Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2013 в 15:05, курсовая работа
Мысалы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 100 бабында, судьялардың өкілеттілігін 10 жыл мерзіммен белгілеген, бірақ бүкіләлемдік практикада судьлардың тәуелсіздігінің негізін қамтамасыз ету судьялық қызметке өмір бойы тағайындалу мерзімімен дәлелденген. Судьялардың тәуелсіздігі өзіндік іс жүргізумен қамтамасыз ету, әділсотты тиімді жүзеге асыру үшін, сот билігін алып жүрудің түп қазығы ретінде судьялық мәртебені бекіту үшін қайта құру қажеттілігі туды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы қабылданған «Қазақстан Республикасы құқықтық реформаның мемлекеттік Бағдарламасы» Қаулысы жас мемлекеттің жаңа сот жүйесінің бағыттарын белгілеген тарихи құжат болды десек, артық айтқандық емес. /6/
Кіріспе 3
І. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптар.
1.1. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың ұғымы 6
1.2. Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың іс жүргізу
құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі. 11
ІІ.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың
құқықтық жағдайы .
2.1. Тараптардың түрлері, түсінігі. 14
2.2. Тараптардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 17
2.3. Істегі тиісті тараптар және тиісті емес тарапты ауыстыру. 20
2.4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Іске бірнеше талап
қоюшының немесе жауапкердің қатысуы. 22
ІІІ. Үшінші тұлғалар түрлері, түсінігі.
3.1. Дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін
үшінші тұлғалар және дербес талаптарды мәлімдемейтін
үшінші тұлғалар. 27
3.2. Іске прокурордың қатысуы. 32
3.3. Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін
мемлекеттік басқару органдарының, кәсіподақтардың
және жеке азаматтардың іске қатысуы. 35
Қорытынды. 40
Қолданылған әдебиеттер. 45
Көрсетілгендей, сот өкілдерінің ішінде тек шарт бойынша өкілдер ғана емес, сондай-ақ заңды өкілдер де іс жүргізуге қатыса алады. Яғни ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары іске барлық процессуалдық құқықтарға ие бола отырып ешқандай ерекше сенімхатсыз өз мүдделерін қорғау есебінде іске кіріседі.
Мысалы өзіне мұрагерлік өсиетпен немесе сыйлық есебінде жасөспірім белгілі бір мүлікке ие болды, бірақ оны туыстары еселеніп балаға бермейді. Осы жағдайда баланығ анасына сотқа талап арыз беріп іс қозғау үшін ешқандай сенімхат керек емес. Сот талапты қанағаттандырудан бас тартты, ал анасы апелляциялық шағым берді. Сонда ол шағымда анасына қабылдамау керек пе? Жоқ, қабылдайды. Бұл дегеніміз – заңды өкіл іске қатысушы деген анықтаманы дәлелейтін бұлтартпас дәлел.
Іске қатысушы тұлғалар маңызды комплексті бірқатар іс жүргізу құқықтарына ие екенін және басқа субъектілерге қарағанда ерекше жағдайда екенін көруге болады. Азаматтық іс жүргізу заңы іске қатысушылардың пайдаланатын құқықтар құрамын АІЖК 47-бабында толық көрсеткен. Ең алдымен олар істегі барлық материалдармен таныса алады. Олар материалдардан көшірмелер, үзінділер жазып ала алады. Олар тек өздерінің материалдарынан ғана емес, прокурордың, мемлекеттік басқару органдарының ұсынған құжаттарынан да ала алады. Айтқандай сот өкілі заң көнсультациясының берген ордері мен сенімхат негізінде осы әрекеттерді ешқандай арнайы сенімхатсыз өзі жасай береді. Бұл оның өкіл ретіндегі өзінің процессуалдық құқығы болып саналады.
Іске қатысушы тұлғалар сот талдауына да белсенді қатысады. Олар сот құрамына қарсылық білдіреді. Яғни сот, прокурор, сот хаттамасына, кез келген уақытта дәлелдемелер ұсынуға, іске қатысушы басқа тұлғаларға сұрақтар беруге, куә мен әкспертке іс бойынша өздеріне белгілі болған іске маңызы бар мән-жайларды айтып түсініктер беруіне құқықтары бар. Тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелері тексеруге және басқа жиналған дәлелдемелер мен қатар бағалауға жатады.
Іске қатысушылар сондай-ақ ұсыныс беруге, дәлелдеме талап етуге, сараптама тағайындауға, талапты қамтамасыз етуге істі кез келген уақытта, шешім шыққанға дейін тоқтатуға ұсыныстар беруге, жасауға құқықтары бар.
Сот процесі кезінде іске қатысушы тұлға сотқа жазбаша ауызша түсініктемелер беруге, сот талдауы кезінде барлық сұрақтар бойынша өз болжауларын келтіруге, басқа тұлғалардың ұсыныстары, болжауларына, ойларына қарсылықтарын білдіруге құқықтары бар. Сондай-ақ соттың шешіміне шағым келтіре алады. Тағы басқа іс жүргізу барысында көптеген құқықтарға ие болады.
Азаматтық іс жүргізу Заңында іске қатысушы тұлғалар барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдаланып, іс жүргізу міндеттерін атқару керек делінген.4
Құқықты асыра пайдалану және заңда белгіленген міндеттерді орындамау жаза қолдануға немесе сот шешімінің мазмұнында көрсетілуі мүмкін. өйткені, әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.
Мысалы тараптар талапкер мен жауапкер өздерінің құқықтары мен мүдделерін заңмен қорғау мүмкіндігін пайдаланбай белсенді қорғанбады. Бұл жағдайда талаптан бас тарту жайлы шешім алса, жауапкер талапты қанағаттандыру жайлы шешім алады.
өзінің құқығына жауапсыз қарап, міндеттерін орындамау іске қатысушыға санкция қолдануға дейін алып келуі мүмкін.
1. Талап етілген
жазбаша дәлелдемелерді табыс
ету немесе оны сот берілген
мерзімде табыс ету мүмкіндігі
жоқ тұлғалар бұл туралы
2. Сот хабардар
етілмеген жағдайда, сондай-ақ соттың
жазбаша дәлелдемелерін табыс
ету талабы сот дәлелсіз деп
таныған себептер бойынша
3. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқа күйінде беріледі. Егер құжаттың көшірмесі берілсе, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаның берілуін талап етуге құқылы.
1.2. Сот
өндірісіндегі тараптардың
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі – яғни азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын сот өндірісіндегі барлық тараптар мен барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Ол азаматтық құқықтық қабілеттелікпен тығыз байланысты, бірақ оған бағынышты емес. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілік мынадай: Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтың әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.
Ал АІЖК құқық қабілеттілікте азаматтық сот өндірісінде тек қана азаматтық істер ғана емес, сондай-ақ әкімшілік, еңбек, неке, отбасы, салық, мемлекеттік және басқа қатынастарды қарайды. Азаматтық құқық үшін қазірде субъектілер: ҚР азаматтары, шетел азаматтары, және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ заңды тұлғалар, ҚР және шетелдің.
Азаматтық құқық сияқты АІЖ құқығы да азамат туғаннан бастап қайтыс болғанда аяқталады. Ал заңды тұлғаларда тіркелген кезден емес, яғни материалдық құқықтың субъектісі болғаннан бастап пайда болады. Ал енді бұл іс жүргізу құқық қабілеттілігі тек қана тараптарға, яғни талапкер мен жауапкерге ғана қалданыла ма жоқ іс жүргізудің басқа субъектілері сот прокурор, сот өкілдеріне де қолданыла ма деген сұрақ әлі даулы мәселе күйінде қалып отыр.5
Азаматтық
іс жүргізу әрекет
1. Сотта құқықтарын
өз іс-әрекеттерімен жүзеге
2. Он төрт
жастан он сегіз жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ
әрекет қабілеті шектеулі деп
танылған азаматтардың
3. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сота олардың заңды өкілдері қорғайды.
4. Заңда көзделген
жағдайларда, азаматтық,
Біздің азаматтық құқықта 16-жасқа толған азаматты еңбек шарты бойынша жеке еңбек ашртымен немесе кәсіпкерлікпен айналысса ата-ана, асырап алушылары, қорғаншы, қамқоршы органдардың келісімімен толық әрекет қабілеттілікке ие бола алады. Оны эмансипация дейміз. Бізде бұл тек неке және отбасы заңдарында кездеседі.
Оны яғни әрекет
қабілеттілігі жартылайдан
Азаматтық заңдар бойынша азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.
Сонымен, 14 пен 18 жас арасындағы кәмелетке толмағандардың дәне әрекет қабілеттілігі шеектелгендердің құқықтарын азаматтық іс бойынша сотта олардың заңды өкілдері қорғайды.
Егер іс қозғау барысында тараптардың бірі кәмелетке толмаған болса немесе әрекет қабілеттілігі шектелген болса сот олардың өкілдерімен бірге өздерінде іске қатысуға шақыра алады. өйткені оларсыз өкіл бітімгершілікке келе алмайды, талапты мойындай немесе одан бас тарта алмайды.
Бірқатар құқықтық
қатынастарда мысалы еңбек қатынасындағы
зиян келтіру мәселесі бойынша кәмелетке
келмегендер өздерінің
16 жасқа келіп некеге отырған азамат толық әрекетке қабілетті деп саналғандықтан ол жасөспірім ол некені кейін жарамсыз деп тануды немесе некеден ажырату туралы талапты өзі қоя алады, сондай-ақ балаға алимент өндіріп алу туралы істерді қарағанда, мүлікті бөлу жайлы істерді талапты өзі береді және басқа мысалы Тұрғын үй қатынастарынан туындайтын істер бойынша да ол талапты өзі қоя алады.
Әрекет қабілеттілігі толық емес, яғни 15 жасқа келмеген немесе заң бойынша әрекет қабілеттілігін шектеген азаматтардың атынан олардың заңды өкілдері қорғайды.
Кей жағдайда әрекетке қабілетсіз тұлға өзі істі қозғауымен әрекет жасайды, сот арызды қозғалыссыз қалдыра тұрып, оның заңды өкілдерін іске қатысуға қамтамасыз етеді.
ІІ.Азаматтық сот өндірісіндегі тараптардың
құқықтық жағдайы .
2.1. Тараптардың түрлері, түсінігі.
1. Талап қоюшы
мен жауапкер азаматтық
2. Заңда көзделген
жағдайларда заңды тұлғалар
3. Басқа тұлғалардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен
4. Азаматтық процесте мемлекет бір тарап болуы мүмкін.
5. Тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады.
Сондай-ақ тарап есебінде шетел азаматтары фирмалары және азаматтығы жоқ адамдар болуы мүмкін.
Әрбір істе талап өндірісіне барлық уақытта кемінде 2 тарап қатысады.
Талапкер - өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғаларды айтады.6
Талапкер сөзі орысша "истец" яғни "искать" іздеу, яғни қорғануды іздеу мағынасында қазақша талапкер, яғни бұзылған құқығын талап ету табу деген мағынаны білдіреді. Талапкер қоятын тарапты активті яғни белсенді деп атау қолданады. өйткені талапкердің өз құқығын қорғау белсенділігі арқасында азаматтық іс қозғалады. Бірақ барлық уақытта талапкердің белсенділігі болмайды. өйткені :
1. Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін заңның белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.
2. Прокурор өзіне
жүктелген міндеттерді жүзеге
асыру мақсатында және
3. Ешкімге өзінің
келісімінсіз ол үшін заңда
белгіленген соттылығын
4. Егер заңға
қайшы келсе немесе әлдекімнің
құқығын және заңмен
Сөйтіп осындай жағдайда мүдделі тұлға сотқа шақырылып, іске талапкер ретінде қатысуды ұсынады.
Жауапкер - өздеріне қуыным талабы қойылған азаматтар мен заңды тұлғаларды айтамыз.
Көптеген жағдайларда талаптың қойылу себебі жауапкердің әрекеті не әрекетсіздігі болады. Мысалы: белгіленген мерзімде қарызды өтемеу, авторлық құқықты иелену залал келтіру.бірақ кей жағдайларда жауапкер талапркедің құқығы мен мүддесіне нұқсан келетін ешқандай әрекет жасамайды. Мысалы, қауіпті жағдайдың иесі, болады немесе жасы жетпеген мұрагер, яғни өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап қойылған жауапкер болып табылады.