Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Физикалық географиядағы таулар мен жазықтардың бір-біріне әсер етуі мен байланыстылығының мақсатты зерттелуіне қосылған үлкен үлес А.И.Яунпутнинмен барьерлік ландшафт жайлы түсініктің еңгізілуі еді. Кейіннен бұл идеялар қабылданды және әдебиеттерге енді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Тарбағатай тауының географиялық орны...............................................5
1.2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері............................................6
1.3 Топырақ және жер ресурстары.................................................................9
1.4 Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары....................................12
1.5 Тарбағатайдың өзендері (ішкі сулары)...................................................15

2. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНЫҢ БАРЬЕРЛІК МӘНІ
2.1 Тарбағатай жотасының климатқа әсері...................................................18
2.2 Табиғат кешендерін қалыптастырудағы рөлі.........................................27

3 ТАРАУ. БАРЬЕРЛІК ЛАНДШАФТЫЛАР СИПАТТАМАСЫ
3.1 Барьерлік ландшафтылар және олардың ландшафт компоненттері мен белдеулер түзілуіндегі рөлі............................................................................29
3.2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың
классификациясы............................................................................................33
3.3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы...............35


4. ТАРАУ.ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ЖЕР РЕСУРЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР.
4.1 Тарбағатайдың ауылшаруашылығының салаларын дамыту.................38
4.2 Тиімділігі жоғары салалрды кіші және орта бизнеске тарту.................39

5. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ.
5.1. Тарбағатайдың туризм саласында жұмыс жасау.................................40


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Барьерные ландшафты..doc

— 660.00 Кб (Скачать документ)

4.Тарау.  Тарбағатайдың жер ресурысын пайдалануға арналған                                                       жоспарлар .

4.1. Тарбағатайдың ауылшаруашылығының салаларын дамыту.

Тарбағатай аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Ғалымжан Нұғиев 17384 га жер пайдаланусыз жатқаны туралы есеп берілген. Жер мен оның ресурыстарын тиімді әрі үнемді пайдалану және оны мақсатсыз, тиімсіз пайдалануға жол бермеу әр қоғамның міндеті болып табьылады. Тауымыздың оңтүстік беткейі тиімді аймақтардың бірі, ал солтүстік беткейде мұнай мен газ бар екені мәлім болды. Климаты,

                                                                                                                 38

 орналасқан жері, топырақ  құнарлығы осының бәрі жоспарлы  түрде ұқсату қажет. Кезінде салынған ұсақ шаруақожалықтарының өнімі қазір нарыққа аз шығады. Оның себептері: пайдалануға алынған жердің тозуы, топырақ эрозиясы, жеке меншік шаруақожалықтары өздігінен көтеріле алмауы, даму жоспарының құрылмауы жердің дұрыс игерілмеуіне әкеп соқтырады. Бұндай істерді болдырмас үшін бізге білімді мамандар тәрбиелеп шығару қажет. Ол үшін мектептің тезнология пәнін агроном, ветврач, токарь, тігінші, трактарист тағыда басқа ауылға, шаруашылыққа керекті салаларды, ынтасы бар оқушыларды тереңдетіп оқыту арқылы өзі таңдаған мамандық бойынша білім алып, тәлім өткендігі туралы анықтама берсе, президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Дипломмен ауылға» бағдарламасына ұлес қосып, жастардың келешек өмірінің жолына ашар еді. Және өз аймағына, еліне үлкен қолқабыс тиер еді. Ауылдың дамуы, Қазақстанның дамуы! 

 

 

 

4.2 Тиімділігі жоғары салаларды кіші және орта бизнеске тарту.

 

Тиімділігі жоғары салалар  деп- таза табысы жоғары, нарықта сұранысқа  ие салаларды атайды.

     Тарбағатай  аймағында бұндай салалар баршылық, бірақ ол дұрыс жолға қойылмаған. Тау баурайында жақсы өсетін бау-бақша өсімдіктері (алма, алмұрт.шие, өрік,жүзім,тошала,шырғанақ,қарақат, таңқурай,бүлдірген, итмұрын, қауын, қарбыз, тағыда басқа) , мәдени өсімдіктер (бидай, тары, арпа, сұлы, қарақұмық), техникалық дақылдар (күнбағыс, жүгері, картоп), балық (фарель, толстолоб ) және бал (майский, қарақұмық, күнбағыс) сияқты шикізатты дайын өнімге айналдыратын, шағын әрі өңдеуші цех орындарын іске қосса бастапқы шығынды тез толтырып, қазіргі баға тұрақсыздығын жояр еді.

Мысалға мына салаларды  дамытсақ .

1)Тарбағатай ауа райы  мен топырақ жағдайының әртүрлілігі  сан –алуан тағамдық дақылдарды  барынша егу, игеру мүмкіндігіне  жол ашады. Қазіргі  кезде  жерге айырықша көңіл қойуышылықты  және шаруашылықтың әр түрлі жеке формаларының кең дамуын ескерсек, біздің денсаулығымызды қоғауға көмекші болатын бау-бақша дақылдарын өсіру жөніндегі білімді кеңейту мәселесі ерекше орын алады. Мұның өзі кәдімгі жүйекшені табиғат дәріханасына айналдыруға мүмкіндік туғызады. Осы арқылы біз Тарбағатайдағы басқа жерде кездеспейтін дәрілік өсімдіктерді формацептиканы дамыта аламыз.

2) Бау-бақша өсімдіктерінен: тосап, кисель, павидло, кампот, тұздалған  қияр мен қызанақ, мейіз, өрік, томат, кетчуп, балаларға арналған пюре,  табиғи шырын сияқты концервалық өнім шығарсақ, Қазақстанның ішкі нарығындағы шетел өнімдерін ығыстырып, таза жергілікті өніммен қамтамасыз ете алар едік.

                                                                                                                            39

3)Тауымыздың жайлауынан  жиналатын бал өнімі елде мақтаулы, Мәскеу қаласында танымал .

4) Қазірде Тарбағатайдың  фарель толстолоб балықтары тек  тұщы суда өмір сүретін балықтарға  көңіл бөлмегендіктен, суармалы  жерлерге шабақтары кетіп, обал болып жатыр. Бұл мәселенің шешімін табу үшін, балық шабақтарын жеке резервуарларында өсіріп көбейтсе коцервіленген балық өнімдерін экспорттық брэнтке айналдыруға болады.

 

 

5. Тарау.Тарбағатайдың туризм саласында жұмыс жасау.

 

Жер шарындағы мемлекеттердің ең кірісі көп саласы- туризм бағыты болып табылады.

     Туризм  – (фр. tourisme) саяхаттау, демалу, спорт  элементері бар танымдық серуенді  атайды. Оның жаяу, сумен, таумен, шаңғымен, велосипедпен саяхаттау  түрлері болады..

     Қазаққа Тарбағатайдай абыз ата тауды берген Тәңірге рахмет. Оның қойнауы мен қонышы, құзар биігі мен көлбеу беткейі, көз жауын алар сұсты да сулу табиғаты, қыранның көзін талдырардай байтақтығы, қарлы қысы жазғы сабаты, кәусар суы, тәтті ауасы, батыр бабаларымыздың кіндігі кесілген, таңбасы басылған, кең жазиралы- ниетіне шынымен де Құдай берген халықтың қазынасы. . Тарбағатай тауында туризмнің мына түрлерін дамытуға болады: жаяу, тау, шаңғы, курорттық, спорттық (қыста : шаңғы, альпинизм; жазда: бәйге, алтыбақан, күрес, қыз қуу, құсбегілік, атбегілік, ұлттық ойындар тағы да басқа), аймақтық аумақтық рекреациялық, тарихи туристік (этнографиялық музеймен, Тарбағатайда туып өскен азаматтары туралы, таңбалы тас, қолжазбалар тағы да басқа). Келген туристерге жай таныстырып қоймай, толық көрсету үшін, Тарбағатай баурайынан қазақ үйлерден тұратын шағын ауыл құрып, сол отауларында дәстүрлі тағамдарды (сірне, бесбармақ, палау, манты, нәсіп, лағман, қуырдақ тағы да басқа ) , сүт тағамдары (құрт, ірімшік, қымыз, айран, шұбат, қатық, сүзбе, май, кілегей),  үй жабдықтарымен, жиһаз жасау (алаша, киіз басу, сырмақ басу, кілем тоқу, ою жапсыру, кесте тігу, қамшы өру, ертоқым мен сандық, кебеже жасау тағы да басқа ), сияқты әр түрлі қызықты да, танымды саяхат өткізіледі. Жазда Тарбағатайымыздың әдемі жерлерімен қоса тастардағы тарихи таңба белгілерімен шолу жасатсақ келушілердің көңілінен шығып, шетел туристерін тауымызға тартатын боламыз. Бұл шараларда қызмет көрсететін адамдар негізінен ауыл тұрғындары, жұмыссыз жастар және оралман қандастардан болса, жұмыссыздықты азайтып, ел тұрмысын жақсартуға үлес қосар еді. [31]

      Аймақтық  аумақтық рекреация- (лат.recreatio-қалпына келу) жергілікті аудандық және локалдық (микроаудандық ) деңгейлердегі, мамандырылуы әр түрлі және туристік-рекреациялық шаруашылықтар инфрақұрылымдары дамуының                                                                                       

                                                                                                                                40

 әр түрлі деңгейдегі  аумақтық рекреациялық жүйелердің  жиынтығы.                    

       Аймақтық  аумықтық рекреация жүйелер өзіне  бірыңғай инфрақұрылым және жалпы  аумақтық маңыздағы объектілерге  бірыңғай қызмет жасайтын локалды  туристік- рекреация микроаудандарды біріктіреді. Бұл жүйелер туристерге қызмет көрсететін кәсіпорындар мен туристік кешендерді қосып алғандағы бір немесе бірнеше аудандарды біріктіреді. Әрбір жеке обылыс туристік шаруашылықты дамыту үшін жергілікті жағдайлар бар болған жағдайда осы дәрежеге ие бола алады.[32]

      Жергілікті  немесе аудандық аймақтық рекреациялық  жүйелерге жергілікті халыққа  туристік рекреациялық қызмет  көрсету үшін қажетті жергілікті  маңыздағы ескерткіштер мен табиғи  ландшафтарды біріктіретін аумақтарды жатқызуға болады.

       Аймақтық және жергілікті деңгейдегі аумақтық рекреациялық жүйелердің қалыптасу жағдайлары өздерінің мүмкіндіктері мен сипаты жағынан әрқалай. Мысалы: Тарбағатайдың демалыс мақсаттарында байдаланбайтын аумақтарды жаяу, тау, шаңғы, курорттық, спорттық, аймақтық аумақтық рекреациялық, тарихи туризмді дамытуға болады. Осы туризм түрлерін дамыта отырып, аймақтарда ұлттық саябақ құру мақсаты көзделу керек. Туристік рекреациялық  кешендердің игерілген аумақтарға қарағанда әлі игерілмеген аумақтарда қалыптасқаны қолайлырақ, өйткені, бұл жағдайда қажетті қасиеттер мен сапалық деңгейдегі олардың  түрлі моделдерін экономикалық жағынан негіздеуге және жобалауға болады.

       Саябақтар  және қорықтар көбіне табиғи  аумақтарды қоғауды мақсат етсе, ұлттық парктердің алдына қойған мақсаттары кеңдеу. Олар белгілі- бір жердің табиғатын қорғаумен қатар, кейбір мәдени-тарихи орындарды сақтау үшін қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық парктер табиғи және мәдени-тарихи түрде көрінуі мүмкін немесе осы екі мақсатты да қосып алуы мүмкін. Осы кезде қорықтарды және туризм аймақтарын маңызын жоғалтпау керек, өйткені, туристер үшін экскурсияларды көбірек өткізуге мүмкіндік бар. [33] 

      Қорыта  айтқанда, жоғарыда айтылған мәселелерден  көрініп отырғандай туризмнің кез келген қоғамдық өмірде алатын орны жоғары. Туризмді жан-жақты қарауға болады. Туризм- шаруашылықтың бір саласы. Туризм- спорт ретінде де көрінеді. Туризм- жергілікті халықты жұмыс орынымен, кәсіппен қамтамасыз ету құралы. Туризм- халықтар, мемлекет арасындағы мәдени тағы да басқа қатынас құралы.

 

       

 

 

 

 

 

 

         

                                                                                                                 41

  ҚОРЫТЫНДЫ

    Таулармен   байланысқан территориялар зерттеушілермен таулы аймақтардың құрамында немесе оған еніп жатқан жазықтардың бір бөлігі ретінде қарастырылады, бірақ таулы, тауалды және жазықты территориялар арасындағы ланшафтылы өзгешелік айқын байқалады. Олар ландшафттар түзілуіндегі таулардың барьерлік рөлімен байланысты, ол жауын-шашында, ылғалдануда және температуралық режимде көрініс табатын таулардың барьерлік әсерінің көлемімен анықталады. Таулардың жақын орналасқан территорияларға барьерлік әсері оларда гигрофильді-мезофильді ландшафттардың дамуына жағдай жасады.

      Таулардың  барьерлік әсер көлемін анықтау  барьерлік ландшафтыларды жеке  таулық, аласа таулы-тауалды және  тау маңайлы жазықты деп дифференциалауға  мүмкіндік береді. Барьерлік ландшафтыларды  қоңыржай белдеуден де, континентальды  және мұхиттық секторлардың субтропиктік белдеуден де анықтауға болады. Қоңыржай белдеуде приурал, приалтай, прикарпат,присаян және т.б аласа таулы-тауалды және таумаңайлы жазықтық барьерлі ландшафтылар нақты анықталады. Приталыш, предкавказ, қырым және ортаазиялық барьерлік және барьерогенді ландшафтылар субтропиктік ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

      Ландшафтылар  барьерлік және барьерогенді  деп ажыратылады. Олардың біріншілері,  яғни барьерлік ландшафтылар  таулардың барьерлік әсерінің  ықпалында болады, соның арқасында таулардың өзі және онымен байланысқан территорияларда жауын-шашын мөлшері, ағын-су, ылғалдың көлемі жоғары. Мұнда барьерлік әсер бұрынғы қалыптасқан ландшафтыларға өз әсерін тигізеді. Бұл Урал, Алтай, Саян, Карпат және т.б таулардың барьерлік ландшафтылары.

      Ал барьерогенді  ландшафтылар таулардың барьерлік  әсерімен түзілген және олардың  құрылымы оған тәуелді. Барьерогенді  ландшафтының классикалық мысалы  болып ленкоран-талыш табиғи кешені  табылады. Олардың екеуі де барьерлік  ландшафтыға жатады.

     Барьерлік  және барьерогендік ландшафтылардың  анықталуы және карталануы ғылыми-теориялық  маңызға ғана емес, сондай-ақ практикалық  маңызға да ие. Орман және ауыл  шаруашылығын тиімді жүргізу,  жерлерді мелиорациялау және  табиғатты қорғау шаралары объективті өмір сүріп жатқан барьерлік ландшафтыларды ғылыми негіздеп анықтағанда ғана дұрыс жүргізіледі.

      Барьерлік  және барьерогендік ландшафтылар  мәселесі әлі толық зерттелмеген  болып табылады. Сондықтан оларды  қарастыру, зерттеу үлкен маңызға  ие. Ландшафтылардың таулы және жазықты класстарының дифференциациясының жоқтығы фактілі жүзінде тәжірибе қажеттіліктерін қананғаттандырмайды. Таулы барьерлер мен барьерлік ландшыфтылардың бөлінуі және карталануы, олардың шекаралық бөліну әдістері қандай бір деңгейде бар мүмкіндіктері қамтамасыз етеді. Таулардың жауын-шашын көлеміне, ормандануға әсері жайлы жалпы тұжырымдамалар әлі толық

                                                                                                                     42

зерттеліп, дәлелденбеген. Таулардың жақын орналасқан территорияларға әсері қай жерден басталатыны және қайда бітетіні белгісіз.

     Барьерлік  ландшафтылардың негізделуімен  байланысты табиғи аудандастыру  схемасын қайта қарау қажеттілігі  туындайды. Себебі, аласа таулы-тауалды және тау маңайлы барьерлік ландшафтылар таулы ландшафтылардың құрамында да, жазықтық ландшафтылардың құрамында да қарастырыла алмайды. Олар жеке ландшафтылар классын құрайды. Мелиорация, тиімді қолдану және табиғат қорғау бойынша жоспарлар мен ұсыныстар барьерлік ландшафтылар немесе зоналар шекарасында қаралуы қажет.

      Табиғат ерекшелігіне байланысты келешекте туризмнің өмірде алатын орны жоғары болатынына сенемін. Туризм  қоғамдық құбылыс және сала ретінде экономика мен экономика ғылымымен  байланысты. Туризм арқылы мемлекетің бюджетіне пайда түседі, бағаның қалыптасуы жүреді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                        43

 

 

                                           Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. Спб, 1788, ч. 3, пол. 1.
  2. Докучаев В.В. Учение о зонах природы. М.,1948.
  3. Яунпутнинь А.И. К вопросу о географическом районировании. – Изв. Всесоюзн. геогр. об-ва, 1946, т.78, в.1.
  4. Алисов Б.П. Климат СССР. М.,1956.
  5. Прокаев В.И. Основы методики физико-географического районирования. Л.,1967.
  6. Щукин И.С, Щукина О.Е. Жизнь гор. М.,1959.
  7. Мильков Ф.Н. Рельеф и ландшафты. – Вестник Моск. ун-та, Сер. Геогр. №3, 1978.
  8. Николаев В.А. Ландшафты Кокчетавской возвышенности. – Вестник Моск. ун-та, Сер.Геогр. №6, 1964.
  9. Максютов Ф.А. Барьерный эффект гор и некоторые вопросы формирования и мелиорации антропогенных ландшафтов. – Вопросы географии, сборник №106, М.,1977 а.
  10. Большая Советская Энциклопедия. Изд. 3-е, М.,1975,т.1,20.
  11. Щукин И.С. Рельеф горных стран. – В кн.:Жизнь гор. М.,1959.
  12. Краткая географическая энциклопедия, 1964, т 4.
  13. Пальгов Н.Н. Современное оледенение в Заилийском Алатау. Алма-Ата, 1958.
  14. Мильков Ф.Н. Словарь-справочник по физической географии. Изд 2-е. М., 1970.
  15. Чигаркин А.В. Опыт крупномасштабных ландшафтных исследований в горных районах Алма-Атинской области. – В кн.:Вопросы ландшафтоведения. Мат-лы к 6-му Всесоюзн. совещ. по вопросам ландш-я. Алма-Ата,1963.
  16. Чупахин В.В. Физическая география Казахстана. Алма-Ата, 1968.
  17. Исаченко А.Г. Системы и ритмы зональности. – Изв.Всесоюзн. геогр.об-ва, 1971, т. 103, вып 1.
  18. Макунина А.А Региональная физическая география СССР. Урал и Новая Земля. Тексты лекций, М., 1968, вып.1.
  19. Когай Н.А. Физико-географическое районирование Туранской части Средней Азии. Ташкент, 1969.
  20. Федина А.Е. Физико-географическое районирование, М., 1973.
  21. Гвоздецкий Н.А.Основные проблемы физической географии. М., 1979.
  22. Максютов Ф.А. Проблемы барьерогенных ландшафтов. Уфа, 1979.
  23. Алибеков Л.А. Взаимодействие горных и равнинныхландшафтов. //Землевладение. Сб. Московское общество испытателей природы. Т.17.МГУ, 1990.                                                                                     44
  24.  
  25.                                                                                                            
  26. Глазовский Н.Ф. Ветроэнергетические условия миграции вещества в аридной зоне СССР //ДАН СССР. 1984.Т.279.№5.
  27. Долгушин  И.Ю. Цепная реакция в ландшафтах. //Изв. АН СССР. Сер.геогр. 1985. №1№
  28. Алибеков Л.А. Взаимодействие горных и равнинных ландшафтов (на примере Средней Азии). Ташкент:Фан, 1994.
  29. Равнины и горы средней Азии и Казахстана. М., 1975.
  30. Максютов Ф.А. Барьерные ландшафты СССР. Саратов, 1981.
  31. Қайдаров Сақан туризм тақырыбына нұсқаушы.
  32. Абрамович А.Я.  Аспиз. М.Е. Словарь Москва 1964.
  33. Мазбаев О.Б. Атейбеков Б.Н. Асаубаев Б.К. Туризм және өлкетану негіздері. 2006.

Информация о работе Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық