Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Физикалық географиядағы таулар мен жазықтардың бір-біріне әсер етуі мен байланыстылығының мақсатты зерттелуіне қосылған үлкен үлес А.И.Яунпутнинмен барьерлік ландшафт жайлы түсініктің еңгізілуі еді. Кейіннен бұл идеялар қабылданды және әдебиеттерге енді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Тарбағатай тауының географиялық орны...............................................5
1.2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері............................................6
1.3 Топырақ және жер ресурстары.................................................................9
1.4 Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары....................................12
1.5 Тарбағатайдың өзендері (ішкі сулары)...................................................15

2. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНЫҢ БАРЬЕРЛІК МӘНІ
2.1 Тарбағатай жотасының климатқа әсері...................................................18
2.2 Табиғат кешендерін қалыптастырудағы рөлі.........................................27

3 ТАРАУ. БАРЬЕРЛІК ЛАНДШАФТЫЛАР СИПАТТАМАСЫ
3.1 Барьерлік ландшафтылар және олардың ландшафт компоненттері мен белдеулер түзілуіндегі рөлі............................................................................29
3.2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың
классификациясы............................................................................................33
3.3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы...............35


4. ТАРАУ.ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ЖЕР РЕСУРЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР.
4.1 Тарбағатайдың ауылшаруашылығының салаларын дамыту.................38
4.2 Тиімділігі жоғары салалрды кіші және орта бизнеске тарту.................39

5. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ.
5.1. Тарбағатайдың туризм саласында жұмыс жасау.................................40


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Барьерные ландшафты..doc

— 660.00 Кб (Скачать документ)

      Қатынсу өзені  Тастау, Жалаулы тауларынан бастау  алып Көктал селосынан  төменгі  жерде Алакөлге қосылады. Жағасының  биіктігі 1-3 м, тік жарлы болып  келеді. Суының 40-50 пайызы қар, 10-12 пайызы жаңбыр, қалғаны жер асты суы есебінен толысады. Қатынсудан сегіз канал тартылған.

     Еміл өзені  Тарбағатай  тауының сілемелі Орқашор баурайындағы  бұлақтардан бастаоып, Алакөлге  келіп құяды. Оның ең ірі  саласы – Шағантоғай. Ол өзеннің бастауын Барлық тауының батыс беткейінен алып Емілге құяды. Шағантоғай өзені Барлық бөктерінен келетін шипалы бұлақтарды қосып алған тұста Барлық-Арасан курорты орналасқан.

     Алакөл, Сасықкөл, су  алабына жататын – Қаракөл,  Қатынсу, Еміл, Тасты өзендерінің құятын барлық суларының жартысына жуығы Ұржар өзенінің үлесіне тиеді.

      Жер асты сулары.

      Жер асты сулары  сумен қамту көзі ретінде ғана  емес, сондай-ақ көп жағдайда олардың  аздаған тереңдікте орналасуына  байланысты топырақ қалыптастырушы маңызды фактор ретінде үлкен мәнге ие. Топырақ грунттарының капиллярларымен топырақтың беткі горизонттарына көтеріліп, олар топырақтың қосымша ылғалдануын негіздейді және өсімдікті ылғалмен қамтиды. Егер грунт сулары тұздалған болса, ылғалдың капиллярлы токтарымен еріген тұздар көтеріліп топырақтың тұздалуына әкеледі. Мұның өзінде егер капиллярлы токтар жоғарыға жетсе, онда беткі топырақ горизонттары тұзданады, егер бұл токтар  өсімдік тамыры орналасқан бөлікке жетсе, онда суды сіңіретін тамырлардың қызметі айқындалатын горизонттар тұзданады. Бұл процесстардың интенсивтілігі грунт суларының орналасу тереңдігіне және олардың минералдану деңгейіне байланысты.

     Таралу ерекшелігі  мен грунт суларының сапасына  байланысты  Шығыс Қазақстан облысының территориясын келесі ірі аймақтарға бөлуге болады: Алтай, Тарбағатай, Шыңғыстау және Қалба жоталарының таулы және тау алды аудандары, Қазақтың Ұсақ шоқысы ауданы, Алтай маңы үстірті, ертіс маңы ойпаты, Зайсан ойпаты, Балхаш-Алакөл ойпаты аудандары.

      Алтай, Тарбағатай, Шыңғыстау және Қалба жоталарының  таулы және тау маңайлы аудандары  грунт суларының терең және  өте терең орналасуымен сипатталады,

                                                                                                                 16

 олар әр түрлі тереңдікте  орналасқан тығыз жыныстардың  жарылымдарында жатыр және ылғалды  кезеңдерде ғана ылғалмен толысады. Су жиналған толық горизонттар  кей жерлерде ғана, беткейлер  мен аңғарлардың төменгі бөліктерінде  ғана қалыптасады. Жергілікті орографиялық, гидрогеологиялық және зоналық жағдайларға байланысты мұндай горизонттардың грунт суларының таралу тереңдігі рельефтің кері элементтерінде кең ауқымға ұласады.

     Грунт сулары өзінің  химиялық құрамы бойынша зоналық  сипатқа ие: биік таулы шалғындық белдеуде олар тұщы немесе әлсіз ащы; шалғындық-далалы белдеуде – тұщы, кей жерлерде әлсіз минералданған, гидрокарбонатты – кальцийлі (тұщы, қатты); таулы-далалы зонаның аз ылғалданған және құрғақ далалы белдеулерінде - әлсіз минералданған, гидрокарбонатты-кальцийлі (тұщы, қатты),кейде – гидрокарбонатты-натрийлі, ал кей жерлерде – аз тұздалған, гидрокарбонатты-сульфатты болып келеді. Тұздылық және тұздалған сулардың таралуы құрғақ далалы белдеуге көбейеді, әсіресе Тарбағатайдың солтүстік беткейінде және Шыңғыстауда шөл-далалық белдеуде әлсіз минералданған гидрокарбонатымен қатар әлсіз тұздалған сульфатты және кей жерлерде аралас гидрокарбонатты хлоридті-сульфатты сулар таралған.

     Грунт суларының минералдану  деңгейі зоналық жағдайларға  ғана емес, оны жауып жатқан жыныстардың химиялық құрамына, сондай-ақ су жинаушы бассейн маңында бұл жыныстардың ерекшеліктеріне де байланысты.

Ұсақ шоқылы өлкелер мен Тарбағатай баурайының жер асты сулары жер қыртысының жарылуынан пайда болған, сондықтан  да, тұщы болып келеді. Сарыарқаның шоқыларының арасындағы ойыстар мен қазаншұңқырлардағы жер асты сулары қабатаралық су түрінде таралғандықтан өте тұзды.

     Қабатаралық сулар  тау жыныстарының сызат түскен  жерінде жиналады. Ертістің екі  жағын бойлап жатқан ең ірі қабатаралық су алабы Ертіс бойы деп аталады. Температурасы 50-100 градусқа дейін жететін термальді судың терең қабаты 25 метрден 150 метрге дейін, ал ең терең жері 1000 метрге дейін жетеді.

      Зайсан қазаншұңқыры  да жер асты суларына бай.  Оның сулары оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және батыс бағытта бағытталған. Жер асты суының тереңдігі 5-12 метрден 50-80 метрге дейін жетеді. Бұл өлкенің жер асты сулары әлі толық зерттелмеген. өлкенің жер асты сулары өндірісте, ауыл шаруашылығында қолданылады. Минералды сулары емдік мақсатта пайдаланылады. Жер асты суын кең көлемде қолдану, болашақта сумен қамтамасыз ету проблемасын шешер еді.                                                                   

                                                                  

                                                                                                           

 

 

 

                                                                                                                 17

                             2 Тарау. Тарбағатай тауының барьерлік мәні.  

      2.1 Тарбағатай жотасының климатқа  әсері. 

      Жалпы Шығыс Қазақстан облысы климаты шұғыл континентті. Территриясының солтүстігінде қоңыржай суық, ал қалған бөлігі қоңыржай – жылы болып келеді. Климаттың континенттігі температураның тез өзгеруімен, ауаның құрғақтығымен, өте аз жауын-шашын мөлшерімен анықталады. Климаттың осылайша ерекше болуы территорияның Евразия материгінің орталық бөлігінде орналасып, теңіз, мұхит суларынан алыста болуынан, территориясының солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты.

     Облыс климатының  қалыптасуына климат құрушы үш  фактор: күн радиациясы, атмосфера  циркуляциясы, жер бедері әсер  етеді. Жеке аудандардың климатына  аталған факторлардан басқа бірнеше табиғи факторлар әсер етеді. Макроклимат, жер бедері, ормандар мен табиғи су көздері, сонымен бірге адамның шаруашылық әрекетінің (орман алқаптарын кесу, жел, қар тоқтататын ағаштар кесу, тоған, су айдындарын жасау) ерекшеліктері өз әсерін тигізбей қоймайды.

    Олблыс территориясы  дала мен шөлейт және биік  таулы климат зоналарын қамтитындықтан, бір жылда күннен келетін сәуле  2500 сағат, жиынтық радиациясы 120 ккал/см болады. Жылдың орташа температурасы -3°, -2,8°С дейін ауытқиды. Талтүстегі күннің көкжиек үстіндегі биіктігі (Семей қаласы) 22 маусымда -65°, 22 желтоқсанда -16°.  Ең жылы ай – шілде, ең суық ай – қаңтар. Территориясының көп бөлігінде шілденің орташа температурасы +12°, +20°С аралығында өзгеріп отырады. Суықта аязды қыс айы кей жылдары -50°С жетіп, тұрақты қар жамылғысы 5 айға созылады. (қараша-наурыз).

    Жазы ыстық болады. Жылы  күндер суық күндермен тез  алмасады. Егер наурызда қыс болып  тұрса, мамырда күн қатты қызып,  ысып кететін кездері де аз  кездеспейді. Тәулік ішіндегі  температурада үлкен ауытқушылық байқалады. Көктемдегі жылы күндерден кейін үсік жүруі немесе керісінше болуы мүмкін. Әсіресе, көктем мен күзде жылы мезгіл мен суық мезгілдің ауысуы температураның күрт өзгеруіне байланысты болады.

    Көктемдегі суықтар мамырдың аяғында болып, күзгі суық қыркүйектің басында болса, бұл облыс үшін қалыпты жағдай. Одан кейін күзгі жылы күндер басталады да, ашық, құрғақ жылы ауа райы қарашаның басына дейін созылады.

    Облыс климатының қалыптасуына  негізінен үш ауа масса түрлері  әсер етеді. Бұл арктикалық, полярлық (немесе қоңыржай ендіктен)және тропиктік ауа массалары. Жыл бойы континентті ауа массалары басым болады. Сондықтан, қыс қатты суық, жаз өте ыстық. әсіресе, қыс кезіндегі ашық аязды күндер мен жаз мезгіліндегі құрғақ ыстық кездер осының дәлелі. Ауа райына қыз кезінде жиі қайталанатын Сібір (Азия) антициклоны және оның оңтүстік-батыс тарамы, «Воейков өсі» зор әсер етеді. Ол облыстың солтүстік бөлігі арқылы өтіп,

                                                                                                                          18

 қыстағы солтүстік шығыс  бағытта соғатын желдердің түзілуін  қалыптастырады.

      Қоңыржай белдеудегі теңіздік қоңыржай ауа массасының рөлі де зор. Ол Атлант мұхитынан циклон болып енеді. Циклонның әсерінен қыста ауа райы бұлыңғырланып, қар жауып, күн жылынады, ал жазда салқындап, найзағайлы нөсер жауады. Бірақ, байтақ Евразия материгінің үстімен жылжыған ауа массасы, біршама құрғап, өзгеріп жетеді. Сондықтан да, оның өзіндік жергілікті қасиеті қалыптасады. Теңіздік арктикалық ауамен континенттік арктикалық ауа массаларының солтүстіктен кедергісіз территорияға жылжуы ауаны бірден суытады. Әсіресе , көктем және күзгі үсіктердің жүруі осыған тікелей байланысты.

       Оңтүстіктен келіп  жететін тропиктік ауа массасының ағыны ыстық, құрғақ ауа райын қалыптастырып, аңызақ, шаңды дауыл әкеледі.

      Жазықтар мен аласа  таулы аудандарда жыл бойы  үнемі жел соғып тұрады да  желдің орташа жылдамдығы 415 м/сек.  Аралығында өзгереді. Тау сілемдері  желдің өтінде тұрғандықтан біршама қалқа болады. Тау аңғарларындағы циркуляцияны тудырып, жергілкті жердің желін қалыптастырады. Сондықтан Жоңғар қақпасынан соғатын «Қыбыла» , «Сайқан» және солтүстік-батыстан соғатын «Ебі» желдері өз ерекшеліктерімен көрінеді.

    Зайсан қазаншұңқырына тән ерекшкліктердің бірі – желдің жиі және қатты соғып тұруы. Ол Семейдің ең төмен желдерімен Жоңғарияның биік шөлдерінің арасын байланыстырып тұрады. Жазда құмды шөлді Жоңғария аймағы қатты қызады да, Зайсанның оңтүстік батысындағы тау бөктерінен суық ауа барады. Ал қыста Жоңғария шөлі жылдам суитындықтан мұндағы суық ауа Зайсан қазаншұңқырына ауысады. Осы себептен батыстан (жазда батыс, оңтүстік-батыс), шығыстан (қыста солтүстік-шығыс) желі соғып тұрады.

        Батыстан соққан  жел ұзағырақ, күштірек соғады да, өз бағытын жиі өзгертіп отырады. Желдің тұрақты бағытта болмауы, Зайсан қазаншұңқырының ауа қозғалысын жиі ауыстырады. Орташа жылдамдығы 3,0-3,5 м/сек. Болатын желдің жылдамдығы қысқа қарағанда жазда қаттырақ.

       Жазықтағы сияқты Алтай климаты да шұғыл континентті. Ауа температурасы тәуліктік, маусымдық, жылдық ауытқуымен ерекшеленеді. Тау аудандарындағы биіктік белдеу зоналарында қаңтар, ақпан ең суық ай болып есептеледі.

      Кенді Алтайдың солтүстігінде және тауаралық аңғарларда орташа айлық температура -17°, -23,8°С және таудың оңтүстік бөлігінде -14,1°, -16,6°С-ке дейін өзгереді. Ең жылы ай шілденің орташа айлық температурасы +14°, +16° С, теңіз деңгейінен 1000-1500 м биіктегі температурасы -0°С.

    Жел климаттың қалыптасуына белгілі бір мөлшерде өзінің әсерін тигізеді: қыста моңғол-сібір антициклоны мерзім ауа температурасын төмендетіп, аз мөлшерде жауын-шашын әкеледі. Аязсыз нің ұзақтығы орташа 50-70 күн болады,

                                                                                                                       19

162 күн бойы тәуліктік  орташа ауа температурасы 0°С-дан  жоғары болса, 203 күн бойы 0°С-дан төмен болады. Жылдың жиынтық радиациясының шамасы 221 ккал/см.

    Жазда моңғол-сібір  антициклонының әсері төмендеп, батыстан ылғалды қоңыржай ауа массасы келеді. Атмосфералық жауын-шашынның жыл бойғы таралуы әркелкі:оның көпшілік бөлігі, 70%-і сәуірден қазанға дейінгі жылы мерзімге сәйкес келеді. Ол өсімдіктердің өсіп өнуіне қолайлы жағдай туғызады. Жыл бойғы жауын-шашынның жартысынан көбі шілде мен тамызда түседі. Көктемге қарағанда күзде жауын-шашын мөлшері мол. әр жылдары түсетін ылғалдың мөлшерінде үлкен ауытқушылық болғандықтан, кей жылы құрғақ, кейде ылғалды жаз болады. Құрғақшылық жылдары әсіресе шілдеде жауынның кешігуі ауыл шаруашылық дақылдарының түсімін кемітіп, табиғи жайылымдағы шөптердің шығуын азайтады.

    Облыстың жазық  бөліктерінде жылдық жауын-шашын  мөлшері 250 мм-ден 354мм-ге дейін  түседі. Жаздағы жоғарғы температураның (+35°С) болуы осы жердің климатының құрғақтығын айғақтайды.

     Түсетін  жауын-шашын мөлшері наурыз бен  шілде аралығында топырақтағы  судың булануынан артық болады. Булану мөлшері 800-1000 мм. Осыған  байланысты ылғалдану коэффициенті 0,3-тен 0,5-ке дейін ауытқиды. Жауын-шашынның көп мөлшері Алтай бөктерінде (545 мм), оңтүстік тау аңғары да, жеткілікті ылғал алады. Батыстан келген ауа массалары тау бөктеріне өрлеген кезде салқындап, ылғал конденсацияланып, жаңбыр не қар болып жауады. Сондықтан Алтайдың 1000 м-ден жоғары жеке бөліктері 2000 мм-ге дейінгі жауын-шашын мөлшерін қабылдайды. Батыс желдерінен қалқаланған оңтүстік шығыс бөлігінде жылына 200-300 мм жауын-шашын түседі.

     Суық кездерде  территорияның барлық жерінде  бірқалыпты қар жамылғысы сақталады.  Солтүстік және орталық аудандарда қар қарашаның басында, ал оңтүстікте қарашаның орта тұсында жауады. Ең қалың қар Қалба жотасында (67 см), Тарбағатайда (62 см), ал басқа жерлерде 6-10 см болып жерді жабады. Қар аз түсетін жерлер қыста қолайлы жайылым болып саналады. Алтайда, қазанның аяғында, қарашаның басында қар жауып, сәуірдің аяғында ери бастайды (160-170 күн). Қыстың соңына қарай қардың қалыңдығы 50-100 см болса, топырақ қабатының тоңазуы 70-100 см жетеді.

Информация о работе Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық