Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Физикалық географиядағы таулар мен жазықтардың бір-біріне әсер етуі мен байланыстылығының мақсатты зерттелуіне қосылған үлкен үлес А.И.Яунпутнинмен барьерлік ландшафт жайлы түсініктің еңгізілуі еді. Кейіннен бұл идеялар қабылданды және әдебиеттерге енді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Тарбағатай тауының географиялық орны...............................................5
1.2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері............................................6
1.3 Топырақ және жер ресурстары.................................................................9
1.4 Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары....................................12
1.5 Тарбағатайдың өзендері (ішкі сулары)...................................................15

2. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНЫҢ БАРЬЕРЛІК МӘНІ
2.1 Тарбағатай жотасының климатқа әсері...................................................18
2.2 Табиғат кешендерін қалыптастырудағы рөлі.........................................27

3 ТАРАУ. БАРЬЕРЛІК ЛАНДШАФТЫЛАР СИПАТТАМАСЫ
3.1 Барьерлік ландшафтылар және олардың ландшафт компоненттері мен белдеулер түзілуіндегі рөлі............................................................................29
3.2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың
классификациясы............................................................................................33
3.3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы...............35


4. ТАРАУ.ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ЖЕР РЕСУРЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР.
4.1 Тарбағатайдың ауылшаруашылығының салаларын дамыту.................38
4.2 Тиімділігі жоғары салалрды кіші және орта бизнеске тарту.................39

5. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ.
5.1. Тарбағатайдың туризм саласында жұмыс жасау.................................40


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Барьерные ландшафты..doc

— 660.00 Кб (Скачать документ)

       Таулар  абсолюттік және қалыпты биіктігіне  байланысты ауа мен топырақ  температурасының жоғарылауына немесе төмендеуіне әсер етеді, желдік белсенділікті күшейте алады немесе бөгет бола алады. Осымен байланысты 1. қорғаушы  таулы барьерлер және 2. пассивті таулы барьерлер бөлініп шығады. Олардың біріншілері, яғни қорғаушы таулы барьерлер тауалды және тау маңайлы территорияларды суық ауа массаларының енуінен қорғайды. Оған мысал ретінде Кавказ, Қырым, Тарбағатай тауларын атауға болады. Олардың көбі биіктаулы-қорғаушытаулы барьерлер болып табылады. Аласа таулар және орта таулар кей кезде ғана суық желдерден қорғаушы рөлін атқарады.

       Тау  барьерлері және барьерлік ландшафтылар  әр түрлі белдеулерде және  секторларда түзілген. Олардың әрқайсысында  биіктік белдеулер, ауа массаларының  сипаты және циркуляциясы, континентальдік  дәрежесі, жылу режимі және соңында ландшафтылардың өзі әр текті.

       Физ-географтардың  разработкаларын ескере (Яунпутнинь,1946; Григорьев,1956; Лукашова, 1966; Прокаев, 1967,1973; Исаченко, 1971; Рябчиков, 1972 және т.б)  материктерде мұхитмаңайлық, континентальді, мұхиттық-континентальдік таулы барьерлерді және барьерлік ландшафтыларды бөліп қарастыруға болады.

        Мұхитмаңайлық барьерге мұхитта  жатқан және ылғалды ауа массаларын  бірінші кездестіретін таулар  жатады. Оған мысал ретінде Камчатка, Сихотэ-алинь тауларын және т.б жатқызуға болады.

        Көптеген таулы барьерлер континенттерде  орналасқан және мұхиттан жүздеген  және мыңдаған километр қашықтықта  жатыр. Осының күшімен олар  мүхитмаңайлық және мұхиттық-континентальдібарьерден  кейін ауысқан ауа массаларын  қабылдайды. Бірақ олар сонымен қоса тауларда және оған жақын орналасқан территорияларда ормандық, шалғынндық, далалық ландшафтылардың түзілуінде маңызды рөлге ие. Мұндай барьерлерді континентальді барьерлер тобына жатқызу керек.  Алалдардың тау барьерлерін мұхиттық типке жатқызуға болады,  себебі олар мұхит әсерінде болады. Олар арктикалық, субарктикалық, қоңыржай белдеулерде маңызды орынға ие.ъ

 

 

                                                                                                                           34

       Ландшафтылардағы  өзгешелік барьерлік түзілімдерді  белдеулер бойынша қарастырғанда  байқалады. Арктикалық және субарктикалық  белдеулер ландшафтыларының түзілуіндегі  таулардың барьерлік рөлі төмен  радиациялық баланс – 2-4 ккал/см  жағдайында байқалады.

       Ландшафтылар  түзілуіндегі таулардың барьерлік  рөлі әсіресе қоңыржай белдеуде  байқалады, онда барлық таулық  жоталар, таулар, тау маңайлы жазықтар  ландшафтыларының түзілуіне қатысады.

      Қоңыржай  кеңістік барьерлерінің ерекшеліктерінің бірі болып таулардың барьерлік рөлі мен ормансыздану дәрежесінің бір-біріне  тәуелділігі болып табылады. Бірақ қоңыржай белдеуде ландшафтылардың басқа типтері де бар: далалық, жартылай шөлдік, ормандытундралық. Қоңыржай белдеуге негізінен ауа массалары мен циклондардың батыстық ауысуы тән. Тек шығыс секторда муссондар әрекет етуде.

      Аралдық  барьерлік ландшафтылардың мысалдары  болып оңтүстік курильдік, сахалиндік  және т.б. табылады. Субтропиктік  белдеудің барьерлік ландшафтылары  ауа массаларының маусымдық циркуляциясы жағдайында түзіледі. Радиациялық баланс көлемі жылына 50-60 ккал/см құрайды. Кавказға жауын-шашын көлемінің молдығы, Орта Азия үшін құрғақшылық тән.[22]

  3.3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы.

  • Геопара және оның таулар мен жазықтар байланысындағы рөлі.
  •      Геопара  деп көрші таулар мен жазықтардың  территориальді жиынтығын атайды. Ол табиғи территориялық кешендердің  контрастылы әсері мен тығыз  байланыстылығы арқасында бір  бүтін ретінде функцияланады  және эволюцияланады. Геопараның өмір сүруінің жалпы негізі ретінде географиялық қабықтағы кең масштабты атмосфералық және тектоникалық қозғалыстар қызмет етеді. [23]

         Тектоникалық  қозғалыстар таулар мен жазықтардың  қиылысқан дамуына жағдай жасайды.  Мұндай туындыны Ф.Н.Мильков ландшафтылардың  жалпы ұйымдасу процесі деп  атады. Орта Азия ландшафтыларының  орогенизациясы үштік кезеңнен  басталады, соның өзінде таулық  белдеудегі жер қабығы пластикалық және жарылыстық деформацияға ұшыраған.

         Геопара  түсінігімен табиғи туындылардың  кең шеңбері байланысады. Ең  алдымен ол эндогенді және  экзогенді құраушыдан құралатын  геоморфогенез процестеріне тарайды. 

          Геопараның  негізгі жүргізуші мүшесі – таулар, олар оның режимінің жалпы сипатын анықтайды. В.Пенктің жұмысынан кейін «тау алды саты» деп аталатын денудациялық рельефтің көп ярустылығы бірнеше рет сипатталды. Таулы ғимараттың көтерілуі кезінде вертикальді қозғалысқа оның сатыларын құрайтын жаңа теткі қабаттар тартылады. Осының негізінде пайда болған тік жарылымдар өздерінің жаралу тегімен эрозияға тәуелді. Орта Азия тауларының сатылық құрылымы В.Г.Бондарчукпен ескерілген. К.К.Марковтың тұжырымдамасында рельефтің әр сатысын ярус ретінде қарастыруға болады.

                                                                                                                          35

     Орта Азия таулары  рельефінің ярустылығын И.С.Щукин  (1964), Н.П.Костенко (1970), Ю.А.Мещеряков  (1972), Е.Я.Ранцман (1975 )және т.б. геоморфологтар ескерген. Л.Р.Алибековпен (1978, 1982 және т.б.) Батыс Өзбекстан территориясындағы ярустардың ландшафт құраушы рөлі зерттелген.

         Геопара  концепциясына сәйкес, таулар мен  жазықтар заттардың, энергияның  және ақпараттың қарама-қарсы бағытталған ағындарымен біріктірілген. Жазықтардағы ағын сулардың тауларға тәуелділігі бұрыннан белгілі және көптеген ғалымдардың назарын аударған болатын. Орта Азияда гирометриялық қызметті құрушы В.Н.Глушков ағын көлемін болжау үшін тауларда қар жамылғысының жиналуына бақылау жүргізуді ұйымдастыруға тырысты. Осылай бақылау жүргізу арқылы ол тау суларын шаруашылыққа пайдалануды ұсынғысы келді. Бірақ бұл құнды идея практика жүзінде әлі қолданысқа енген жоқ.

        В.Л.Шульцтен  кейін Орта Азия территориясын тауларда ағын сулардың жиналу облыстарына және ағын сулардың тау маңайына және жазықтарға таралу облыстарына бөлу кең тарады.  

          Орта  Азия таулары мен жазықтарының  атмосфералық ауа арқылы байланысы  өлкенің алғашқы зерттеушілерімен байқалды. А.И.Воейков “Түркістан очерктерінде” тауға жақындағанда жауын-шашын көлемінің өсу тенденциясын байқаған.  Барьерлік әсерден басқа ол Ферғана даласында жаңбырлық  “көлеңке” әсерін анықтады. Қазір таулардың жазықтарға, жазықтардың тауларға ауа массалары арқылы әсер етуінің негізгі процестерін анықталған деп санауға болады, олар геопараны қалыптастыруды қорытындылайтын динамикалық звено қызметін атқарады.

            Ауа ағындарының арқасында «таулар-жазықтар»  геопарасында маңызды рөлді ойнайтын  шаңның көшуі жүзеге асады. Оны алғаш рет В.А.Обручев дәлелдеген, ол шаңның орталық желдермен Орта Азиядан оның маңына көшуін және лесстық жиналымдар түрінде жиналғанын анықтаған. 1909 жылы ғалым «Тянь-Шань және Памир-Алтай тау жоталарының қиылысуы биік барьерді құрап, солтүстік-батыс желдермен әкелінетін эолдық шаңды ұстап қалады деп тұжырымдады». Эолдық механизмнің барлығы литологиялық және желэнергетикалық  анализ де кіретін көптеген әдістермен дәлелденген, сондықтан “атмосфера арқылы заттардың елдіңаридті зонасының орталық бөлігінен оның перифериясына көшуі жүзеге асатынын нақты айтуға болады”.[24]

          «Таулар-жазықтар»  геопарасындағы заттар қозғалысының  маңыздылығына қарамастан, олармен  ішкі байланыстар желісі шектелмейді.  Физ-географиялық көзқарас жағынан нақты көшумен байланыссыз әсерлердің маңызы зор. Әсіресе, барьерлік әсердің маңызы өте зор, оны алдыңғы қатарлы ландшафттанушылар да мойындаған (Исаченко, 1965; Мильков, 1977; Николаев, 1979; және т.б). Ол Ф.А.Максютовпен толық сипатталған.

           Таулар мен жазықтар арасындағы контраст ландшафтылық кешендердің дамуына қажетті жағдай жасайды.                                                          36

     Нәтижесінде геопараны  парадинамикалық ландшафтылық кешендердің  бір типі ретінде  қарастыруға  болады. Физикалық  географияда байланыстарды зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. А.Д.Арманд және Т.П.Куприянова горизонтальді және вертикальды жүйелерді ажыратуды ұсынады және заттар мен энергияның бір бағыттық ағыны пайда болуы үшін градиенттердің маңызын атап өтеді.

          В.С.Преображенский табиғи территориялық кешендер арасындағы байланыстарды зерттеу ландшафттанудың актуальді міндеті болып табылады деп санайды. К.К.Марков бойынша кеңістіктегі және уақыттағы байланыстар – басты географиялық объект.

            «Таулар-жазықтар» геопараларын мақсатты бағытта зерттеу – физ-географиялық аудандастырудың проблемаларын тиімді шешу үшін жағдай жасайды. Ол әр түрлі типтік табиғи кешендер интеграциясы мен көршілік заңдылығы факторының толық ескерілуін талап етеді.

           Геопара  мүшелерінің бір-біріне әсер етуін қамтамасыз ететін процестер екі топқа бөлінеді: а)зат пен энергия алмасуына тәуелді; б)тәуелді емес;

           Процестердің  бірінші типіне ағын су, жергілікті  желдер, жануарлар миграциясы сияқты  қозғалыстар жатады, екінші типке – ауа массаларының көтерілуімен, ылғал конденсациясымен және жауын-шашынның түсуімен қатар жүретін ауа массаларының жоталарда шоғырлануы; ауа массаларымен тау құрылыстарының ағуы; тау шыңындағы атмосферада толқындардың шоғырлануы жатады.

          Қозғалысқа қатысатын заттың сипатына байланысты «таулар-жазықтар» геопарасы байланысында біз төрт каналды ажыратамыз:

    1. Минералды заттың тектоникалық қозғалыстар формасында орын ауыстыруы және материалдың жотадан гравитациялық қозғалуы;
    2. Жалпы және жергілікті градиентар әсерімен ауаның алмасуы, орын ауыстыруы;
    3. Жер беті, жер асты суларының ағынды түрде орын ауыстыруы;
    4. Тірі заттың орын ауыстыруы (жануарлардың маусымдық миграциясы);

         Таулар  мен  жазықтар арасындағы заттардың  қозғалуы активті және пассивті  болуы мүмкін. Активті түрде мысалға, ауырлық күші әсерімен сулар қозғалады, ал пассивті түрде – олармен араласқан заттар және еріген тұздар қозғалады.

          Таулар  мен жазықтар арасындағы заттық  байланыстардан басқатолқындық  байланыстар да байқалуда. Олар  сейсмикалық толқындар энергиясының ошақтардан бөлініп берілуімен байланысты. Бұл байланыстар соңғы жылдардың зерттеулері көрсеткендей әр түрлі метеорологиялық және басқа эффектілермен қатар жүреді.

          Геопарадағы  қозғалыстың рөлі кез келген  географиялық процестің жалғастығына байланысты, мұнда массалардың тоқтаусыз орын ауыстыруының маңызы зор.  Таулы-жазықтық бірлік ерекшелігіндегі көп нәрсе оны тарихи көзқарас жағынан қарастырғанда,

                                                                                                                                37

     зерттеу пәні болып  эволюциялық процестер қызмет  еткенде ғана түсінікті болып  табылады.

         Геопарадағы  табиғи процестердің әрқайсысы  кейбір құрылымдар түрінде белгілі  нәтижеге ие. Соңғысы нақты процестердің  туындауына және дамуына әсер етеді, нәтижесінде кезекті және параллельді туындылар байланысының тізбегі қалыптасады. Мұндай «тізбекті реакцияларды» зерттеу соңғы жылдары географияның басты міндеті ретінде қаралуда. [25]

         Геопараларда  уақыттың рөлін де ескеру керек – көлемі бойынша аз нәтижелер жүз мың жыл масштабында үлкен масштаб құраушы әсер береді.Бұл әсерлердің күрделі қиылысуы кеңістікте ландшафтылық мозайканың қалыптасуына әкеледі.

         Таулар  мен жазықтар байланысының заңдылықтарын  түсіну үшін нақты процестер нәтижелерінің жеке анализдері жүргізудің мәні зор. Мұнда қажетті формалардың классификациясы генетикалық факторды ескеру керек. Геопара мүшелері арасында энергия және зат алмасуымен байланысты процестер нәтижесін ажырату мақсатты міндет болып табылады.

          Бірінші  тип процестері өнімдерінің арасында  жота алдында ауа массаларының  бөгелу нәтижелерін бөліп қарастыруға  болады:

      1. Тауларға және тау алды жоталарына жақындағанда жауын-шашын мөлшерінің өсуі.
      2. Таулы шыңдардың жел жиі соғатын бөлігінде эолдық жиналымдардың түзілуі.

            Таулар мен жазықтардың шекаралық  сызығында бірнеше географиялық  құрылымның концентрациясы жүзеге  асады. Ол көрші орналасқан  таулар мен жазықтардың байланыстылығының  белсенділігін дәлелдейді. Соңында  жалпы бұл құрылымдардың барлығында бір генезис – геопара мүшелерінің әрекеті бар. [26]

             Жалпы таулар мен жазықтар  байланысының нәтижесінде жаралу  тегі жағынан біртектілікке ие  табиғи кешендердің территориальді  парагенетикалық құрылуы жүзеге  асады.

             Геопарада бұрын әрекет еткен процестер өнімдерінен  басқа бұрынғы процестердің нәтижелері бар – мореналар, құрғақ далалар, ежелгі дельталар және т.б. Олар да таулар мен жазықтардың бұрын болған байланысын дәлелдейтін табиғи кешендер құрайды. Оны зерттеу үшін палеогеография  әдістері керек.

    Информация о работе Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық