Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Физикалық географиядағы таулар мен жазықтардың бір-біріне әсер етуі мен байланыстылығының мақсатты зерттелуіне қосылған үлкен үлес А.И.Яунпутнинмен барьерлік ландшафт жайлы түсініктің еңгізілуі еді. Кейіннен бұл идеялар қабылданды және әдебиеттерге енді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Тарбағатай тауының географиялық орны...............................................5
1.2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері............................................6
1.3 Топырақ және жер ресурстары.................................................................9
1.4 Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары....................................12
1.5 Тарбағатайдың өзендері (ішкі сулары)...................................................15

2. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНЫҢ БАРЬЕРЛІК МӘНІ
2.1 Тарбағатай жотасының климатқа әсері...................................................18
2.2 Табиғат кешендерін қалыптастырудағы рөлі.........................................27

3 ТАРАУ. БАРЬЕРЛІК ЛАНДШАФТЫЛАР СИПАТТАМАСЫ
3.1 Барьерлік ландшафтылар және олардың ландшафт компоненттері мен белдеулер түзілуіндегі рөлі............................................................................29
3.2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың
классификациясы............................................................................................33
3.3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы...............35


4. ТАРАУ.ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ЖЕР РЕСУРЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР.
4.1 Тарбағатайдың ауылшаруашылығының салаларын дамыту.................38
4.2 Тиімділігі жоғары салалрды кіші және орта бизнеске тарту.................39

5. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ.
5.1. Тарбағатайдың туризм саласында жұмыс жасау.................................40


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Барьерные ландшафты..doc

— 660.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ «Қ.ТОЛЕУБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ-БАҚШАСЫ» М.М.

 

 

 

 

 

 

Бағыты:  Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық орындарын дамыту»

 

 

 

 

 

Пәні: География

 

 

 

 

 

 

ТАРБАҒАТАЙДЫҢ БАРЬЕРЛІК  ЖӘНЕ ТУРИЗМДІК МӘНІ.

 

 

 

 

 

                                        

 

 

                                                              Орындаған: 10 сынып оқушысы :

                                                                 Хайдарова Рысбала Қайратқызы.

 

                                                                    Ғылыми жетекші:

                                                              

 

                                                                   Пән мұғалімі:

                                                  

 

 

                                       

 

 

                                          МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

1. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

1.1 Тарбағатай тауының  географиялық орны...............................................5

1.2 Тарбағатайдың геологиясы  мен жер бедері............................................6

1.3 Топырақ және жер  ресурстары.................................................................9

1.4 Табиғат зоналары, өсімдіктері  мен жануарлары....................................12

1.5 Тарбағатайдың өзендері (ішкі сулары)...................................................15 

 

2. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ  ТАУЫНЫҢ БАРЬЕРЛІК МӘНІ

2.1 Тарбағатай жотасының  климатқа әсері...................................................18

2.2 Табиғат кешендерін  қалыптастырудағы рөлі.........................................27

 

3 ТАРАУ. БАРЬЕРЛІК ЛАНДШАФТЫЛАР СИПАТТАМАСЫ

3.1 Барьерлік ландшафтылар  және олардың ландшафт компоненттері  мен белдеулер түзілуіндегі рөлі............................................................................29

3.2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың

 классификациясы............................................................................................33

3.3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы...............35

 

 

4. ТАРАУ.ТАРБАҒАТАЙДЫҢ  ЖЕР РЕСУРЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН  ЖОСПАРЛАР.

4.1 Тарбағатайдың ауылшаруашылығының  салаларын дамыту.................38

4.2 Тиімділігі жоғары  салалрды кіші және орта бизнеске  тарту.................39

 

5. ТАРАУ.  ТАРБАҒАТАЙДЫҢ  ТУРИЗМ САЛАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ.

5.1. Тарбағатайдың туризм  саласында жұмыс жасау.................................40

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

                                                    КІРІСПЕ

 

      Курстық жұмыстың  мақсаты: таулар мен жазықтар  байланысындағы барьерлік ландшафтыларды  және олардың географиялық маңызын  анықтау жөнінде зерттеу жүргізу, Тарбағатайдың туризм саласын дамыту.

      Курстық жұмыстың  міндеттері:

  • Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысын зерттеу;
  • Барьерлік ландшафтылар және ландшафт компоненттері мен белдеулердің түзілуіндегі олардың рөлін анықтау;

     Көрші орналасқан  жазықтар мен тауларды зерттеуде  әрқашан ең алдымен олардың  табиғи жағдайларының өзгешелігіне, бір-біріне ұқсамайтындығына мән беріледі. А.Гумбольд заманынан бастап географтар және экологтар тауларда биіктік белдеуліктің барлығын ескерген. Бұл туындының зерттелуіне дәстүр бойынша көп мән беріледі, соның арқасында жеке табиғи компоненттердің және табиғи кешендердің вертикальді өзгерісі жайлы көп ақпарат жиналған. Нәтижесінде таулы елдердің ландшафтты дифференциациясының негізгі заңдылығы ретінде биіктік зоналылық жайлы тұрақты түсінік қалыптасты.  Осы заңдылыққа сәйкес физико-географтар Л.С.Бергтан кейін аудандастыру кезінде Орта Азияның таулары мен жазықтарын бөлудің бірінші кезеңінің өзінде жеке шекараларды қарастырды.

      1961 ж  Л.Н.Бабушкин, Н.Д.Далимов, Н.А.Когай   құрамына тығыз байланысты таулар  мен жазықтар кіретін Тұран провинциясының бөлінісін негіздеді. Олардың ізбасарларының бірі В.И.Четыркин арнайы құрылымнан тұратын кең территорияларды бөліп қарастыру қажеттігін ескерді, “ол таулар мен жазықтардың бір бүтін жүйе екенін” білдіреді. Орта Азия таулары мен жазықтарын бір аймаққа біріктіруді қолдаушылардан геоботаниктер Р.И.Аболинді, М.Г.Попов, Е.П.Коровин және т.б және топырақтанушылар И.П.Герасимов, А.Н.Розанов, Б.В.Горбунов және т.б атауға болады. А.Н.Розанов бүкіл топырақ бірлестігін төменгі жазықтардан жоғарғы тау жүйелеріне дейін қарастыру керек деп санады. Е.Н.Коровин Орта Азияның  өсімдік жамылғысын жазықтарды да тауларды да қамтыған провинцияларға бөлді. Э.М.Мурзаев физ-географиялық аудандастыру схемасында таулардың жазықтарға әсерін ескерді.

      Физикалық географиядағы таулар мен жазықтардың бір-біріне әсер етуі мен байланыстылығының мақсатты зерттелуіне қосылған үлкен үлес А.И.Яунпутнинмен барьерлік ландшафт жайлы түсініктің еңгізілуі еді. Кейіннен бұл идеялар қабылданды және әдебиеттерге енді.

      Ф.Н.Мильков энергия және зат алмасуының жоғары интенсивтілігімен ерекшеленетін тау маңайлы ландшафттардың ерекше классын бөліп қарастыруды ұсынды. Ол таулардың күшті ландшафтылық әсері маңындағы жазықтардың кең зонасын қамтып алысқа тарайды деп есептеді. О.Ю.Пославская рельеф және рельеф құрушы процестер бойынша мәліметтерді толықтырып, таулы және жазықты бөліктерді қамтыған геоморфологиялық аймақтардың бөліну заңдылығын көрсетті.

                                                                                                                   3                  

Ф.Н.Мильковтың мақаласының  публикациясы жарыққа шыққан уақыттан

бері таулар мен жазықтардың  бір-бірімен тығыз байланыстылығы жайлы түсінік тереңдеді, жалпы  сипатта бір-бірімен әсер етуінің  механизмі анықталды. А.А.Макунинаның кітабында ол туралы былай делінген: «Орта Азия таулары – атмосфералық жауын-шашынның аккумуляциясы облысы, жазықтары –беткі ағындардың жинақталған облысы... сумен бірге ОртаАзия өзендері таулардан көптеген материалдарды, сондай-ақ езілген  заттарды ағызып әкетеді. Ағызылған материалдардан жаңа аккумулятивті жазықтар қалаптасады, ол ұсақ, жұқа фракциялар бағытталған ауа әсерімен аэрозоль күйінде қайта тауларға қонады. Осындай жолмен Орта Азия таулары мен жазықтарының тығыз байланысқан дамуы жүреді». Динамикада таулар мен жазықтардың геоморфологиялық байланысы Б.А.Федоровичпен қарастырылған, ол олар бір-бірін сіңіріп алады деп ескерген.

      Жалпы  тақырыпты зерттеуде салыстырмалы  географиялық, картографиялық  және  т.б зерттеу әдістері қолданылды.

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                              4                    

 

 

        1 Тарау. Тарбағатай тауына физикалық-географиялық сипаттама.

       1.1 Тарбағатай тауының географиялық  орны.

       Сауыр-Тарбағатай  Алтайдан оңтүстікке қарай орналасқан  көрші тау жоталарымен бірге  біртұтас тау жүйесін құрайды.  Сөз төркіні қалмақтың «Суырлытау» деген сөзінен алынған.

       Солтүстігінде  Зайсан қазаншұңқыры, ал оңтүстігінде  Алакөл қазаншұңқыры жатыр. Ұзындығы 470 км, ені 150 км-ге созылған.

       Тарбағатай тауы  Зайсан  қазаншұңқырының оңтүстік және оңтүстік батысында орналасқан. Ол облыс өлкесінің бірден-бір биік, әрі әсем бөлігінің бірі. Басын қар шалған қарт Тарбағатай өте ертеде пайда болған. Оның пайда болу кезеңі миллион жылдармен есептеледі. Қазіргі кезде Тарбағатай тауының оңтүстігі асу бермес қиын, солтүстік беткейі жатық. Тау қойнауларында талай тарих құпияларын жасырған үңгірлері, сылдырай аққан бұлақтары мен, кейде жоғалып, кейде пайда болатын өзендері көз тартады.

        Тарбағатай  бір-бірін жалғастыратын бірнеше  жоталардан тұрады. Басқа сілемдермен  салыстырғанда Тастау шыңы (2992 м) биіктігімен ерекше көзге түседі.

        Оның батыс  бөлігінде Жалаулы тауы теңіз  деңгейінен 2962 м көтеріліп, орташа  биіктігі 2000 м болатын тау сілемдері  250 км жерге созылып жатыр. Аңызға  айналған «Ақберілі» асуы мен  «Найзақара» секілді шыңдары бар. «Найзақара дегенде найзақара, сен мені танымасаң айға қара» деген сөз ел аузында әлі сақталған.

        Бұл өлке  альпілік тау жасалу кезеңіне  сәйкес келгендіктен, тау түзілу  процесі қазірде жүріп жатыр.  Оны соңғы кездердегі жер сілкіну  процестері дәлелдейді.

        Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің ең биік жотасы Сауыр. Оған жалғасып Сайқан жатыр. Олардың биік бөлігі Мұзтау (3805м). Қазақстан жеріне оның тек солтүстік бөлігі ғана кіреді. Солтүстік беткейіндегі шатқалдарда кішікірім мұздықтар бар. Ағын сулардың әсерінен жоталар үгілуге көбірек ұшыраған, беткейлері жақпарлы болып келеді.

        Сауыр –  Сайқанның батысындағы Маңырақ  тауы Шорға жазығына дейін  созылады. Ол Зайсан қазаншұңқырының  оңтүстік-шығысында орналасып, Кендірлік,  Еспе өзендеріне суайрық болады. Сауыр жотасының  солтүстік етегі Зайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі.

        Сауыр сияқты  Тарбағатайдың да Қазақстанға  батыс бөлігі (Хабарасу асуынан  Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады.

        Тарбағатай (Барқытбел)  бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытай жерінде) өзендері бөліп жатады.                                                                                     5

 

 

     1.2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері,

    Тарбағатай Жотасының  Қазақстанға батыс бөлігі ғана (Батыс Тарбағатай) еніп жатыр және ендік бағытта 180 км-ге созылып жатыр. Оның солтүстік беткейі  оңтүстікке қарағанда аз тілімденген. Бетінің тегістелуі кең дамыған.  Тау беткейлері шатқалдармен терең бөлінген.  Жотаның ең биік жері 2991 м, орташасы – 2000 м. Тарбағатайдан батысқа солтүстік-батыс бағытта  Шыңғыс жотасы ұласып жатыр, онда абсолюттік  биіктік 1300 м дейін төмендейді.  Тарбағатай  Алакөл және Зайсан ойпаттарын бөліп жатыр.  Тарбағатайдың кішігірім тауаралық ойпаттары ол үшін үлкен маңызға ие емес.

     Тарбағатай антиклинориясының  шегінде негізінен төменгі және  орта палеозойдың шөгінді жыныстары  дамыған, ал оның ядросы (ортасы) ортаордовиктік түзілімдерді құрайды.  Каледондық Тарбағатайлық қатпарлы жүйе – варистік Жоңғар-Балхаш  геосинклиналиден Аягөз-Ұржарлық және Барлық жарықтарымен бөлінген.

      Батыс Тарбағатай  шегінде орташа таулар, аласа  таулы және тау алды адырлы  рельеф айқындалады (1).

      Шұғыл тілімденген  орташа таулар ең үлкен абсолюттік биіктікке 2000-2900 м ие. Рельефтің бұл типіне қырқаларды 700 м биіктікке дейін бөлетін терең шатқалдардың болуы тән. Палеозойлық жыныстардың шатқалдық түзілімдерімен көмкерілген қырқалардың беткейлерінде майда ірі тау жыныстары дамиды. 2000-2200 м абсолюттік биіктікте карлар – ежелгі мұз басудың іздері байқалады.

     Қазіргі таңда карлар  өте жоғары орналасқан және  таулар физикалық үрленуге шалдығуда.  Оған беткейлердің төменгі бөліктеріндегі  жаңа майда ірі тау жыныстары  дәлел бола алады.

     Тектоникалық кертпештердің төменгі бөліктеріне шығу конустарының тауалды шлейфтары мен адырлы жер бедері  еніп жатыр.

     Қалыпты тілімденген  орташа тау Алакөл көлімен  шығысқа және жотаның батыс  бөлігінде дамыған. Абсолюттік  биіктік 1200-1400 м жоғары емес.  Үлкен беткейлі қырқалар кең тараған.

     Орта таулы жер  бедерінің суайрықтық кеңістіктерінде  палеогендік және төменгі антропогендік  түзілімдер сақталған. (2) Ол тегістелудің  ежелгі беткі қабатының және  төменгі төрттіктен кейінгі –  таулы жер бедерінің палеогендікке дейінгі жасын көрсетеді.

     Аласа таулы жер  бедері тектоникалық кертпештермен  жоғарыда орналасқан орташа таулардан  және төменде жатқан адырлардан  бөлініп орналасқан.  Абсолюттік  биіктік 1000 метрден 1200 метр аралығында, ал ауытқымалар 300-450 м. Рельефтің тегіс формалары жалдармен, қырқалармен айқындалған. Суайрықтар кейбір жерлерде жоғарғы плиоцен – төменгі субстратта аккумулятивті денудациялық жазықтарға өтеді. Ол аласа таулы жер бедерінің кейінгі ертетөрттік жасын дәлелдейді.

                                                                                                                        6

     Адырлы  жер бедері Батыс Тарбағатайдың  етегіне тән. Оның түзілуі тау  алды шлейфтардың және тауаралық  ойыстардың жалпы көтеріліп, кейіннен  кеуекті түзілімдерінің эрозиямен тілімделуіне байланысты.

Информация о работе Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық