалы, азамат Д – Талдықорған қалалық тұтыну қоғамына талап қойды. ГАЗ – 24 автомашинасына сатып алған сатып алу-сату шартын заңсыз деп тану жайлы. өйткені тергеу органдары машина басқа Б деген азаматтан ұрланып, комиссиялық магазинде сату тәртібі бұзылып сатып кеткен. Тиісті жауапкер бұл жерде тұтыну қоғамы.

Ал екінші жағдайда алимент өндіріп алу жайлы  істерде бұл өте көп кездеседі. өтйкені сот шешімімен бұрынғы некедегі балаларына алимент өндірсе басқа некедегі екінші балаға алимент төлеп отырған жауапкердің алимент мөлшерін азайту мақсатымен, үшінші тұлға есебінде алимент алып отырған алыңғы баланың анасы шақырылады.

Жоғарыда көрсетілген  екі жағдайда да үшінші тұлғалар жауапкер жағында іске қатысады. Олардың талапкер жағында қатысуға мүмкіндіктері  бар. бірақ ол сот практикасында  өте сирек.

Үшінші тұлға  ретінде сотқа жіберуге негіз  болатын жағдайлар.

1) болашақта  оған кері талап қою мүмкіндігінің  болуы.

2) іс барысында  басқа заңды мүдде көздеуі.

3) Қай тараптың  жағында қатысса сол тұлғамен  материалдық құқықтық қатынаста  болуы және қарама-қарсы тарапқа материалдық қатынасының болмауы.

Осы негіздерге қарап бұл үшінші тұлғаға даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін  үшінші тұлғалар деп айтуға болады. Үшінші тұлға іске өзінің бастамасымен не тараптардың бастамасымен іске тартылады. Сондай-ақ ол сот бастамасымен, прокурордың ұсынысымен тараптар жағында іске қатысады. Бұл үшінші тұлға да тараптардың құқығына ие. 

1. Іске қатысушы  тұлғалардың іс материалдарымен  танысуға, олардан үзінділер жазып  алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; өтінім жасауға, соның ішінде қосымша дәлелдеме талап ету туралы өтініш жасауға; сотқау ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өөз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар. олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс.15

2. Іске қатысушы  адамдар, орындалмауы азаматтық  сот ісін жүргізу туралы заңдарда  көзделген салдарды туғызатын  жағдайда, өздерінің іс жүргізу  міндеттерін атқарады.

Даулы құқықтық қатынастың қатысушысы бола отырып дау  нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлға даулы құқықтың қатынастың негізі бойынша материалдық құқықтарға ие бола алмағандықтан ол талапты тани алмайды, одан бас тарта алмайды, талаптың мәнін негізін өзгерте алмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Азаматтық  іс жүргізуге прокурордың қатысуы.

 

1. Азаматтық  сот ісін жүргізуде заңдардың  дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына  жоғары қадағалау жүргізу ісін  мемлекет атынан Қазақстан Республикасының  Бас прокуроры тікелей өзі  жәнеөзіне бағынатын прокурорлар  арқылы жүзеге асырады.

2. Прокурордың  азаматтық ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі заңмен көзделген немесе осы іске прокурордың қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда міндетті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қорытынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатысуға құқылы.

3. Прокурор азаматтардың  құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы стқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамтастан талап қоя алады.

4. Егер талап  қоюшы прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделері қозғалмаса, онда сот қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

5. Талап қойған  прокурор, бітімгершілік келісім  жасау құқығынан басқа, талап  қоюшының барлық іс жүргізу  құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

Ресейде І Петрдің  қолдауымен құрылған прокуратура бір жарым ғасырлық өзіндік тарихында, яғни ХІХ-ғасырдың 60-жылдарындағы сот реформасына дейін әкімшіліктерді орнында қадағалау органы ретінде басым болды "Оның жеке соттық айыптау және талап әрекеті бақылау функциясын толықтыру ғана болды. Ол заңға жай белгіленген, практикада әлсіз болды".16

1864 жылғы сот  реформасынан кейін прокурорлық  әрекеттің консепциясы қайта  қаралып оның негізгі бағыты  сот өндірісі саласына ауысты. Сол кездердегі прокурордың азаматтық  сот өндірісіне қатысуы мынадан  тұрды.

1. Тәртіп бойынша прокурор іске қажетті тарап ретінде тараптардың айтысынан соң сотқа қорытынды ұсынатын тарап болды.

2. Көптеген істер  бойынша прокурор басты тарап  ретінде, басқа тараппен талапқа  таласқа түсетін жауапкер ретінде  де талапкер ретінде де тарап болды.

Сондай-ақ прокурор мемлекет пен қоғамның мүддесі үшін басты тарап ретінде іске қатысты. Басталған процеске кіре отырып өзінің не соттың бастамасымен іске қорытынды  береді.

Бірақ практика жүзінде ол бос формальдық сотқа  прокурор керек емес деген пікірді Г. Вербловский 1905 жылы былай жазды. "Азаматтық іске дәл осылай прокурор қатысатын болса оның іс-әрекеті шын мәнінде бос әурешілік" деді, осындай ой пікірлердің күшті болғаны сондай 1910 жылдары әділет министрліктері Мемлекеттік Думаға, азаматтық іске прокурордың қатысуынан бас тартқан жоба ұсынды. Бұл идея Думада барынша қолдау таппағанымен 1911 жылғы 9 майда шыққан заңмен азаматтық істер бойынша прокурордың қызметі едәуір қысқартып кетті.

Революциядан  кейін АІЖК құрушылар революция  көсемі Лениннің "алға жылжу үшін жеке құқықтық қатынастарға, азаматтық құқыққа мемлекеттің араласуын күшейту керек" деген конспекция идеясы негізінен АІЖ процесіне прокурордың қатысуы қайта жалға қойылды. 1923 жылғы АІЖК 2-бабы бойынша, прокурор істі бастауға, сондай-ақ істің кез келген сатысынан қатысуға құқығы бар, егер ол мемлекет пен еңбекші массаларының мүдделерін қорғау қажет етіп талап қойса.

10 жыл өткеннен  кейін соттар іс қарауда ол  азаматтық іс болсын, қылмыстық  іс болсын соттармен кластық  линияны жүргізу үшін соттар прокурордың қадағалауының астында болды.17

Сонымен отызыншы жылдардан бастап азаматтық сот  процесіне прокурордың қатысуы  азаматтық істерді сотта қараудағы  заңдылығын қадағалау міндетіне  алады.

80 жылдардың  аяғы мен 90 жылдардың басында  прокурорлық қадағалау консепциясы қайта қарауды талап етті. өйткені демократиялық қоғамға қадам басқан елімізде құқықтық мемлекет құру үшін билік тармағын 3-ке бөліп, оның бірін сот билігімен қамтамасыз еті тұрды. өйткені сот тәуелсіздігін қамтамасыз етпесек жартылай әкімшілік бағыныстағы прокуратура органының бақылауындағы сот, қандай заңды, негізді шешімдер шығара алады.

Осындай ұқсас  аргументтер осыдан 100 жыл бұрын  француз институттарындағы прокуратура  қадағалауына, наразылық білдіріп, сот өзі заң қорғайды, оған бақылау қадағалау жоғары тұрған сот органымен жүзеге асады делінген.

Соңғы қабылдаған Прокуратура туралы заңда іс бойынша  заңдылықты қадағалау жалған консепциясынан бас тартты. Жаңа редакцияда "прокурор соттармен іс қарауға қатыса отырып заңға қайшы келетін сот шешімдеріне, үкімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына наразылық келтіре алады" делінген.

 Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы стқа талап қоюға, өтініш жасауға құқылы. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамтастан талап қоя алады.

Егер талап  қоюшы прокурор мәлімдеген талапты  қолдамаса, егер үшінші тұлғалардың  құқықтары, бостандықтары және заңды  мүдделері қозғалмаса, онда сот қоюды (арызды) қараусыз қалдырады.

Талап қойған прокурор, бітімгершілік келісім жасау  құқығынан басқа, талап қоюшының барлық іс жүргізу құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ барлық іс жүргізу міндеттерін  мойнына алады. Прокурордың басқа  тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап  қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

АІЖК прокурордың  соттың І-ші инстанциясында іске қатысуын 2-формада қарайды.

1) Прокурор кез  келген азаматтық істі кез  келген азаматтық сот өндірісінде,  яғни талап, әкімшілік, ерекше өндірісте іс қозғай алады.

Информация о работе Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі