Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Физикалық географиядағы таулар мен жазықтардың бір-біріне әсер етуі мен байланыстылығының мақсатты зерттелуіне қосылған үлкен үлес А.И.Яунпутнинмен барьерлік ландшафт жайлы түсініктің еңгізілуі еді. Кейіннен бұл идеялар қабылданды және әдебиеттерге енді.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНА ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
1.1 Тарбағатай тауының географиялық орны...............................................5
1.2 Тарбағатайдың геологиясы мен жер бедері............................................6
1.3 Топырақ және жер ресурстары.................................................................9
1.4 Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары....................................12
1.5 Тарбағатайдың өзендері (ішкі сулары)...................................................15

2. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫНЫҢ БАРЬЕРЛІК МӘНІ
2.1 Тарбағатай жотасының климатқа әсері...................................................18
2.2 Табиғат кешендерін қалыптастырудағы рөлі.........................................27

3 ТАРАУ. БАРЬЕРЛІК ЛАНДШАФТЫЛАР СИПАТТАМАСЫ
3.1 Барьерлік ландшафтылар және олардың ландшафт компоненттері мен белдеулер түзілуіндегі рөлі............................................................................29
3.2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың
классификациясы............................................................................................33
3.3 Таулы және жазықтық ландшафтылардың өзара байланысы...............35


4. ТАРАУ.ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ЖЕР РЕСУРЫСЫН ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР.
4.1 Тарбағатайдың ауылшаруашылығының салаларын дамыту.................38
4.2 Тиімділігі жоғары салалрды кіші және орта бизнеске тарту.................39

5. ТАРАУ. ТАРБАҒАТАЙДЫҢ ТУРИЗМ САЛАСЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ.
5.1. Тарбағатайдың туризм саласында жұмыс жасау.................................40


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Барьерные ландшафты..doc

— 660.00 Кб (Скачать документ)

        Б.П.Алисов тау климатының жазық  жерлер климатынан өзгешелігін  анықтады және тауларда жауын-шашынның  мол түсуінің себебі рельеф  бетінің әсерімен фронттардың  белсенділігіне және шыңдарда  термиялық конвекцияның күшеюінен деп көрсетті. [4]

        Н.А.Гвоздецкий шыңның барьерлік  әсерінің байланысында циркуляциялық  экспозицияны атап өтті.

        В.И.Прокаев барьерлік-биіктік белдеулердің  зоналық типтерінің негізін қалады, таулы барьердің тауға жақын  зоналарға әсерін атап өтті. [5]

        И.С.Щукина, О.Е. Щукина таулардың  ландшафтылық белдеулігіне сипаттама  берді, таулы елдер оған жақын  орналасқан жазықтық территориялардың  табиғи жағдайларына әсер ететінін  атап өтіп, әр түрлі шыңдарды  ескерді. [6]

       Ф.Н.Мильков Орта-Орыс жотасының мысалында желдік бағыттағы шыңдарда жауын-шашынның көп жауатынын, мұнда ылғалды ландшафтылардың қалыптасатынын атап өтті. Ол «циркуляциялық экспозиция – тау алды жазықтарда белсенді ылғалды барьер маңайлы ландшафтылар немесе

                                                                                                                         29

 құрғақшылықпен ерекшеленетін  «жаңбырлық көлеңке» ландшафтыларының  қалыптасуын тудырады» деп жазды. [7]       

        В.А.Николаев барьерлік-орографиялық бөгеттің жауын-шашынның көбеюіне және Көкшетау жотасында ормандық алқаптардың қалыптасуына әсерін ескерді. [8]

        М.А.Лихоман таулы барьерлермен  байланысты интрасекторлық және  интразоналылық идеясын ұсынды. Таулы ландшафтылардың қалыптасуындағы барьерлік рөлге А.А.Макунина, Т.С.Тохонова,  Ю.А.Щербаков, Н.Ф.Сеньковская, А.Г.Сущевский және тағы басқалары көңіл аударды.

        Осылай зерттеушілер таулардың  өзіне жақын орналасқан территориялар  ландшафтыларына әсерін атап  өтеді. Бірақ шекараны анықтау үшін қандай критерилерді негізге алу керектігі және таудың қоршаған территорияларға әсері қай жерден басталатынын және бітетінін анықтау түсініксіз болды. Аталған еңбектерде тау маңайлы және таулы ландшафтылардың шекаралары қарастырылмаған, барьерлік ландшафтыларды анықтау жөнінде ешқандай методикалық ұсыныстар көрсетілмеген. Жауын-шашын немесе ағын судың азаюы мен көбеюіндегі барьерлік рөлді ешкім жоққа шығармайды. Бірақ өзіне жақын орналасқан жазықтармен бірге таулы елдер бірқатар зерттеушілермен біртұтас бірлік ретінде қарастырылады (Четыркин,1960; Сочава, Ряшин, Белов, 1963; Когай, 1969,1971;).

        Ф.Н.Мильков және Н.А.Гвоздецкий  жазықтар және таулар жеке  аймақ болып табылады, ол олардың  генезисімен тығыз байланысты  және бір-біріне әсер етуші кешендерді парагенетикалық ландшафтыларға жатады деп айтты.

         Ф.А.Максютовтың еңбектерінде ландшафт  қалыптасуындағы таулардың барьерлік  рөлі негізделген және барьерлік  ландшафтар проблемалары қарастырылған,  таулардың барьерлік әсері анықталған, ал таулардың барьерлік әсерімен түзілетін барьерлік ландшафтылар жеке таулық, аласатаулық-тауалдылық және таумаңайлық болып бөлінген. [9]

        Алғаш рет таулы барьерлердің  типологиясы және классификациясы  келтірілген және барьерлік ландшафтылар шекаралары ескеріліп табиғи аудандастырудың схемалары қарастырылған.

        Барьерлік ландшафтылар табиғи-жаратылыстық  туындылар болып табылады. Олардың  қалыптасуы атмосфералық процестермен  байланысты, оған таулар әсер  етеді. Тау барьерлері радиация  көлемін бөледі, атмосфералық жауын-шашынның және ағынның көбеюіне немесе азаюына, температураның жоғарылауына немесе төмендеуіне, эрозиялық процестердің, желдің белсенділігіне, ормандылық деңгейіне және соңында ерекше ландшафтылардың қалыптасуына әкеледі. Ауа массалары өз қозғалыстарында жоталарды, тауларды кездестіреді және нәтижесінде жауын-шашын көлемін, ылғалдылықты, ағын су көлемін көбейтеді. Бұл  тау маңайында және тау маңайлы жазықтарда ылғалды ландшафтылардың түзілуіне әкеледі. Ал тауларда  керісінше, жауын-шашын, ылғалдылық, ағын көлемі азаяды және құрғақ ландшафтылар түзіледі.

                                                                                                                       30

       Барьерлік  ландшафтылардың шекаралық бөліну  негізіне ландшафтылық кешендердің шекараларымен ескерілген изогиеталар мен изогипстар қабылданған. Аласатаулы-таумаңайлы және тауалды-жазықты ландшафтылар орталық таулы жоталардың ішінде анық ерекшеленеді және таулы облыстардың шеттерін алып жатыр.

       «Тауалды ландшафтылар» түсінігі жайлы ортақ пікір жоқ, бірақ геоморфологияда «тау алдына» көп көңіл бөлінеді.

       БСЭ-нің  үшінші басылымында мынадай анықтама  берілген: «Тау алды – шыңдық  немесе ойпаттық рельефімен ерекшеленетін  таулы елдің төмендеген жағалық бөлігі».[10]

       И.С.Щукин  тау алдына таулардан жазықтарға  өтетін ауыспалы территориялар  рөлін жатқызады. Ол былай деп  жазды: «Әр тауалды тау өкшесінің  тұйық линиясымен қоршалған. Кейде  жазықтан тау шыңдарына өту  тауалдының ауыспалы зонасының  барлығымен жұмсарады».[11]

      В.М.Прокаев  тауалды рельефтерін былай сипаттайды: «Тауалды әдетте ойпатты, ұсақ  шоқылы немесе жартытаулы шыңды  рельефпен сипатталады».[5] Бұл анықтамаларда  шекаралар туралы нақты көрсетілімдер  жоқ болғанымен, тауалды таулы  елдердің жағалық ойпаттарын және шыңдық тау асты жазықтарын қамтитыны анық. Барлық анықтамаларда тауалды ландшафтыларының жергілікті атаулары жайлы айтылады, мысалы, прилавкілер және адырлар.

      Ұлкен  Совет Энциклопедиясында және  Қысқа географиялық энциклопедияда келесі анықтамалар берілген:

      «Прилавки  – Тянь-Шаньның солтүстік жоталарының  тауалды ландшафтыларының атауы».(Іле  Алатауы,Қырғыз жотасы). Адырлар  (баиры) прилавкілердің аналогі  болып табылады. Адырлар – Ферғананың  тау жоталарын және Орта Азияның  кейбір басқа жоталарын қоршаушы шыңдық-увалистік тауалды ландшафтылар.[12]

      Физ-географтар  адырлар мен прилавкілерге кеңейтілген  анықтамалар береді. Н.Н.Пальгов  прилавкілердің морфологиялық жағына  ғана мән бермей, олардың өсімдік  жамылғысының ерекшеліктеріне де мән берді. Іле Алатауы прилавкілері жайлы ол былай деп жазды: «Бұл - өсімдік жамылған, майда шыңды жоталар қатары».[13]

      Ф.Н.Мильков  былай деп жазды: «Адырлар –  Орта Азиядағы шөлді және жартылай  шөлді, шыңды тауалды жерлер».  Адырлар сызығы тауларда 1000-1500 м дейінгі абсолюттік биіктікке көтеріледі. Адырлардың аналогі деп ол прилавкілерді санады. «Прилавки – Солтүстік ТяньШань тауларының төменгі белдеуінің аты, адырлардың аналогі. Биік прилавкілердің құрылуына тығыз палеозойлық жыныстар қатысады. Іле Алатауында прилавкілер 1500-1800 м биіктікке дейін көтеріледі және далалармен, орман алқаптарымен және бұталармен көмкеріледі».[14]

      Т.С.Гуляева,  А.В.Чигаркин төмен және жоғары  прилавкілерді ландшафт түрлері  ретінде сипаттады. Тауалды жерлер көбінесе зерттеушілермен таулы елдер құрамында қарастырылады.

                                                                                                                          31

      А.В.Чигаркин  Солтүстік Тань-Шань территориясында  тауалды шөлді-далалы (700-900м) және аласатаулы шалғынды-далалы (900-1700м), ортатаулы орманды-шалғынды-далалы (1700-2700м), биіктаулы-шалғынды (2700-3000м), және биіктаулы гляциальді-нивальды (3800м және одан да жоғары ) биіктік зоналарды, сондай-ақ прилавкілерден тауалды жазықтарға дейінгі тауалды жерлерді бөліп қарастырды. [15]

       В.М.Чупахин  Қазақстан тауларында биіктік  ландшафтылық зоналарды бөліп  қарастырды: тауалды жартылай шөлді,  тауалды шалғынды-далалық, тауалды-ортатаулы  шалғынды-далалы, тауалды шөлді,  тауалды-ортатаулы далалы және тауалды далалы және биіктік ландшафтылық белдеулер: аласа тауалды далалы, биік тауалдылардың шалғынды-далалы, бұталармен тауалды далалы және биік тауалдылардың құрғақ далалы зоналары. [16]

      В.Б.Сочава, В.А.Ряшин, А.В.Белов тауалды өлкелік иілімдерді таулы елдерге жатқызды.

      А.Г.Исаченко  таулы ландшафтыларды аласа таулы,  орта таулы, биік таулы ярустарға  бөлді және бір типке жататын  таулы және жазықтық ландшафтылар  генетикалық жағынан бір-бірімен  байланысты деп есептеді.[17]

      В.И.Прокаев  тау алдын аласатаулы, шыңдық-увалистік  рельефпен бірге қарастырады  және оны таулы елдер құрамына  кіргізеді.

      А.А.Макунина  тау алдын және тауалды жазықтарды  негізінен Орал таулы елінің  құрамында қарастырады. [18]

      Н.А.Когай  тауалды және тауасты таулы территорияларды бөліп қарастырады. [19]

     Бірқатар  зерттеушілер тауалды ландшафтыларды  негізделген түрде сипаттайды. А.И.Яунпутнинь  тауалдыларды барьерлік тауалды  ландшафтылар деп санайды. Тауларға  жақын еніп жатқан территориялардың топырақты зоналарын Н.Н.Розов, Е.Н.Иванова, П.А.Летунов, В.И.Фридланд, С.А.Шувалов, Ю.А.Ливеровский, Э.А.Корнблюм тауалды провинцияларға топтастырады. Ф.Н.Мильков ландшафтылардың жеке тауалды классын бөліп қарастырады. А.Е.Федина таулы территориялардың дифференциациясы кезінде тауалды және тауаралық жазықтарды таулардан бөлуді ұсынады. [20]

     Н.А.Гвоздецкийдің  пікірі бойынша «Биіктік зоналылық  спектрі тауалды немесе тауаралық  жазықтың ландшафтысынан емес  тауалды шыңның өкшесінен басталуы  керек».[21]

      Ф.Н.Мильков  атап өткендей, “тауалды ландшафтылар  – жазықтық ландшафтылардың таулармен  түйіскен зоналары”. Тауалды  ландшафтылар екі класс құрамында  қарастырылуы керек: аласатаулы-тауалды  және тау маңайлы. Таулы-барьерлік  әсерден тыс жатқан ландшафтыларды зоналы-жазықты табиғи кешендер деп атау керектігі қаралған. Бұл барьерлі түзілімдерді “дұрыс” табиғи зоналардан ажыратуға мүмкіндік береді. [22]

 

 

 

                                                                                                                     32

  3.2 Тау барьерлерінің және барьерлік ландшафтылардың классификациясы.

         Таулы барьерлер бұрынғы Кеңес  Одағының көптеген аудандарында  кездеседі. Бірақ олардың ландшафт  түзілуіне әсері бірқалыпты емес. Таулардың ауа массаларының динамикасына әсер ету сипатына байланысты, барьерлік әсердің ландшафтыларда көрініс табу дәрежесіне байланысты, барьер әсерінің ауданына байланысты, таулы барьерлердің географиялық белдеулерде және секторларда орналасуына байланысты таулы барьерлердің және барьерлік ландшафтылардың әр түрлі класстары, типтері, нұсқалары айқындалады.

        Ауа массаларын ұстап қалу  дәрежесіне байланысты барьерлік  ландшафтылар былай бөлінеді:

  1. Толық барьерлер, таулы жоталардың барлық шыңдары ылғалды ауа массаларын жақсылап бөгеп қалғанда бөлініп шығады. Оған мысал ретінде Көкшетау таулы барьерін атауға болады.
  2. Толық емес барьерлер, ауа массалары желге қарсы шыңдарды ылғалдандырады, жоталарды басып жоғарғы шыңдардың желге қарсы микрозоналарына ылғал бергенде бөлініп шығады.
  3. Екі жақты барьерлер, таулы жоталар әр түрлі бағыттағы ауа массаларының әсерінде болғанда және екі шың ылғалды ауа массаларын ұстап қалғанда бөлініп шығады. Оған Сихотэ-Алинь, Кавказ және т.б. жатқызуға болады.
  4. Бүтін барьерлер, ауа массалары таулармен бөгеліп, тау маңайына түйіскен жазықтарда жауын-шашынның көбеюіне жағдай жасағанда бөлінеді. Бұл Орал, Талыш таулары және т.б.

       Таулы  барьерлердің кейбір типтері,  мысалға Орал, Саян және т.б  бүтін және толық емес таулы  барьерлерге жатуы мүмкін. Олар  ауа массаларының жартысын ұстап қалады, ал қалған жартысын жота ұстайды, одан қалған ауа массалары қалған тау жоталарымен бөгеледі.

       Барьерлік  қосалқы таулы және онымен  байланысты ландшафтылардың негізгі  табиғи құрылымын анықтайды. Тектоникалық  қозғалыстар таулардың түзілуіне алып келді, ал соңғылары ылғалдану сипатына және термиялық жағдайына байланысты ландшафт түріне ие болды: орманды, орманды далалы, далалы немесе ландшафттық белдеулердің таулы-биіктік спектрі. Бұл заңдылыққа сәйкес, таулардың барьерлік әсерінің көріну дәрежесіне байланысты мынадай барьерлер бөлінеді:

  1. Жеке таулы барьерлер – таулар ландшафтыларының түзілуіне әсер ететін барьерлер. Жеке таулы барьерлер климаттық, эдафо-ботаникалық және ландшафтылық болып табылады. Жеке таулы барьерлік ландшафтылар (жауын-шашын көлемі, ылғалдану дәрежесі, ормандану деңгейі жөнінен) ең үлкен көлемге немесе (ауа температурасы, топырақ, ылғалдылық дефициті жөнінен) ең төмен мағынаға ие. Жеке таулы барьерлер біруақытта тауалды және тау маңайлы жазықтарда барьерлік ландшафтылар түзеді.

                                                                                                                        33

  1. Қос тау барьерлері  - ойпаттар мен тауалды ландшафтыларының түзілуіне әсер етуші барьерлер. Аласатаулы-тауалды ландшафтылар таулық елде жағалық орынға ие және таулар мен тау маңайлы жазықтар арасында орналасқан. Оларға таулы барьерлер, аласа таулардың өзі немесе тау маңайлы жазықтар әсер етеді.
  2. Кешендік барьерлер – тауларға жақын орналасқан немесе түйіскен жазықтар ландшафтыларының түзілуіне әсер етуші барьерлер. Кешендік барьерлердің анықталуы жекелік немесе қос тау барьерлерінің жақын жазықтардың түзілуіне әсер етуімен түсіндіріледі.

Информация о работе Тарбағатай өңірінің экономикасын және туристік-рекреациялық