Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Физикалық географиядағы таулар мен жазықтардың бір-біріне әсер етуі мен байланыстылығының мақсатты зерттелуіне қосылған үлкен үлес А.И.Яунпутнинмен барьерлік ландшафт жайлы түсініктің еңгізілуі еді. Кейіннен бұл идеялар қабылданды және әдебиеттерге енді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Тарбағатай тауының географиялық орны...............................................5
1.2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері............................................6
1.3 Топырақ және жер ресурстары.................................................................9
1.4 Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары....................................12
1.5 Тарбағатайдың өзендері (ішкі сулары)...................................................15

2. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНЫҢ БАРЬЕРЛІК МӘНІ
2.1 Тарбағатай жотасының климатқа әсері...................................................18
2.2 Табиғат кешендерін қалыптастырудағы рөлі.........................................27

3 ТАРАУ. БАРЬЕРЛІК ЛАНДШАФТЫЛАР СИПАТТАМАСЫ
3.1 Барьерлік ландшафтылар және олардың ландшафт компоненттері мен белдеулер түзілуіндегі рөлі............................................................................29
3.2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың
классификациясы............................................................................................33
3.3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы...............35


4. ТАРАУ.ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ЖЕР РЕСУРЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР.
4.1 Тарбағатайдың ауылшаруашылығының салаларын дамыту.................38
4.2 Тиімділігі жоғары салалрды кіші және орта бизнеске тарту.................39

5. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ.
5.1. Тарбағатайдың туризм саласында жұмыс жасау.................................40


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Барьерные ландшафты..doc

— 660.00 Кб (Скачать документ)

     Батыс Тарбағатайдың  етегінде адырлы жер бедері  қырқалардың 50-70 м биіктікпен  ауысып отыруынан қалыптасқан.  Ол орта – жоғары төрттік  лес тәрізді саздақта, кейінгі  төрттік – яғни қазіргі кезеңде  түзілген.

     Тарбағатай  үшін жер бедері тегістелуінің  тегістігі немесе 100-150 м ауытқуында  толқындылығы тән. Тегістелу беті 2000 м биіктікке көтерілген және  оған ежелгі мұздық процесстар  әсер еткен, жекелеген бөліктерде  карлар, трогтар және мореналар  сақталған. Жоталардың суайрықтық бөлігінде оның майысулары байқалады, ал жарыла бастаған беткейлерде ол сатылы  жер бедерін құрайды.

     Шығыс Қазақстанның  жер бедерінің тегістелу беті  З.А.Сваричевскийдің пікірі бойынша  орта олигоцендікке дейінгі кезеңде  қалыптасқан. (3)

     Тектоникалық кертпештердің  етектерінде шығу конустарының  делювиальді-пролювиальді еңісті  тау асты жазықтары дамыған. 

    Таулардағы өзен аңғарлары  шатқалдар формасына ие, жайылма  асты террасалары нашар дамыған.  Аягөз өзенінің ең ірі аңғарында төрт терраса бар: төртіншісінің биіктігі 25-30 м, үшіншісінікі 13-15 м, екіншісі 10 м және біріншісі 5-6 м.  

      Саур, Маңырақ  және Тарбағатай таулары жер  бедерінің даму тарихы.

      Қарастырылып отырған  аудандардың қазіргі жер бедерінің  негізгі ерекшеліктері палеозойлық таулы елде мезозойда және кайнозойда эрозия-денудациялық қайта қарастыру нәтижесінде құрылды. Жер бедері дамуының тарихында үш кезең ерекшеленеді: ортаолигоценге дейінгі, ортаолигоцен-неогендік және төрттік.

     Мезозойда және кайнозойдың басында олигоценге шейін таулы елдің орнында толқынды жазыққа ұқсайтын континенттальді тегістелудің біртұтас беті қалыптастырылды. Бірақ кейбір ойыстарда (Кендірлік, Алакөл, Іле) сол кездің өзінде көлдік режим қалыптасты. Кіші-гірім тектоникалық жылжымалар жер бедерін жаңартты.

     Екінші кезеңде –  олигоценнің ортасынан неогеннің  аяғына дейін – пенепленнің  қалыптасуы жалғасты, бірақ жаңа  тектониканың айқындалуы байқалған  территорияның бір бөлігі тілімделуге  ұшырады, сондаақ ойыстардың төмендеуі  көрініс алды. Олигоценнің өзінде Тарбағатай және тағы басқа жоталар көтерілген болатын, бірақ тек төрттік кезеңде ғана тұрақты дами бастады.

      Орта олигоцен  – төменгі плиоцендік кезеңде  өзендік толрдың құрылуы және  миоцен мен төменгі плиоценде  эрозия базисінің көтерілуі аңғарлардың делювиальді қызыл-күрең  батпақтармен толуына әкелді.(4)

     Орта плиоцен ерте  төрттік кезеңде таулардың көтерілуі,  дөрекі құлама материалдың жиналуы  және құлауы жалғасты. Интенсивті  көтерілу орта төрттік кезеңде, 

                                                                                                                           7

сипатталған территорияға тән жоғары гобиилік конгломераттар жинала бастағанда басталды.

     Орта төрттік кезеңнің басында климаттың суытуы таулардың көтеріңкі бөліктерінде мұзданудың дамуына жағдай жасады. Таулардың көтерілуінің жалғасуы және климаттың ылғалдануы нәтижесінде төменгі төрттік тау алды шлейфтар шайылуға ұшырады. Орта төрттік кезеңде өзен торы қайта құрылды. Тау алдыларында өзен аңғарларының антецеденттік бөліктері құрылды. Бірақ ылғалдану кезеңі ұзаққа созылған жоқ, ортатөрттік кезеңнің аяғында – кейінгітөрттік кезеңнің басындағы климат аридизациясының күшеюі  - көлді сулар астындағы үйінділердің дамуына және эолдық  жер бедерінің түзілуіне әсер етті.

     Кейінгі төрттік кезеңде  таулар биіктігінің өсуі және  климаттың суытуы аңғарлық типтің  жаңа мұздануына алып келді.  Нәтижесінде қазіргіге ұқсас  таулы жер бедері және тауаралық  ойыстар жазықтары қалыптасты.

    Голоценде таулардың  көтерілуі, жауын-шашынның тауаралық және тауалды ойыстарға түсуі және олардың жағалық бөліктерінің кейінгі көтерілуге енуі өз жалғасын тапты.

   Тауаралық эжәне тау іші  ойыстары. Тауаралық ойыстар оңтүстік-шығыс  Қазақстанның таулы бөлігін бөліп  тұрған кең ауқымды төменгі бөліктер. Үш ірі ойыс анықталады: Балхаш-Алакөл ойысы, Іле және Зайсан ойыстары.

     Балхаш-Алакөл ойысы  – Балхаш маңы және Алакөл  ойпаттарынан тұрады. Оның біріншісі  аккумулятивті, ал көп бөлігінде  эолды болып келеді, солтүстіктен  Сары-Арқамен, батыста және оңтүстікте Шу-Балхаш суайрығымен, оңтүстік-шығыстан Жоңғар Алатауымен шектелген. Жазық Балхаш көліне еңкейіп орналасқан. Оның абсолюттік биіктігі осы бағытта 700 м-ден 340 м-ге дейін азаяды.

     Алакөл ойысы да  аккумулятивті, негізінен көлді-аллювиальді. Ол батыс Тарбағатай, Барлық және Жоңғар Алатауы таулары арасында кіріктіріліп орналасқан. Балхаш маңы ойпатымен Арғанат тауларының солтүстік-шығыс беткейімен шектеседі. Алакөл жазығы Сасықкөл-Алакөл көлдері тобына түседі. Минимальді абсолюттік биіктігі 344 м.

    Балхаш-Алакөл ойысына  екі әр түрлі құрылған морфоқұрылымдар:  Балхаш және Алакөл кіреді. Балхаш  морфоқұрылымы – бұл тауалды  платформалы еңіс, ал оңтүстік  бөлігінде сыртқы оргенді болып  табылады, ол оңтүстік-шығыстан Жоңғар  көтерілімімен шектелген. Балхаш ойысындағы палеозой жыныстары солтүстік-батыс бөлікте 200 м тереңдікте, ал оңтүстік бөлікте 1000 м тереңдікте жатыр.

     Алакөл ойысы ішкі  орогенді болып табылады және  Тарбағатай-Саур тектоникалық көтерілімімен  Жоғардан бөлінеді. Оның палеозойлық фундаменті қалдықтармен жоғары көтерілген көтерілімдерге және төменгі ойыстарға бөлінген, көтерілу және иілу амплитудасы 100-150 м. Балхаш-Алакөл ойысының геологиялық құрылымы Т.Н. Джуркашевтің еңбегінде терең зерттеліп, баяндалған (1)

                                           

                                                                                                                         8

1.3 Топырақ және жер ресурстары.

     Шығыс Қазақстан  жерінде ендік зоналылық анық  байқалғандықтан топырақ жамылғысы сан алуан.  Солтүстіктен оңтүстікке қарай қара қоңыр (құрғақ дала), ашық қоңыр (шөлейт) және қоңыр топырақ зоналары бірін-бірі алмастырады.

     Шыңғыстау,  Қалба жотасы, Алтай, Тарбағатай  тауларының биік бөктерлерінде  ендік зоналылық биіктік белдеуге ауысып, сұр топырақ, субальпілік тау шалғындарына өзгереді.

    Қара қоңыр  топырақ – Ертістің оң жағалауын  алып жатыр. Қара қоңыр топырақтың  үлесіне облыс ауданының 9-10 пайызы  тиеді. Белағаш даласы мен Тарбағатай  жотасындағы лесс топырақтарының таралған аудандарында сортаңсыз қара қоңыр топырақ кең алқапты алып жатыр. Қалбаның батыс бөлігі мен Коростелев-Солонов далаларында сортаңды қара қоңыр топырақ басым болады. Олар құрамына байланысты саздақты, құрылысына қарай кесек болып келеді. Бұндай топырақтар гумусқа өте бай, мелиорациялауды қажет етеді. 

    Ертістің оң  жағалауындағы қара қоңыр топырақ  шығыстағы Алтай бөктеріндегі  қара топырақпен алмасады. Ал  Бородулиха ауданының көпшілік  бөлігін қара топырақ кешеніне  жататын карбонатқа бай қара қоңыр топырақ алып жатыр. Алып жатқан жері небәрі 1 пайыз  бола тұра, облыстың ең құнарлы топырағы осында. Сонымен бірге Белағаш даласының орталық бөлігі мен Тарбағатай жоталарының оңтүстік беткейінде қара топырақ кең тараған. Ертістің оң жағалауын бойлай кең алқапты құм алып жатыр. Ол батысында құмдақты далаға ауысады. Бұл өлкенің топырағы эрозияға тез ұшырайды. Ертіс аңғарының жайылмаларында құнарлы, дегенмен жиі батпақталатын аллювиальді-шалғынды топырақ, ал жайылма үстіндегі террасаларда сортаң шалғынды қара қоңыр топырақта жел эрозиясына тез ұшырайды.

     Ашық қоңыр  топырақ – облыстың ұсақ шоқылы  бөліктеріне таралып, Ертістен  Алакөл қазан шұңқыры мен Балхаш  бойы үстіртіне дейін солтүстіктен  оңтүстікке қарай созылып жатыр.  Ашық қоңыр топырақ қабаты жұқа, құрамында гумусы аз, ұсақ тасты болады. Бұл топырақ облыстың 1/3 бөлігін алып жатыр.

     Қоңыр топырақ  зонасы – облыстың оңтүстік  бөлігіндегі кең алқапты алып  жатыр, Балхаш үстірті мен Алакөл  қазаншұңқырын қамтиды. Қоңыр  топырақтың жекелеген ірі массивтері Зайсан қазаншұңқырында кездеседі. Топырақ қабаты жұқа, гумусы аз көпшілік бөлігі сортаң.

     Барлық  тау жотасының етегіне жақындаған  сайын топырақ ұсақ түйіршікті  болғандықтан, егіншілікке қолайлы  болады. Алакөлдің солтүстігінде  тақырлар кездеседі. Қоңыр топырақтың барлық түрлері суаруды қажет етеді.

    Аласа, орта және биік  таулар топырағы.

    Бұл жерде негізінен  даланың таулы қара қоңыр топырағы  кешеніндегі сортаңды қара топырақты  шалғын дамыған. 

                                                                                                                            9

    Тарбағатайдың солтүстік  беткейінде бұл топырақтар таулы  қара топыраққа ауысады. Тарбағатай  мен Алтайдың биік белдеуіне  жоғарылаған сайын ол таулы  шалғынды қара топыраққа және таулы шалғынды субальпілік топыраққа жалғасады.

     1000-1100 м биіктіктегі  Қалба жотасының оңтүстік беткейінде  де, таулы-далалы топырақ таулы  қара топыраққа ауысады. Шігелік  пен кіші Бөкен өзендерінің  жоғарғы ағыстарында таулы қоңыр  күлгін топырақ кездеседі. Шыңғыстау орташа биіктіктегі тау болғандықтан, онда биіктік топырақ белдеуі жақсы дамымаған. Бұл жерде таулы даланың қара қоңыр топырағы басым. Берілген топырақ зонасының сипаттамасы, облыс топырағының көпшілік бөлігінің егіншілікке жарамсыздығын айғақтайды.

     Шөлейт зонасы топырақтың  аналық құрамының әр түрлілігі,  жер бедерінің әркелкілігі, әр  зонадағы топырақ жамылғысының  әр түрлі болуымен ерекшеленеді. Облыс топырағының өзіне тән  тағы бір ерекшелігі, оның құрамындағы  тұздың көп болуы. Сор және сортаң топырақтардың бірігіп үйлесуі өңдеуге қиындық туғызады.

     Кендірлік, Қалжыр  өзендерінің бойы ауыр сазбалшықты  топырақтан тұрады. Ол шабындықтың  өсуіне аса қолайлы. Құмды аймақтарда  топырақ қабаты болмайды. Зайсан  көліне таяу жерде батпақты, тұзды-сорлы топырақты жерлер көптеп кездеседі.

    Тарбағатай тауының топырақтарына жалпы сипаттама.

     Таулар, тауаралық далалар  мен тауалды жазықтар топырағы  көп жағдайда вертикальді биоклиматтық  зоналылық әсерімен қалыптасады  және сондықтан кейбір авторлар бұл топырақтардың барлығын таулы деп атайды және көрсетеді.

     Көп жағдайда  вертикальді  зоналылық байқалатын таулы рельеф  дамуында әр түрлі таулы топырақтар  таралған: таулы-шалғындық альпілік  және субальпілік, таулы шалғынды-далалық  және күрең түсті субальпілік (Тарбағатайдың биік тауы), таулы қаратопырақтар, қарапайым және оңтүстіктік (ортатау, Тарбағатайдың аласа тауы және Қалба жоталарының аласа тауы), таулы қарақоңыр (Тарбағатайдың аласа тауы және Шыңғыстаудың оңтүстік беткейі, Қалбаның тау маңайы, ұсақ шоқы арасындағы жекелеген таулы биіктіктер), таулы ашық қоңыр (Тарбағатай, Барлық, Шыңғыстаудың аласатауы мен тау маңайы, ұсақ шоқысы ішіндегі жекелеген таулар), таулы күрең және сұр күрең шөлді топырақтар (Тарбағатайдың шығыс бөлігі мен Барлықтың тау маңайының ұсақ шоқы арасындағы жекелеген таулар топырағы).

     Тауаралық аңғарлар  мен тауалды жазықтар топырақтары  вертикальді зоналық әсерімен  қалыптасып, ерекше топты құрайды,  бірақ өзінің морфологиялық көрсеткіштері  бойынша және қасиетері бойынша олар көп жағдайда өздерінің жазықтық аналогтарынан аз ерекшеленеді. Оларды сәйкес жазықтық топырақтардың ерекше провинциальді нұсқалары ретінде немесе таулы рельеф жағдайында вертикальді зоналылық әсерімен қалыптасқан топырақ ретінде қарастыруға болады.

                                                                                                                             10

Тауаралық аңғарлар топырақтары және тау алды жазықтары топырағы тегістелген  рельеф жағдайында қалыптасады. Бұл  топтың  топырақтары жер шаруашылығының алқаптары болып табылады немесе мелиорация жағдайында жер шаруашылығы үшін қолданылуы мүмкін.

     Тау алды жазықтарында  және тауаралық аңғарларда, вертикальді  зоналылық көрініс беретін жерде  ірі күшті дәнді қаратопырақтар (Қалбаның тауаралық аңғарларында) және ортагумусты және орта қалың дәнді топырақтар (Тарбағатайдың оңтүстік тау алды жазығында), қарапайым орта гумусты және аз гумусты қаратопырақтар және оңтүстіктік аз гумусты орта қалың дәнді қаратопырақтар (Солтүстік-Батыс Алтайдың тау алды жазықтарында және Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде, Қалба  тауларының тауаралық аңғарларында), қарақоңыр дәнді топырақтар (Тарбағатайдың оңтүстік беткейіндегі тау алды жазықтарда) және қарақоңыр түйіршікті топырақтар (Қалба мен Шыңғыстаудың тауаралық аңғарлары мен тау алды жазықтарында), ашық қоңыр дәнді топырақтар (Тарбағатайдың оңтүстік тау алды жазығында), ашық қоңыр түйіршікті топырақтар (Қалба мен Тарбағатайдың тау алды жазықтарында), солтүстік сұр топырақтар (Алакөл ойпатына еніп жатқан Тарбағатайдың тау алды жазықтарында) таралған. Бұл сипатталған топырақтардың барлығы сол немесе басқа таулы жүйеге сәйкес вертикальді зоналылықтың жалпы құрамында таралған.

Информация о работе Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық